Жастар порталы
Тәнің ауырса себебін басыңнан ізде!
288 0 admin

Тәнің ауырса себебін басыңнан ізде!

Жан саулығы

Қоғамда салауатты өмір салтын ұстану кең насихатталғанмен, сол өмір салтының негізгі бөлігін не құрайтындығы ашып айтылмаған. Көбінің түсінігінде ол — спортпен шұғылдану, шылым шекпеу, ішімдік ішпеу немесе дұрыс тамақтану. Ал, солардың ішіндегі төресі не? Елеусіз қалып, бірақ адам денсаулығында шешуші роль атқаратыны қайсысы? Анықтап көрелік!

Көпшілігіміз «Жаны саудың – тәні сау» дегенді жақсы білеміз. Халықта көп жағдайда ауыра қалса, «Ей, мынаған бола уайымдаған едім, содан сияқты» деп шамасын шамалайды да, оның астарына үңіліп жатырған адам аз. Әрине, үлкен уайым, жағымсыз жаңалықты көтере алмау секілді психологиялық күйлердің салдарынан бірден көрінетін, талықсу, қан қысымының көтерілуі, инсульт секілді ауру түрлерін анықтау оңай.

Ал бүгінде психологтар біз себебін біле бермейтін, тіпті, кішкентай балаға суық тиюінің өзінің психологиялық себебі бар деп отыр. Мәселен, балалардың тамағының ауруы (ангина), баланың өз ойын айналасындағыларға ашық айта алмауы, ой-қиялы дами бастаған кезден шығармашылық арман-қиялын шығару мүмкіндігіне ие болмауы, өз болмысын көрсете алмаудан туады екен. Немесе кішкентай балаларда жиі кездесетін құсу. Көпшілігіміз бала құсқанда оны ұшынды, жағымсыз нәрсе жеп уланды деген пікірдеміз. Ал психологтардың айтуынша, құсу баланың үлкен реніш, алдындағы құбылысыты қабылдай алмау, жаңадан пайда болған жауапкершіліктен қорқудан пайда болады екен. Әсіресе, мұны баланың балабақшаға барған бірінші күні, мектептегі бақылау жұмысы, емтихан алдында жиі байқауға болады. Сондықтан, баланың денінің саулығы үшін отбасында қолайлы, көңілді атмосфера, түсіністік, баланың еркіне жол беру, бірге әңгімелесіп, оның уайым, үрейлерінен дер кезінде хабардар болып отыруымыз керек.

Сонымен бірге, әйгілі психология жанрындағы әлем бестселлерлерінің авторлары Лулле Вилма, Луиза Хей, Лиз Бурбо сияқты ханымдар кез келген аурудың негізі адам санасынан, яғни басынан бастау алатындығынайтады.

Мәселен, Лулле Вилма адам баласын дертке душар ететін негізгі эмоцияналдық жауларды атап көрсеткен. Олар: үрей, кінә сезімі, реніш, билік құмарлық, қызғаншақтық, көреалмаушылық. Вилманың айтуынша, осы күйлер адам санасын үлкен қысымда ұстап, жан мен тәннің өз бетінше өмір сүруіне, дамуына үлкен кеселін тигізеді. Сол секілді, Луиза Хей барлық ауру түрлерінің себептерін жіктеп берген. Соның ішінде, біздің қоғамда кең таралғанын ажыратып көрсек:

Қан аздық (анемия) – өмірде қуанышқа себептің аз болуы. Ішкі қарама-қайшылық. Мәселен, «Иә, бірақ...»;

Соқыр ішек (аппендицит) – өмірлік қиындықтардан қорқу. Бар жақсыдан өзін оқшау ұстау;

Демікпе (астма) – өзі игілігі үшін өмір сүре алмауына уайымдау. Өзін-өзі шектен тыс сабырлы ұстау;

Бедеулік – ата-аналық тәжірибеге ие болудан қашқақтау, табиғи заңдылықтарды мойындамау;

Түсік тастау – өз келешегінен қорқу. Алдындағы кезеңге дайын еместігінен шыққан үрей;

Асқазан ауруы (гастрит) – ұзақ уақытқа дейін шешім қабылдай алмау, белгісіздік, шарасыздық;

Сусамыр (диабет) – өтіп кеткен, жіберіп алған мүмкін, орындалмаған арманды ойлай беру. Қуаныштың қалмауы;

Суқараңғы (катаракта) – Болашағына сенімсіздікпен қарау. Келешегіне қуанышпен қарай алмау. Кейде біреудің жетістігін көреалмаудан да болады;

Остеохондроз – үнемі айналасындағылар үшін жауапкершілік алу және өзінің сол шешімдеріне көңілі толмау;

Ми ісігі – қырсықтық, көзқарасын өзгертуден бас тарту. Өмірде өз ұстанымын орынды пайдалана алмау;

Рак – терең орналасқан уайым, іштегі маза бермейтін үлкен сырдың болуы, ұзақ уақыттан жинала берген реніш, өкпе.

Сөз соңы: Сау болайық! Ол үшін тәніміздің саулығын сақтайтын жанымызды үнемі рухани азықтармен қамтамасыз етіп отырайық!


Авторы: Динара Болат

Баланы омыраудан дұрыс шығару жолдары Баланы омыраудан дұрыс шығару жолдары
Ислам дінінде баланы омыраудан екі жастан кейін ғана шығарғанның абзалдығын айттық. Егер белгілі бір себептерге байланысты ол уақыттан ертерек шығару
Жүктілік кезінде выделение Жүктілік кезінде выделение
Әйелдердің жыныстық мүшесінен ары бері келіп тұратын выделение денсаулықтың жақсы екенін білдіретін фактор. Және сол выделение жүкті болған әйелде де
Темекі мен ішімдікке еркектердің көзқарасы Темекі мен ішімдікке еркектердің көзқарасы
Еркектер психологиясы. Еркектер темекі шегетін әйелдермен кездесіп немесе үйлене ме?
Бала ата-анасын неге тыңдамайды? Бала ата-анасын неге тыңдамайды?
Негізгі бес себеп: Бала болған соң кейде тіл алмай, қырсығып қалады. Бірақ үнемі сондай жағдай қайталана беретін болса, онда тез арада мұның себебін
Өз адамыңды ізде Өз адамыңды ізде
Ықыласты, қайратты, бақытты адамдарды ізде... Олар жұлдыз секілді, басыңды көкке көтермейінше – көре алмайсың. Жұлдызды аспанға қарап тұрып түсінесің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×