Жастар порталы
Әйел бақыты
30.01.2019 244 0 admin

Әйел бақыты

Аруларға

Жылына бір келетін әйел қауымының жалғыз мерекесінде барлық әйел баласы жан-жақтан сыйлық алып, нешетүрлі тілек, лебіздер естиді. Сол лебіздердің ішінде ең жиі айтылатыны «Әйел бақытын тілеймін!» деген тілек. Ал сол «Әйел бақыты» дегеніміз не? Оған қалай жетуге болады?
 Әрине, әйел бақыты ол- сүйікті болу, сүйікті жар атану, сәби сүю. Өзіңіз байқап отырғандай бұл бақыт өзі тек ер адаммен байланысты. 
 Жүз жерден сіздің қолыңызда мансап, дәулет, атақ болса да, оның біреуі де әйел бақытының орнын баса алмайды. Ал сол бақыттың сіздің жаныңызда тұрақтап қалып, әрі қарай берік болуы үшін табиғаттың әу бастан ұсынған заңдылығынан бас тартпағаныңыз абзал. Есіңізде ме, Назира Бердалының «Ару-ғұмыр» өлеңіндегі «Мен – әйелмін, сол үшін айыптымын...» деген өлең шумақтары? Міне, сіз өмірге әйел болып келуіңізбен-ақ, өмір жолыңызды айқындап қойғансыз. Сондықтан, бақытқа кеңелем десеңіз, жаныңыздағы ер адамның алдында бұған дейінгі алған білім, дәреже, тәжірибе, сұлулығыңыз бен барлық басым тұстарыңызды ақылмен іште сақтап, оның көкіректік пен менмендікке айналып кетпеуін қадағалап, басым қасиеттеріңізді орнымен көрсеткен жөн.

🌺Сіз ер адамның ырқына көне білгенде ғана, еріңіз үшін қылықтысыз, нәзіксіз;

🌺Сіз төмендеп, ер адам биіктегенде ғана, ол үшін қорғалуы керек аралсыз;

🌺Сіз былапыт сөзден алыс, салиқалы сөздің иесі болғанда ғана, азаматыңыздың қабырғасы, кеңесшісісіз;

🌺Сіз рухани мықты, парасатты болғанда ғана, оның ең жақын досы, оң қолысыз;

🌺Сіздің көңіл-күйіңіз үнемі көтеріңкі, айналаңыз мейрам болғанда ғана, еріңіздің жаны жай табатын панасы мен жұмағысыз;

🌺Сіздің жаныңыз мейірім мен жылулықтан тұрғанда ғана, ол үшін қамқор ана, бауырысыз;

🌺Сіз үнемі ішкі дүниеңізді өсіру жолында болғанда ғана, еріңіз үшін жұмбақ, тың жаңалық, қызықтысыз;

🌺Сізге ер адамның еркі мен шешімі жүріп, ол сіздің жанында өзін нағыз ердей сезіне алғанда ол үшін нағыз әйелсіз, ауадай қажетсіз.
 Есіңізде болсын,ер адамыңызды ақылмен биіктеткеніңіз сіздің жеңілгеніңіз емес, керісінше азаматыңыз арқылы биіктегеніңіз. Әйел бақытына жол ашқаныңыз. 


Авторы: Динара Болат
Өмірдің 7 заңдылығы Өмірдің 7 заңдылығы
Тәртіп – тәрбиенің негізі. Тәртіп ережеге бағынады. Өмірдің де өзіне тән ережелері бар. Олар адам болып қалыптасуыңызға септігін тигізіп қана қоймай,
Болашақ келінге кеңес Болашақ келінге кеңес
Үйлену оңай, үй болу қиын" деп бекер айтпаған қазақ. Үйленгеннен кейін жас келін көптеген қиыншылықтарға тап болады. Соның бірі - енесі екеуінің
Ас үйді жабдықтау Ас үйді жабдықтау
Қазіргі пәтерлердің ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады. Негізінен  ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім
Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Ислам дінінің қалыптасуы Ислам дінінің қалыптасуы
Ислам әлемінің ғалымдары ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тән жаңа дін деп санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім
Пікірлер (0)
Пікір білдіру