
Бар махаббат!
Бәріміз де елде жоқ бір ғаламат махаббатты аңсаймыз. Оскар алатын фильмдердегі сиқырлы сезімді күтеміз. Өзіміз бала күннен оқып, қанық болған атақты романдардың бас кейіпкеріндей болсақ деп армандаймыз. Махаббат деген жүректі мың бөлшекке бөліп, жаралап, егер шын сүйсе, мен үшін бәріне дайын болуы тиіс деп есептейміз: айдаһармен алысып, диюлармен шайқасып, күллі әлемді назарынан тыс қалдырмайтын мергеннің көзіне түспей, биліктің жүзігін жанартауға лақтырып үлгерсе деп қиялдаймыз. Қазіргі таңда шын ерлік бұл емес. Қазіргінің ерлігі:
- Бүкіл әлем сенен теріс айналғанда жаныңда қалған адам;
- Саған рухани әрі материалды көмек көрсеткені, шын мәнінде құздан құлап, құлдырап бара жатқан сәтте кез келген көмек маңызды. Құлап бара жатқанда көз қиығыңмен артыңнан ысқырып, "сауап сағанды" айтушылардың қақ ортасында біраз "достарың" тұрғанын да байқайсың;
- Оңбай құлап, ес жия алмай отырғанда бір ауыз сөзбен демеп, жанарыңдағы жасты сүртіп, елге күлімсіреп қарап, орныңнан атып тұрғызатын қажет ақылды айтатын адамның табылуы да бақыт.
Шын ерлік "Титаниктегі" Джек істеген ерлік емес, сен мектепте бірдеңе бүлдіргенде бәрін өз мойнына алған баланікі ерлік. Шын сиқыршы деп Гарри Поттерді емес, сен құлағанда көмектесе алатын жандар аяқ астынан қолы босамай қап, жалғыздықтан жылағанда қасыңнан табылған адам сиқыршы. Бұл фәниде шын махаббатқа, адал достыққа, нағыз қаһарманға орын бар. Тек бұл хикаялар кітап пен кинодағыдай әсіре сипаттала бермейді. Есесіне олар шынайы. Сонысымен құнды.
Алина Ермолаева
Аударған Шынар Әбілдә




