Жастар порталы
Таусылған әңгіме
06.08.2019 55 0 admin

Таусылған әңгіме

Жан саулығы

Сүйген адамыңмен ұзақ уақыт сөйлеспей қоюға болмайды. Жалғыз өзің тыныштыққа кетіп қала берме. Әрине, әр адамның өмірі сан алуан оқиғаға толы, бітпейтін іске, таусылмайтын шаруаға айналасың. Ашылып сөйлесуге мұрша жоқ деп өзіңді алдарқатасың. Алда талай уақыт бар деп сенесің. Әлі талай әңгіме соғармыз, жан дүниедегі жиналып қалған сырды ақтарармыз деп бәрін кейінге қалдырамыз. Бір-біріміздің көзімізге қарап, ыстық шайды сораптап, бар жаңалықты айтып, өзіміз жайлы сырға қанығамыз деп ойлаймыз. Деп жүргенде уақыт сырғып өтіп, бір-бірімізді оңаша көргенде айтар әңгіме қалмағанын сеземіз. Құдды біреу араға оқшаулайтын қабырға тұрғызғандай. Ол қабырғадан аттау қиынның қиыны боп қалады. Не болды өзі? Түк те болмады. Сен өзгердің. Адамдар ылғи сөйтеді. Жаңа таныс, жаңа орта, түрлі оқиғалар бірігіп кеп адамның портретін өзгертті. Бір-біріңе бұрынғыдай қарағанмен, танымай қала бересіңдер. Әңгіме таусылған. Бірге жүріп бөтен боп кеткеніңді сезбегенсің. Жат боп кеткенсіңдер. Сол баяғы адам ғой деп қарайсың. Жоқ. Саған бастан-аяқ тесіліп қараған адам бөтен боп шығады. Саған түсініксіз бөтен тілде сөйлейді. Екеуіңнің араңда басты нәрсе жоғалған. Түсінісу жойылған...


Алина Ермолаева

Аударған Шынар Әбілдә

Ер мен әйел арасында махаббат Ер мен әйел арасында махаббат
Ер мен әйел арасында махаббат бір сәтте, бір көргеннен туындайды Бұрындары бір жерден ер мен әйел арасында махаббат бір көзқарастан туады дегенді
Өзіңді құрметтегенде өмір өзгереді Өзіңді құрметтегенде өмір өзгереді
1 Өзіңе деген ілтипат артады. Өзіңе қамқорлық жасай бастасаң — тәніңе, көңіл күйіңе, ой-санаңа, сонда жайсыздық пен жағымсыздық тудыратын адамдар
ӨМІР СҮРГЕННЕН - ТӨЗГЕНІҢ КӨП! ӨМІР СҮРГЕННЕН - ТӨЗГЕНІҢ КӨП!
Біраз уақыт бұрын екі жыл ыстық сусыз өмір сүрдім. Ас үйде сарылдап ағып тұр. Ал жуынатын бөлмеде сыздықтап тұрады. Ваннаны толтырып алу үшін жарты
Қыздарға 11 кеңес Қыздарға 11 кеңес
1. Сені төмендететін, абыройсыздыққа бастайтын нәрсеге ешқашан келіспе. Әйел өзіне лайық дүниені ғана таңдау керек. Бұрын болған қателіктерді жіпке
Күте білу – бақыттың құпиясы Күте білу – бақыттың құпиясы
Жасың отыз бестен асқан соң барлық дос-жаран, туған-туыс жалғыздығыңа түсіністікпен қарап, кей жерінде аяушылықпен жұбату да айтып қалады, шамасы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру