
Қол терісіне арналған маскалар
Картоп.
Екі орташа картопты пісіріп, езіңіз. Оған 1/3 стакан сүт және 1 ас қасық зәйтүн майын қосып араластырыңыз. Езбені шүберекке немесе бірнеше қабат дәкеге жайып салыңыз.Қолыңызды бірер минут буға ұстап тұрып, езбенің жылы кезінде қолыңызға ораңыз. Әлбетте бұл процедураны жасау үшін көмек қажет. Орап болған соң сыртынан полиэтилен пакет киіп, ауа кірметіндей етіп байлап қойыңыз. 40 минуттан соң «қолғабыңызды» шешіп, жылы сумен жуыңыз.
Зәйтүн майы
Қолыңызға қыздырылған зәйтүн майын жағып, мақтадан жасалған қолғап киіңіз. Бұл масканы түнде жасап, таңертең шешу қажет. Ал түнде қолғап киіп жата алмасаңыз, матаның сыртынан резеңке қолғап киіп, үй шауасымен айналыса беруіңізге болады. 20 минуттан соң қолыңыз баланың қолындай жұп-жұмсақ болады.
Сүзбе
Жаңа жасалған сүзбеге өсімдік майын араластырып, осы қоспаны жағып, қолыңызды 30 минутқа орап қойыңыз. Ал қолыңыздың өңі біркелкі болсын десеңіз, лимон, апельсин немесе грейпфрут тіліктерімен сүртіңіз.




