Жастар порталы
Тырнақ күтіміне арналған маскалар
19.11.2020 291 0 aiko

Тырнақ күтіміне арналған маскалар

Дене күтімі

Бұл маскалардың барлығын үйде жасауға болады. Нәтижесі салонда жасалатын процедуралардан кем емес. Сенбесеңіз, жасап көріңіз.

Зәйтүн майы

Зәйтүн майынан 3-4 ас қасық, 2-3 тамшы лимон шырыны және 2 тамшы йодты араластырыңыз. Осы қоспаға тырнағыңызды салып 5-10 минут ұстаңыз. Сабынсыз сумен шаю жеткілікті.

Лимон

Тырнағыңыз сына берсе, осы масканы жасаңыз. Лимонан қалыңдау етіп екі тілік кесіңіз. Осы тіліктерге тырнағыңызды тығыңыз. 5 минут ұстау жеткілікті. Лимоннан соң, тырнағыңыздың айналасына қарақат, мүкжидек шырынын жағуға болады. Айтпақшы, лимонның қалға қалдыңын тізеңізге, білектің қатты тұстарына жақсаңыз, қатып қалған тері жұмсарып, ағарып қалады.

Өсімдік майы

Кәдімгі өсімдік майына лимонның эфир майын немесе лимон шырынын қосыңыз. 3 ас қасық өсімдік майы, 2 тамшы эфир майы немесе 3-4 тамшы лимон сығындысы. Бұл масканы 10 күн қатарынан жасаңыз.

Е витамині

Дәріханадан Е витаминін алыңыз. Әдетте ол капсулада сатылады. Күнделікті кешке тырнағыңызға жақсаңыз, тырнағыңыз қатайып, сынбайтын болады. Процедураны бір ай бойы жасаған жөн.

Балауыз

Табиғи балауыз тырнағыңызға өте пайдалы. Маска түнде жатар алдында жасалады. Алдын ала бір ыдысқа суық су құйып, бір ыдысқа балауызды буға ерітіп дайындаңыз. Еріген балауызға саусақтарыңыздың ұшын мала қойыңыз. Содан дереу суық суға сала қойыңыз. Саусақтарыңыздың ұшындағы балауыз қатып қалады. Енді сыртынан қолғап киіп, ұйықтай беріңіз. Процедураны аптасына екі рет жасау жеткілікті. Ал барлығы 6 процедура болуы тиіс.

Шашты күту жолдары Шашты күту жолдары
Көптеген қыз-келіншек шаштарын қалыңдау, көлемді болып көрінгенін қалайды. Осы арманыңыз орындалсын деген ниетпен назарларыңызға шашқа арналған маска
Қайызғақтан құтылу үшін Қайызғақтан құтылу үшін
Қайызғақ – тері бездерінің күшеюінен немесе нашарлауынан пайда болатын тері ауруы. Шашты, теріні күтпегеннен, зат айналымы дұрыс жұмыс істемеуінен
Киви — сұлулық жемісі Киви — сұлулық жемісі
Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне
Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары
Өзіңіз білетіндей, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы
Жеңіл маска түрлері Жеңіл маска түрлері
Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. ?   Көк шайдан жасалған лосьон:   1 шай
Пікірлер (0)
Пікір білдіру