Жастар порталы
Шашты күту жолдары
29.10.2020 210 0 aiko

Шашты күту жолдары

Шаш күтімі

Көптеген қыз-келіншек шаштарын қалыңдау, көлемді болып көрінгенін қалайды. Осы арманыңыз орындалсын деген ниетпен назарларыңызға шашқа арналған маска түрлерін ұсынамыз:

1. Құрамында какао бар маска. Бір ас қасық какао үгіндісін төрт ас қасық айран мен бір жұмыртқамен араластырыңыз. Қоспаны шашыңызға жағып, жылы сүлгімен орап, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

2. Құрамында ашытқы бар маска. Жалпы шашқа ашытқыдан жасалған маскалары өте пайдалы. Бір ас қасық ашытқыны 1 сарыуыз, 1 шай қасық ошаған майы және 3 ас қасық жылы сумен араластырыңыз. Қоспаны 40-50 минутқа қалдырыңыз. Шашыңызға жағып, сүлгімен орап, 20 минутқа қойыңыз. Одан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

3. Құрамында бадам (миндаль) бар маска. Бадамы бар маскалар өте нәзік, әрі хош иісті болып шығады. Сонымен қатар бадамның пайдасы өте зор екені де бәрімізге мәлім. 5 ас қасық бадам жаңғағын блендер көмегімен ұсақтап, қою ботқа қылып, 3 ас қасық сүт немесе айранмен араластырыңыз. Бұл қоспаны шашқа жағып, 45 минут күту керек. Уақыты өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

4. Құрамында майы бар маска. Екі шай қасық ошаған майын бір шай қасық лимон шырыны мен бір шай қасық үпілмәлік майымен (касторовое масло) араластырыңыз. Үнемі шашты жуу алдында осы масканы шашыңызға жағыңыз.

5. Құрамында коньяк бар маска. Үш ас қасық конькті екі ас қасық бал мен бір ас қасық жылы сумен араластырыңыз. Қоспаны 15 минутке қалдырып, басыңыздың терісіне жағыңыз. Он-он бес минуттан кейін жуып тастаңыз.

6. Құрамында пияз бар маска. Бұл маска шашыңызға өте пайдалы, бірақ оны жақсылап жуып, кетіруіңіз керек. Пиязды ұсақтап, тураңыз, шырынын сығып алыңыз. Оны бір ас қасық бал мен бір жұмыртқамен араластырып, көпіртіңіз. Шашыңыздың бойына қоспаны жағып, душқа арналған бас киім не пакет киіп, сүлгімен орап, бір сағатқа қалдырыңыз. Жақсылап жуып тастаңыз.

Аталған маскаларда жиі пайдаланып тұрсаңыз, шашыңыз қалыңдап, көлемдірек болары анық.

Әрқашан күтімді қалыпта жүріңіздер, арулар!

Балдан жасалатын маскалар Балдан жасалатын маскалар
Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Оны тек пайдалы ас түрінде ғана емес, сұлулықты сақтаушы ретінде де қолдануға болады. Сондықтан бал үйіңізде міндетті
Киви — сұлулық жемісі Киви — сұлулық жемісі
Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне
Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары
Өзіңіз білетіндей, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы
Бетке арналған маскалар Бетке арналған маскалар
Бет күтімі нәзік жандылары толғандыратыны рас. Қара нүктелер, пигментті дақтарды кетіріп, бетіңіз сәбидің терісіндей жұмсақ болу үшін сіздерге
Маска Маска
Косметикалық құралдардың құрамындағы заттардың үлесіне қарай маскалар емдік (бұларға дәрілік препараттар енеді) және косметикалық (теріні нәрлендіру,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру