Жастар порталы
Қайызғақтан құтылу үшін
802 0 admin

Қайызғақтан құтылу үшін

Шаш күтімі

Қайызғақ – тері бездерінің күшеюінен немесе нашарлауынан пайда болатын тері ауруы. Шашты, теріні күтпегеннен, зат айналымы дұрыс жұмыс істемеуінен және дәрумен жетіспеушілігінен пайда болады. Сонымен қатар, қайызғақ инфекция арқылы да жұғуы мүмкін. Осы тұрғыда майлы шаштағы қайызғақты сусабынмен жуып құрғату керек болса, ал құрғақ шаштарға, керісінше, емдеп, құтылудың түрлі тәсілі бар. Ендеше терінің өлі клеткаларынан, яғни қайызғақтан тезірек арылған жөн. Назарларыңызға қайызғақтан арылудың түрлі амал-тәсілін ұсынамыз.

1. Қалақайдан (крапива) жасалған маска – қайызғаққа қарсы күшті құрал. 1 стақан суға 3-5 ас қасық үгітілген қалақайды салып, 10 минут ыстық су ваннасында ұстаңыз. Одан кейін суды сүзіп алып, бас терісін сүртіңіз.

2. 4 ас қасық зәйтүн майын ыстық су ваннасында жылытып алып, жарты лимон шырынын қосыңыз. Жылы қоспаны бас жуардан 1 сағат бұрын саусақ ұшымен бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз.

3. Пияз езбесін басыңызға жағып, жылылай ораңыз. 2 сағаттан кейін сусабынмен жуыңыз.

4. 2 жұмыртқаның сарысына жарты лимон шырыны мен бірнеше тамшы майсана (касторка) майын араластырып, бас терісіне жағыңыз да жылылап ораңыз. 1-2 сағаттан кейін жуасыз.

5. 1 ас қасық пияз шырыны мен 2 ас қасық спирт, 1 ас қасық майсана майын араластырыңыз. Бас жуардан бір сағат бұрын бас терісіне жағып, жылылап ораңыз.

6. Құрғақ шаш үшін. 1 ас қасық майсана майы мен сондай мөлшерде зәйтүн немесе кез келген өсімдік майын жарты лимон шырынымен араластырып, басқа жағу керек. Кейін жуып тастайсыз.

7. Майлы шаш үшін. Бірдей мөлшерде бал, қаймақ немесе майонезді, алоэнің шырыны мен лимон шырынын, майсана майы мен езілген сарымсақты қосып араластырыңыз. Бас жуардан жарты сағат бұрын осы қоспаны бас терісіне жағыңыз.


Дереккөз: https://vk.com/kelin_kundeligi

Бет терісіне арналған табиғи нәрселер Бет терісіне арналған табиғи нәрселер
Қарапайым ингредиенттердің өзі тері күтіміне арналған косметикалық құралдың (скраб) құрауыштары бола алады. Бет терісін таза әрі балғын ететін табиғи
Киви — сұлулық жемісі Киви — сұлулық жемісі
Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне
Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары
Өзіңіз білетіндей, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы
Бетке арналған маскалар Бетке арналған маскалар
Бет күтімі нәзік жандылары толғандыратыны рас. Қара нүктелер, пигментті дақтарды кетіріп, бетіңіз сәбидің терісіндей жұмсақ болу үшін сіздерге
Жеңіл маска түрлері Жеңіл маска түрлері
Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. ?   Көк шайдан жасалған лосьон:   1 шай
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×