
ГЛОССАРИЙ
Агрессия – латын тілінен тура аударғанда (aggredi) “шабуыл жасау” деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға адамның өзіне бағытталғанбелгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық
Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
Амал, тәсіл – бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді менгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді.
Ана болу – филиологиялық менизмдері, эволюциялық тарихы, мәдени және жеке даралық ерекшеліктері бар күрделі феномен.
Антипатия (грек. аntіраtһеіа: аntі-жауластық мағынасын беретін қосымша және раtһоs-сезім) – педагогика мен психологияда қолданылатын термин; жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. А.іштарту, ұнатуға қарама-қарсы мәндегі сезім атауы. Я.Л.Морено (1892-1974) түлғааралыққатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне “симпатия” және “антипатия” терминдерін тұңғыш рет қолданды.А.көп жағынан, симпатия сияқты кісінің еркіне байланысты қажет санауынан пайда болатын сезім емес. Әйтседе ол саналы түрде, құлқы бұзық, қатыгез, т.б. адамдарға қатысты моралдық бағамдаудың нәтижесінде пайда болуы да мүмкін.
Аутогендік жаттығу (грек. аutos – өзім, genos – шығу тегі, пайда болу) –емделушіні бұлшық еттік релаксацияға, өзін-өзі иландыруға, адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерге көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігіи арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белсенділігін бақылай білуді оқытып – үйрететін психотерапевтік емдеу әдістемесі. Аутогендік жаттығудың: 1) релаксацияға үйретіп, вегетативтік қызметті басқарудың куәсі іспетті мынадай екі сатысы бар: – ауырлыкты, ыстық-суықты, жылылықгы сезіну ахуалын жасау; 2) әр түрлі деңгейдегі гипноздық хал – ахуал туғызу. А.ж. медицинада,спортта, педагогикада, өндірісте, өзін – өзі тәрбиелеуде қолданылады.
Аутогипноз (грек. аutos – өзім, һурnos -түс) – өзге адамның ықпал етуінен болатын, гетерогипнозға карама – қарсы – адамның өзін – өзі мақсатты гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. Аутогипнозға бейімделушілік: физикалық және эмоциялық хал – ахуалға, жеке тұлғалық ерекшеліктерге, физиологиялық және психологиялық функцияларды өздігінен басқару қабілетіне байланысты болады. А. Қазіргі уакытта аутогендік жаттығу әдістерінің бірі ретінде қолданылады.
Ауытқушы мінез-құлық (Девианттық мінез-құлық) – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы; оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп калуы, сондай – ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқымалы мінез – құлық – мінездің қылт етпе, құбылмалы, айнымалы түрі. Адамның психикалық ерекшеліктерімен, әсерді қабылдауының өзіндік сипатымен байланысты болады. Ауытқымалы мінез – құлық физиологиялык және паталогиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен, адамды оның салдары үшін жауапкерліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасалған қылмысы үшін кінәлылық жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір реттерде жеңілдетілуі мұмкін. Паталогиалык негіздегі ауыткымалы мінез – құлык адамды бір сәтке сана – сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс – әрекеттер (шабуыл) жасауға игермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық ауытқымалы мінез – құлыққа ұшыраған адам жасаса (солай екені анықталған жағдайда), ондай адам “есі кіресілі – шығасылы” деп танылады.
Аффект – қысқамерзімдік аса күшті эмоционалдық күй.
Әдіс (Метод; грек. metodos -теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және окыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейгинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.
Әдіснама (грек. Metodos – таным жолы, logos – ілім) – 1) белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы; 2) ғылыми танымда қолданылатын негізгі принциптер. Нақты ғылымның теориясына лайықты нысаны мен таным амалдары арқылы зерттелетінөзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагогикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу амалдары арқылы педагогикалық шындыққа жету тәсілдерін қолдану. Зерттеуші педагогтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал – жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан тандап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінін жиынтығы. Ә. – әдістер туралы ілім, әдістер теориясы.
Әдістеме (Методика) – ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім.
Әлеуметтік өлшем әдісі (Социометрический метод) – америкалық психолог және социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың эмоционалдық қатынастарын зергтеу үшін енгізген зерттеу әдісі. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдар бір жағдаятта болып (демалыста, жұмыста, спорттық шараларда және т.б.), қасындағы адамдардың біреуін өлшем (сұрақтарға) бойынша тандап алуы керек. Адамдардың қарым – қатынастарының үйлесімді болуы, бір – бірін ұнатуы немесе ұнатпауы олардың сезімдік -эмоциялық күйлеріне байланысты анықтайды.
Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені, білімді, құндылықтар мен еормаларды қоғамдық ортадан меңгеруі және соның нәтижесінде өзін қоғамдық ортада бақылауы, өзін-өзі ұстауы, мінез-құлқын реттеуі, өзін жүзеге асыру үрдісі.
Әңгімелесу, әңгіме (Беседа) – 1) психологиялық зерттеу әдісі, ақыл-ой белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбиелу әдістерінің бірі. 2) вербальдық (сөйлеу) қарым-қатынас негізіңде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында (әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б. салаларында кеңінен қолданылады.
Байқағыштық – заттың, кұбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Б. Ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б.-танымдық құрылғы мен соған сай шындықты қабылдаудықалыптастыратын қасиет.
Байқау әдісі (Метод пробования) – белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт зерттелуіші адамның психологиялық ерекшелікгерін қадағалау. Байқау, әдетте, зерттелуші адамның әрекетіне араласпай – ақ жүргізіледі. осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын байқауға болады.
Бақылау әдісі – белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту рекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә. тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.
Бейнелі ойлау (образное мышление) – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида жалпы, жанама түрде түрлі ұғымдар арқылы бейнеленуі Б.о. сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.
Бейнелі ес – заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы. суретшілер мен сәулетшілердің, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты болып келеді. Олар оқып шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде, ондағы ұсақ -түйек көріністердің бәрін көз алдарына келтіре алады.
Білім беру әдістемесі (Методика в образовании) – жекелеген білім процестерінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады.
Гендер – қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин.
Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер менгендер жиынтығы.
Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.
Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3 жасында өз суретін салған, Моцарт 7 жаста төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзін математика әлеміне танытқан. Қабілетіжан – жақсы дамыған адамды дарынды деуден гері қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан-тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс – тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта – ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады.
Егіздік әдіс (Близнецовый метод) – біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез – құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Жас – адам дамуынын кезеңі, организм мен тұлға қалыптасуының тән сипатты зандылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас – дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар өзгерістер тән болатын сапалық тұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезендерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезендерге бөлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақгы тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым – қатынас ерекшеліктеріне орай анықгалады.
Жас дағдарыстары – онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жылға дейін), ерекше кезендері. Невроздық не жарақаттық сипаттағы дағдарыстардай емес, жас дағдарыстары қалыпты процестерге жатады және тұлғаның қалыпты, үдемелі дамуы үшін қажет.
Жас ерекшелігіне байланысты сензитивтілік – белгілі бір психологиялық қасиеттер мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән оңтайлы ұштасу. Сензитивтілік кезеңіне қатысты күн ілгері болған не кешіккен оқытып – үйрету жеткілікті нәтиже бермеуі мүмкін, мұның психиканың дамуына жағымсыз әсері болады.
Жасөспірім– 10 және 15 жас аралығындағы жеткіншек . Ж. кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана-сезімнің артуы, айиаласымен қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі, моральдық – этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде Ж. дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Ж. кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі, әдепсіз болу және т.б) салынуы мүмкін. Сондықтан Ж. кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек.
Жанұя – шағын әлеуметтік топ, жұбайлық одақ пен туыстық байланысқа негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге өмір сүретін және ортақ тұрмыс жүргізетін әйел мен еркек, ата-ана мен бала қатынасына негізделген.
Жанұя психологиясы — психологиялық білімдердің салыстырмалы жаңа саласы. Ол жанұялық психотерапия практикасының жанұяға психологиялық көмек көрсету практикасы негізделеді
Жанұя функциясы – жанұя мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты жанұяның өмірлік іс-әрекеті.
Жанұя құрылымы – бұл отбасы құрамы және оның мүшелері, олардың өзара қатынастарының жиынтығы.
Жанұяның динамикасы – жанұяның өмірлік іс-әрекетінің сатыларына байланысты құрылымы мен функциясының өзгеруі.
Жанұяның өмірлік циклі – нуклеарлық отбасына тән маңызды оқиғалардың сипаттамасы, ал бір оқиғамен екінші оқиға арасындағы қашықтық өмірлік цикл сатылары деп аталады.
Жұбайлар үйлесімділігі – сезімдердің, мінез және темпераменттің үйлесімділігін, қызығушылықтардың көзқарастардың әдеттер мен мінез-құлықтың ортақтығы.
Жеке адам ерекшеліктері – адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық ерекшеліетерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде білуі қажет.
Жетістік мотивациясы (Мотивация достижения) – адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата-ана ықпалымен балада 3-13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі.
Жобалау әдісі (Метод проектирования) – оқушының бірте-бірте күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі.
Зерттеу әдісі – ғылыми – зерттеу мақсатын шешетін амалдар.
Зерттеу қағидасы– зерттеу процесін ұйымдастырудың жалпы қалыптары.
Зерттеу объектісі (Объект исследования) – аясында зерттелетін нәрсе мазмұны бар тәлімдік кеңістік. Педагогикадағы зерттеу объектісіне адамдарды оқыту және тәрбиелеу жатады.
Зияткерлік, парасат (интеллект; лат. Intelectus-ақыл, парасат,ес) индивидтің акыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты кұрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді.з. адамның болмысты тануының негізгі нысаны.з.ақпаратты мақсатты бағытты қайта өндеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. З. функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; ә) символдармен операция; б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдаларда з.ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялык және практикалық з. жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байпанысты. Түрлері: абстрактылы 3., ересектер зияты., нақты з., жасанды з. Зияткерлікті диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты.
Зияткерлікті анықтайтын тестілері – индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностикалық әдістемелер. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұскауда көрсетілген логикалық топтастыру, ұқсастыру, ажырату, нақтылау, жалпылау және т.б. катынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай еткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады.
Зияткерлік коэффициенті (ағылш.intellectual guotient) – ақыл-ой жасы деп аталатынның (АЖ) тұлғаның хронологиялық жасына (ШЖ) қатынасы; 10 символымен белгіленетін бұл катынас мына формула бойынша анықталады: Ақыл-ой жасы жас шкалаларының бірі арқылы тестілеу нәтижелерімен анықталады. Әр түрлі жас шкалаларына енгізілген тестілердің көпшілігінде логикалық, логикалық-перцептивтік және арифметикалық амалдардың менгерілуі, жалпы хабардарлық, практикалық жағдаяттардағы бағдарлану, ырықты жад және т.б. қамтылып орындалатын міндеттер белгіленеді. Жас шкалаларын құрастырғанда психолог тәжірибе мен түйсікті басшылыққа алып, міндет-тапсырмаларды іріктейді. Олар өздері қамтыған материал бойынша (терминднр, ұғымдар, графикалық бейнелер және т. б.) және ынталандырылатын ақыл-ой әрекеттері бойынша осы әлеуметтік қауымдастықтағы шкала қамтитын жастарға ұғынықты болуға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық өкілдік іріктемелерде эксперимент арқылы тексеріледі.
Индивидуалдық – 1) жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшілігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. И. темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцепивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қаблеттерінде көрінеді.
Инсайт – адамның қандай да бір мәселенің шешімін күтпеген жерден табуы.
Интериоризация (лат. interior-ішке-сырттан) адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы. И. ұғымын француз психологтары (П.Жане, Ж.Пиаже, А.Валлон, ресейлік психолог Л.С.Выготский) зерттеген. И. Сыртқы ақиқат дүниенің сананың ішкі жоспары құрылымына айналуы болып ұғынылады. Интериоризацияны психиканың белгілік ақпаратты сырттан алуының, ішкі өндеуі мен сақтауының қандай нысандарынан болсын ажырата білу керек.
Интерференция (лат. inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы; көне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтіру дегенді білдіреді) – психологияда қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар, құндылықгар арасындағы қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер етуінен оның әлсіреуі. И. вербалды И., моторлы-акустикалық болып бөлінеді. И. ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі.
Интроспекция (лат. introspectare-ішіне қарау) – өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалык іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалык өмірінді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек.
Инфантилизм (лат. infantilis-бала) – ересек адамда балалық жасқа тән дене немесе психикалық келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.
Кәсіптік бағдар беру – әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп тандауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялык ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеті.
Контент анализ (ағылш. contents-мазмұн) – психологияда пайдаланылатын зерттеу әдісі. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың (бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, жеке бас кұжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді.
Қалыптастырушы эксперимент – жас тұрғысындағы және психологияда қолданылатын, зерттеушінің сыналушыға белсенді ықпал-әрекеті процесінде баланың психикасындағы өзгерістерді қадағалау әдісі.Қ.э. анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп қалмай, арнамалы жағдайлар жасау арқылы жеке адамның психикалық дамуының заңдылықтарын ашуға, бұл процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Нақ осы себепті баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың шарттарын, принциптерін, жолдарын зерттеуде Қ.э. кеңінен қолданылады. Қалыптастырушы эксперименттің синонимдері қайта өзгертуші, жасампаз, тәрбиелік, оқытушылық, генетикалық- модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі.
Қарым-қатынас – психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, фивиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.
Қиын балалар – тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез- құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады.
Құмарлық – инстинктивті тілек, индивидті осы тілекті қанағаттандыру бағытында әрекет атқаруға итермелейді.
Мотивтер күресі – шешімқабылдаумен байланысты ерік әрекеттерінің сатысы.
Мінез-құлық– өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік, қайырымдылык, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі.
Неке – қабылданып отырған ақпаратты әсерлеу және кейінгі сақтау процесі.
Оқыту диагностикасы– қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау.
Оқытудағы теория мен практика байланысы– теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақгы іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді.
Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.
Психодиагностика (психо – және diagnostikos – айырып тануға қабілетті) – адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандык сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Психология (грек. рsусһе-жан, logos-ілім) – тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялык процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді.
Психопатия (грек. рsусһе -жан, pathos – зардап шегу, ауыру) – мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.
Салыстырмалы генетикалық әдіс – (сравнительно-генетический метод) - жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Сезім – адамның өзінің заттар мен құбылыстарға деген қатынасын бастан кешіруінің негізгі формасы; тұрақтылық және төзіміділікпен ерекшеленеді; сезімдердің қалыптасуы мен дамуы тұрақты эмоционалдық қатынастың қалыптасуын білдіреді.
Стресс – эктремалдықөмірлік жағдайларда пайда болатын, адамнан жүйкепсихикалық күштерін мобилизациялауды талап ететін эмоционалдық бастан кешірулердің ерекше формасы.
Тәрбиелеу – отбасында, мектептеәрбір баланың ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметтік кемелденген жоғарғы адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамыту.
Тесттер (ағылш. test-сынау, сынама) – жеке тұлғаның даралық- психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталган тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады.
Ұжым – туыстық қатынастағы қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы.
Эксперимент (лат. Ехреrimentum – тәжірибе, сынау) - 1) ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; 2) негізі тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.
Эмоциялар – қажеттіліктер және мотивтермен байланысты, және де субъектіге әсер етуші құбылыстар мен жағдайлардың мәнділігін тікелейсезімдік уайымдар формасында бейнелейтін психикалық процестер мен күйлердің ерекше тобы.
Авторлар: Каирова Б.К, Тойымбетова Д.С.
Дереккөз: Отбасылық өмір психологиясы: оқу құралы / Б.К. Каирова, Д.С.Тойымбетова. – Қостанай: ҚМПИ, 2016. – 144 б.




