Жастар порталы
Иудаизм дінінің құқықтық жүйесі
18.11.2019 6 0 admin

Иудаизм дінінің құқықтық жүйесі

Дінтану

Иудаизм діні б.з.б. II I мыңжылдықтар аралығында еврей тайпаларының арасындағы пайда болған дін. 

Иудаизм –төрт мың жыл бойы еврейлердің тұрмыс салтын айқындап келген құқықтық, моральдық-этикалық, философиялық және діни көзқарастарының жиынтығы. Иудей құқығының ерекшеліктері көп. Мысалы: иудей дінін еврей ұлтынан басқа ұлт өкілдері қабылдай алмайды. Олардың ойынша, еврей ұлты Құдай таңдаған ұлт. Құқығының негізгі қайнар көзі: Тора, Талмуд.

Иудаизмнің негізгі қағидаттары XІІ ғасырда өмір сүрген атақты философ-талмудшы, рабби Моисей мен Маймон (1135-1204) іліміне сүйенген төмендегідей 13 ережелерден тұрады:

  1. Құдай бар. 
  2. Құдай бір. 
  3. Құдай денелік пішінде болмайды. 
  4. Құдай мәңгі.
  5. Иудейлер тек бір Құдайға табынуы тиіс. 
  6. Құдаймен қарым-қатынас тек пайғамбар арқылы болады. 
  7. Моисей (Мұса) – ең ұлы пайғамбар. 
  8. Тораның шығуы қасиетті. 
  9. Тора өзінің мән-мағынасын еш жоғалтпайды.
  10. Құдай адамдардың барлық іс-әрекетін біледі. 
  11. Құдай зұлымдықты жазалап, қайырымдылықты мадақтайды. 
  12. Құдай өзінің Мессиясын жібереді. 
  13. Құдай өлілерді қайта тірілтеді. 

Иудаизм – монотеистік дін. Құдай жалғыз, ол мәңгі жасайды, ол барлық жерде, бәрін көреді, бәрін біледі, заттық сипаты, айқын кескіні жоқ. Сондықтан христиан дініндегідей оның суретін салу мүмкін емес. Тіптен оның есімін тура атауға болмайды. Құдайдан өзгеге (періштелерге, әулиелерге, жұлдыздарға т.б.) құлшылық жасау - күнә.

Иудаизмнің қасиетті кітаптары 

Иудаизм қасиетті жазбаларын екіге бөліп қарастыруға болады. Олар: Танах (Қасиетті жазу немесе Көне өсиет); Талмуд (ауыздан-ауызға жеткен діни әдебиет); 

Иудейлердің Танах деген қасиетті кітаптарын Христиандар Көне Өсиет деп атайды. Танах б.з.д V ғасырда толық жазылып бітті. Танах үш бөлімнен тұрады: Тора (Таурат), Невиим және Кетувим. Танах атауы негізінде жоғарыдағы үш бөлім кітаптың ивритше басқа әріптерінің құралуынан пайда болған сөз. Христиандар Көне Өсиет деп атайтын иудей қасиетті кітабы – Танахтың 39 кітаптан құралғанын айтса, еврейлер Танахты өзге кейбір кітаптармен қоса 24 кітап деп есептейді. Жалпы жіктеу бойынша Тора – 5, Невиим – 21, Кетувим – 13 кітап, осының бәрін қосқанда Танахтың 39 кітабын құрайды. Және бұл кітаптар жинағы Еврейлердің Інжілін құрайды. 

Тора 

Тора – заң, шариғат, әмір, сабақ, жол көрсетуші деген мағыналарды білдіреді. Еврейлердің қасиетті кітабының бірінші бөлімін араб тілінде Таурат, иврит тілінде Тора дейді. Бұл алғашқы бөлімнің өзі 5 кітаптан тұрады. 5 кітаптың ивритше атауы «хумаш» деп аталады. Жазбада тарихи мәліметтерден басқа Құдайдың еврейлерге Мұса арқылы берген діни қағидалары қозғалады. Сонымен қатар Тораның 2 бөлімінде Мұсаға Синай тауында аян етілген 10 бұйрық баяндалады. Олар: 

  1. Сені Мысыр жерінен, құлдық мекенінен шығарған Тәңір – Менмін; 
  2.  Менен басқа тәңір жоқ. Кеңістікте, жер бетінде және жер астында, теңіз тұңғиықтарында тіршілік еткен жаратылыстардың бейнесін жасамайтын боласың, оларға ешқандай сипатта табынбайтын боласың; 
  3. Құдайдың есімін құр ауызыңа ала бермейсің; 
  4. Сенбі күнін әрдайым есіңе алып, оны қасиетті санайтын бол. Сенбі – Құдайдың арнайы жалпы демалыс күні. Ол күні сен де, ұлың да, қызың да, қызметкерің де, тіпті жануарың да, қысқасы ешбіреуің жұмыс істемейсіңдер; 
  5. Ата-анаңа құрмет көрсетесің; 
  6. Ештеңені өлтірмейтін бол; 
  7. Зина жасамайсың; 
  8. Ұрлық жасамайсың; 
  9. Жалған куәгер болмайсың; 
  10. Ешкімнің үй-жайына, әйеліне, қызметшісіне, қысқасы саған қатысты емес нәрселерден дәмелі болмайсың; 

Талмуд б.д. III ғасыры шамасында пайда болды. Талмуд 2 бөлімнен тұрады. 

1 бөлім – Мишна (Қайталау). Бұл Тораға түсіндірме. 

2 бөлімі – Гемара (толық түсіндіру). Бұл Мишнаның түсіндірмесі. 

Бұл кітаптың иудаизм үшін маңыздылығы сондайлық, ол пайда болған уақытты Талмуд тарихы кезеңі деп бөліп атайды. Талмуд пен Тора пайда болған уақыты жағынан да, мазмұны мен құрылымы жағынан да бір–біріне ұқсамайды. Аталып өткен бұл Қасиетті жазбаларда дінге сенетіндердің өмірлерінің барлық жағын қамтыған әдет-ғұрыптарын, тіпті не ішіп, не жейтіндеріне, қандай киім киетіндеріне, таңды қалай атырып, күнді қалай батыратындарына, салт-жораларды қалай сақтап, еврейлік мерекелерді қалай өткізу керектігіне дейін егжей-тегжейлі тәптіштеп реттейтін күрделі жүйе белгіленген. 

ӀӀ-ӀӀӀ ғасыр Құқықтық ережелер жинағы пайда болды - Мишна (Қайталау). Мишнаға Галаха (Заң) ережелік актілерінің жинағы және Талмуд пен Галахаға түсініктеме берген - Аггада (Аңыз) кіреді. 

IV-V ғасыр Аммораи (түсініктемелер) Мишнаға жаңа заңдық ережелер қосылды. Гемара (Аяқтау) жинағы пайда болды. Гемара Мишнамен бірге Талмудты (ілім) құрады. 

Талмудтың екі түрі ажыратылады: 

Талмуд канондалғаннан кейінгі кезде иудаизмде екі бағыт айқындалды: 

  1. дәстүрлі, раввинат институтын, тіпті Талмудтың ізін де, Тораны түсіндіретін басқа да комментарийлерді мойындамайтын бағыт (бұл бағытқа мысалы, каримдер жатады). 
  2.  Модернистік бағыт. Оның өкілдері иудаизмімнің нақты тарихи жағдайлар мен жергілікті халықтың әдет-ғұрыптарына бейімделу нұсқаларын ұсынды. 

Талмуд канонизациясынан кейін екі жаңа бағыт пайда болды: рационалистік және мистикалық бағыт. Соңғысы Каббалаға негізделеді, шынайы құдайлық жаңалықты ашу мақсатында Тораның әріптік символикасын шешуге талпынады. Қасиетті кітап - Зогар (Құбылу). Каббала хасидизмге (ежелгі еврейше"хасид" - тақуа) әсер етті. 

Талмудта қылмыстық және азаматтық сипаттағы заңдар, адамгершілік заңдар, отбасылық және жеке адам өміріне қатысты кеңестер бар. Талмудта 365 тыйым және 248 бұйрық әмірлер жинақталған иудей әдет-ғұрыптар жүйесі бар. 

Талмуд ивритше оқу дегенді білдіреді. Бұл Торада жазылған дінтанушылар мен синагога қызметкерлерінің арасында ауызша талқыланған ережелер жиынтығы, олардың арасындағы пікір таластар мен дискуссиялар мысалдары мен нәтижелері. Сонымен қатар Талмудта медицина, астрономия, математика, география, геометрия, физика салаларындағы турлі ғылыми еңбектер жазылған. Талмуд аты бөлімнен тұрады. 

1. Зраим – дұға оқу кезіндегі ұстанатын ережелер мен қағидалар.

2. Нашим – Неке және отбасы құқықтары: баланы асырау, ата-ана міндеттері, неке қию.

3. Незикин – белгілі бір тұлғаға әкелген материалдық залалдарға қатысты, заңды бұзған тұлғаларрға жүктеленетін жауапкершілік, жаза мен айыппұлдардың жүйесі   айтылған бөлім. Бұл иудей құқығының басты принциптері көрсетілган бөлім болып табылады.

4. Моэд – сенбі күндері және мерекелік күндерге қатысты ережелер.

5. Кодашим – ас, азық-түлік жайындағы қағидалар, құрбан шалу ережелері.

6. Теорат – діни тазалық пен кәпірлер туралы заңдар.

Ескі Өсиетте заң нормаларының барлық белгілеріне тән – қылмыстық-құқық, азаматтық-құқық және процессуалдық тәртіп ережелері тұжырымдалған. Библияның бір бөлімін еврейлер Тора деп бекер атамаған (заң). Жеке тұлғаға, дінге және жеке меншікке (оның ішінде құлдар) қарсы қылмыс үшін жауапкершілікке тартылады және ескі өсиет нормалары осы жауапкершілікті белгілейді. Олардың бұйрықтарының жүзеге асуы діни нормаларға емес, құқықтық нормаларға тән. 

Сондай-ақ төмендегідей қылмыстар үшін жауапкершілік нормаларының санкциясы тұжырымдалған: 

- кісі өлімі үшін; 

- еврейді ұрлап оны құлдыққа бергені үшін; 

- мал-жанды тонағаны үшін; 

- «өз әкесінің әйелімен» (яғни өгей анасымен), қарындасымен немесе келінімен 

жыныстық қатынаста болғаны үшін; 

- «Моисей (Мұса) заңынан» көпшіліктің алдында бас тарқаны үшін; 

- иудейліктен азғырғандығы үшін және де 

- зинақорлық үшін. 

Сондай-ақ бірнеше нормалар қатарында өлім жазасының мынадай нұсқалары көрсетілген: 

- «халыққа» өз баласын Молохқа құрбандық еткен үшін айыпталған адамдарды  өлгенше таспен соғу бұйырылған (Лев., 20:2); 

- асылық үшін (Лев., 24:10-16); 

- «басқа құдайларға құлшылық етуге» азғырушылық (Втор., 17:3-6); 

- әке мен анаға бағынбағаны үшін (Втор., 21:18-21); 

- зорлау және жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін (Втор., 22,20-25).

Өлім жазасының ең сирек кездесетін бір түрі ол – тірідей өртеп жіберу болды. Бұл  жаза түрі мына жағдайда қолданатын: 

- ер адам өзінің енесімен бірге тұрғаны үшін (сожительство), 

- аруақты қорлағаны үшін (Иис., Н., 7:15) және т.б. 

Денеге зиян келтірген үшін жауапкершілік «Қанға-қан, жанға жан», яғни талион принципімен жүзеге асырылды. Келтірілген зиян үшін айыпталушыға сол көлемде зиян келтіру және т.б. сонымен қатар сотта жалған айтқаны үшін де жазаланатын.

Ескі өсиет нормалары зайырлы құқықтық жүйелердің нормалары сияқты қанды кек алу әдет-ғұрпын қолдануды айтарлықтай шектеді. Онда тек зиян келтіруші тұлғаға  қатысты кек алу рұқсат етілді (Втор., 24; 16). Кек алу мәселесі сотпен қарастырылды.  Егер де абайсыздан кісі өлтірген болса, оның  кегін өліммен алатын. Бірақ қылмыскер «төгілген қан үшін кек алушыдан» жасырыну мақсатында басқа жерде паналауына болатын. Паналау ретінде қылмыскерге жасырынуға болатын алты қала бөлінген. «Қан үшін кек алушы» абайсыздан өлтірген қылмыскерден өз кегін кездестірген кезде, сол паналаушы қаладан тыс жерде алуына рұқсат етілді.

Әйелдің тұрмысқа жалған айтып шығуы (арымнан айырылдым деп) үлкен айыппұлмен өтеледі (ер адам үшін). Төленетін айыппұл қыздың әкесі үшін пайдалы. Себебі тұрмысқа шықпаған қыздың арын төккен (зорлаған) немесе онымен жыныстық қатынаста болып қойған жағдайда ол  адам қыздың әкесіне жасалынған масқара үшін құнын өтейді, сондай-ақ қызға үйленіп   онымен өмір бәқи ажыраспауға тиіс (Втор., 22, 13-19, 28-29).

Денеге зиян келтірген үшін  қолданатын шаралар жарлығына сәйкес кінәлі деп танылған айыпталушыға соттың «дүре соғуға лайықты» деген үкімі бойынша оны белгілі бір мөлшерде ұрып соғады (40-н аспай). Жаза сол сәтте және сот алдында орындалады (Втор., 25:2-3). 

Ескі өсиетте сот құрылысына, сот ісін жүргізуге қатысты нормалар бар. Солардың бірі израйльдіктерді «халықтық әділ сотпен соттау үшін» (праведным судом) «өздеріне судьяларды белгілеуге» міндеттейді (Втор., 16:18). Сондай-ақ судьялар қатарында молдалар да болды (Иез., 44:24). Көбінесе жалған куәлік істерді молдалар мен жай  судьялар қарастыратын (Втор., 19:16-17). Судьялар шындықтың бетін ашуға тиіс, алдына  келген барлық адамдарды «ұлық» пен «кішіні» тыңдай алатын бейтарап адам болу керек. Сондай-ақ заңды бұрмаламауға және қылмыскерлерден ешқандай сыйлық алмауға   міндетті (Втор., 1:17; 16:19-20). Сот израильдіктер, тұрғылықтар және шеттен келгендер үшін тең болу керек (Лев., 24:22).

Қандай да  жасалған қылмыс үшін айыпталушының кінәлі деп тануына және өлім жазасына кесілуіне  екі адамның куәгер болуы жеткілікті (Втор., 17; 6; 19:15). 

Ескі өсиет нормаларының біршамасы мүліктік қатынастарды реттеуге арналған. 

Казуистік сипатта жарлық ретінде нормалар мына мәселелерді қарастырады: 

жайпап өрт шығарған үшін; 

біреудің малын өлтірген үшін; 

сақтауға алынған күмістерді, 

заттарды және мал-мүлкін жоғалтқаны үшін, яғни жапа шеккізген үшін айыпталушы осылардың есесін қайтаратын (Исх., 21:35; 22:5-15). 

Барлық мүліктік даулар сотта шешілуге тиіс. Сотта айыптаушы және айыпталушы екі жақ Құдай атымен ант беретін (Исх., 22:8-11). 

Ескі өсиет нормаларының жүзеге асуы мемлекет күштеуімен қамтамасыз етіледі. Бұл  нормалардың әлеуметтік мәні болып табылады. Мысалы: бұйрықты орындамаған немесе бұзған адам сот шешімімен өлім жазасына тартылады; ал біреудің дене мүшесіне зақым немесе зиян келтірген адам мүліктік жауапкершілікке тартылады. Бұл құқықтың ерекше белгі-нышаны болып табылады. Өйткені ол әлеуметтік реттеу жүйелерінен, сондай-ақ діни жүйеден өзгеше. 

Алайда, көп уақыт өтпей оның көптеген қағидалары тым көне, ескі заманғы болғандықтан (мысалы құрбандық шалу, левирантты неке туралы заңдар) немесе жергілікті елдердің заң актілері оларды ығыстырып шығаруы себепті жарамсыз болып қалды. Ортағасырлардан бастап қазірге дейін көптеген еврейлер талмудтық құқықтың  діни, отбасы мен азаматтық өмірді реттейтін тарауларын қатаң сақтайды.

Иудей заңында адамның құқығы мен бостандығы емес, оның міндеттері  маңызды. Олар үшін ең жоғары құндылық - бұл жеке адамның игілігі емес, қоғамның игілігі. Сол себепті қоғамның игілігі үшін  адам өзінің жеке мүдделерінен бас тартуы керек.Тек содан кейін  ғана ол шынымен  бақытты болады.

Қазіргі Израилдің қалалары мен елді мекендерінде екі жүзге жуық діни кеңестер (моацот датиот) жұмыс істейді, мемлекеттік қызметтегі 450 раввиндер азаматтық хал актілерін рәсімдейді, кашрут пен сенбіні және еврей мейрамдарының дұрыс өтуін қадағалайды. Олар армияда да осындай іс-шаралар жүргізеді. Елдің 10 қаласында 24 раввинат соты жұмыс істейді. 

Жоғарғы раввинаттың білім беру жүйесіндегі ықпал да өте күшті. Елдегі оқу орындарының 17% ғана діни мектептер құрасада, тұрғындардың тек 15% - тені ғана ортодоксальді діндарлар болса да израил мектептеріндегі оқу уақытының 1/4 бөлігі діни пәндерді оқытуға бөлінген. Діни мекемелерге қажетті білікті мамандар Иерусалимдегі раввин Куха атындағы Раввинат Оратлығында, Бар-Илан діни университетінде, Иерусалимдегі еврей университетіндегі иудаистика факультеттерінде дайындалды. 


Әдебиеттер тізімі: 

1. Дінтану негіздері: Оқұлық/Ауд.: Н.Ж.Бәйтенова, Қ.А.Затов, А.Т.Құлсариева, А.Д.Құрманалиева; Құраст. Н.Ж.Бәйтенова. – Алматы: Қазақ университеті. 2006. – 356 бет. 

2. Клочков В.В. Религия, государство, право. – М.: «Мысль», 1978. – 287 с. 

3. Писманик М.Г. Лекции по религиоведению. Учебное пособие. Пермь, 2006. - 245с. 

4. Гараджа В.И. М.: «Аспект Пресс», 1995. - 351 с. 

5. Религии мира: словарь-справочник. Авторы: Под ред. А. Григоренко. 1-е издание, 2009 г. - 400. 

Құдайға құлшылық пен ғұрыптар: авраамдық діндердегі діни күйлер Құдайға құлшылық пен ғұрыптар: авраамдық
Діни құлшылық Құдайға сыйынып, табынушылық, діни парызын өтеушілік.  Құлшылық жасалуы үшін және кімге жасалуы үшін әр адам өзінің жаратушысын тануы
КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ,
Дінтанулық сөздікте:  Канондық құқық – шіркеулік билік жариялаған және шіркеулік канондарда бар қағидалардың жиынтығы, шіркеулік мекемелердің
Канондық құқық тарихы. Протестантық шіркеу Канондық құқық тарихы. Протестантық шіркеу
Канон немесе канондар – барлық шіркеу мүшелерінің өмірін реттеп отыратын ережелердің жүйесі және христиан қоғамының тұрмыстық нормасын құрайтын
Жауапкершілік Жауапкершілік
Құдай бізге еркіндік берді. Абсолютті еркіндік болмаса да, пенде баласының шешім қабылдап, таңдау жасауына мейлінше жеткілікті еркіндік. Шешім мен
Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың
Дін – бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру