Жастар порталы
ШЕРБЕТ
27.12.2019 8 0 admin

ШЕРБЕТ

Ас - адамның арқауы
Шербетті ұнатпайтын адам жок шығар. Сол себепті ара-арасында арахиспен шербет дайындап тұруға болады.

✅ Керек заттар:

🔹 1 стақан арахис;
🔹 1 стақан сүт;
🔹 3,5 стақан кант;
🔹 80 гр сары май.

✅ Тойымды десерт дайындау үшін сүттің мейлінше майлырақ болғаны жаксы екен . Ыдысқа сүт құйып, 3 стақан қант (0,5 бөлігін кейінге қалдырамыз) қосамыз. Үздіксіз араластырып тұрып, сүтті ақырын отқа қойып, 30 минуттай қайнатамыз.

✅ Арахисті бөлек табаға сарғайғанынша қуырып аламыз.

✅ Қалған 0,5 стақан қантты құрғақ табаға сеуіп, карамель жасаймыз. Оны сүт-қантты сиропқа қосамыз. Піскенінше қайнатамыз. Шербет шамамен 1 сағаттан кейін дайын болуы керек. Сары майды қосыңыз.

✅ Шербет құятын пішіннің түбіне пісіруге арналған қағаз жайып, жаңғақ себеміз. Үстінен шербетті құйып, салқын жерге қоямыз. Шербет әбден суыған соң шайға қосып, дастарханға қоя беруіңізге болады.
Шоколад құймақтары Шоколад құймақтары
Ол үшін бізге не қажет: Ұн – 300 г. Лимон шырыны – 5 мл. Қант – 60 г. Жұмыртқа – 1 Сода – 2 г. Айран- 400 мл. Какао ұнтағы – 40 г. Күнбағыс майы – 60
Өзбекше самса немесе татарша вәк-бәліш Өзбекше самса немесе татарша вәк-бәліш
Ашытқысыз, тез дайындалатын "песочный" қамырдың рецебі.     Қажетті заттар: 😋 200 гр сары май 😋  600 гр ұн (3 стакан); 😋 10 гр (1пачка) қопсытқыш
"Зебра" пирогы "Зебра" пирогы
«Зебра» пирогы Дәмі тіл үйіреді🤗 😋 Жақындарыңызға өз қолыңызбен осындай дәмді пирог жасап беруіңізге болады. Қуана-қуана жеп қояды. 😍😍😍
Панкейк Панкейк
Панкейк  Дәмі тіл үйіреді🤗 😋 Жақындарыңызға өз қолыңызбен осындай тәтті панкейктер жасап беруіңізге болады. Қуана-қуана жеп қояды. 😍😍😍
Дәмді самса Дәмді самса
Самса қамырын үйде қалай дайындаймыз? Қанша градуста пісіру керек? Осы сұрақтардың жауабын біздің мәзірден табасыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру