Жастар порталы
Жаралы жүрек
06.08.2019 37 0 admin

Жаралы жүрек

Жан саулығы

Сен екеумізді тағдыр Жер бетінде неге жолықтырғанын мен білмеймін. Бәлкім, Көктегілердің іші пысып, бір-біріне мүлде үйлеспейтін екі адамды қосып, ақыры немен тынарын білмейтін бір трагикомедия жасап көрмек ойы болған шығар. Тек сен екеуміздің киномызда «хеппиенд» жоспарланбапты. Сондықтан комедия ақырындап драмаға айналды. Сен екеуміз мұны түсінбегендіктен қолдан келгенше тырысып бақтық. Біз тырысқан сайын Көктегілер күлкіге қарық болды. Сен екеумізге о баста сценарий бойынша қосылу жазылмағанын ешкім ескертпеді! Бір болудың бірде бір мүмкіндігі болмапты. Білмедік. Сезім үшін қанша жерден шарқ ұрып тырыссақ та қолдан түк келмеді. Болмауы тиіс сезім үшін жанталастық. Ақырында әбден қалжыраған, мұның бәрі бекер екенін түсінген сен екеуміздің хикаямызды пайдалы тәжірибе атадың да, бүкіл естеліктерді жүрегіңе түйіп, көрермен залынан шығып кете бардың. Қараңғы кинозалда бір өзім қалдым. Экран жарқырап тұр. Фильмнің соңында шұбатыла берілетін титр ғана баяу жылжып жатыр... Жаралы жүрегім «Сонда мұның бәрі не үшін?» деп сұрай берді... Бұл фәнидегі ешбір ессіз тәжірибе маған адамдар не үшін жүректі жаралайтынын түсіндіріп бере алмас. Жүрек бақытты болу үшін жаралмайтын ба еді? 


Алина Ермолаева 

Аударған Шынар Әбілдә

Күн Күн
Егер шындап қажетсінсең, көлікті сатып, жаяу жүріп те үйренесің, таңғы бесте оянып, қантсыз шай ішуге де төзесің, тамақты тұзсыз жеуге де
Бақытты неке: күрделі таңдау ма әлде кездейсоқтық па? Бақытты неке: күрделі таңдау ма әлде кездейсоқтық
Бақытты неке деген не? Оның қандай талаптары бар? Жұбайлар жылдар бойы бақытты бола бермейді ғой, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны анық. Әлде жылдар
ӨМІР СҮРГЕННЕН - ТӨЗГЕНІҢ КӨП! ӨМІР СҮРГЕННЕН - ТӨЗГЕНІҢ КӨП!
Біраз уақыт бұрын екі жыл ыстық сусыз өмір сүрдім. Ас үйде сарылдап ағып тұр. Ал жуынатын бөлмеде сыздықтап тұрады. Ваннаны толтырып алу үшін жарты
Некені бір ауыз сөзбен қалай құтқарудың жолы Некені бір ауыз сөзбен қалай құтқарудың жолы
Бірде үлкен қызым Дженна былай деді: «Кішкентай кезімде сендер ұрысқанда ажырасып кететін шығар деп қорқатынмын. 12 жасқа толғанда, бұлай ит-ыржыңмен
Кездейсоқтықтың бәрі кездейсоқтық емес Кездейсоқтықтың бәрі кездейсоқтық емес
Жаратқан сенің мекен-жайыңды біледі . Кездейсоқтық деген Құдайдың лақап аты. Өз атымен жазғысы келмегенде сол атын пайдаланады.  Ғалам екі адамды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру