Жастар порталы
Күн
26.06.2019 3 0 admin

Күн

Жан саулығы

Егер шындап қажетсінсең, көлікті сатып, жаяу жүріп те үйренесің, таңғы бесте оянып, қантсыз шай ішуге де төзесің, тамақты тұзсыз жеуге де бейімделесің. Төсекке жалғыз жатып, қолыңмен жаныңдағы адамды іздеуді де доғаратын күн туар... Әлі сол үшін өзіңе рақмет айтасың. Себебі, бір күні осылай өмір сүрген өзіңе ұнайтын болады. Сырты бүтін, іші түтін өмірден осы жалғыздық жайлы бола бастайды. Үш күннен кейін адам көрге де үйренеді деуші еді ғой... Ақырындап қоршаған ортаның өзгергеніне де үйренесің. Кезінде «сенсіз өмір сүре алмаймын» деп өлердей сүйген адамсыз да өмір сүріп жатасың. Сүресің. Қолдан келгенше. «Сенсіз өмір жоқ» дейтін адамдардың бәрі ауаға сіңіп, жоқ болып кеткендей көрінеді. Ал сен тіп-тірі, жап-жас, денің сау, басың аман, шапқылап, өмір сүріп жатасың. Ары қарай жылжи бересің. Қантсыз шай қаншалықты пайдалы екенін білесің. Миыңды жейтін қырттар жоқ өмір тамаша екенін түсінесің. Ғаламда орны толмас дүние жоқ. Кеткен/жоғалған/өлгеннің бәрі басқасымен ауыстырылады. Ғалам ары қарай тіршілік етеді, тыныстайды, дамиды, ең бастысы – жаңа өмір дағдысына бейімделеді. Алайда Ғалам үшін орны толса да маңызы ортаймайтын құбылыстар бар, мысалы - Күн. Бұл отты жұлдыз өзіне адал, үнемі жарқырып, көкжиектен түспейді. Он сегіз мың Ғаламның бүтіндігіне үлес қосады. Менің не айтпағымды түсіндің бе? Сенің адамыңды басқамен ауыстыруға болмайды, ол Күн сияқты өз принципіне адал күйде, орбитасынан айнымай, таң атқан сайын жарқырап, сенің үйіңе шұғыласын төгіп тұрады. Оны жоғалтып алам деп еш қорықпайсың. Қорқыныш сыйлаған адам сенікі емес. 


Арсений Михайлов

Аударған Шынар Әбілдә

Егер сені сатып кетсе Егер сені сатып кетсе
Егер басыңа күн туғанда сатып кетсе – бұл жақсылыққа бастайтын жол. Қиындықтан тезірек құтылып, рухани өсуге мүмкіндік мол.  Кейде бізді ең қиын
Өзіңді құрметтегенде өмір өзгереді Өзіңді құрметтегенде өмір өзгереді
1 Өзіңе деген ілтипат артады. Өзіңе қамқорлық жасай бастасаң — тәніңе, көңіл күйіңе, ой-санаңа, сонда жайсыздық пен жағымсыздық тудыратын адамдар
ӨМІР СҮРГЕННЕН - ТӨЗГЕНІҢ КӨП! ӨМІР СҮРГЕННЕН - ТӨЗГЕНІҢ КӨП!
Біраз уақыт бұрын екі жыл ыстық сусыз өмір сүрдім. Ас үйде сарылдап ағып тұр. Ал жуынатын бөлмеде сыздықтап тұрады. Ваннаны толтырып алу үшін жарты
Күте білу – бақыттың құпиясы Күте білу – бақыттың құпиясы
Жасың отыз бестен асқан соң барлық дос-жаран, туған-туыс жалғыздығыңа түсіністікпен қарап, кей жерінде аяушылықпен жұбату да айтып қалады, шамасы
Санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң... Санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң...
Егер санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң, ендеше сен бұрын-соңды көрмеген жаңа деңгейге шыққаныңды, бастан-аяқ сынақтан тұратын жолға түскеніңді біл. 
Пікірлер (0)
Пікір білдіру