
Көктемгі бет күтімі
Көктем – табиғаттың да адамның да түрленетін шағы. Сондықтан көктемде бет көп күтімді қажет етеді. Сондықтан бүгін бет күтімі жайлы кеңестер береміз.
Егер бетіңіз құрғақ болса, 100-150 грамм қара нанды қайнап тұрған суға салып, бұқтырып қойыңыз. Суығаннан кейін бетіңізге жағып, 15-20 минут жата тұрасыз. Сосын бөлме температурасындағы сумен бетіңізді шайып тастаңыз.
Бет терісі құрғақ адамдардың балық майын, жұмыртқа, сүт пен көкөніс, жеміс-жидекті 12 ай дастарханынан үзбегені дұрыс. аталған тағамдардың құрамындағы А дәрумені бет терісінің шамадан тыс құрғауына жол бермейді.
Ал егер бетіңіз майлы болса, мынадай қоспа дайындаңыз: банкаға немесе мойыны жуандау бөтелкеге бір жұмыртқаның ағын, 2-3 лимонды сығып, шырынын және еркектерге арналған иіс судың (шет елдік емес, отандық) төрттен бір бөлігін құйыңыз да дұрыстап шайқап араластырыңыз. Ақ қоймалжың сұйықтық пайда болады. аздап пышақтың ұшымен тұз, жарты стакан 2 пайыздық бор қышқылы мен бір шай қасық глицерин қосыңыз да, тағы да жақсылап араластырыңыз. Осы қоспамен күнде кешкісін бетіңізді сүртіп отырсаңыз, бетіңіз тез майланбайтын болады.




