Жастар порталы
Фараби атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу орталығындағы тағылымдама
12.03.2019 295 0 admin

Фараби атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу орталығындағы тағылымдама

Студент бұрышы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жетекші жоғары оқу орны, Қазақстанның ірі білім беру және ғылым орталығы. Университет жеке және кәсіби тұлға ретінде өзін-өзі жүзеге асыру және қалыптасу үшін көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Осындай мүмкіндіктердің бірі – шетелдік тағылымдама. Магистратурада оқу – шетелге баруға және таптырмас тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Әлем университеттерімен жақсы қарым-қатынас орнатып, оқытушы профессорлардың, жас ғалымдардың шетелдік ғылым ордаларында білім алып, тәжірибе алмасуына барлық жағдайды жасауда. Аталған университеттің басты серіктестерінің бірі – Стамбул университетінің Әл-Фараби атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу орталығы.

Біз, "Дінтану" мамандығының түлегі ретінде осы аталған орталықта магистранттарға арналған тағылымдама бағдарламасы аясында 2019 жылдың 01-11 наурыз аралығында шетелдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алдық. Орталықтағы, Стамбул университетіндегі кітапханаларды еркін пайдалануға,  қызықты тақырыпты зерттеуге, орталық зерттеушілерімен пікір алмасуға жағдай жасалынған.

Қазақ ұлттық университеті жас ғалымдарға ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін барынша көмектесуде. Осылайша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алу баға жетпес тәжірибе алуға және өз әлеуетін жүзеге асыруға нақты мүмкіндік береді. Бізде тағылымдамадан өту арқылы ғылыми-зерттеу жұмысымыз үшін де, өзіміз үшін де көптеген ақпараттар мен көп тәжірибе жинадық.



Авторлар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранттары Исаков Бекмұрат, Сагнадина Айгерим

Ғылыми жетекшілер: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ф.ғ.д., профессоры Байтенова Н.Ж., Борбасова Қ.М.

ҚазҰУ – шетелдік ғалымдар көзқарасымен ҚазҰУ – шетелдік ғалымдар көзқарасымен
Біз кез келген университеттің тек республика шеңберінде шектеліп қана қоймай, халықаралық деңгейде қызмет еткенін қалаймыз. Қазіргі таңдағы сондай
Қазақ Ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойы Қазақ Ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 1934 жылы негізі қаланған Қазақстандағы іргелі университеттердің бірі де бірегейі. Университет өзінің
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі
    Шығыстың атақты философы, ойшыл  Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу
Қазақ мәдениетіндегі ислам философиясының орны Қазақ мәдениетіндегі ислам философиясының орны
Еуразия өлкесінің сан ғасырлық тарихы, қазақ халқының этногенезі мен этнографиясын зерттеу барысында қазақ мәдениеті мен руханияты Ислам өркениеті
Саясаттанудың пәні Саясаттанудың пәні
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді қоғамдық ғылымдармен тұтастықта және философиямен ара-жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру