Жастар порталы
ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАСТЫҒЫ
08.05.2020 304 0 aiko

ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАСТЫҒЫ

Салт-дәстүр

Халықтың діни бірегейлігі туралы сөз болғанды дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, әр халықтың ұлттық құндылықтары дұрыс қалыптасуы үшін атқарар қызметі зор. Дін – адамның ізгі қасиеттерін асқақтатып танытатын болса, дәстүр ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін қажет.

Дәстүр сөзіне анықтама берер болсақ, профессор С. Қалиев салт пен дәстүрдің айырмашылығын атап көрсетеді. 

Салт – адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынасқа дейін) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарымқатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдар жиынтығы. 

Ал дәстүр ұғымы әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. 

Дәстүр – адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибелерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы факторы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен өмір сүру кезеңдерінің көп түрлілігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылдылықты, даналықты, ізгілік категорияларын бейнелейді. Сонымен қатар әрбір жаңа ұрпаққа ата-баба тәжірибесін олардың өздеріне де көрінбеген, білінбеген құндылықтарды, өмір сүру уақыттары мен кеңістіктерін ашып көрсетеді. Дәстүр арқылы халықтардың діни рәсімдерінің, наным-сенімдерінің атқарылып жатқанын байқаймыз.

Дәстүр сөзіне біржақты көзқараспен қарауымызға болмайды. Дәстүр сонымен қатар халыққа әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-қатынастарды реттеуші фактор рөлінде атқарады. Осы факторлардың басын біріктіруші-дәстүр мәдениеті.

Дәстүр мәдениеті – әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кезкелген ұлттың өзіндік бітім болмысы сақталып қалады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрайды.

Дәстүр – әр халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық-өнеге тәжірибесін құраған.

Дін мен дәстүр тәрбие жолы, рухани азығымыз. Рухани құндылықтар негізі рухани санада қордаланады, ол тарихта сақталып, сабақтасып отырады. Ата-бабамыздан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дін мен дәстүр сабақтастығын қадірлеп, құрметтеупен қарау біздің міндетіміз, әрі азаматтық борышымыз.


Авторы: Захай А.

Дереккөз: «Рухани жаңғыру» концепті идеясын жүзеге асыру аясындағы «Ұлы Дала халқының діни бірегейлігі қалыптасуының рухани қырлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2019. – 600 б.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы қазақстан тәжірибесі Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті
Азаматтардың демократиялық мінез-құлық мәдениеті мен сананың қалыптасуы, ынтымақтық, әртүрлі экстремизм түрлерін болдырмау және оларға қарсы тұру
Саяси білімнің маңызы Саяси білімнің маңызы
Саяси ғылымның басты мақсаттарының бірі - болашақ мамандарға саяси білім беру, олардың саяси мәдениетін жоғарылату. Бүгінгі күні саяси мәдениет
Дінтану мамандығы – қоғам сұранысы! Дінтану мамандығы – қоғам сұранысы!
Дін – дәстүр болымысымен ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, дін мен дәстүр үндестігі заңдылыққа айналды. Кез-келген халықтың мәдениеті мен өмір
Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу дәстүрлері Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу
Жалпылай алғанда, қазіргі таңда мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынастарын реттеудің кеңінен таралған екі құқықтық дәстүрі қалыптасты: олар
Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың
Дін – бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру