Жастар порталы
Саяси білімнің маңызы
1 656 0 aiko

Саяси білімнің маңызы

Саясаттану

Саяси ғылымның басты мақсаттарының бірі - болашақ мамандарға саяси білім беру, олардың саяси мәдениетін жоғарылату. Бүгінгі күні саяси мәдениет мәселесі ұлттық мәдениеттен және жалпы мәдениеттен жіктеліп өз алдына білім саласына айналуда. Саяси мәдениет тарихи тәжірибеге негізделген саяси саладағы жалпыадамзаттық, халықаралық игіліктер мен құндылықтар. Мысалы, демократия, әділдік, еркіндік, легитимдік, әртүрлілік т.б.

Баршаға белгілі, жастар - қоғамның болашағы, оның ішінде әсіресе студент жастар. Олар болашақтағы мамандар, өндіріс басшылары, ғалымдар, депутаттар, билік жүйелерінің қызметкерлері т.с.с. Яғни, олар болашақтағы саяси саладағы белсенді күштер, саясат арқылы қоғам өмірін басқарушылар.

Саяси білім мен саясаттың қоғамдағы маңызы жөнінде басқа да көзқарастар кездеседі. Әрбір азаматтың саясатпен айналысуы міндетті емес, ол үшін саяси субъектілер бар деген де пікір айтылады. Бұл да ақиқат пікір. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, біріншіден, қоғамда саясаттың шеңберінен кім болса да тыс болуы мүмкін емес. Екіншіден, қандай да болмасын, қоғам өмірінің жүйесінде басты орын алатын әртүрлі саладағы мамандар. Оны байқау үшін саяси өмірдің жүйесін келтірелік: мақсат (саяси субъектер); ұсыныстар (заңдар, шешімдер, реформалар); орындаушылар (саяси субъектер). Осы жүйеде екінші рет қатысатын саяси субъектер, яғни, іске асырушылар – олар мамандар. Қандай да болмасын қоғамдағы мақсаттар, реформалар, шешімдер әр алуан мамандардың қатысуынсыз іске асырылмайды. Қоғамдағы саяси шешімдердің орындалуы ең алдымен мамандарға тіреледі. Осы себепке де байланысты саясаттанудың оқу орындарындағы басты мақсаты – мамандардың саяси-құқық мәдениетінің деңгейін жоғарлату, жалпы қоғамдық, дүниежүзілік саяси мәдениетпен таныстыру. Жұртшылықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет өз азаматтарын ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан-жақты хабардар етіп отыруы қажет. Сонда ғана ел азаматтары саяси мәселелерді жетік біліп, дұрыс бағалай алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұруы, дамыған хабарламалық жүйенің болуы – қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.

Саяси білім беру жүйесі қазір кез-келген демократиялық қоғамда бар. Соның ішінде Қазақстандағы саяси білімнің басты мақсаты – азаматтардың күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда дұрыс бағдар ұстауы, өз мүддесін түсінуі және қорғауы, басқа адамдардың және бүкіл қоғам мүдделерін, құқықтары мен бостандығын құрметтеу, басқа азаматтармен бірге қоғамдық проблемаларды бірлесіп шешу, әрбір адамның тәуелсіздік құқықтарын ескере отырып, саяси білімді азаматтардың демократиялық тәртіптерді құрметтеуі және оның мемлекеттік институттарын қамтамасыз ету көзқарасын қалыптастыру. Аса көңіл аударатын мәселе - саяси тәртіпті нығайтпайынша, әрбір жеке адамның бостандығы жайлы сөз айту шындыққа жанаспайды. Осы бағытта азаматтарға саяси білім беру, сөйтіп олардың саяси бостандығын қамтамасыз ету қажет.

Саяси білімнің қазіргі кезеңіндегі идеяларын, жалпыадамзаттық құндылықты игеруді басшылыққа алу азаматтарға және бүкіл саяси өмірге тиімді әсерін тигізетіні сөзсіз. Оның үстіне біздің қоғам үшін демократиялық саяси білім өтпелі кезеңде ерекше маңыз атқарады. Әміршілдік экономикадан нарықтық шаруашылыққа және тоталитарлық саяси жүйеден құқықтық демократиялық мемлекетке өту халықтың саяси мәдениеті мен менталитетінде түбегейлі өзгерістер жасауды қажет етеді. 

Демократиялық саяси білімнің де Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуына тиімді әсер ететіні даусыз. Қазіргі кезде алдыңғы қатарға адамдар санасының жаңа қырлары, оның ішінде ұлттық санасының оянуы ұсынылып отыр. Демократиялық саяси білімнің маңызы: азаматтардың демократиялық менталитетін қалыптастыруға көмектесу, демократиялық саяси мәдениет құндылықтары мен түрлерін игеруді үйрету, тұлғаның саяси төзімділік, сенімді серіктестік, келісімге ұмтылу сияқты қасиеттерін қалыптастыру.


Мәліметтер алынған дереккөз: Б.Өтемісов, Қ.Қарабала. Саясаттану: оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. 

Саяси тәртіп (саяси режимдер) Саяси тәртіп (саяси режимдер)
“Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі,
Билік және саяси билік ұғымдары Билік және саяси билік ұғымдары
Билік - саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік
Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі
Демократия мәселесі - саясаттанудағы негізгі тақырыптардың бірі. Оның себебі, біз жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың кілті
Саясат ұғымы Саясат ұғымы
«Саясат» ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің «politike» ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. «Саясат»
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×