Жастар порталы
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы қазақстан тәжірибесі
780 0 aiko

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы қазақстан тәжірибесі

Саясаттану

Азаматтардың демократиялық мінез-құлық мәдениеті мен сананың қалыптасуы, ынтымақтық, әртүрлі экстремизм түрлерін болдырмау және оларға қарсы тұру мемлекеттегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың басты факторы ретінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді сақтау қажеттілігі көпұлтты Қазақстан үшін өте өзекті мәселе.

Қазіргі кезде Қазақстан мемлекетінде әртүрлі этнос өкілдері үшін өзінің мәдени мұра, тұрмыс, салт-дәстүр, тілдерін сақтап қалу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Ұлтаралық келісімнің нормативтік құқықтық және концептуалды негіздері құрылған. Қазақстан Конституциясы этникалық, нәсілдік, діни және басқа жіктелулерге тәуелді емес барлық азамат мүдделерінің қорғалуына кепілдік береді. Оның нормаларында барлық этникалық топтардың өзара сенімділік пен өзара құрмет үшін негіз салынған.

Бүгінгі күні Қазақстан – жаһандық қарама-қайшылықтардың қиын уақытында рухани келісім идеясын шынайы күшке айналдырған бірінші мемлекеттердің бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының қиындығына қарамастан, 1992 жылы І Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінің өткізіле- тін жері, Қазақстан болды. Содан бері Қазақстанда 18 қазан рухани келісім күні ретінде тойланады.

Қазақстандық қоғамдық келісім моделінің негізгі элементі 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы болды. 20 жыл аралығында оның құрамында 820-дан астам этномәдени бірлестіктер құрылған және қазір де жұмысын атқарып жатыр, 46 этностың өзіндік этномәдени орталықтары бар. 2008 жылы әлемде басқа аналогтары жоқ «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заң қабылданды. 2007 жылы конституция шегінде Ассамблея Парламент Мәжілісінің тоғыз депутатын сайлау құқығын алды. Бұл құқықты тек Парламенттегі этникалық топтар мүдделерінің үкіметі ғана емес, сонымен бірге билік құрылымындағы толеранттылық мәдениетінің бекітілуі ретінде қарастыру қажет.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассам­блеясы туралы» заңға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық Патриоттық идеяны іске асыру үшін, оның міндеттері мен қызметін кеңейтетін, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл идея 2025 жылға дейінгі Қазақстан халқы Ас­самблеясын дамыту концепциясына да құнды негіз болды. Президент айтып кеткендей, Ассамблея – бұл мемлекет құндылықтарының ең маңыздыларың бірі. Оның арқасында Қазақстан, басқа мемлекеттерге қарағанда, ішкі конфликттерді болдырмады. Президент Қазақстан халқы Ассамблеясын, көпұлтты мемлекетіміздегі әр этностың дауысын естуге көмектесетін, республика жетістігі деп атады.

Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік саясаттың нәтижесінде, қоғамда қалыптасқан саяси сананың нәтижесінде мәдениет пен дін диалог алаңдары құрылып ақиқат болмыс, шынайылықты мүмкінше толыққанды талдауға қол жеткізу қоғам санасында діни келісімділік ұстанымының нығайюына әсері де рөлі де зор екені сөзсіз. 

Жалпы алғанда, Қазақстанның қоғам келісім мен бірлікті бекіту страте­гиясы көп қырлы. Дегенмен, біздің пікірімізше: 

- қоғамдық келісім мәселесі жайлі плюралистік ақпараттық кеңістіктің кең ауқымды дамуы, зерттеу орталықтарының құрылуы, журналдар мен мерзімді басылымдар, әдіснамалық арнайы мамандандарылған сонымен қатар жалпыға бағытталған әдебиеттер, мәдени дәстүрдің, мәдениаралық диалогтың маңызы мен мәнін ашып көрсететін әдебиеттер қажет; 

- жастарды қоғамдық келісім мен патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатын алға тартқан бұқаралық ақпарат құралдарына барынша қолдау көрсету; 

- мемлекеттік ұлттық мүдде, тарихи, мәдени, азаматтық құндылықтарды бекіту.

Осы тұрғыда, әлеуметтік сана мен мәдениетті қалыптастыратын (мек­тептер, БАҚ және т.б.) әр түрлі конфессиялық діни топтар мен құрылымдар арасындағы ортақ қырларын ашып көрсету маңызды. Олар діни төзімділіке сонымен қатар әлеуметтік ынтымақтастық пен қоғамдық келісімнің негізі бола алады.


Авторы: Саитова Н.А., Сейсебаева Р.Б.

Дереккөз: Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. №2 (68) 2016.

ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАСТЫҒЫ ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАСТЫҒЫ
Халықтың діни бірегейлігі туралы сөз болғанды дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, әр халықтың ұлттық құндылықтары дұрыс қалыптасуы үшін
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары. діни ауызбіршілікті сақтау мен нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске
Қазақстан Республикасы – әрбір азаматқа ар-ұждан бостандығына кепілдік берілген және барлық конфессиялар ұстанушыларының заң алдында теңдігі
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6-тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» №875 Жарлығына
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6-тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» №875 Жарлығына
Дінтану мамандығы – қоғам сұранысы! Дінтану мамандығы – қоғам сұранысы!
Дін – дәстүр болымысымен ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, дін мен дәстүр үндестігі заңдылыққа айналды. Кез-келген халықтың мәдениеті мен өмір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×