
Етті бәліш немесе "беляши"
Қажетті заттар:
1 жарым стакан сүт;
1 құрғақ дрожь;
1 ас қасық қант;
1 ш.қ. тұз;
50 гр сұйық май;
2 жарым стакан ұн
Ішіне:
500 гр майлы фарш;
1 үлкен пияз;
тұз;
қара бұрыш.
Дайындау тәсілі:
Жылы сүтке ашытқы мен қант қойып үстін 10 минутқа жауып қойыңыз. Ашытқы ашып көтерілуі керек.
Көтерілген ашытқы ішіне тұз, май мен ұн қосып жұмсақ, сұйыққа жақын қамыр жасаңыз.
Үстін жауып жылы жерге 30 минутқа қойыңыз. Қайта илеңіз. Керек болса ұннан қосыңыз, қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр болуы керек.
Пиязды майдалап тұрап, аз майға қуырыңыз.
Шикі фаршқа пияз қосыңыз да, тұз бен бұрышпен дәмдеп араластырыңыз.
Көтерілген қамырдан жұмыртқа үлкендігінде майда зуалаларды жасаңыз. Шамамен 20 зуала шықты.
Әрқайсысын қолмен жұқалаңыз да, арасына еттен қойып, ортасына тесік қалдырып жартылай жабыңыз.
Таба ішінде қыздырылған майға тесігі бар жағымен салып үсті-астын қызартып пісіріңіз.
Піскен бәліштердің үстін майлықпен жауып суытыңыз!




