Жастар порталы
Біздің қарым-қатынастарымыз
15.05.2020 401 0 admin

Біздің қарым-қатынастарымыз

Жан саулығы

Мен менің істеп жатқаным маңызды мағынаға ие сияқты әрекет етемін.

                                                                                               Уильям Джеймс

Жеке қарым-қатынас біздің дем алып жатқан ауамыз сияқты өте маңызды. Барлығымызға достар, сүйікті, серіктес адамдар керек, яғни біздің қуаныштарымызды, қайғымызды, қорқынышымыз бен табысымызды бірге бөлісетін адамдар керек. Бұл қарым-қатынастар бізді терең деңгейде байытады. Біздің бәрімізге достық, махаббат, біреуге керек болу сезімі қажет болғанымен де, бір-бірімізге қол ұшын бере алмай немесе қол ұшын беруге мүмкіндік болмай, бір-бірімізден алшақ болып қаламыз. Ал, бұл қарым-қатынас түсіністікке жол ашпайды.

Адамдармен қарым-қатынастағы мүмкіндіктерді зерттеу үшін жаңа әдістерді және үлкен ынтаны зерттеу керек. Мұны мойындаған соң, біз бір-бірімізге тұрақты түрдегі қолдау көзі бола аламыз. Бұл бізге мықты болуға көмектеседі. Бір-бірімізді қалай қолдай алатынымызды және бір-бірімізді қалай байыта алатынымызды түсіну керек. Сонда, бұл түсіністік қарым-қатынасқа апарар жолда өзгерісті кезең болып саналады. Біз қарым-қатынаста ашық болсақ, адамдар бізге солай жауап беретінін көреміз. Сезімтал сезімі орнына бұрын болмаған сезім келеді: еркіндік, сергектік және ояну сезімі. Осындай жағдай болғанда, кез келген қарым-қатынас түсіністікке толы, маңызды, байлықты әкелуші болады. Бұдан артық не керек?

Әр адам – бұл жұлдыз

Әр адам қайталанбас, бірегей және құрметке лайық. Әр адам – бұл жұлдыз. Сіздің күйеуіңіз. Сіздің әйеліңіз. Сіздің ата-аналарыңыз да қайталанбас, бірегей және қызықты. Сіздің достарыңыздың әрқайсысы, бастығыңыз, мейрамхана даяшысы, такси жүргізушісі, өлім аузындағы шал, көрші бала – бұлардың барлығы қайталанбас, бірегей және құрметке лайық.

Әр адам, оның кім екеніне және қандай орынды иеленетініне байланыссыз ерекше деп ойласаңыз, бұл көзқарас жалпы адам баласына деген сіздің көзқарасыңызды өзгертеді. Мұны түсінсек, біз оларға құрметпен қараймыз. Адамдар өздерінің ерекше екенін білмеуі де мүмкін немесе өз іс-әрекеттерімен көрсетпеулері де мүмкін, бірақ біз оны білеміз және оларға тиісінше қараймыз.

Әр адамның өз бойынан көргенінен гөрі көбірек көруге үйреніңіз. Әр адамның бойында ұлылық дәні жатыр. Ал, сіз олардың кемшіліктері мен проблемаларының артында әлеуеттің, таланттарының, ішкі сұлулығының, жан-дүниесінің жатқанын көріп, оларға мүмкіндік бересіз.

Бірнеше жыл бұрын Сан-Францискода дәріс оқу барысында мен адамға жұлдыз сияқты қарасаң, бұл өзгеру әсерін әкелетінін анықтадым. Мен өз отбасыммен және әріптестеріммен елді аралап жүр едім. Бізге бала күтушіні табу қиындыққа соқты, сондықтан да мейірімсіз және қатыгез әйелді жалдауға тура келді. Ол әрдайым бір нәрседен мін табатын. Ол үйге келгенде оның қасында отырмау үшін біз тезірек үйден шығып кетуге тырысатынбыз. Өзімнің ол әйелге онша жақсы қарамайтынымды анықтап, оған деген қарым-қатынасымды өзгертуге бел будым. Ішкі жан дүниесінде ол өте мейірімді және көңілді адам болуы мүмкін екенін түсіндім. Мен оны күліп тұрған адам ретінде, кейін күн нұры ретінде елестеттім.

Келесі жолы ол біздің үйге келгенде мен үйден қашып кетуге тырыспай, оны өзіме шақырып алып, оған мына сөзді айттым: «Сіз білесіз бе, әрдайым сіз осы үйге келген сайын, меніңше, бұл үйге күн нұры кірген сияқты». Ол маған таңқалып қарап тұрды. Мен өз сөзімді жалғастырдым: «Сізді және сіздің осы үйде бала күтушісі болып жұмыс істеп жүргеніңізді біз бағалаймыз, және біздің ортада сіздей адам бар екеніне қуаныштымыз». Ол үнсіз тұрды. Кешке үйге қайтқан соң, мен сөздерімді тағы да қайталай бастадым.

Ол келесі жолы үйге келгенде мен оны мынадай сөздермен қарсы алдым: «Қараңыздар, күн нұры келді». Мен, расында да, солай ойладым, себебі оның мейірімді, жақсы адам екеніне көзім жетті.

Ол маған күлімсіреп қарады. Мен оның күлгенін бірінші рет көрдім. Бөлмедегі адамдар басқа бөлмеге шығып кеткенде ол әйел маған былай деді: «Бұған дейін маған ешкім сіз сияқты осындай жақсы сөздер айтқан емес. Ешқашан. Өмірімде бір рет те естімедім осындай сөздерді». Мен таңқалдым. Ол әйелге ешкім ешқашан жылы сөз айтпағанын мен елестете алмадым. Мен оның балалық шағын, оның қаншалықты қиындық көргенін елестеттім; оның өмірі қандай қиын. Мен оған өз көзқарасымды өзгерткеніме қуандым, және бұған дейінгі оған деген қарым-қатынасым үшін ұялдым.

Мен оның бойына жағымдылықты қолдайтын энергия сіңіруге тырыстым. Нәтиже таңқаларлық болды. Ол бәрінен мін табуын қойды, өте мейірімді жанға айналды, ең қызығы, оның бетіндегі әжімдер тартылып, ол жиырма жылға жас көрінді. Мұны барлығы байқады. Расында да, ол күн нұрына айналды. Бұл жағдай адамдарға деген менің көзқарасымды мәңгілікке өзгертті.

Адамдар құрметке лайық деп мойындасаңыз, олар өздерін тиісінше ұстайды. Сіз адамдардың жақсы жақтарын көріп, оларға мүмкіндік бересіз. Мүмкін, олар өздерін ұлы немесе бірегей ретінде санамайтын шығар. Мүмкін олар өздерін түкке тұрмайтын адам сияқты санайтын шығар. Сондықтан да олардың айнасы болыңыз! Олардың мүмкіндіктерін көріп тұрғаныңызды көрсетіңіз. Мұны өздеріңіздің іс-әрекетіңізбен, сөздеріңізбен, ойларыңызбен немесе сезімдеріңізбен көрсетіңіз. Әр адамның өмірі маңызды. Әр адам өз пайдасын тигізе алады. Әр адамға бірегей, ерекше адам ретінде қараңыз. Сіздің қолдауыңыз біреудің өмірінде өзгерісті сәт болуы мүмкін, сондықтан да, адамның сыртқы бейнесіне алданып, оның ұлылығын көре алмай қалмаңыз. Әр адамға сеніп, әр адам бойында ең жақсы қасиетті іздеңіз.

Егер де әр адамға осылай қарасаңыз, сіздің олармен қарым-қатынасыңыз өзара түсіністікке ие болып, қарапайым ғана араласу сізге және оған үлкен жылулық сезімін әкеледі. Біз адамдарға көмек көрсету, сүю және бір-бірімізбен бөлісу қабілетіне иеміз. Бұны жасау үшін, тек қана оны қалау керек.

Бір-біріңізге қамқорлық жасаңыз, себебі бәріміз адам баласымыз ғой

Біз, адам баласы, өте сезімталмыз. Егер күмәндансаңыз, өзіңізге қараңыз: сізді ренжіту өте жеңіл ғой. Егер адамның жан дүниесі ауырса, онда ол өзге адамды ренжітуге тырысады. Мен өзімді мұқият зерттеп, осыны түсіндім. Егер де мен қатал болсам немесе басқа адамды ренжітсем, онда мен ішкі жан дүниемде қайғы шектім.

Егер де сізді біреу ренжітсе, осыны есіңізде ұстаңыз. Өзіңізден сұраңыз: бұл адам не үшін ренжіп жүр. Оған мейрімді көзқараспен қараңыз. Оның ішкі жан дүниесіндегі күйініші оған қуаныш әкеп жатқан жоқ. Адамдардың қандай қорқыныш, ренжу, көңіл қалу, қиыншылық сезімдерін бойында ұстап жүргендерін білмейміз ғой. Ескі мәтелде айтқандай: оның аяқ киімімен бір миля жүріп өткенге дейін, оны сөкпе.

«Ойлау күші» атты менің дәрісімді тыңдап жүрген бір келіншек жұмысынан кетпек болды, себебі оның әріптесі өте нашар адам болатын. Менің шәкіртім ол әйелді мүлде қабылдамады; олар мүлде сөйлеспейтін. Бұл жағдай бір жылға созылды. Содан соң, менің шәкіртім бір өзгеріс енгізбекші болды.

Менің шәкіртім әріптесінің жан дүниесін мазалаған проблема бар екенін сезіп, осы күннен бастап оған ренжімей, ол туралы жақсы ойлаймын деп шешті. Оның әріптесі әрдайым өзін жаман қырынан көрсеткен сайын, менің шәкіртім ол туралы жақсы ойлады. Менің шәкіртім әріптесінің жаман қылықтарына мән бермей, оны әрдайым қолдап, ол ішкі жан дүниесінде ерекше, бірегей, құрметке лайықты адам деп ойлады. Әр кеш сайын әріптесін жақсы, жайдары адам ретінде елестетті; бұл әйелдің ішкі жан дүниесінде осындай екенін білді. Өзін және өзінің әріптесін жақсы құрбылар ретінде елестетті.

Нәтижесінде, ол өз әріптесіне жақындап, онымен сөйлеспегені үшін кешірім сұрады және құрбылар сияқты араласқысы келетінін айтты. Әйел ештеңе айтқан жоқ, бірақ қатты таңғалды. Уақыт өте келе оның көңіл күйі өзгере бастады. Қазір олар жақсы құрбылар, және жұмыстағы атмосфера қолайлы және жайлы.

Бұндай жағдай ылғи да болып тұрады. Мен өмірімде осындай оқиғаларды көп естідім, яғни туыстарына және әріптестеріне деген ойларын өзгертіп, қарым-қатынастарын да өзгерткен. Қанша екенін санай да алмаймын.

Сіз адамдарға деген өз қарым-қатынасыңызды өзгертсеңіз, олар сізге басқаша қарайтын болады

Адам баласы көп деңгейде бір-біріне өте сезімтал келеді, сондықтан да бойымызда адамдар жайлы қалыптасқан ойларға өте қатты әсер етеміз.

Егер де сіздің жақын адамыңызбен, досыңызбен, серіктесіңізбен, әріптесіңізбен, немесе ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз сіз ойлағандай болмаса, онда сізде осы адам туралы түйсік деңгейінде қандай ойлар пайда болатыны туралы ойлаңыз. Мүмкін, сіз өзіңізге ұнамайтын қасиеттерге баса назар аударып, оны күшейтіп жатқан шығарсыз.

Қарым-қатынаста, басқа салада болса да, біз неге сенсек, нені күтсек, нені ойласақ, соған қол жеткіземіз. Кез келген қарым-қатынаста көптеген мүмкіндіктер бар, әрине, егер де сіз өз ойларыңызға тәжірибе жасауға дайын болсаңыз. Көздік бейнелер сіздің адамға деген қарым-қатынасыңызды өзгертуге көмектеседі және сіздің қарым-қатынасыңыздың иесі болуға мүмкіндік береді.

Сондықтан да, жағымсыз қарым-қатынасқа мән бермей, өз қарым-қатынасыңыздың иесі болыңыз.

Өзіңізге лайықты қарым-қатынасты өзіңізге жақындатыңыз.

Өзіңізге идеалды жұбайды қалай жақындатуға болады?

1 қадам. Сізге лайық болатын адамды елестетіңіз. Сіз қандай қасиет іздейсіз? Сізде тәндік идеал бар ма? Сондай адамның қасында өзіңізді, бірге серуендеп жүргеніңізді, қуанып жүргеніңізді, онымен бірге өткізген махаббат пен нәзіктік сезімін елестетіңіз. Серігіңізді қиялыңызда жасаңыз. Оның жүзін елестетуге тырыспаңыз немесе барлық бөлшектерді жасауға ұмтылмаңыз; бұны жасау тағдыр еншісінде. Ал сіз болашақ жарыңызды өзіңізге қажетті қасиеттермен толықтырыңыз.

2 қадам. Сіз осы адамға не бере алатыныңызға мән беріңіз. Сіз оған көп нәрсе ұсына аласыз. Өзіңіз жайлы жақсылап ойлаңыз және осы адамға нені бере алатыныңыз жайлы немесе нені бірге бөлісе алатыныңызды елестетіңіз.

3 қадам. Өзіңіздің көзге көрінбейтін серігіңіздің, яғни түйсігіңіздің көмегін иеленіңіз. Түйсігіңізден көмек сұраңыз. Қандай жағдайда осындай адамды кездестіре аласыз. «Ішкі дауыс» бөлімін оқып, түйсігіңіз көрсететін идея мен ережелерді ұстаныңыз.

4 қадам. Мынаны ойластырыңыз: өмірде сізбен болғысы келген, сізбен сіз бере алатынды бөліскісі келетін мыңдаған адам бар. Сіздің идеалды серігіңізбен кездесу мүмкіндігін жүзеге асыру мақсатында сіздің көзіңіздегі образдарыңыз, арманыңыз бен ішкі дауысыңыз күштерді қозғалысқа әкеледі. Есіңізде ұстаңыз: бұл адам сізге ұқсас адамды іздестіріп жүр.

Іскерлік қарым-қатынасты қалай жақындатуға болады:

1 қадам. Өзіңіз жұмыс жасағыңыз келген адамды елестетіңіз: ол қандай байланыстарға, таланттарға, ақпаратқа немесе білімге ие болуы керек. Егер де сізге жапон тілінде шамалы сөйлеп, маржан ұстайтын адам керек болса, онда оны елестетіңіз. Егер де сіз штаттан тыс тілші жұмысына орналасқыңыз келсе, онда редакторды, оның сіздің салаңызға байланысты жұмысы бар екенін немесе сізді қызықтыратын салада сізге жұмыс бар екенін елестетіңіз. Осы адаммен қарым-қатынастан, тұрақты түрде өзара түсіністік пен сыйластықтан алған ләззатыңызды елестетіңіз.

2 қадам. Бұл адамға не бере алатыныңызға баса назар аударыңыз: қандай талантқа, өнімге, еңбек өтіліне иесіз. Сіз ол адамға мұқтаж болғандай, ол да сізге және сіздің оған ұсына алатыныңызға мұқтаж.

3 қадам. Өзіңіздің көзге көрінбес серігіңіз, яғни түйсігіңізден көмек алыңыз. Одан көмек сұраңыз. Қандай жағдайларға байланысты сіз осындай адамды кездестіре аласыз. Ішкі дауыс бөлімін оқып, сіздің түйсігіңіз көрсеткен идеялар мен ережелерді орындаңыз.

4 қадам. Мына ойды електен өткізіңіз: дүниеде сіздің ұсынысыңызды қуанышпен қабылдайтын мыңдаған мүмкіндіктер мен адамдар бар. Осындай адамдармен сіздің кездесуіңізді сіздің көзіңіздегі образдарыңыз, арманыңыз бен ішкі сезіміңіз энергия мен күшті қозғалысқа әкелу арқылы мүмкін етеді.

Мүмкін сіз көптеген сатып алушылар мен тұтынушыларды жақындатқыңыз келетін шығар? Аталған жаттығуды жасаңыз: сізге қандай тұтыушылар керек және оларға не ұсына аласыз. Осындай жағдайға арналған жақсы көзқарас: «Мен идеалды тұтынушылар мен жағдайларды жақындатамын».

Өзге адамдар бойында күш пен өз-өзіне сенімділік қасиетін күшейтіңіз

Сіз өзге адамдар бойында өз тарапыңыздан оларға күш пен өз-өзіне сенімділік қасиеттерін өте аз күшейте аласыз. Сіз екеуіңіз де мықты бола бастайсыз. Адамдардың күші мен өз-өзіне сенімділігін күшейту – бұл өзге адамдардың өміріне қатысатын ерекше және жеке әдіс.

Бірде, Джон Кеннеди атындағы Нью-Йорк әуежайда отырғанымда менің рейсім кешігіп жатқанын, жолаушылардың келесі ережелер үшін № 7 орынға жақындауын хабарлады. Мен № 7 орынға жақындағанымда кезек үлкен екен және жолаушылардың көбі билет сатушыға өздерінің шағымдарын айтып жатты. Адамдар кездесуге кешігіп қалғандарын айтып, сатушы қыздан: «Енді біз не істейміз?» деп сұрап жатты. Әуежай қызметкері өте шаршаған болып көрінді, жағдайды түсіндіріп әлек болды. Әр ашулы жолушымен сөйлескен сайын оның иықтары төмен түсіп бара жатқандай болды.

Менің кезегім келгенде мен оның күш пен өз-өзіне сенімділігін арттырайын деп ойладым: «Мен сіздің жұмысыңызға құрметпен қараймын,-дедім мен шын жүректен. – Түсінем, жағдай, расында да, қиын және сіз қолыңыздан келгеннің бәрін жасап жатырсыз. Мен сіздің адамдармен сыпайы сөйлескеніңізді көрдім және рейстың өзгергені үшін сіз кінәлі емессіз». Ол оны бір адам түсінгені үшін терең тыныс алды. Мен өз ойымды жалғастырдым: «Мен сізге рахмет айтқым келеді және сіз жақсы жұмыс жасап жатырсыз. Сіз өзіңізді мақтан тұта аласыз».

«Рахмет, - деді ол, - қазіргі сәтте осындай қолдау маған қажет».

Мен одан келесі ережелерді алып, өз жөніме кеттім. Бірақ, артыма бұрылып оның басқа жолаушылармен қалай сөйлесіп жатқанын көрдім: ол тік тұрып, өзіне сенімді болып сөйлесті. Мен осы сәтте оған қажетті энергияны бердім. Мен үшін өз ризалығымды білдіру оңай болды және бұл билет сатушы үшін қаншалықты маңызды екенін көрдім.

Сіз екі сөзбен ғана адамдарға күш пен энергия бере аласыз ба? Әрине, бұл қолыңыздан келеді! Егер қаласаңыз сіз әр адамға көмектесе аласыз. Сіз даяшыға, такси жүргізушіге, пошташыға, өз балаларыңыз бен достарыңызға позитивті энергия беріп, жігерлендіре аласыз.

«Сіздің бізге ұсынған жақсы қызмет көрсетуіңізді біз бағалаймыз. Сіз біздің түскі асымызды ләззатқа айналдырасыз. Сіз өте жақсы даяшысыз».

«Сіз менің сүйікті кассирімсіз. Сіз маған қызмет көрсеткенде, мен әрдайым ләззат аламын. Сіздің күніңіз қалай өтті?»

«Көп рахмет!»

«Сіздің униформаңыз өзіңізге өте жақсы жарасады».

Қарапайым ғана «Күніңіз сәтті өтсін!» деген сөз шын жүректен, ынтамен, әңгімелесуді бастау масатында айтылса, әрине, кез келген адамға күш пен өз-өзіне сенімділік әкеледі.

Сіз адамға ештеңе айтпай-ақ ойша көмектесе аласыз. Менің бір досым көшеде үндемей-ақ, адамдарға оң ойлар жіберуді жақсы көреді. Маған таныс сәтті бизнесмен өзінің жолында кездескен әр адамға бақыт пен табыс тілейді.

Махаббат пен жақсылық туралы ойлар адамдарды еркін қылады. Жылы сөз бен қолдау серпін береді. Адамдарды мойындау, оларды өз-өзіне сенімді қылады. Егере де сіз адамдарды, олардың ерекше, қажетті және сіз үшін маңызды екеніне сендірсеңіз, онда бұл оларды қолдап, олардың өз-өзіне деген сенімдерін арттырады. Бұл қарапайым ғана демеу, адамдарға бірнеше күнге немесе өмір бойына созылатын әсер береді.

Өз бойыңда күш пен өз-өзіңе деген сенімділікті қалай арттыруға болады

Кей кездері біздің жеке қарым-қатынастарымыз – бұл біздің өзімізбен қарым-қатынасымыз. Өзіңізге жақсы қараңыз; қатал болмаңыз. Есіңізде ұстаңыз: сіз де басқа адамдар сияқты ерекше, қайталанбас адамсыз және құрметке лайықсыз.

Бізге былай дейді: адамдардың бәрін өзің сияқты жақсы көр. Бұл жерде баса назар «адамдардың бәрін» деген сөзге аударылады. Егерде біз адамдардың бәрін жақсы көрсек, онда, ең алдымен өзімізді жақсы көруіміз керек. Өзімізді қаншалықты жақсы көрсек, өзгелерді де соншалықты жақсы көреміз.

Күшті, мейірімді, денсаулығы мықты адам болу үшін өзіңіздің күшіңіз бен өз-өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз. Әрдайым, өзіңіздің бірегейлігіңізді мойындаңыз. Өзіңізді табысты, жақсы көретін, ашық, еркін адам ретінде елестетіңіз. Имиджіңіз бойынша жұмыс жасаңыз және оны мықты әрі сенімді етіп қалыптастырыңыз. Сіз өзіңізге ұнауыңыз керек. Сіз өзіңізді жақсы көруіңіз керек. Сіз өз-өзіңізге жақсы дос болуыңыз керек.

Қарым-қатынасты қолдау керек

Өз достарыңызды жақсы көретініңіз жайлы қашан айттыңыз? Олардың сізді қолдағаны туралы, достығы, махаббаты үшін қашан рахмет айттыңыз? Қарым-қатынасыңызды терең етіңіз, өзгелерді жоғары бағалаңыз және оны көрсете біліңіз. «Мен, расында да, біздің достығымызды бағалаймын және құрметпен қараймын» деңіз. Бұл сөз шын жүректен айтылса, ол көп нәрсені айтады.

Жер бетінде достық пен қарым-қатынастан асқан байлық жоқ. Жолыңызда кездескен әр адам үшін жақсы дос болыңыз. Адамдарға қажет сәтте олардың жанынан табылыңыз. Адамдарды қабылдаңыз. Адамдарды жақсы көріңіз. Олар сізге жауап қатпаса да, оларды жақсы көріңіз. Басқа біреу бірінші қадам жасайды деп күтпеңіз. Барлық адам үшін ашық болыңыз, сіз өзіңіздің жалғыздығыңыздан басқа ештеңе жоғалтпайсыз.

Қарым-қатынасты өзгерту – өзіңізді өзгерту

Біз барлығымыз бір отбасы мүшесіміз, сондықтан да, егерде дамығымыз келсе, онда бір-бірімізге махаббат пен қамқорлық сезімін беруіміз керек. Біздің қарым-қатынасымызды өзгерту жолы – бұл өзгеріс пен даму жолы. Бұл жол қауіпке, қателіктерге, жаңалықтарға толы болады. Бұл жол кішкентай істерден басталады: адамдарға деген қарым-қатынасты өзгертуден, қол ұшын беруден, бейтаныс адаммен сырласудан. Бірақ бұл уақыт өте келе ләззат әкелетін, үлкен бір нәрсеге өседі. Сіз қуанышқа толы өмірге иеленесіз, салтанат құрасыз. Сіз бұған дейін қол жеткізбеген сезімді, яғни өзіңізді ашық, еркін сезінесіз.


Дереккөз: Джон Кехо. Түйсігіңмен ойлай біл. Аударған: Мырзагелді Кемел. 

Өз-өзіңізді бағалау Өз-өзіңізді бағалау
Жақсы, дұрыс өз-өзіңді бағалай білу өте маңызды деген көзқараспен барлығы келісетін шығар. Бірақ, өзінің маңыздылығын түсіну кез келгеннің қолынан
Түйсік Түйсік
Адам миы екі бет-бейнеден тұрады. Менің бұған дейін айтқандарымның бәрі санаға байланысты. Енді, сіздерді мидың екінші жағымен – сиқырлы да тылсым
Қыздарға кеңес. Ер адамның психологиясы Қыздарға кеңес. Ер адамның психологиясы
Ер адамның психологиясы. Ақша сұрайтын қыздарға жігіттер қалай қарайды? Еркекті әдейі қызғандырған дұрыс па? Әйелдің ер достары болғанына, еркектер
Тағдыр Тағдыр
Тағдырды әркім өзінше түсіндірмек. Біреу амал жоқтық дейді. Біреуге кездейсоқ жағдайлар тізбегіндей. Соған әсер етуімізге болады дейді. Тағдырды өзім
Некені бір ауыз сөзбен қалай құтқарудың жолы Некені бір ауыз сөзбен қалай құтқарудың жолы
Бірде үлкен қызым Дженна былай деді: «Кішкентай кезімде сендер ұрысқанда ажырасып кететін шығар деп қорқатынмын. 12 жасқа толғанда, бұлай ит-ыржыңмен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру