Жастар порталы
Қыздарға кеңес. Ер адамның психологиясы
5 827 0 aiko

Қыздарға кеңес. Ер адамның психологиясы

Аруларға

Еркектерге дүкен аралаған ұнай ма?

Көбінесе еркектер әйелдері қалағаннан кейін ғана дүкен аралауға бірге барады. Бірақ бұл еркектердің қалауы емес. Байқасаңыз, ерлер бөлімі көбінесе бірінші қабатта орналасады және дүкендердің саны да аз. Бұл еркектердің кіріп, шығуы үшін. Яғни, кіреді – алады – шығады. Еркектер дүкенге не үшін келгенін біледі және тек сол затын алып шығады.


Еркектер өз әйелдері туралы басқа еркектерге айта ма?

Жоқ, егер ол әйел оның сүйіктісі, Жалғызы (Единственная) болса айтпайды. Еркектер бір бірімен сөйлескен кезде әйелі туралы, әйелінің басқа жақсы қырларын айтпайды. Себебі ер адамдар өз әйеліне басқа бір еркектің көзі түскенін мүлдем қаламайды. Ал егер сіз еркек үшін әлі де оның сүйіктісі болмасаңыз, онда сіз туралы басқа еркектерге айтады, оған тіпті күмәнданбасаңыз да болады.


Егер жігіттің әпкесіне оның кездесетін қызы ұнамаса, жігіт онымен айырылыса ма?

Жоқ. Егер жігіттің сүйікті қызы оның отбасы мүшелеріне (анасынан басқа), туысқандарына ұнамаса да, ешқандай еркек айырылыспайды. Яғни қыз тек жігіттің анасына ұнамаған жағдайда, екі жастың қосылу мүмкіндігі аз деуге болады.



Қарым-қатынас кезінде қыздар жігітіне сыйлық сыйлауға міндетті ме?

Егер сіздерде сенімді қарым-қатынас болса ғана. Әйтпесе, жігіт сіз туралы былай ойлауы мүмкін: 

1.оны қармағына түсіргісі келіп жүр;

2.қайтарымға бірдеңе қалап тұр.

Ең бірінші жігіттің не сыйлайтынын күтіңіз. Нағыз еркекке өзінің ұнататын қызына сыйлық жасаған ұнайды. Бірақ сізде оның сыйлаған сыйлығына алғысыңызды білдіріңіз. Және сыйлықтың мағынасын тым әсірелемеңіз, яғни келесі жолы одан керемет басқа бір дүние күтпеңіз (үйленуге ұсыныс тағы сол сияқты). Сыйлық – ол жәй ғана сыйлық. Тек еркектің іс-әрекеті ғана сізге деген қарым-қатынасының шынайылығын көрсетеді. 


Ақша сұрайтын қыздарға жігіттер қалай қарайды?

Мұны қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде жасамаңыз. Егер сіздердің қарым-қатынастарыңыз нағыз, шынайы болса, егер сіз шынымен де қаржылай қиналып тұрсаңыз, ыммен (намек) тұспалдап жеткізіңіз және оның жауабына мән беріңіз. Сұраған кезде оған ақшасын міндетті түрде қайтаратыныңызды айтыңыз. Егер нағыз еркектің сізде шынайы ойы болса және сізге ақша беруге мүмкіндігі болса, онда ол сізден ақшаны қайтармай-ақ қоюын айтады.


Еркектің өткен өмірін сұраған кезде олар бұған алаңдай ма?

Иә. Бұл сұрақ еркектерді ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Еркектердің ойынша, әйелдер оның өткен өмірін сұрап, біздің өткенімізге, жанымызға терең үңілуге тырысып, бізді айыптауы мүмкін деп есептейді. Әрине, сіздің еркектің өткен өмірі туралы білуге қақыңыз бар. Бірақ бұл сұрақты ең бірінші кездесуде қоймаңыз, себебі оған шынайы жауап ала алмайсыз. Өйткені, еркек сізбен қарым-қатынасын қанша уақыт жалғастыратын әлі шеше қойған жоқ. Сонымен қатар оның бұрынғы қыздары немесе әйелі туралы сұраймын деп те уақытыңызды босқа кетірмеңіз. Еркектің өзіңізбен қарым-қатынасыңызды дамытуына уақыт беріңіз. Уақыты келгенде ол сіз білуі қажет нәрселерді өзі айтады.


Еркекті әдейі қызғандырған дұрыс па?

Жоқ. Еркектерге әйелдің кез келген уақытта кетіп қала алатындығы онсызда белгілі. Егер сіз еркекті әдейі қызғандырсаңыз, онда сіз қауіпті ойын бастағалы жатырсыз. Әдейі қызғандырсаңыз еркектің де бұған сондай іс-әрекетімен жауабы дайын тұрады.


Әйелдің ер достары болғанына, еркектер қалай қарайды?

Егер сіздің жігітіңіз (күйеуіңіз) болса, сонымен қатар ұл досыңыз болса, онда ұл достарыңызбен қарым-қатынасыңызды тоқтатқаныңыз дұрыс болады. Ұл досыңызбен бірге түскен суреттеріңіз болса және оған қатысты басқа да заттар болса, оларды құртыңыз. Өзіңізді еркектің орнына қойып көріңізші. 

Егер сіздің жігітіңіз (күйеуіңіз) басқа дос қызымен (әйелмен) бірге түскен суретін т.б. сақтап қойса, не болады? Әрине сіз оны көргенде ақылыңыздан адасар едіңіз. Жігітіңізге (күйеуіңізге) басқа қыз (әйел) досы хабарласып, онымен сөйлескісі келгенін білсеңіз, сізге ол ұнайды ма? Әрине, жоқ.

Сондықтан екеуіңіздің араңызда ғана одақ құрыңыз (Сіз және жігітіңіз ғана). Сол одаққа үшінші адамды кіргізбеңіз! Осылай істегеніңіз үшін бақытты боласыз.


Телефонмен күйеуіңізге (жігітіңізге) хабарласып, оны жұмысынан алаңдату дұрыс па?

Егер сіз: «Бүгін сені үйде тосын сый күтіп тұр», - деп айту үшін күйеуіңізге хабарлассаңыз, онда тұрған не бар? Ал егер сіз күйеуіңіздің (жігітіңіздің) жұмыс уақытында жәй әңгімелесуге хабарлассаңыз – бұл дұрыс емес. 


Мәліметтер алынған дереккөз: Стив Харви. «Поступай как женщина, думай как мужчина»


Темекі мен ішімдікке еркектердің көзқарасы Темекі мен ішімдікке еркектердің көзқарасы
Еркектер психологиясы. Еркектер темекі шегетін әйелдермен кездесіп немесе үйлене ме?
Ер адамның психологиясы Ер адамның психологиясы
Еркектерге «толық» әйелдер ұнай ма немесе «арық» әйелдер ұнай ма?
Ислам дініндегі әйел орны Ислам дініндегі әйел орны
Қасиетті кітап Құранда да, ислам дінін әкелген Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде де әйел мен еркектің тең екені айтылған. Алайда, теңдік пен
Буддизм дініндегі әйел статусы Буддизм дініндегі әйел статусы
Үнді діни наным-сенімдерінің тарихи түрлері және оның үнді халқының мәденирухани өміріндегі рөлі зор болды. Үнді тарихында көптеген ағымдар мен діни
Жүктілікті жоспарлау Жүктілікті жоспарлау
Ж үктілікті жоспарлау –  ана мен бала денсаулығының кепілі. Дайындықты ағзаны витаминдермен қуаттандырудан баста у керек.   Әлбетте, ең дұрысы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×