Жастар порталы
Бар күш-жігеріңізбен жаттығыңыз. Нәтиже сіздің күткеніңізден асып түсуі мүмкін
15.05.2020 375 0 admin

Бар күш-жігеріңізбен жаттығыңыз. Нәтиже сіздің күткеніңізден асып түсуі мүмкін

Жан саулығы

Барлығы жеңіске жеткенді жақсы көреді, бірақ барлығы бірдей еңбек еткенді жақсы көре ме?

                                                                                                                    Марк Спитц

Бұл оқиға 1972 жылы Мюнхенде болды. Әлі әлемге кеңінен танылмаған жүзгіш бассейн бортында старт сигналын күтіп тұрды. Бұл оның өміріндегі алғашқы Олимпиада ойындары еді және ол финалға шықты. Сигнал берілген соң, ол суға сүңгіп, бар күшін жұмсап жүзді. Бірнеше минуттан сон жүзгіш алтын медальды иеленіп, жаңа рекорд жасады. Келесі күні тағы бір жүзу сайысына қатысып, алтын медальды жеңіп алды. Ең қызығы, ол тағы да рекорд жасады.

Ол Мюнхенде өткен жүзушілердің жеті сайысына қатысып, жеті алтын медальге ие болып, жеті әлемдік рекорд жасады. Бұл Олимпиада ойындары тарихында болған таңқаларлық оқиғалардың бірі болды. Бір сәтте Марк Спитцтің аты әлемге танымал болды.

Бұл триумф астарында Марктың тренажер залында, бассейнде дайындалған еңбегі және оның қайсарлығы жатты. Ол уақыт, күн, жылдар бойы осы Мюнхенде өтетін Олимпиада ойындарына дайындалды. Оның жеңісі қарапайым ғана сәттілік пен кездейсоқтық болған жоқ. Бұл оның спортқа бірнеше жылдар бойы жұмсаған күш-жігерінің нәтижесі.

Оның жүрегі чемпионның жүрегі, және оның бойында өзіне не қажет екенін білетін адамның қайсарлығы бар. Ол осы мақсатқа жету үшін не жасау керектігін де біледі. Әлемге танымал болғысы келетін адамдар үшін оның сөздерінің маңызы бар: «Барлығы жеңіске жеткенді жақсы көреді, бірақ барлығы бірдей еңбек еткенді жақсы көре ме?»

Қуанышымызға орай, ойлау қабілетін тиімді пайдалану үшін Олимпиада чемпионының қайсарлығы қажет емес, себебі оны шектеулі адамдар саны ғана пайдалана алар еді. Бірақ, сіз осы жаттығуға қажет уақытты арнауыңыз керек. Ойлау күші сиқырмен келмейді.

Бұл кітап ойлау күшін пайдалану мен дамыту жолындағы алғашқы қадам болып саналады. Бұл жүйені және оған қанша уақыт қажет екенін ешкім білмейді, сондықтан да кем дегенде бір ай көлемінде онымен танысу керек, ал шынайы нәтиже екі, үш ай көлемінде келеді.

Алғашқы елеулі өзгерістер бірнеше күн немесе апта көлемінде келеді, бірақ оларды үзіліссіз жаттығудан кейін болатын нәтижелермен шатастыруға болмайды.

Сіздер мынаны естеріңізде ұстасаңыз дер едім: үзіліссіз даму үшін тұрақты түрдегі тәжірибе керек. Жаттығудың бір күнін босатсаңыз, онда жіберіп алғанның орнын толтыру үшін үш немесе төрт күн керек. Әрине, бұл алғашқы қадамдарда.

Бірнеше күн бойы жаттығу жасамай, бір күнде жарты сағаттан жаттығу жасағанша, күнде бес минуттан жаттыққан жақсы.


Дереккөз: Джон Кехо. Түйсігіңмен ойлай біл. Аударған: Мырзагелді Кемел. 

Проблема жоқ, тек қана мүмкіндіктер Проблема жоқ, тек қана мүмкіндіктер
Адамдардың көпшілігі ешқашан ешқандай проблема болмайтын, өмірінің «толыққанды және жетілген» болуын армандайды. Бірақ, проблемалар біздің
Сендіру Сендіру
Маған таныс тәсілдердің ішінде, миға саналы түрде әсер ететін ойлау тәсілдерінің ішінде сендіру тәсілі ең қарапайымы болып саналады. Ол ғасырлар бойы
Көзге елестету, немесе ойша көру Көзге елестету, немесе ойша көру
Адам қалай жеңімпаз болады? Табысты адамдардың сәтсіз адамдардан айырмашылығы қандай? «Барлығы менің басымда» дейді Арнольд Шварцнеггер. Ол –
БАЙЛЫҚ БАЙЛЫҚ
      Бүгінде байлыққа кенелу жолында көп қыз-келіншек неше түрлі тәсіл, амалдарды қолданатындығымыз жасырын емес. Балгерлерге барып жолымызды
Қазақстанға ислам дінінің келуі мен орнығуы Қазақстанға ислам дінінің келуі мен орнығуы
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам өркениеті мен мәдениеті аясында өмір сүріп, ислам дінін ұстанып келеді.  V ІІІ ғасырда Қазақстан және Орта Азия
Пікірлер (0)
Пікір білдіру