Жастар порталы
Проблема жоқ, тек қана мүмкіндіктер
503 0 admin

Проблема жоқ, тек қана мүмкіндіктер

Жан саулығы

Сәттілік бар деп, ал сәтсіздік не екенін кім айтады?

Будда мәтелі

Адамдардың көпшілігі ешқашан ешқандай проблема болмайтын, өмірінің «толыққанды және жетілген» болуын армандайды. Бірақ, проблемалар біздің өміріміздің маңызды және мағыналы бөлшегі болып саналады. Ал, біз олардан қашпауымыз керек, олардың не мағына беретінін түсінуге тырысуымыз керек.

Ештеңе жайдан жай болмайды. Біз Әлемнің бір бөлшегіміз. Ол проблема ретінде бізге белгілі бір белгілер мен сигналдарды жібереді. 

Бұл проблеманың сіздің өміріңіздің осы саласын қозғағаны жайдан жай емес, қарапайым кездейсоқтық емес; біздің қиыншылықтарымыз – бұл зерттелуге тиіс көрсеткіштер. Өзіңізден сұраңыз: бұл проблема маған не айтқысы келеді? Ол менің ойларым туралы не айтады? Үміт туралы ма? Іс-әрекет туралы ма? Баламалар туралы ма? Өмір салты туралы ма? Бұл проблема маған не айтқысы келеді? Мұқият ойланыңыз. Сіз негізгі себепті таба аласыз ба?

Егер де сіз қиындыққа тап болған жағдайда әрдайым өзіңізді аяп, теріс айналсаңыз, онда сіз өзіңізге жіберілген маңызды жолдауды жіберіп аласыз.

Алхимик болыңыз

Ортағасырлық алхимик бар уақытын қарапайым металды алтынға айналдырудың құпиясын іздеп табуға арнаған. Бұл іске көп уақыт пен қомақты қаржы жұмсалды, бірақ нәтижесіз. Ортағасырлық алхимиктер сәтсіздікке ұшырады, себебі олар бұрыс бағытта жүрді. Нағыз алхимик – ол күнделікті жағдайда алтынға айналдыруды үйрететін адам. Ол кез келген жағдайдан шығу жолдарын іздестіреді. Проблемалар мен қиыншылықтарды көрегендікті тереңдету мақсатында трамплин ретінде пайдалануға болады. Нағыз алхимик проблеманың жоқ екенін түсінеді. Тек қана қолайлы мүмкіндіктер бар.

Проблема деген түсінік жоқ, тек қана мүмкіндіктер бар

Адам өз күшіне сеніп, әр жағдайда болатын мүмкіндіктерді іздеуге кіріссе, онда оның алған білімі оны таңқалдырады.

Маргарет Келли «Ойды қозғаушы күштер» атты менің дәрісіме қатысып жүріп, осы қағиданы өз жұмысында қолданды. Ол үлкен жеке емхананың директоры. Күнделікті жұмыстарда оған екі ассистенті көмектесіп, олар мыңдаған науқас адамдардың жеке істерін жүргізеді. Егер де екі көмекшісінің бірі ауырып қалса, бұл көптеген қиындықтарды туғызып отырды. Бірде оның екі көмекшісі де сырқаттанып қалғанда, Маргарет қандай «проблемаға» тап болғанын айта кету керек. Ол қобалжып қалды, бірақ кейін «проблема деген түсінік жоқ, тек қана мүмкіндіктер бар» деген ойды есіне алды.

Қай жерде мүмкіндік бар? Маргаретті осы жауап қызықтырды.

Маргарет әрдайым өзінің екі көмекшісі арқылы басшылық жасады. Ол өзінің жұмыс жасайтын қызметкерлерін мүлдем білмеді. «Мен басқа адамдармен танысу үшін осы мүмкіндікті пайдаланам» деді ол өзіне. Ол бір күн бойы бұған дейін өзі араласпаған адамдармен сөйлесіп, әңгімелесті. Маргарет олардың уайымдары мен көріп жатқан қиыншылықтары туралы хабардар болды. Осы жағдай оған күнделікті міндеттерін орындауда жаңа әрі тиімді әдісті қолдануға әкелді. Кейін Келли маған былай деді: «Күн жақсы мүмкіндікке айналып, мен көп нәрсе жасай алдым».

Егер де Маргарет осындай қиындық тудырған жағдайда «проблемаға» аса мән берсе, онда ол осы жағдайды дұрыс пайдалана алмас еді. Маргареттің «Менде қиындық көп» деген ойы «Проблема жоқ, тек қана мүмкіндік бар» деген ойға өзгерді. Бұл жақсы нәтижеге әкелетін жаңа іс-әрекетті пайдалануға мүмкіндік берді.

Нэнси Спенсер менімен алғаш танысқанда өте қиын жағдайда болған еді. Оны азаматтық некеде тұрған күйеуі тастап кетіп, ол қолында үш кішкентай баламен қалды. Оның ақшасы, мамандығы болмады, және ол жарқын болашақ туралы мүлдем де сөз қозғамады.

Бір қарағанда, Нэнси кез келген адам шыдай алмайтын, жеңе алмайтын проблемаға тап болды. Бірақ, ол проблеманың жоқ екенін еске түсіріп, мүмкіндіктерді іздей бастады. Мүмкіндіктер қайда? Ол осы сұрақ жауабын бір апта бойы іздеп, тапты.

Өзіне көптеген сұрақтар қойып, ол мынаны түсінді: Нэнси өмір бойы біреуге тәуелді болған екен, ең алдымен, ата-анасына, кейін күйеуіне. Нэнсиге өмір бойы біреулер не істеу керектігін айтып отырды, себебі оның өзін-өзі бағалауы тым төмен еді. Сыртқы көзге үмітсіз болып көрінген жағдайда ол өзіне сөз берді: өзім және балаларым үшін жағдайымды жақсартып, табысты әйел болуға ұмытыламын. Нэнси мықты әрі тәуелсіз тұлға болуы мақсатында осы дағдарыс жағдайды трамплин ретінде пайдаланды.

Мен үшін Нэнсиді аталмыш кітапта берілген тұжырымдарға үйрету жақсы қызмет болды: ол мұқият тыңдап, үзіліссіз және байсалды түрде өзін-өзі бағалау жолында, өзінің көзқарастары мен міндеттерін айқындау үшін жұмыс жасады. Ол менің көзімше өзгерді: қарапайым қара жұмысшыдан көтерме гүл сату ісінің жеке меншік иесі болды. Бүгінгі таңда ол табыскер, бақытты, өз-өзіне сенімді әйел. Өте жақсы, жүрегі таза ер адамға тұрмысқа шықты. Олардың жеке өмірлері өте жақсы, себебі Нэнси проблеманың жоқ екеніне, проблемалар – бұл мүмкіндік көзі екеніне сенді.

Өмір алхимигі болып, әр жағдайды қолайлы сәтке айналдырыңыз. Есіңізде ұстаңыз, көп жағдайда, біз біздің дамуымыз бен жоғарылауымызға себепші болатын жағдайларға ренжиміз.

Зерттеуші Дон Стукидің өмірінде кездейсоқ жағдай сәтті мүмкіндікке айналған. Бұл оқиға ең атақты мысалдардың бірі болып саналады. Ол шынының үлгісін пеште ұмытып кеткенде, шыны ағарып қалған. Ол еш қайғырмастан, осы жағдайды дұрыс пайдалана білді. Жаңа негізге тәжірибе жасай отырып, оның от жалынына қарсылық білдіре алатынын түсініп, өз техологиясын жетілдіріп, отқа қарсы тұра алатын шыныны саудаға енгізді. Бүгінде бұл шыныны Солтүстік Американың әр үйінде кездестіруге болады.

Өзіңізді проблемаларыңыз бен стрестеріңізге тосқауыл немесе міндет ретінде қарамай, табысты болашақ және мүмкіндік ретінде қарай біліңіз. Кәсіпкер Кэти Колби өмірінен бір мысал. Ол дислексия ауруымен дүниеге келіп, оң жағы мен сол жағын айыра алмай, уақытты дұрыс анықтай алмады; бәрі оған қиындықпен келді. «Менің қабілетсіздігім – менің ең үлкен басымдықтарымның бірі, - дейді ол. – Ол маған ойлауды үйретті».

Бірде Колби батыл қадамға барды. Өзінің жинаған қаражатының 500 долларына «Resources for the Gifted» (Қабілеттілерге арналған) атты фирма құрды. Ол зияткер қабілетті балаларға арналған ресурстардың каталогын жасап, 3500 мұғалімге жіберді. Алғашында, тапсырыстар өте мардымсыз болды және тапсырыс көбейген кезде де, іс жақсы жүрмеді. Колби қамба сатып алды, бірақ ол өртке ұшырады. Қызметші барлық ақшаны жұмсап қойды. Бірақ, қандай қиыншылықтар болмасын ол мойымады, себебі «проблема жоқ, тек қана мүмкіндіктер бар екеніне» сенді. Бүгінгі таңда оның фирмасының айналымы 3,5 миллион долларды құрайды, ал «Resources for the Gifted» фирмасы дамып келеді.

Америка президенті Франклин Д.Рузвельт параплегия ауруымен ауырды: біреудің көмегінсіз отыра алмай, мүгедектер креслосына таңылды. Бірақ, ол елді Ұлы дағдарыстан шығарып, әлем тарихына ең құрметті және сыйлы президент ретінде енді.

Боб Хоук ішімдікке тәуелділігінен айырылып, лейбористердің жетекші көшбасшысы болып, Австралияның 4 мерзімге сайланған сәтті премьер-министрі болды.

Вилма Рудольф Теннесси штатында дағдарыстан зиян шеккен кедей негр отбасында дүниеге келді. Ол балалық шағында полиомиелитпен ауырғанда, өмір Вилма үшін үмітке толы болып көрінбеді. Бірақ ол барлық қиындықтарды жеңіп, 1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлетика бойынша үш алтын медальге ие болды.

Отыз жылдан кейін әлеуетті олимпиада чемпионы өмірінде ең қиын жағдайға тап болды. Гейл Дэвэре 1992 жылы Барселонада өтетін Олимпиадаға дайындалып жатқан кезде оның денесін ойық жара қаптап кетеді. Мұның не екенін ешкім анықтай алмады. Нәтижесінде, бұл Грейвс ауруы деп диагноз қойылды: бұл ауру бойынша табанды кесіп тастау керек. Операцияға екі күн қалғанда, ол жазыла бастады. Осы қиыншылықтан өтіп, ол Барселонада өткен Олимпиада жарысынан 100 метрге жүгіруді жеңіп алды. Кейін, осы жеңісін 1996 жылы Атлантада 85 мың адамның қол соғуы кезінде қайталады. Осы қиын-қыстау кезді есіне алып, ол былай деді: «Мен ештеңе өзгерткім келмейді. Бұл проблема мен үшін қолайлы жағдайға айналды. Ол мені осындай етіп жасады: мықты әрі керемет».

Жетекші инвестициялық компанияның құрылтайшы директоры менімен негізгі орындаушыларды жұмысқа алу құпиясымен бөлісті. «Біз осы өмірде үлкен сәтсіздікке ұшырамаған түлекті жұмысқа алмаймыз. Біздің ойымызша, өмірде үлкен сәтсіздікке ұшыраған адам, міндеттерін орындайтын, әрі шешім қабылдай алатын болады. Сәтсіздіктер жеке тұлғаның өсуіне себеп болады».

Осы сәтте сіздерді қандай мүмкіндіктер күтіп тұр? Оларды іздей бастамасаңыз, сіз ешқашан біле алмайсыз. Мүмкіндіктердің сізді тосып, сізге жалау бұлғап тұратыны өте сирек кездеседі; көп жағдайда, олар проблема және сәтсіздік ретінде алға шығады. Әл-ауқатқа қол жеткізу мүмкіндігі әрқайсымыз үшін толып тұр. Егер де сіз жаңа әдістерді қолдану арқылы «проблемаңызды» анықтап, зерттегіңіз келсе, онда сіз тосын сыйға тап боласыз. Сіздің барлық күресіңіз бен стрестеріңіз – бұл мүмкіндіктер. Арнольд Шварцнеггер айтқандай: «Мен күреске сенемін».


Дереккөз: Джон Кехо. Түйсігіңмен ойлай біл. Аударған: Мырзагелді Кемел. 

Біздің қарым-қатынастарымыз Біздің қарым-қатынастарымыз
Жеке қарым-қатынас біздің дем алып жатқан ауамыз сияқты өте маңызды. Барлығымызға достар, сүйікті, серіктес адамдар керек, яғни біздің
Өз-өзіңізді бағалау Өз-өзіңізді бағалау
Жақсы, дұрыс өз-өзіңді бағалай білу өте маңызды деген көзқараспен барлығы келісетін шығар. Бірақ, өзінің маңыздылығын түсіну кез келгеннің қолынан
Көзқарастар және олардың қалыптасуы Көзқарастар және олардың қалыптасуы
Адамның көзқарасы қалыптаспаған сала жоқ. Көзқарастардың көпшілігі бала кезінде қалыптасып, адам оны өмір бойы ұстанады. Біз қалыптасқан
Зейін қою және ойлау Зейін қою және ойлау
Көптеген адамдар зейін қою сөзінің мағынасын қате түсінеді. Олар үшін бұл сөз ауыр жұмыс жайлы және мектеп жайлы ұнамсыз естеліктермен
Түйсік Түйсік
Адам миы екі бет-бейнеден тұрады. Менің бұған дейін айтқандарымның бәрі санаға байланысты. Енді, сіздерді мидың екінші жағымен – сиқырлы да тылсым
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×