Жастар порталы
Табыскер адамның санасы
15.05.2020 618 0 admin

Табыскер адамның санасы

Жан саулығы

Жер саған жеміс береді, ал егер де сен өзіңе қажеттіні өзің таба алмасаң, онда олар саған керек болмауы да мүмкін.

                                                                                      Жебран Халил Жебран

Қаржылай тәуелсіздікті армандайтын әр адам өзінде табыскер адамның санасын жетілдіруі керек. Қараңыз, мен «дамыту» деп айттым, себебі бұндай сана өздігінен-өзі пайда болмайды. Ешкім онымен тумайды және ол ешкімге жайдан-жай берілмейді. Барлық жерде табыс пен мүмкіндікті көретін және күтетін, тиісінше бағытталған және ашық жағдайдағы ақыл.

Табыскер адамның санасына қарама-қарсы көп адамдарға таныс – сәтсіз адамның санасы. Сәтсіз адамның санасы жолдағы көрсеткіштер сияқты барлық жерде тек қана кемшіліктер мен шектеуді ғана көреді. Олар тек қайыршылық пен ауыр күндерге алып келеді. Осындай ойлау түріне ие болсаңыз, қаржылай тәуелсіздікке ешқашан жетпейсіз. Бұл мүмкін емес. Сіз бір уақытта екі жолмен жүре алмайсыз: байлыққа және қайыршылыққа, себебі олар қарама-қарсы бағытта жүреді. Екі жол нақты бөлінген. Бұл жерде үлкен құпия жоқ. Қай жолды таңдасаңыз, ол, негізінде сіздің тағдырыңызды анықтайды.

Демек, сізде ойлаудың қандай түрі бар? Егерде сіз сәтсіз адам санасына ие болсаңыз, онда сіздің міндетіңіз түсінікті. Сіз бұл бұғаудан босанып, өзіңізде табыскер адамның санасын дамытыңыз.

Төменде табысты адамның санасын қалыптастыру үшін бес қадам көрсетілген:

1 қадам. Табысқа сенімді дамытыңыз

Табысқа өзіңізді сендіру негізгі төрт сенімнен тұрады.

1 сенім. Бұл дүние байлыққа толы.

Табысты адамның санасы Әлемде барлығына бәрі жеткілікті деп ойлайды. Тек қана оны қабылдау керек. Табиғатқа қараңыз: ол жомарт, үнемшіл емес, өзінің сыйлықтарын бергенде өте жомарт. Аспандағы жұлдыздарды санап көріңіз: жұлдызды санау сіздің қолыңыздан келмейді, мұны ешкім жасаған емес және болашақта да жасай алмайды; олар жүздеген миллиардпен саналады. Қайда қарасаңыз да байлықты көресіз. Сол сияқты, нарық та мүмкіндікке толы, тек қана оларды көру үшін назарыңызды жинақтаңыз. Ал егерде бір жерде мүмкіндіктердің тапшылығы болса, ол тек сіздің басыңызда ғана.

Сәтсіз адамның санасы айтады: «Менің баруыма болатын жерлер көп емес»; «Егер де мен көп нәрсеге кенелсем, онда басқа біреуде ол болмайды» немесе «Егер де жұмысымда жоғарыласам, басқа біреу жоғарылай алмайды».

Сәтсіз адамның санасы былай ойлайды: «бір мақсатқа жету үшін әр адам басқалармен күреседі», «жан-жағымыздағы мүмкіндіктер өте шектеулі», «әрдайым ақша жетіспейді» немесе «бәрі сондай қымбат».

Мұқият ойланыңыз: осы ойлардың бірі сізді мазаламайды ма – сәтсіз адамның санасы сіздің миыңызды жаулап алуы – бұл уақытша.

2 сенім. Өмір қуаныш пен қанағаттануды әкеледі.

Сәтсіз адамның санасы өмір қиын және проблемаға толы деп сенеді. Бір нәрсеге жету үшін қауырт жұмыс жасау керек деп сенеді.

«Сіз өз жолыңызда бір нәрсеге қол жеткізу үшін қауырт жұмыс жасау керек, бәрі оңайлықпен келмейді» деп ойлайтын көптеген адамдарды кездестірдіңіз. Бұдан басқаша болу да мүмкін емес. Есіңізде ме, мен бұрындары сенім туралы не айттым? Қандай сенімді таңдасаңызда сіздің миыңыз оны қолдау үшін тиісті негіздерді тауып береді. Адамдардың көбі өмір қиын және қатал дегенге сенеді және олардың өмірі сондай болады. Сәтсіз адамның санасы әрдайым проблемаларды, қиыншылықтарды, көңіл қалуды іздейді, күтеді және әрдайым соған кезігеді.

Табысты адамның санасы өмірге саяхат ретінде қарайды. Ол қолдауды күтеді, өмірде қуаныш пен жайлылықты іздейді, және әрдайым оны табады. Ал егер де проблемалар мен қиыншылықтар туындаса, оны сын-қатер ретінде қабылдамайды. Нәтижесінде, жаңа мүмкіндіктер мен шешімдер табылады. Табысты адамның санасы өмірді бағалайды, әр сын-қатер өзімен бірге сыйлық әкелетініне, жаңа саяхат пен ләзаттың келетініне сенеді.

Өмір байлыққа толы, жомарт және әр бұрышта сізді табыс пен жаңа әсерлер күтіп тұр.

3 сенім.Менің өмірімнің әр аспектісі шексіз мүмкіндіктерді қамтиды.

Сәтсіз адамның санасы жан-жағыңызда ешқандай мүмкіндіктер жоқ деп және сіздегі болып жатқан осы жағдай ең сәттісі деп сенеді. Сіздің немен айналысқаныңызға тәуелсіз, жақсы идеялар басқалардың еншісінде немесе қазіргі уақыт жаңа ойларды жүзеге асыруға қолайлы емес деп сізді сендіргісі келеді. Сәтсіз адамның санасы үшін жағдай әрдайым үмітсіз, және тырысудың да қажеті жоқ.

Табысты адамның санасы сіздің өміріңіздің әр аспектісі үлкен мүмкіндіктерді қамтиды деп сенеді. Өте үлкен! Бір емес, екі емес, бес емес, шексіз мүмкіндіктер. «Олар қайда?», - деп сұрарсыз. Барлық жерде! Көзіңізді ашыңыз, табысты адамның санасына ашылыңыз, жақын арада сіз оларды көре бастайсыз.

Бір оқиғаны айтуыма рұқсат етіңіздер. Пасха мейрамында мен ерте тұрып, өзіме қымбат әйел үшін шағын ғана он сыйлық жасырып қойдым. Ол оянған соң, оған бірнеше сыйлық жасырып қойғанымды айттым. Ол тез арада тұрып, оларды аса бір қызығушылықпен іздей бастады. Жарты сағаттан соң үшеуі табылды. Ол орнына жайғасып, өзін өте бақытты сезінді. Осымен сыйлық саны бітті деп ойлады. «Олар үштен де көп», - деп айтқанымда ол орнына тұрып, құмарта іздей бастады. Екеуін тапқан соң, осымен біткен шығар деп іздеуді тоқтты.

Түскі астан кейін мен сөз арасында: «Ия, мен он сыйлық жасырып қойдым», - дедім.

«Он?», - деп таңқалды әйел. Ол өзінің қараған жерлерін мұқият қарай бастады. Нәтижесінде ол он сыйлықты да тапты. Егер де мен он сыйлық жасырғанымды айтпасам, ол үшеуін тапқан соң барлығын таптым деп тоқтап қалар еді. Сол сияқты, егерде мүмкіндіктер саны шектеулі деп есептесеңіз, осы шектеулі мүмкіндікті ғана табасыз, әрине, егер де тапсаңыз. Егер де мүмкіндіктер болмаса, оларды іздеудің қажеті қанша?

Бірақ, өміріңіздің барлық аспектісі шексіз мүмкіндіктерге толы екеніне сенсеңіз, сіз белсенді түрде оларды іздей бастайсыз. Осыны ойлаңыз!

Мықты денсаулықты сақтау үшін шексіз мүмкіндіктер.

Жаңа қарым-қатынас құру үшін шексіз мүмкіндіктер.

Табысты болу үшін шексіз мүмкіндіктер.

Отбасымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін шексіз мүмкіндіктер.

Қызықты өмір сүру үшін шексіз мүмкіндіктер.

Көп қаражат табу үшін шексіз мүмкіндіктер.

Ақша қалай табылатынын қарастырайықшы.

Маған жеке кәсіпкерліктің жүйесі қатты ұнайды. Маған адамның ойлап шығару қабілетін және қиялын қолдайтын жүйе ұнайды. Егер де дұрыс идея мен іске деген қарым-қатынасы дұрыс болса, кез келген адам ақша таба алады. Нарық – бұл қызықты құбылыс: ол мүмкіндіктерге толы, динамикалық және тұрақты түрде өзгеріп тұрады. Осы мүмкіндіктер өздерін пайдалану сәтін күтеді. Күн сайын операцияларда ондаған миллиард доллар айналымда жүреді. Ақша кез келген бағытта айналып, тұрақты түрде қозғалыста болады. Салым жасап, осы жүйеге қатыссақ ше?

Күн сайын Солтүстік Америкада жаңадан 700 мыңнан астам фирмалар ашылады. Олардың әрқайсысы жаңа мүмкіндіктер береді: әрқайсысына хатшы, бухгалтер, заңгер, жарнама агенті, жұмыс штаты, техникалық қамтамасыз ету қызметі, маңдайшадағы жазу, офис жиһазы қажет. Мүмкіндіктер, айнала толған мүмкіндіктер.

1940 жылы АҚШ-та 10 000 миллионер болды. 1980 жылға қарай Америка халқы екі есе өсті, ал миллионерлер саны 500 000 адамға жетті. 1997 жылы бұл сан екі миллионнан асты. Инфляцияны есептегенде де бұл үлкен көрсеткіш.

Мүмкіндіктер, айнала толы мүмкіндіктер.

Өркениет тарихында қоршаған орта қазіргі таңдағыдай қарқынмен өзгерген жоқ. Бәрі тұрақты түрде өзгереді – жаңа, революциялық жаңалық жарты жылдан соң ескіреді. Қоршаған дүниенің өзгеру қарқыны әр сағатта жаңа мүмкіндіктердің пайда болатынын дәлелдейді. Кешегі күні болмаған, күн сайын жүздеген жаңа мүмкіндіктер ашылады. Мүмкіндіктер, айнала толы мүмкіндіктер.

«Майкрософт» компаниясының құрылтайшысы миллиардер Билл Гейтс былай деді: «Менің ойымша, қазіргі уақыт өмір сүру үшін өте қолайлы. Бұған дейін қол жетпеген затты шығару үшін осыншалық мүмкіндіктер болған жоқ. Бұл уақыт жаңа компания мен коммерциялық кәсіпкерлікті құру үшін өте қолайлы кезең».

Сіздің мүмкіндіктеріңіз қайда? Ойланбастан іске кірісіңіз; олар сіздің айналаңызда.

4 сенім. Менің табысым тек өзіме ғана байланысты.

Сәтсіз адамның санасы көп ақшаға ие болу жаман деп сенеді. Оның ойы бойынша сіз өз қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін тиісті мөлшерде ғана ақшаға иелік етуіңіз қажет. Ал, егер де сізде, одан да көбірек болса, онда сіз өзге адамдардың ақшасын тартып алып жатырсыз. Сәтсіз адамның санасы табысты адамдар өзімшіл, сараң болады, өздерінің отбасыларына қамқор болмайды және олардың басымдықтары дұрыс емес деп ойлайды.

Табысты адамның санасы: егер де адамда көп ақша болса, бұл жақсы және сіздің табысыңыз тек өзіңізге ғана байланысты деп сенеді. 

Ол бұған сенеді, себебі қомақты қаржы тапсаңыз, онда сізде өзгелерге көмектесуге мүмкіндік бар, әсіресе қаржы жағынан. Тек қана осы мағынаға ие: егер де филантроп ақшаны таппаса, қалай қайырымдылыққа он немесе он мың доллар бере алады? Ақшаны бізді қоршаған адамдардың пайдасы үшін қолданудың бірнеше тәсілі бар.

Өзіңіздің әл-ауқатыңыздан ләззат алыңыз және өзгелерге көмек жасаңыз. Сіз табысқа кенелген уақытта ақшаны қайырымдылық мақсаттарда жұмсай аласыз, достарыңызға көмектесе аласыз. Сізге қарағанда табысты емес адамдарға жәрдемдесе аласыз. Осылай, сіз үлкен көлемде қаржы энергиясын жасайсыз, және оны қалаған бағытыңызда жұмсай аласыз. Табысты болу, көп ақша тауып, мүмкіндігінше өзгелерге жәрдемдесу – бұл сіздің міндетіңіз.

Табысты адамның санасын қалыптастырудағы алғашқы қадам – сізге табысқа деген сенімді қалыптастыруға көмек беретін негізгі төрт көзқарасты өзіңіздің түйсігіңізде бекіту керек:

1. Бұл әлем байлыққа толы.

2. Өмір қуаныш пен ләззат әкеледі.

3. Менің өмірімнің әр аспектісі шексіз мүмкіндіктерді қамтиды.

4. Менің табысым тек өзіме байланысты.

2 қадам: Қазіргі өмірде әл-ауқатты іздеңіз және оны табыңыз.

Сіздің айналаңыз әл-ауқатқа толы, сізге тек көзіңізді ашу ғана керек. Өзіңізді табысты адам ретінде сезінбей, ақша өзі сізге келеді деп күтпеңіз. Қазіргі сәтті өзіңізді табысты адам ретінде сезініңіз! Сіздің достарыңыз көп пе? Сіздің денсаулығыңыз жақсы ма, идеяларыз, киімдеріңіз немесе уақытыңыз көп пе? Өз өміріңіздегі толық игілік сезінетін саланы табыңыз.

Қалай мен өзімді табысқа бағыттадым және ауқатты болдым.

Мен өзімді алғаш рет табысқа бағыттағаным жайлы айтып беруіме рұқсат етіңіздер. Мен орман ішінде орналасқан кішкентай ғана үйде тұрдым. Мұнда жарық та, су да болмады. Менде қаражат та болмады, бірақ мен әл-ауқат қағидатын жақсы түсіндім және өзімді бағыттай бастадым.

Мен отын жарып, мені қоршаған молшылық үшін ризашылық сезімін сезіндім. Отынды бір қатарға үйіп жатқанда мен былай дедім: «Менде бір, екі немесе он бөлік отын ғана емес, мені жылытатын көп мөлшерде отын бар». Таңғы, түскі немесе кешкі асымды ішкен кезде өзімді және Әлемді мендегі молшылық үшін асыра мақтадым. Егер де менің алдымда жүзім тұрса, мен әр жүзімді бірінен-соң бірін санадым: менде бір немесе екі жүзім болған жоқ, одан да көп жүзім болды. Орманда серуендеп жүрген кезімде жан-жағымда гүлденуді көрдім: жазық дала гүлге толы болды, ағаштар, құстар, табиғат. Бәрі же молшылық болды. Әрине, табиғат жомарт.

Менде ақша болмаса да мен молшылыққа баса назар аудардым. Егер де өз санамды осы бағытқа бұрсам, бұл молшылық келетінін мен білдім.

Аудиторияларды өзімнің алғашқы дәрістерімді оқыған кезде, мен үш жұлдызды қонақүйде тұрдым. Мен осыдан ұялатынмын, сондықтан да оған кіргенімді немесе шыққанымды ешкімге көрсетпеуге тырыстым. Кешкі мезгілде бірінші класты қонақүйдің вестибюльдеріне кіріп, осы жердің энергиясы мен атмосферасын өз бойыма сіңіргім келді. Көп уақыт ұзамай мен қомақты қаражат таптым, бұл бес жұлдызды қонақүйге тоқтауға мүмкіндік берді. Мен бұл үшін дүниеге өзімнің ризашылығымды білдірдім.

Бір күні өзімнің тоқтаған қонақүйдің коридорында қыдырып жүріп, қызметші жинап жатқан бір бөлмеге кірдім. Қонақжайдың бөлмесінде бірде-бір төсек орны болмағанына мен қатты таңқалдым. Қызметші әйелден бұл бөлмені қарауға рұқсат сұрадым. Мұнда екі бөлме бар екен: үлкен қонақжай және жатын бөлме. Мен таңқалдым. Бұл менің сәулетті үлкен нөмірмен алғаш тынысуым еді.

Осы күннен бастап, өзімді осындай үйде тұрып жатқанымды елестеттім. Нәтижесінде, қолымды жеткіздім. Ол кезде менде осындай үйді жалдауға жағдайым болмады, бірақ, бір күн болса да осындай үйде тұрып, молшылық атмосферасында өмір сүргім келді.

Мен өзім жалдаған нөмірдің ішін қарап шықтым да өзімді ауқатты адам сезіндім. Керемет диванға отырып, үстелге аяғымды қойдым. Бұл менің түсім емес еді; бір тәулікке болса да мен осы жайлы нөмірді жалдадым. Мен осы әлемге оның жомарттығы үшін рахмет айттым.

Уақыт өте келе мен осындай жайлы қонақжайды өте жиі жалдап тұрдым. Басында, менің табысым шамалы ғана болса да, уақыт өте келе мен көп мөлшерде қаражат таба бастадым.

Наполеон Хилл көп адамдардың қаржы бойынша мұғалімі бірде былай деп айтқан екен дейді: «Сізге қомақты қаражат аяқ астынан келеді және сіз олар осы уақыт бойы қайда болды деп таңқаласыз. Менімен осындай жағдай болды. Қаржылай тәуелсіздікке жеткен күнім осы күнге дейін есімде».

«Ойлаудың күші» атты курсымның бес жылдығына орай, мен кеш ұйымдастырдым. Мен әлемдік іссапарда жүрген едім. Сиднейдегі Шератон мейманханасындағы президенттік сәулетті үлкен үйде тоқтадым. Бұл өте кең еді – қонақжайдың көлемі вестибюльдің көлеміндей. Қабырға жерден төбеге дейін шыны болатын. Сидней менің аяғымда жатты: опера театры, айлақ, жарқыраған қала шамдары. Расында да, бұл керемет көрініс болды.

Өз қонақтарымның көңілін аулап отырып, менің есіме түсті: «Тағдырдың тауқыметі қызық!» мен қонақтарымнан кешірім сұрап, өзімнің жатын бөлмем арқылы мұхитқа кіретін жеке балконыма кірдім. Бес жыл бұрын мен лашық үйде сусыз, жарықсыз өмір сүрдім, ал қазір президенттік сәулетті үлкен үйде қонақтарымның көңілін аулап отырмын. Мен оны бір айға жалдадым. Енді ақша мен үшін мақсат емес. Ойша өзімді алғаш рет табысқа бағыттағанымды еске алып, қазіргі сәтте оның жемісін көріп отырмын.

Маған ашылған құпиялар үшін осы өмірге ризашылығымды білдірдім. Осы құпияны өзгелермен бөлісем деп сөз бердім де, өз қонақтарыма қосылдым.

Қазіргі уақыттан бастап өзіңізді табысқа бағыттаңыз. Мен өте қайыршы болған сәтімде-ақ осылай жасай бастадым. Өзіңізді сәттілікке бағыттай алмайтын жағдай жоқ.

3 қадам. Барлық жерде табыс бар екеніне сеніңіз.

Қай жерге қарасаңыз да табысты көруді үйреніңіз.

Сіздің көзқарасыңыз неге тоқтаса да, барлық жер табыс пен гүлденуге толы.

Қала орталығына шығыңыз да, айналаңыздағы үлкен кеңселерге қараңыз. Осы ғимараттардың біріндегі табыс туралы ойлаңыз.

Осы ғимараттың жобасын жасаған архитектор көп қаражат алғанына сенімді болыңыз. Үйді салған мердігер де жақсы табыс тапты. Осы ғимарат иелері ауқатты және табысты адамдар. Сол жерде кең кеңселерді жалға алған адамдар да табысты шығар.

Тек бір ғана ғимараттың ішінде қаншама табыс жатыр, Ал осы ғимарат табысын қаладағы осындай ғимараттар санына көбейту арқылы табысты жоғарылатуға болады.

Бұл тек бастамасы ғана. Табысты адамның санасы айнала толған табыс деп сенеді, тек қана оны көру үшін көзіңізді ашу керек.

Ешқашан да басқа біреудің табысына қызғанышпен қарамаңыз. Оны мойындап, қуаныңыз – бұл табыстың бар екенін дәлелдейді. Сізде де осындай табысқа кенеле алатыныңызды есіңізге түсіріңіз.

Табысты мүмкін деген барлық жерден іздеңіз. Тек қана сәтсіз адамның санасы табысқа қарсы келіп, оған жеткен адамдарды басып тастауға тырысады. Бұндай ойларды өлімге әкелетін у ретінде қабылдап, одан арылуға тырысыңыз. Бұл, расында да, у болып саналады, себебі сіздің табысқа бағытталған санаңызды улауға тырысады.

Табысты көрген сайын қуаныңыз. Ол сіздің немесе өзге біреудің табысы болса да. Көзіңізді ашыңыз. Сіздің айналаңыз толған табыс екенін көресіз.

Егер де сіз өзіңізді табысқа бағыттасаңыз, ол сіздікі болады.

4 қадам. Өзін-өзі жетілдіру бойынша видеожазба тыңдаңыз және кітаптар оқыңыз, табысқа жету мақсат болып саналатын топтар мен ұйымдардың мүшесі болыңыз.

Сіз не жасасаңыз да, ол сіздің бір бөлшегіңіз болады.

Қолыңыздағы оқып отырған кітап сіздің өміріңізге үлкен әсер ету мүмкіндігі бар көптеген қағидаларды қамтиды. Егер де сіз оларды сақтай білсеңіз...

Егер де сіздің «Ойлау күші» атты менің дәрістеріме қатысу мүмкіндігіңіз болса, оны жүзеге асыруға кеңес беремін. Бірақ, ақпаратты жан-жақтан алуға тырысыңыз: өзін-өзі жетілдіру бойынша кітаптар мен топтарды пайдаланыңыз, түрлі әдебиетті қолданыңыз. Жай ғана кеңес: сізді табысқа бағыттайтын барлық ақпаратты қолданыңыз.

5 қадам. Өзіңізді тұрақты түрде шынайы немесе қиялдағы табысты адамдармен ұқсаттырыңыз.

Егер де сіз кинорежиссер болғыңыз келсе, онда өзіңізді кинорежиссерге ұқсаттырыңыз.

Егерде сіз суретші болғыңыз келсе, онда өзіңізді суретшіге ұқсаттырыңыз.

Егер де сіз табысты болғыңыз келсе, онда табысты адамдардың тобын табыңыз.

Егер де сіз табысты қоғамда жүрсеңіз, онда табыс энергиясы сіздің бойыңызға сіңеді. Табысты адамдар сәтті идеяны алға тартады, сәтті шешімдер қабылдайды, сәтті жоспарлар жасайды, сәтті келісім-шарт жасайды. Сіз олардың арасында жүру арқылы осы энергияны бойыңызға сіңіре аласыз.

Табысқа қол жеткізу – сіздің міндетіңіз

Өмірде өз мақсатыңызға жету арқылы сіз тек өзіңізді ғана бақытқа кенелтпейсіз, сонымен қатар өзге адамдарға да өздерінің табыстары үшін күресуге көмектесетініңізді тереңірек ұғыныңыз. Табыс ешқашан да өзгелердің бірдеңеден айырылып қалуына әкелмейді, керісінше, оларға көмектесіп, табыс әкеледі.

Қаншалықты экономика сәтті дамыса, соншалықты әр адам үшін мүмкіндіктер бар.

Қаншалықты көп ақшаға ие болсаңыз, соншалықты қаражатты тауар мен қызметке жұмсайсыз. Ал, бұл өз кезегінде, қосымша ақшаның келуіне жол ашады және өзгелерге пайда әкеледі. Олар оны тауар мен қызметке жұмсай алады және сол сияқты.

Табысты адамдар өзгелерге көмектескенде – бұл өзгелер үшін үлгі болып саналады. Сол кезде олардың табысы біздің әрқайсымызға сіңеді. Табысты болу – бұл сіздің міндетіңіз. Сіздің өз алдыңыздағы, балаларыңыз, достарыңыз және сізбен байланысқа түскен адамдар алдындағы сіздің парызыңыз. Бұл пайдасын тигізеді.

Сіздің табысыңыз көп адамға көмектеседі, ал сәтсіздіктеріңіз ешкімге көмектеспейді

Өзіңізді табыстан басқа бірдеңеге бағыттамас бұрын, жоғарыдағы сөзді мұқият ойланыңыз. Мынаны түсініңіз: сіздің табысыңыз – бұл жай ғана амбиция емес, бұл сіздің даралығыңыз. Осыншалық өзімшіл болмаңыз, табысқа қол жеткізіңіз. Сіз әлемге қажетсіз!


Дереккөз: Джон Кехо. Түйсігіңмен ойлай біл. Аударған: Мырзагелді Кемел. 

Өз-өзіңізді бағалау Өз-өзіңізді бағалау
Жақсы, дұрыс өз-өзіңді бағалай білу өте маңызды деген көзқараспен барлығы келісетін шығар. Бірақ, өзінің маңыздылығын түсіну кез келгеннің қолынан
Сана Сана
Өз ойыңызды шынайылық ретінде қабылдау, оның «материалды өмірмен» қатар өмір сүруін мойындау арқылы, сіз осы екі құбылыстың бірегей байланысын
Таусылған әңгіме Таусылған әңгіме
Сүйген адамыңмен ұзақ уақыт сөйлеспей қоюға болмайды. Жалғыз өзің тыныштыққа кетіп қала берме. Әрине, әр адамның өмірі сан алуан оқиғаға толы,
Өзіңді құрметтегенде өмір өзгереді Өзіңді құрметтегенде өмір өзгереді
1 Өзіңе деген ілтипат артады. Өзіңе қамқорлық жасай бастасаң — тәніңе, көңіл күйіңе, ой-санаңа, сонда жайсыздық пен жағымсыздық тудыратын адамдар
Санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң... Санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң...
Егер санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң, ендеше сен бұрын-соңды көрмеген жаңа деңгейге шыққаныңды, бастан-аяқ сынақтан тұратын жолға түскеніңді біл. 
Пікірлер (0)
Пікір білдіру