Жастар порталы
Секпіл
30.10.2020 321 0 aiko

Секпіл

Бет күтімі

Секпіл – терідегі дөңгелек не сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Кейде, әсіресе көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас қоңырқай дақтарға айналады. Қыстыгүні секпіл біржола жойылып кетпесе де, бұрынғысынан азая түседі. Жас ұлғая келе, көбінесе 30-дан асқан соң, секпіл өз-өзінен жоғалады. Секпілді біржолата жоюдың амалы жоқ. Дегенмен де алдын-ала жасалатын емдік шаралардың мәні зор.

Күн қыза бастағаннан (наурыз айының аяғында) кейін және күздің соңғы айларында көшеге шығар алдында бетке арнайы крем жағу керек.
 Секпілдің дағын байқатпау үшін бетті қатықпен, ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығының 3 проценттік ерітіндісімен сүрткен тиімді.
 Жазғы уақытта бетті лимонның немесе пісіп жетілмеген қарақаттың шырынымен сүрткен пайдалы. Секпілді түссіздендіру үшін «Мелан», «Ахромин» кремдерін пайдалануға болады. Бетті жақсылап тазалап алған соң кремді жағып, 40-60 минут ұстап, мақтамен сүртіп тастау керек. Бұдан кейін бетті жуудың қажеті жоқ. Бұл кремдерді күндіз көшеге шығарда жағуға және жүкті әйелдерге пайдалануға болмайды. Ал секпілді кетіру үшін емдік косметика кабинеттеріне барып көрінген жөн.

Безеу – адамның терісіне шығатын бөртпе. Безеудің жас кезде шығатын қарапайым түрі мен ересек кезде шығатын қызғылтым түрі бар. Көбінесе баланың өсіп толысу кезінде (13-16 жаста), жүйкенің ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан бөрткен ретінде пайда болады. Безеу сығып құртқаннан жазылмайды. Қайта өршіп көбейіп кетеді. Оны тек дәрігердің нұсқауымен емдеу керек. Безеуі бар адамға көп майлы ет жеуге болмайды. Қантты, балды, тағы басқа тәтті тағамдарды аз жеу керек. Көбінесе, көкөніс, сүттен жасалған тағамдар жегені дұрыс. Ұйқысын қандырып, таза ауада серуендеп, спортпен шұғылдануға тиіс.

Бетті ағартудың жолдары Бетті ағартудың жолдары
Көп қыздың бетіне қара, қоңыр дақтар шығып кетеді. Оны қалай кетіру керек екенін және бетті ағартудың бірнеше жолын айтамыз. Әдетте дақтар күн
Бет тазалаудың кешкі ережелері Бет тазалаудың кешкі ережелері
Кешке макияждан тазарту да бет күтімінің маңызды бір бөлігі. Өкінішке орай бетті тазартуға мән бермейтін не сабындап жуа салатын құрбыларымыз
Балдан жасалатын маскалар Балдан жасалатын маскалар
Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Оны тек пайдалы ас түрінде ғана емес, сұлулықты сақтаушы ретінде де қолдануға болады. Сондықтан бал үйіңізде міндетті
Қиярдан жасалатын маска түрлері Қиярдан жасалатын маска түрлері
✅ Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір,
Бетті ағартудың жолдары Бетті ағартудың жолдары
Көп қыздың бетіне қара, қоңыр дақтар шығып кетеді. Оны қалай кетіру керек екенін және бетті ағартудың бірнеше жолын айтамыз.  Әдетте дақтар күн
Пікірлер (0)
Пікір білдіру