Жастар порталы
Зебра торты
13.05.2020 388 0 admin

Зебра торты

Ас - адамның арқауы

-Құрамы:

-қант – 200г;

-сары май немесе маргарин – 200 г;

-жұмыртқа – 5 дана;

-10-15%-ды қаймақ – 500 г;

-ұн – 300-350г;

-қамыр қопартқышы – 3 шай қасық (немесе 1 шай қасық ас содасы);

-какао ұнтағы – 3-4 ас қасық.


Крем:

-қаймақ – 400-500 г;

-қант – 150 г;

-ванильді қант – 2 шай қасық.

-Глазурь:

-сары май – 100 г;

-сүт – 5 ас қасық;

-қант – 6-7 ас қасық;

-какао ұнтағы – 5 ас қасық.


Дайындалуы

-Сары майды қантпен еземіз. Жұмыртқа қосып, араластырамыз. Қаймақ қосып, араластырамыз. Үстінен қамыр қопартқышы мен ұнды қосып, қою емес қамыр әзірлейміз. Қамырды екі бөлікке бөлеміз. Біреуіне какао қосып, араластырамыз. Пісіру пішінін майлап оның тура ортасына 1-2 ас қасық какао қамырын құямыз. Үстінен 1-2 ас қасық ақ қамырды құямыз. Оның тура ортасынан қайта какао қамырын құямыз. 

Осылайша жалғастыра береміз. Пішін қамырға толғанша осылай жалғастырамыз. Бір пішінге қамырдың жартысы кетуі керек. Берілген мөлшерлі құрамдас бөліктерден 2 бәліш шығуы керек. Қамырды 180 градусқа дейін қызған пешке салып, 30-35 минут пісіреміз. 

Бәліш пісіп жатқанда, крем жасаймыз. Ол үшін қаймақ, қант және ванильді қантты араластырамыз. Миксер қолданған жөн.Піскен бәліштерді суытып, ортасы мен үстінен креммен жағамыз. Глазурь әзірлеу үшін кішкене кастрөлде сары майды ерітіп, сүт, қант, какао қосып, бір қайнатып, қоюланғанша оттан алмаймыз. Глазурьді торттың бетіне құямыз. Шеттерін де ұмытпай, толықтай тортты глазурьмен жабамыз. Торт дайын.

Мерекелік шоколадты торт Мерекелік шоколадты торт
-Торт құрамы:  -Сары май – 100 г  -Жұмыртқа – 3дана  -Қара шоколад – 100 г  -Ұн – 1 стакан  -Қант – 0,5 стакан  -Жеміс шырыны – 3 ас қасық 
Күн мен түн торты Күн мен түн торты
Құрамы: Ақ қамыр:  -2 жұмыртқа;  -1 стақан айран;  -1,5-2 стақан ұн;  -1/3 стақан сұйық май;  -1 стақан қант;  -1 шай қасық қамыр қопартқышы.  Какао
Сникерс торт Сникерс торт
Қамырына:  Жұмыртқа – 2 дана  Қант – 100 гр  Қаймақ – 1 стакан  Какао – 3 ас қасық  Разрыхлитель – 1 пачка  Ұн – 300 гр  Креміне:  Сгущенка – 1
Банан торт Банан торт
Құрамы: -Жеміс шырын 150 г -Жұмыртқа 2 дана -Өсімдік майы 160 мл -Майлылығы төмен сүт 160 мл -Банан 2 дана -Ұн 300 мл -Үгітілген шоколад немесе какао
ПЕЧЕНЬЕ ПЕЧЕНЬЕ
Қамырына қажетті заттар:  🍒   Жұмыртқа – 1 шт;  🍒  Қант – 70 гр; 🍒  Ванилин – 1 шай қасық; 🍒  Тұз – шым-шым; 🍒  Сары май - 100 гр; 🍒  Ұн - 200 гр; 🍒
Пікірлер (0)
Пікір білдіру