Жастар порталы
Зебра торты
13.05.2020 394 0 admin

Зебра торты

Ас - адамның арқауы

Қамырына:

-Жұмыртқа – 1 дана

-Сүзбе – 200 г

-Қант – 1 стақан

-Ванилин – 1 пакетик

-Разрыхлитель – 1 пакетик

-Ұн – 300 г


Креміне:

-Сүт – ½ л

-Жұмыртқа – 1 дана

-Қант – 1 стақан

-Ванилин – 1 пакетик

-Ұн – 3 ас қасық

-Сары май – 150 г

-Грек жаңғағы – 150 г

-Бетін сәндеу үшін шоколад – 100 г


Торт дайындау тәсілдері:

-Сүзбені қантпен араластырып, оған ванилин, жұмыртқа және разрыхлитель қосамыз. Енді жаймен ұнды қосамыз да қамыр илейміз.

Қамырымызды бірдей қылып бірнеше бөлікке бөлеміз. Қамырыларымызды жұқалап жайып бетін шанышқымен тесеміз. Енді сковородкамызды кептіріп қыздырып аламыз да қамырымызд екі жағын пісіреміз. Енді дайын қамырларымызды алып жан жағын бірдей қылып дөңгелете кесеміз. Кремімізді дайындап аламыз:

Жұмыртқаны жарып қантпен жақсылап көпіргенше араластырамыз. Ванилин мен ұнды қосамыз. Енді сүтті қосып баяу отқа қойып, қоюланғанша араластырамыз.

Дайын кремімізді суытып сары май мен жаңғағымызды қосамыз.

Енді дайын корждарымызды алып әр қайсысының арасына және айналдыра жағып бетінен үгітілген күлшемізді сеуіп, шоколадымызды үкіштен өткізіп ең бетінен айналдыра сеуіп қоямыз.

Мерекелік шоколадты торт Мерекелік шоколадты торт
-Торт құрамы:  -Сары май – 100 г  -Жұмыртқа – 3дана  -Қара шоколад – 100 г  -Ұн – 1 стакан  -Қант – 0,5 стакан  -Жеміс шырыны – 3 ас қасық 
Наполеон торты Наполеон торты
-Наполеон тортының құрамы: -Сары май – 300гр -жұмыртқа – 2 дана -су – 150 мл -сірке суы – 1 ас қасық -тұз -ұн Кремге керегі: -Сары май -300-350 гр
Сникерс торт Сникерс торт
Қамырына:  Жұмыртқа – 2 дана  Қант – 100 гр  Қаймақ – 1 стакан  Какао – 3 ас қасық  Разрыхлитель – 1 пачка  Ұн – 300 гр  Креміне:  Сгущенка – 1
Банан торт Банан торт
Құрамы: -Жеміс шырын 150 г -Жұмыртқа 2 дана -Өсімдік майы 160 мл -Майлылығы төмен сүт 160 мл -Банан 2 дана -Ұн 300 мл -Үгітілген шоколад немесе какао
Жеміс торты Жеміс торты
Торттың құрамы: -Қаймақ – 1 стакан -Ұн – 1 стакан -Жұмыртқа – 1 дана -Сода – 0,5 шай қасық -Креміне: -Қаймақ – 500 г -Қант – 100 г -Ванилин – 1 пакет
Пікірлер (0)
Пікір білдіру