Жастар порталы
Көп ұрықты жүктілік
18.11.2020 464 0 aiko

Көп ұрықты жүктілік

Аруларға

Көп ұрықты жүктілік кезінде ана ағзасына қойылатын талаптар артылады. Жүрек-қан тамыр жүйесі, өкпе, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелер қатты жұмыс істей бастайды.

Осыған байланысты көп ұрықты жүктілік ағымы бір ұрықты жүктілік ағымымен салыстырғанда ауыр болады.

Жүкті әйелдер шаршағыштыққа, ентікпеге, асқазанның қыжылдауына, іш қатуға, зәр шығарудың бұзылуына жиірек шағымданады.

Көп ұрықты жүктілік кезінде құсу, сілекей ағу, ісіну, нефропатия, эклампсия түріндегі токсикоздар жиі кездеседі.

Көп ұрықты жүктілікте мезгілінен бұрын үзілу жиі байқалады. Егіздер кезінде жүктіліктің мезгілінен бұрын үзілуі 25% әйелдерде, үшеулер кезінде – одан да жиі кездеседі. Ұрық саны неғұрлым көп болса, мезгілінен бұрын босанулар саны солғұрлым жиі болады. Көп ұрықты жүктілік кезінде әйелдер ерекше есепке алынады. Жүктіліктің екінші жартысында жүйелі түрде қан қысымын, салмағын өлшеп, зәрін зерттейді, жалпы және акушерлік тексерістер өткізіп отырады. Асқынулардың ерте белгілері пайда бола бастағанда, жүкті әйелді босану үйінің жүктілер патологиясы бөлімшесіне жолдайды. Көп ұрықты жүктілік кезінде босанудың мезгілінен бұрын үзілу қаупі жиі болатынын ескере отырып, асқыну болмаған күннің өзінде жүкті әйелді босануға дейінгі 3 апта бұрын босану үйіне жатқызады.

Жедел босанулар кезінде егіздер көбіне дұрыс дамиды. Мезгілінен бұрын туған нәрестелер жетілмеген болады; тіпті жетілмеген балалардың тіршілік ету қабілеті төмендейді.

Бір жұмыртқалы егіздер өнімді заттардың ортақ плацентадан біркелкі түспеуіне байланысты кейде бірдей дамымайды. Өнімді заттармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген ұрық дамуы тежеліп, шетінеп кетуі де мүмкін. Шетінеген ұрық, әдетте, екінші, дамуы жақсы ұрықпен жаншылып қалады. Престелген ұрық («қағаз ұрық») тірі егіз туғаннан кейін жатырдан бала жолдасымен бірге шығуы мүмкін. Бір жұмыртқалы егіздер кезінде, сондай-ақ, ұрықтың біреуінің суы көбейіп, екіншісінің дамуына кедергі жасауы мүмкін. Сирек бітескен егіздер туады бітесулер бас, кеуде, іші, жамбас аумақтарында кездеседі.

Көп жағдайда (90%) нәрестелер ұрықта көлденең орналасады. Нәрестелердің көлденең орналасуында жамбас қуысына жақын жатқан бөліктің түрлі нұсқалары байқалады: екеуі де басымен орналасқан, екеуі де жамбасымен орналасқан, біреуі жамбасымен, екіншісі басымен орналасқан. Біреуінің көлденең, ал екіншісінің тік орналасуы сирек кездеседі.
 
 
 

Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік деген не?
Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады.  Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді.
Жүктіліктің алғашқы белгілері Жүктіліктің алғашқы белгілері
Іштің төменгі жағының ауыруы.  Көптеген әйелдер етеккір қарсаңында осындай сезімдерді сезінеді. Олар бұл ауырсынуды менструация циклінін жақындауы
Жүктілік кезіндегі іш қатуының алдын-алу Жүктілік кезіндегі іш қатуының алдын-алу
Жүктілік кезінде дәрет бұзылуының алдын-алу үшін әйелдерге бірнеше қарапайым ережелерді сақтауға болады. 
Жүктілік кезіндегі іш қату Жүктілік кезіндегі іш қату
Іштің қатуы – бұл дербес физиологиялық нормамен салыстырғанда нәжіс шығару актілері арасындағы интервалдардың ұлғаюымен, нәжіс шығару актісінің
Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Пікірлер (0)
Пікір білдіру