Жастар порталы
Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану
12.11.2020 297 0 aiko

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану

Аруларға

Әлемдегі «Ең сұлу әйел – жүкті әйел» деген ұғым бар. Әлбетте, шын мәнінде бала күтіп жүрген жүкті келіншектердің бет-жүзі нұрланып, әдемілене түсетіні бәрімізге аян. Алла Тағаланың әйел қауымына берген осы бір керемет нығметі, өмірге бала әкелу бақыты – ештемемен алмастыруға келмейтін үлкен сый. Отбасын құрып, бір мүддеге жұмылған қос жастың бала сүю бақытына тезірек кенелгісі келетіні айдан анық. Бал құрсаққа біткеннен күннен бастап, жүрегіңіздің астында соға бастаған тағы бір жүрекке деген жауапкершілік арта түседі. Ең басты жауапкершіліктердің бірі – дұрыс тамақтану. Олай болса жүктілік кезіндегі тамақтану мәселесін сөз етіп көрейікші. Нені ескерген дұрыс?

Болашақ ананың басты мәзірі – тамақтың сан алуандығында. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн.

Медицина тілімен айтқанда жүкті әйелдің тамақтану кестесін үш кезеңге бөлуге болады.

Жүктіліктің алғашқы кезеңінде іштегі шарананың барлық ағзалары, оның жүйелері, талшықтары қалыптасады. Болашақ ананың ағзасына толыққанды ақуыздар мен дәрумендер керек. Мәселен, майы аз ет (қоян, тауық, күркетауық), балық және теңіз өнімдері, қышқыл сүт өнімдері. Жүктілік кезеіңінде күріш жеу міндетті. Маусымдық жеміс-жидектер, болмаса мұздатылған түрінде жесеңіз де дәрумені сақталады. 

Жүктіліктің бірінші кезеңінде көпшілік болашақ аналар жұмыс кестесінің ыңғайына қарай уақтылы тамақтануға көп көңіл бөле алмауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын дұрыс тамақтануға уақыт тауып, толыққанды дәруменге бай азық-түлік тұтынуға тырысыңыз! Бұл өзіңіз үшін де, іштегі бала үшін де өте маңызды. Әсіресе таңғы астың атқарар рөлі басым.Жүктіліктің бірінші триместрінде ағза өзгеше күйге, жаңа күйге бейімделе бастайды. Дәл осы кезеңде ақ халатты мамандар мүмкіндігінше калориясы аз диетаға көшуге кеңес береді. Барынша жеміс-жидек, жаңа сығылған шырын, кептірілген жеміс-жидектен қайнатылған сусын әсіресе итмұрыннан қайнатылған компотты көбірек ішу керектігі айтылады. Бейімделу кезеңінде көпшілік келіншектерді токсикоз мазалауы мүмкін. Токсикозбен күресу үшін сұйықтықты көбірек ішіп, мүмкіндігінше аз-аздан жиі-жиі тамақтанған абзал. Әркез қалтаңызда гематоген мен қалташа толы жаңғақ немесе кептірілген жемістер жүретін болсын. Бұл – жүрек жалғауға таптырмайтын тағамдар әрі дәруменге бай. Егер ағзаңыз кейбір қалыпты тағамдарды қабылдай алмаса, балаларға арналған тағамдарды жеп көріңіз. Көп жағдайда балалардың тағамы токсикоздан құтылуға көмектеседі. Қораптағы каша, балаларға арналған жеңіл ірімшік, жеміс-жидек езбесі, пішенай т.б.

Алғашқы триместерде азық-түліктің сапасына қатты көңіл бөліңіз. Біртіндеп соус, құрамында химикаты бар жартылай фабрикат өнімдерінен, косервіленген өнімдерден бас тартыңыз. Мүмкіндігінше фолий қышқылына бай тағамдарды тұтынуға әркет жасаңыз. Фолий қышқылы – зат алмасуды жақсы реттейді. Оның жетіспеушілігі баланың дұрыс дамуына кедергі келтіретінін естен шығармаңыз. Әдетте фолий қышқылы аскөк, ақжелкен, жаңғақ, орамжапырақ, брокколи, бұршақ өнімдері мен жұмыртқада бар .Диетолог мамандардың пікірінше, бірінші кезеңде жүкті әйелдер тұтынатын тағамның рационы 300 калориядан аспаса кем болмауы тиіс. Ал, екінші ртиместрде 340 ккал, үшінші триместрде 452 ккал-дан түсірмеген жөн. Дәл осы қалыпта тамақтансаңыз 80% ағзаға қажетті минерал мен дәрумен ағзаңызға сіңіретініңізге сенімді болсаңыз болады. Бұл әрине әйелдердің салмақ көрсеткішіне де әсер етпей қоймайды, десе де бірінші кезекте іштегі баланың денсаулығын ойлаған әлдеқайда тиімді. Есесіне балпанақтай бала туып, 9 ай бойы күткен үмітіңіз ақталады. Мамандардың пікірінше, жүкті әйелдер 16-20 кг салмақ қосуы тиіс.


Жүктіліктің екінші кезеңі

Жүктіліктің екінші кезеңінде іштегі баланың бойы мен салмағы белсенді түрде өсе бастайды. Осыған сәйкес ананың жатыры да мейілінше үлкейіп, өсе түседі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, тұтынатын тағамның рационын да ұлғайтқан абзал. Мүмкіндігінше жиі-жиі алайда сапалы тағам жеген дұрыс. Осы кезеңде микроэлементтерге деген сұраныс артады: темір, магний, цинк, селен, кальций, калииге бай тағамдар тұтыну керек. Іштегі бала аналық ресурстарды пайдалана отырып, микроэлементтердің «қорын» қалыптастырады. Бұл дегеніңіз – анасы тарапынан екеуіне де жеткілікті дәрумен тұтыну керектігін аңғартады. Көп жағдайда жүкті әйелдердің екінші кезеңінде гемоглобиндері түсіп кетеді. Бұл – қалыпты жағдай. Десе де қалыпты екен деп босаңсудан аулақ болыңыз, гемоглобиннің аздығы балаңыздың денсаулығына зиян. Гемоглобинді ет, тауық еті мен балық өнімдерін сондай-ақ көкеніс пен балғын аскөк, қарақұмық, цитрус жемістерін, анар, итмұрын тұнбасын тұтыну арқылы көбейтуге болады.

Осы кезеңде рационнан кептірілген шұжық және қуырылған тағамдарды әрі тұзы ащы тағамдардан бас тартқан жөн. Ешқашан тұтынатын судың көлемін азайтпаңыз. Таза су – жүкті әйел үшін аса қажет өнім. Күніне 2-2,5 литр су ішкен абзал. Егер суды көп ішсем ісініп кетемін деген ойдан ада болыңыз. Ісікке апаратын сіз тұтынған су емес, тұз болуы мүмкін. Ол – консервіленген өнімдердің құрамындағы тұз, майонез, ірімшік (сыр), шұжық болуы мүмкін. Ал, ағзаға тұздың жетіспеушілігі аса қауіпті емес. Қайта тұздың көп мөлшері зат алмасуды бұзады.

Жүктіліктің екінші кезеңінде тағамның калориясын ұлғайтыңыз. Босануға тың болып аттанасыз. Ет және балық өнімдерін мүмкіндігінше таңертеңнен түске дейін тұтынуға тырысыңыз, ең дұрысы – түскі аста. Ал, кешкі асқа сүзбелі құймақ, бұқтырылған көкеніс, электропешке пісірілген сүзбелі көкеніс тұтынуға әдеттеніңіз. Таза ауаға көбірек серуендеп, физикалық белсенділікті арттырыңыз.

Екінші триместрдің соңғы кезеңінде диетологтар жүкті әйелдерге еттен мүлде бас тартуға кеңес береді. Бұл – талшықтардың серпімділігін арттырып, жеңіл босануға көмектеседі. Мүмкіндігінше тағамның бәрін бірден тұтынбауға тырысыңыз. Мәселен, сорпа және екінші ыстық тағам оған қосымша десертке арналған тәттіні бірден тұтынбаңыз. Бұл – асқазанды толтырып, балаға жайсыздық тудыруы мүмкін. Ауыр қорытылып, ағзаға баяу таралуына кедергі келтіруі ғажап емес. Мүмкінідігінше жиі-жиі аз-аздан жеңіз. Тамақтанғаннан кейін кемінде 10 минут тынығыңыз. Серуендер алдында тамақтануға бейімделіңіз.

Тамақты дұрыс пісіру – ағзаңыз үшін аса қажет минералдар мен дәрумендерді сақтауға көмектеседі. Тағамды бірнеше рет қайта ысыту зиян екенін естен шығармаңыз. Мүмкіндігінше тағамды буға пісіруге, пешке пісіруге немесе бұқтыруға тырысыңыз.

Жүктілік кезіндегі іш қату Жүктілік кезіндегі іш қату
Іштің қатуы – бұл дербес физиологиялық нормамен салыстырғанда нәжіс шығару актілері арасындағы интервалдардың ұлғаюымен, нәжіс шығару актісінің
Жүктілік кезіндегі тіс күтімі Жүктілік кезіндегі тіс күтімі
Жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады.  Оның сыры болашақ ананың бойындағы дәрумендерге құрсақтағы нәрестенің ортақсуында.
Жүктілік кезінде жеу керек пайдалы өнімдер Жүктілік кезінде жеу керек пайдалы өнімдер
Жүктілік кезінде жеу керек пайдалы өнімдер:
Жүкті әйелдерге арналған кеңестер Жүкті әйелдерге арналған кеңестер
Біріншіден, белсенді өмір сүру керек. Таза ауада серуендеу, суда жүзу, йога, аквааэробика немесе гимнастикамен айналысу барлық жүкті әйелдер үшін өте
Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз