
Көз айналасының терісі нәзік
Беттің әжім тез түсетін бөлігі – көздің айналасы. Бұл жерге мимикалық әжімдер тез түсіп, бірден көзге түседі. Сол себепті мамандар көз айналасының терісін ертерек күтімге алуды ескертеді.
КРЕМ ҚАЛАЙ ТАҢДАЛАДЫ?
Көз айналасында май мен тер бездері аз болғандықтан, крем таңдау еш қиындық тудырмайды. Косметика өнімдерін шығаратын фирмалардың көз айналысының күтіміне арналған өнімдері мол. Мұндай препараттарды әдетте жеңіл эмульсин немесе гель негізінде дайындайды. Сондықтан кремді қандай мәселені шешу керектігіне орай таңдаңыз.
АРНАЙЫ КРЕМ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Көздің майындағы тері өте нәзік болып келеді. Бет терісіне қарағанда көз айналасындағы терінің дәнекер ұлпалары өте әлсіз. Әрі адам күніне қаншама рет көз жыпылықтататын болғандықтан, әрі сығырайтатындықтан тез әжім түскіш келеді. Сол себепті де көз айналасындағы теріге арналған кремнің құрамын бет терісіне арналған кремнен өзгеше етіп шығарады. Сонымен қатар, көз айналасындағы тері өте сезімтал болғандықтан, крем өнімдері арнайы офтальмологиялық бақылаудан өткізіледі.
НӘЗІК ТЕРІ ТҰСЫНА КРЕМ ЖАҒУ
Кремді күніне екі рет, таңертең және кешке қабақтың ішкі жағынан сыртқа қарай саусақтың ұшымен ақырын ұрғылап жағады. Аз-аздан жаға отырып, сіңіреді.
КРЕМ НӘТИЖЕСІ ҚАНША УАҚЫТТА КӨРІНЕДІ?
Ниет еткен адам нәтижеге қол жеткізбей қоймайды. Әжімді азайту нәтижесі сіздің қандай крем қолданып, қандай нәтиже алғыңыз келетініне байланысты. Крем жұмсарту, тегістеу қызметін атқарады. Оның әсері қолданғаннан кейін бірнеше күннен соң білене бастайды. Кінәраттарды кетіру бұл таңдалған кремнің активті компоненттерінің тиімділігіне де байланысты (өсімдік экстрактілері, минералдар мен дәрумендер). Ал нақты нәтиже 2-3 аптадан кейін біліне бастайды.
КӨЗ АЙНАЛАСЫ ТЕРІСІНІҢ КҮТІМІ КРЕМ ЖАҒУМЕН ШЕКТЕЛЕ МЕ?
Үй жағдайында күнделікті крем жағу – терінің үстіңгі қабатын ғана ылғалдандырады. Яғни эпидермисті ылғалдандырумен ғана шектеледі. Теріні тереңдетіп ылғалдандыру үшін косметолог маманға жүгінуге тура келеді. Сонымен қатар, күнделікті дәрумендер мен минералдар қабылдау қажет.
Мәліметтер алынған дереккөздер: Қазақстан әйелдер журналы. №07-08.2020. (шілде/тамыз)




