Жастар порталы
ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДАНУЫНЫҢ КЕЗЕҢДІК ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
14.01.2022 64 0 admin

ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДАНУЫНЫҢ КЕЗЕҢДІК ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ

Саясаттану

Дипломатиялық қызметтің қалыптасуына мемлекеттің саяси жəне экономикалық формациялары тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар, елдің сыртқы саяси ведомствосының алдына мемлекеттік тактика мен стратегия мəселесін қояды. Күнделікті қызмет өткеру барысында мекеме осы қағидаттар негізінде жұмыс атқарады.

Əлемдік тəжірибеге сенсек, демократиялық саяси формадағы даму түрін таңдаған елдердің басым бөлігі өз экономикасын түзуде А. Смит теориясындағы аралас экономикалық типке құрастырылған нарық жүйесіне сүйенеді де, керісінше социалистік арнадағы елдердің көпшілігі еркін экономикадан гөрі жоспарлы экономикалық формулаға бейім келеді. Бұл маңыздылық мемлекеттің өз территориясынан əлденеше есе үлкен аумақты қамтып, жаһандық деңгейдегі əлемдік халықшаруашылығымен, экономикалық шаруашылылығын құрауда мемлекеттің атынан өкілділік жүргізетін, елдің сыртқы келбетін сомдайтын сыртқы істер ведомствосы, нақтыласақ дипломатиялық қызметтің бірден-бір белсенділігі саналатын геосаяси, геоэкономикалық бір сөзбен дипломатиялық байланыстарының тиімділігінің əсерімен анықталады. Елдегі саяси тəртіптің түрі дипломатиялық қызметке ішкі саяси астарын негіздеп, сыртқы саяси консепция қисындарын белгілеуге ықпал етері белгілі. Мысалға төмендегі сұлбада көрсетілгеніндей қазақ дипломатиялық қызметінің қалыптасуын түп-тұқиянына үңілсек ежелгі қазақ жеріндегі хандық биліктің дала демократиясы типінде елшілік қызметінің жетілуі мен Хан Ордасында түрлі мақсаттардағы елшілердің, уəкілдердің одақтас елдермен қатынас орнатудағы сенімділік кепілі аманаттардың болуы белгілі бір жүйелік деңгейлердегі мемлекеттік дипломатиялық қызметтің болуын, оған нақты анықталған функциялар мен тапсырмалардың жүктелгендігін көрсетеді.

Біздің ойымызша, осы уақытқа дейін көп айтылмаған мəселе ол көптеген қазақ хандарының бойында болған айрықша дипломатиялық қасиеттердің гео-орта əсерімен байланысы өте үлкен секілді.

Қазақ жерінің Еуропа мен Азияны байланыстырып жатқан ұлан ғайыр өлке–Еуразия құрлығында орналасқандығы, көне замандардаақ əлем мəдеиетін, саудасын, мемлекетаралық қатынасын қылыптастыруға ықпал болған Ұлы Жібек Жолы, осы дала перзенттерінен сауда, келісім, əлеуметтік-мəдени т.б салаларды меңгеруге икемділік қабілеттілігін біліктілік сапаларының қалыптасуын талап етті. Бұл да болсын дипломатия ілімін құраушы ең негізгі көпқырлы элементтер болып табылады.

Ықылым замандардан-ақ қазақ хандары өз билері мен шешендері арқылы дипломатиясын көршілес, жоңғар, қытай, орыс т.б халықтарға жеткізіп отырған: «Біз қазақ халқы найзамызды биік ұстаған халықпыз. Жеріміз тыныш болсын деп найзамыздың ұшына үкі таққан елміз. Достықпен келген досқа досша, қастықпен келген жауға жауша қарайтынымыз тағы рас. Көрші елдерге өзіміз бірінші болып еш уақытта тиіспейміз, егер бізге өздері бірінші болып соқтықса кім болса да оңдырмаймыз, татулық біздің атадан-балаға мирас-мұра болып беріліп келе жатқан салиқалы өсиетіміз»,- деген екен.

Біздің ойымызша осы сияқты көптеген мысалдардан қазақ жерінде дипломатия өнерінің ежелден жетілгендігін байқауға болады.

Қазақ дала дипломатиясының кезінде ең жоғарғы дəрежедегі сол дəуірдің міндеттеріне сай, көпсалалы (геосаяси, экономикалық, мəдени т.б байланыстарды жолға қойған) күрделі біліктілік болғанын тарихтан білеміз. Хандарымыздың ұлылығы мен кемеңгерлігі де дипломатия өнерінің мемлекет өмірімен терең ұштаса байланысуының кепілі болған. Əсіресе бұл тұрғыда хандарымыздың дарасы, ұлы тұлға, сара биік, нағыз дипломат Абылай (Əбілмансұр) хан бабамыздың білгірлігін ерекше айту керек. Осы үлкен ұлан ғайыр өлкеде, жан-жағынан анталаған жаулары, бəрінен бұрын қазіргі əлем Гегемондары Қытай мен Ресей қоршаған əлеуетті, маңызы зор геосаяси кеңістікте қазақ мемлекетінің дербестігін сақтап қалуы, Абылай ханның дипломатиялық кемеңгерлігінің дəлелі.

Бұл тарихи аргументтерді тарихтың өзі дəлелдегені факт. Кезінде кеңестік идеология кесірінен бұрмалау саясаты жүргізілгенімен де, тарих өзін бұрмалауға көнбейтіндігін паш етіп, өз ұлы қойнауындағы дара тұлғаны ақтап шықты. Жалпы, бұл мақсаттарда көптеген еңбектер жазылған, соның бірінен дəйек келтірсем:

«.....Абылай хан жоңғарларды жеңген соң Қытай мен Ресей секілді ірі мемлекеттерден іргесін алыс салмай, бейбіт қарым-қатынас жасап, екі императордың да бірде анаусының, бірде мынаусының көңілін аулап отырды. Ал шын мəніне келгенде, сөз жүзінде ғана солардың құзырындағы ел сияқты саясат ұстады. Ол екеуінен де кез-келген уақытта қазақтарға жаугершілік қауіп төнетінін білді. Сөз жоқ, сол кезде, Абылай ұстанған бұл саясат қазақ халқының ұлттық қауіпсіздігін əрі тəуелсіздігін сақтаудағы бейбіткерлік саясат еді. Осы ұстамды саясатымен екі алпауыт империямен де бейбіт келісім-шартқа қол жетті» [1], – деп жазады Асанбай Асқаров ағамыз. Бұл жерден біз Абылай ханның ұлы саясаткер, кемеңгер əрі данышпан дипломат екенін көреміз. Тегінде қазақ жеріндегі «қазіргі қазақстандық дипломатия мектебі» жас мамандық дегенімізбен де, бұл сала климат əсерінен кең аумақты ұстап тұру үшін де Ш.Л.Монтескье «Заңдар рухы туралы» [2], Г.Т.Бокль, неміс ғалымы Ф.Ратцель, В.Кузень, Ж.Э.Ренан, К. Риттер дамытқан «геосаясат теориясының» басты қағидасымен бойымызға біткен «гендік-ұшқырлық» кəсіби өнері де шығар. Сол теорияларға сүйене отырып болжам жасасақ, (гипотеза): Дипломатия өнері кең ауқымды акватория ұстанған, халқы шашыраңқы əрі тығыз емес орналасқан, əрі жанжағынан ежелден əлемдік үстемдікке ие мемлекеттер орналасқан қазақ халқында ерекшелігімен сындарлы жетіле отырып, гео-орта əсерінен осы салаға тез бейімделуге мүмкіндік берген заңды феномен болып табылатын іскерлік өнері.


Кеңестер Одағының саяси режимі тоталитарлық тəртіп болғандығы белгілі. Яғни мемлекеттің саяси-экономикалық формацияларының сыртқы саяси ведомствосына байланысының əсерін ескерсек күллі саладағы тотальдық бақылаудың өте қатаңдығын байқаймыз. Демек бұл тарихи кезеңде ҚазССР сыртқы істер министрлігінің дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік болған жоқ. Одақ құрамында болған жылдардағы қызметтер аясына келер болсақ, оның қалыптасуы мен негізгі стратегиялық бағыттарын анық белгілеу кезеңі ерекше мəнге ие. ҚазССР сыртқы істер министрлігінің құрылуы мен қызмет аясы кеңестік идеологиялардың мақсатымен анықталып отырды. Өкінішке орай, сол кеңестік қисық саясат салдарынан бұл сала ҚазССР-нда КСРО СІМ-нің бір бөлімшесі ретінде ғана қызмет атқарып, консул дық-хаттамалық қызметпен айналысып, я болмаса «Орталық Мəскеумен» мақұлданған шет елдік Делегацияны ғана күту секілді шектелген істермен шұғылданған қырық шақты штаттық қызметкерлерден тұратын мемлекеттік мекеме болғандығын тарихи деректерді мұқият зерттеу барысында біле аламыз. Бірақ соған қарамастан сол кездегі біздің ардақты дипломаттардың басым бөлігі егемендік алған жылдары, өз елі алдындағы перзенттік жауапкершілікті дұрыс ұғынғандықтан, ерен еңбек пен мықты ерік-жігер, ел басшылығының прагматикалық саясаты арқылы қазақстандық дипломатиялық қызметті тиімді институционалдандыру секілді мəселелерді оңтайлы шеше білді. Өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саяси ведомствосын жасақтап, осы бір тарихи этап КСРО кезеңінде дипломатиялық қызметке қатысы бар, сыртқы саясатты дұрыс болжайтын, өзге жерлерде қызмет атқарған қазақстандықтарды елімізге қайта шақыра отырып, ардагер дипломаттардың кеңесімен ел басшылығы бірлесе келе оперативтілікке негізделген, жоғарғы сапалы деңгейді мақсат ете отырып, қазіргі табысты жұмыс атқарып отырған Отандақ сыртқы істер министрлігін, дипломатиялық қызметті құра білді. Сондықтан да тоталитарлық тəртіптегі қатаң бақылауда болсадағы кезіндегі ҚазССР СІМ-і қазіргі Қазақстанға өте қажетті, өзіндік тəжірибесі бар дипломатиялық қызметті бере алды.

Тəуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта азат Қазақстан барлық дерлік салада еркіндік алды. Дербес ел ретінде өзінің саяси тəртібін, экономикалық формациясын, əлеуметтік басымдықтарын таңдады. Күллі салада микроқұрылымнан макросекторларға дейін толыққанды қайта құру этаптарын бастан кешті. Енді тоталитарлық режимнен демократиялық бағытқа бетбұрыстар жасады. Барлық мемлекеттік органдарды реформалауға тура келді десек артық айтпаспыз. Əрине бұл назардан орталық-мемлекеттік буын сыртқы істер ведомствосы шет қалған жоқ. Жетпіс жылдай өмір сүрген жаппай бақылау тəртібінен, бірден демократиялық бағдарға ауысу əрине оңай емес, əсіресе қатаң тəртіпте тəрбиеленген елді, бірден еркіндікке дағдылау жеңіл болған жоқ. Посттоталитаризм Посткеңестік демократия өрнегіндегі транзиттік «дағдылану-өтпелі кезеңі» посткеңестік кеңістік мемлекеттеріне оңайға соқпағанын мойындауымыз керек. Сыртқы саяси аспектте жоғарыда көрсеткендей тек қана Консулдық-Хаттамалық рəсімдермен айналысқан, тек бойына алып империяның СІМ-нің аумақтық бөлімшесі ретіндегі дипломатиялық қызмет тəжірибесі ғана бар сыртқы саяси мекеме мен жеке ел болып дамудың өткір əрі өзекті мəселелері тұрды. Одан бөлек жаңа халықаралық қатынастар тəртібі қалыптасқан əлемде орасан зор ядролық арсенал мұрагері мəртебесі (оны күту (эксплуатациялау) мен қарулануда ұстау тəжірибесі жоқ) алдындағы қауіпсіздік проблемалары тұрды. Əлемдік қауымдастық елдерінің тек саяси сауаттыланған азаматтарынан өзгелері посткеңестік мемлекеттер ішінде Ресейден басқа елдерді көп біле бермеді. Территориялық тұтастықты сақтау, əлем елдерімен тең дəрежелі байланыстар орнату, тек «шикізаттық флюске» сүйенген құлдыраған экономикасы бар сол кезеңдердегі Қазақстанды əлемге оңтайлы тұрғыдан таныту үшін тек тəжірибесі ғана емес, прагматикалық қадамдары бар мықты дипломатиялық қызметті қалыптастыру міндеті Тəуелсіздік Декларациясына қол қойылған минуттан бастап басқы (алғашқы) мемлекеттік статуc болды.

1991 жылдың аяғынан дем алған, əсіресе 1992-1993 жылдар аралығында жақсы қарқын ала бастаған орталық-мемлекеттік орган мəртебесін иемденген, елдің сыртқы саясатының қалыптасуын оның жүзеге асырылуын қамсыздандыратын жəне сыртқы қатынастарды орнату саласындағы мемлекеттік басқаруды іске асыратын ҚР дипломатиялық қызметінің институционалдануының жаңа саяси кезеңі бастау алды.

ҚР Президентінің тікелей ат салысуымен осы мақсаттарда айтарлықтай істер атқарылды. Қазақстандық дипломатияның қалыптасуы мен дипломатиялық қызметтің институционалдануы еліміздің жағымды имиджін қалыптастыру мен халықаралық байланыстарды қалыпқа келтіреуден басталды. «Ғасырлар тоғысында» деп аталатын еңбегінде Н.Ə.Назарбаев сыртқы саяси ведомство алдында тұрған бірнеше проблеманы атап көрсетеді. «Біріншіден біздің мемлекеттің қандай екендігін əлемге таныту. Ал екіншіден Қазақстанды халықаралық аренада мойындатып қана қоймай, қауіпсіздігін, территориялық тұтастығын қамсыздандыру. Үшіншіден əлемшаруашылық экономикалық байланыстарына мықтап кірігу» [4]. Бұл маңызды тапсырмаларды оңтайлы шеше отырып, ҚР дипломатиялық қызметі өз құрамының кəсіби мамандарын даярлау мəселелерінде тиісті деңгейде реттей алды.

Дипломатиялық қызметтің тиімді институционалдануы үшін маңызды аспекттің бірі ол – сыртқы саяси ведомствоның құрылуы мен жұмысын, мəртебесін, іскерлік аясын, негізгі құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілктері мен тапсырмаларын айқындап берген, ішкі нормативтік құжаттардың қабылдануы болды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен 1996 жылғы 9 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы» ереже, «ҚР Елшілігі туралы», «Өзге елдерде аккредитацияланған, ҚР Төтенше жəне Өкілетті Елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережелер, «ҚР Сыртқы істер министрлігінің Коллегиясы туралы» ереже, «ҚР СІМ дипломатиялық қызметкерлерінің қызметтік аттестациясын өткізу тəртібі туралы» ереже, «ҚР СІМ-нің шет елдік мекемелерінің персоналын қалыптастыру мен оның дипломатиялық қызметкерлерін ротациялаудың негізгі тəртіптері мен принциптері туралы» ереже [5], «Қазақстан Республикасындағы Дипломатиялық қызмет туралы» Заңы т.б [6] мемлекеттік құжаттар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің институционалдануын жеделдетіп, тиісті деңгейде заңи ұйымдастырып, осы мемлекеттік қызметтің түрлі қиындықтары мен мəселелерін кəсіби тұрғыдан шешуге айтарлықтай жағдай жасады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының дипломатияық қызметі өзінің қалыптасуы барысындағы негізгі мақсаты Республикамыздың территориялық тұтастығын қорғау, əлемдік қауымдастықпен тең дəрежелі байланыстарды одан ары қарай да жалғастыру, əлемдік «қаржы дағдарысынан» елімізді барынша ыңғайлы аман алып шығу, осы негативті тенденцияны жеңу үшін əлем деңгейіндегі тиімді шешімдерді іздестіру талабы, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретіндегі оң мəртебесін сақтау жолында аянбай қызмет етуде.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1. Асқаров А. Ұлы Тұранның Ұлдары. - Алматы: Нұрлы-əлем баспасы, 1998. - 111 б. 

2. «Қазақстан» энциклопедиясы, 2-ші том, Алматы:«Қазақстан Энциклопедиясының Бас редакциясы» баспасы, 1999. – 662 б. 

3. Матвеев И.В. Советская дипломатия. - Москва: Издательство «Знание», 1962. - 5с. 

4. Назарбаев Н.Ə. Ғасырлар тоғысында. Алматы: «Өнер» баспасы, 1996. - 80-б. 

5. Положение «О Министерстве Иностранных Дел Республики Казахстан». –Сентябрь 1996. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен – N1094, Заң күші бар ережесі. 

6. Қазақстан Республикасындағы Дипломатиялық қызмет туралы. - 2002 жылғы 7-наурыздағы, 299-II, өзгертулер мен толықтырулар 2004 жылғы 20- желтоқсанда енгізілген №13-III-Заңы.


Авторы: Е. Е. Омарғазы 


Дереккөз: ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (32). 2009

Партиялық жүйе – саяси ғылымның зерттеу нысаны Партиялық жүйе – саяси ғылымның зерттеу нысаны
Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Партиялық жүйе деп ашық қызмет жасайтын, мемлекеттік ұйымдарды қалыптастыруға мүмкіндігі бар, елдің ішкі
Саяси реформаланудың қазақстандық моделі Саяси реформаланудың қазақстандық моделі
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның жаңа тарихының басты мағынасына айналған постсоциалистік модернизация деп аталатын өтпелі кезеңі басталды.
Діни экстремизмнің пайда болуының себептері Діни экстремизмнің пайда болуының себептері
Қоғамдық-саяси кеңістікте діни эктремизмнің пайда болуының әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық, саяси құқықтық себептерін көрсетуге болады: 
Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет
«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани мәдениеттің даму
Билік және саяси билік ұғымдары Билік және саяси билік ұғымдары
Билік - саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×