Жастар порталы
Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет
5 468 0 aiko

Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет

Саясаттану

«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани мәдениеттің даму деңгейі ең алдымен білімнің жетілуімен байланысты. Рухани мәдениет, әрине, халықтың, ұлттың тарихы, дәстүрлері, әдет ғұрыптарымен тікелей байланысты және соларға негізделеді.

Ұлттық мәдениет - саяси проблемалардың немесе саясаттың әсерінсіз қалыптасатын тарихи процесс саласы.

Ал саяси мәдениетті қалыптастырушы – қоғамдағы саяси процестер. Әрбір мемлекеттегі саяси мәдениеттің қалыптасуы немесе өзгеруі саяси режиммен (саяси тәртіппен) байланысты. Қоғамда саяси режим өзгерген жағдайда, саяси мәдениет те сол режимге бейімделіп, қайта қалыптаса бастайды. Мысалы, Қазақстан өзінің тарихында әр түрлі саяси режимдерді - хандық, патшалық, тоталитарлық режимдерді басынан өткерді.. Қазіргі кезеңде демократиялық режим орнықтыру жолында. Осы саяси режимдердің ауысуы қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің негіздерін өзгерте алған жоқ, капитализм және социализм жағдайында да рухани мәдениет өзіне тән құндылықтарын сақтап қала береді.

Әрбір елдегі саяси мәдениетті дамытудың негізгі мақсаты – азаматтарды мемлекеттік саясатты, қоғамдағы ұстаным етілген саяси идеологияны, мемлекет құрылымын, оны іске асыру тәсілдерін танып білуге мемлекеттік және қоғамдық істерде өз отанының мүддесі үшін қызмет етуге бағыттау. Қорыта айтқанда, саяси мәдениеттің маңызы – азаматтардың қоғамның саяси жүйесін қолдап оны дамытуға белсенді қатысуы.

Саяси мәдениет қалыптасуының соңғы кезеңіне жататын негізгі ұйым– мемлекет. Мемлекет бұл қызметті заң арқылы атқарады. Елдің барлық азаматтарына ортақ заңдар арқылы саяси мәдениеттің негізгі белгісін, саяси менталитет (адамдардың бірін-бірі түсінушілігін) қалыптастырады. Мемлекеттік рәміздер (символдар) қабылданды. Қазақстанның басты рәмізі – Республика болып танылады. Бұл мемлекет басқару түрі ретіндегі демократиялық құндылық. Мемлекет басқа да рәміздерін – Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бекітіп, азаматтарының өзін-өзі ұстау үлгілерін қалыптастырады.

Саяси мәдениет негіздерінің бірі ретінде патриоттық тәрбие беру мәселесі маңызды орын алады. 

Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар:

1.Тәрбиелік қызметі: саяси білімі жоғары тұлға дамуына, қалыптасуына, олардың саяси ой-санасын кеңейтіп, саяси ынтасын жоғарылатуға бағытталған қоғамдық-саяси мақсаттардағы іс-қимылына игі әсер етеді, азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттырады.

2.Біріктірушілік қызметі: саяси мәдениет қалыптасатын жүйенің тірегі ретінде қызмет етеді, билік жүйесінің әлеуметтік негізін қалайды. 

3.Танымдық қызметі: азаматтарды қоғамдық тәртіпке, мемлекеттің ішкі және халықаралық саясатын ұғынуына, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені, саяси қайраткерлер мен басқа да лауазымды адамдарды бағалай білуге үйретеді.

4.Қорғау қызметі: мемлекеттілікке бастаушы, саяси құрылымның қорғаушысы, қоғамның жедел дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, игіліктерді сақтау қызметтерін атқарады.

5.Сабақтастық қызметі: жаңа ұрпаққа қоғамдық сана мен тәжірибеде танылған қоғамдық тәртіп үлгілерін жеткізу.

Саяси мәдениет азаматтардың қоғамның саяси өміріне неғұрлым белсене қатысып, мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға маңызды әсерін тигізеді.

Сонымен, саяси мәдениет дегеніміз - адамдардың саяси білімдерін, саяси ой-пікірлерін қалыптастыратын және олардың саяси процестерге қатысудағы мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін бейімдейтін қоғам мәдениетінің ерекше саласы. 

Елдегі саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, көптеген саяси құбылыстардың болжамдарын айқындаудың негізін қалайды.


Мәліметтер алынған дереккөз: Б.Өтемісов, Қ.Қарабала. Саясаттану: оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. 

Саяси жүйе теориясының қалыптасуы Саяси жүйе теориясының қалыптасуы
Саяси ғылымда “саясат”, “саяси өмір”, “саяси құрылыс” деген ұғымдармен қатар “қоғамның саяси жүйесі” деген түсінік те кең орын алды. Бұл саланың
Саяси тәртіп (саяси режимдер) Саяси тәртіп (саяси режимдер)
“Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі,
Билік және саяси билік ұғымдары Билік және саяси билік ұғымдары
Билік - саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік
Саяси білімнің маңызы Саяси білімнің маңызы
Саяси ғылымның басты мақсаттарының бірі - болашақ мамандарға саяси білім беру, олардың саяси мәдениетін жоғарылату. Бүгінгі күні саяси мәдениет
Освальд Шпенглер үшін діннің мәні Освальд Шпенглер үшін діннің мәні
Шпенглер үшін дін және оның мәні – прасимвол және мәдениет символикасы арқылы танылад ы. Яғни, дін – мәдениеттің бір бөлігі.  Ол дінді мәдениет
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×