Жастар порталы
Зейін қою және ойлау
1 246 0 admin

Зейін қою және ойлау

Жан саулығы

Ұлы және әдемі ойды түсіну үшін қаншалықты уақыт кетсе, оны тудыру үшін соншалықты уақыт кетеді

                                                  Жан Юберт

Көптеген адамдар зейін қою сөзінің мағынасын қате түсінеді. Олар үшін бұл сөз ауыр жұмыс жайлы және мектеп жайлы ұнамсыз естеліктермен байланыстырылады. Осылай, олар өздерін зейін қою қиын жұмыс деп сендіреді. Бірақ, егер де сіз фильм көруден немесе концерт тыңдаудан қуанышты әсер алсаңыз, зейін қою табиғи жолмен келетінін көресіз. Егер де сіз ләззат алатын жұмысқа толыққанды берілсеңіз, онда зейіннің өздігінен жұмыс жасайтынын көресіз.

Зейін қою асыра күш-жігерді талап етпейді, бірақ тәжірибе қажет. Бұл біліктілік. Оны дамытуға болады және оған үйренуге болады. Көптеген біліктілік сияқты, егер де оны жиі пайдалансаңыз, онда ол жетіле түседі. Сонымен қатар, зейінді дамыту барысында сіз ойларыңызды жақсы басқарумен қатар ойыңыздың айқын бола түскеніне көз жеткізесіз.

Миыңызды белгілі бір идеяға немесе ойға назар аударту - ми күшін сәтті пайдаланудың алғышарты болып саналады. Өкінішке орай, егер де сіз миыңызды ешқашан да жаттықтырмаған болсаңыз, оны басқару қиынға соғатынын анықтайсыз: ол тұрақты түрде бір ойдан бір ойға секіріп отырады. Миды жаттықтыра бастаған сәтте бұл бірден анықталады.

Көпшілік ойлағанға қарағанда адам миы тұрақсыз болып келеді. Оны басқару үшін біраз күш-жігеріңізді жұмсау керек. Міне, нақты осыны сіз игеруіңіз керек: сізге қажетсіз ойларды өшіргізіп, өзіңіздің қалаған ойларыңызды тудыруға бағыттау. Адам өзінің әр ойына бағынышты болып, өзін белгісіз бағытта алып жүруге рұқсат берсе, онда адам өзінің қиялының, армандарының, қорқыныштарының құрсауында қалады. Әр ойдың өзінің адамға әсер ететін күші бар. Зейін қоюға үйрену арқылы, біз өзіміздің ойларымызды бақылауға аламыз.

Зейін қоюдың бірнеше тәсілдері арқылы миды нығайтып, оны тәртіпке үйретесіз. Ал, бұл өз кезегінде, бізді ойларымызға мұқият болуды үйретеді.

Зейін қоюды жетілдіру бұлшық етті дамытып, нығайту сияқты. Спортзалда жаттығуды тастап кетсеңіз, кейін алғашқы жаттығу қиын әрі жағымсыз екеніне көзіңіз жетеді. Бірақ, күнде немесе арасына бір күн салып, белгілі бір бағдарламамен жаттықсаңыз, жаттығудың қаншалықты қызық әрі жағымды екенін көресіз. Сонымен қатар, сіз өзіңізді жақсы сезінетін боласыз, шыдамдылығыңыз артып, жалпы денсаулығыңыз жақсарып қалады. Миыңыздың «жаттығу алаңында» да осындай жағдайға тап боласыз. Сіздің миыңыз тәртіпке үйренбеген, сондықтан да зейін қоюдың алғашқы қадамдары қарсыласуға тап болады, әрине, егер де сіз бұған дейін бірнеше уақыт бойы ми жаттығуларымен айналысқандай, бұл жолы нәтижеге қолыңыз жетпейді. Мұны есіңізде ұстаңыз, егер де алғашқы жаттығуларды осындай сәтсіздікке ұшырасаңыз, онда көңіліңіз қалмасын. Шыдамды болыңыз. Бұл біліктілікті игеру үшін өзіңізге уақыт беріңіз. Тұрақты түрдегі жаттығулар ғана оң нәтиже береді, ал нәтиже міндетті түрде болады. Маған сеніңіз.

Ойлау

Менің ойымша, зейін қою біліктілігін жетілдіретін әдістердің ішінде ойлау ең тиімдісі болып саналады. Олар миыңызды жаттықтыруға көмектесіп, сонымен қатар, зерттелетін кез келген проблеманы түсінуге көмектеседі. Ойлауға арналған жаттығулар біздің сабағымыздың ажырамас бөлшегі болып саналады.

Қандай проблема болмасын, ойлау арқылы жоғарыда тұрған идеялар, ақиқаттар, заңдар арқылы өтіп, жасырын жатқан терең мағынаны түсінеміз. Бірнеше ғасырлар бойы суретшілер, ойлап шығарушылар, мистиктер және көріпкелдер осылай өздерінің білімдерін жинақтаған. Терең ойламасаңыз көптеген құбылыстардың жасырын құпияларын аша алмайсыз, сондықтан да адамдардың көпшілігі оларды қоршаған орта жайлы үстіртін ойда жүреді. Фактілерді алға тартып және қисындық дәлелдерді көрсетіп бір пәнді толыққанды білеміз деп қаншама рет өзімізді алдаймыз!

Мүмкін біз бір нәрсені білетін шығармыз, бірақ бұл «бір нәрсе» жалпы картинаның бір бөлшегі ғана болуы мүмкін, әрине, біз бәрін білмейміз.

Бір мысал келтіруге рұқсат етіңіздер. Кішкентай, жасыл кезінде жинап алынған қызанақтың піскен, қып-қызыл шырынға толы қызанақтан қандай айырмашылығы бар? Піспеген қызанақты жеп, сіз қызанақ дәмін білемін дейсіз және оның дәмі ащы, дәмсіз деп айтасыз. Әрине сіздікі дұрыс, себебі сіз тәжірибеде соған көзіңізді жетті. Егер де сіз піскен, шырынға толы қызанақты жеп көрсеңіз, өзіңіздің қателескеніңізді түсінесіз. Сіздің қызанақ жайлы біліміңіз арта түсті, себебі сіз екеуінің де дәмін татып көрдіңіз және айырмашылығын білесіз. Демек, осы кітапты бір рет оқып шығып, ми күші қалай жұмыс жасайтынын білем деп айтуыңыз мүмкін және бұныңыз дұрыс: бұл проблема бойынша сізде негізгі түсініктер пайда болды. Бірақ, кітапты жай ғана оқығанға қарағанда, бұнда келтірілген тәсілдерді тәжірибе жүзінде жасап көру маңыздырақ. Бұны үйреніп алсаңыз, теориялық жағын жақсы білетін адамға қарағанда, сіз ми күшінің құпиясын түсіне алатын кең мүмкіндіктерге ие боласыз. Проблеманы ойлау негізінде ғана оны терең түсінуге болады.

Қалай ойлау керек

Қалта шамы сияқты қажетті ақпаратты табу үшін ойлау кезінде біз өзіміздің миымызды пайдаланамыз. Ойлау дегеніңіз – бұл идеяны, ойды емес ақиқатты алып, оны тереңдеп зерттеп тексеру. Бұл сізге сіз бірнеше рет проблеманың мазмұнын қарастырып, ойлап, жасырын қарым-қатынасты және бұрын елемеген байланысты анықтап жатқанда проблемаға тұрақты түрде зейін қоюға үйретіп, миыңызды тәртіпке үйретеді.

Сізге шабыт беретін нәрсе туралы немесе нені тереңірек түсінгіңіз келгені туралы ойлауға болады. Мысалға, сіз ойлар шынайы күшке ие деген ойды түсінгіңіз келеді. Бақылау үшін сағатты пайдаланып (бұл жаттығуға бес минуттан кем емес немесе он минуттан артық уақыт бөліңіз), «ойлар шынайы күшке ие» деген ойға зейін қойыңыз. Осы ойды тереңірек ойлап, оған толыққанды бой алдырыңыз. Өзіңізге мынадай сұрақтар қойыңыз: «Бұл не мағына береді?», «Бұның астарында не жатыр?», «Мен бұдан пайда көре аламын ба?» Осы жаттығуға бөлген уақытыңызда осы ой туралы ойлаңыз, миға қажетті ойлардан арылуға мүмкіндік бермеңіз.

Егер де сіздің ойыңыз ойлау кезінде басқа жаққа ауып отырса, ал бұлай болуы заңдылық, асықпай ойларыңызды жинақтауға тырысыңыз. Ойлау жаттығуларын жасаудың алғашқы қадамдарында бес минут ішінде сіздің ойларыңыз он-жиырма рет басқа жаққа ауып кетіп отырады. Жаттығу кезінде ойыңызға мүлдем басқа ой келуі мүмкін: өткен өмір туралы естелік, аяқталмай қалған істер, сонымен қатар, түрлі қобалжулар, қиялдар. Бұндай ойлар сіздің назарыңызды сейілтеді. Зейініңіздің негізгі тапсырмадан ауытқуына жол бермеңіз. Ми қажетсіз ойларды ойлап жатқанын түсініп, оларды ұмытып, өзіңіз тоқтаған сәттен бастап ойлауды жалғастырыңыз.

Сіздің миыңыз бұндай тәртіпке және осындай жұмыс жасауға үйренбеген. Оған өзіне ұнайтын ойларға зейін қойған, немесе кез келген ойды ойлаған жеңіл. Уақыт өте келе оның іші пысады, себебі бұл туралы енді ойлаудың қажеті жоқ деп те санауы мүмкін: ойлар алаңдатушылық тудырады. Бұл сезімдерге мән бермеңіз, белгілеген уақыт шектеулігін еске түсіре отырып, оны ойлауға тиісті негізгі тақырыпқа қайтарыңыз. Шын мәнінде, бұл ми үшін өте жақсы жаттығу. Енді ми сізді емес, сіз миыңызды бағыттап, бақылауда ұстайсыз.

Егер де сіз осы жаттығуды бірнеше күн немесе апта аралығында жасап отырсаңыз, онда екі өзгерісті байқайсыз. Біріншіден, миыңызды тәртіпке үйрете отырып және осындай жаттығу жасау арқылы бойыңызда зейін қою қабілетін дамытып, белсенді әрі жасампаз бола түсесіз. Екіншіден, сіздің бұған дейігі шектеулі ойларыңыз, қисындық түсінігіңіз тереңірек бола түседі. Ойлау кезінде қуаныш сезімі және айқындық сезімдері пайда болады, яғни сіздің алдыңызда ақиқат ашылғандай сезімде боласыз. Ойлау кезінде жаныңызда бір парақ қағаз бен қарындаш ұстағаныңыз жөн, себебі миыңызда пайда болған ойларды жазып отырасыз. Сіз ойларды сезім деңгейіне сезетініңізді байқайсыз. Ал, бұл қисындық түсінуден қарағанда әлдеқайда пайдалы. Демек, осылай, сіз проблеманы тереңірек түсіне аласыз.

Мидың жасырын күшін жаттығулар арқылы дамытуға болады; дұрыс және тиімді ойлау қабілеті тәжірибемен келеді. Бүгінгі күннен бастап ойлау жаттығуларымен айналысып, зейін қою қабілетін дамытыңыз. Сізге күшті түйсікке иемін деп ойлаудан немесе ойлар шынайы өмірге әсер етеді деп ойлаудан бастауыңызға болады; немесе толыққанды сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін, осы кітап қамтитын өзге қағидаттар туралы ойлаудан бастаңыз. Сіз қандай ойды ойласаңыз да да сізге үш есе қайтады.


Дереккөз: Джон Кехо. Түйсігіңмен ойлай біл. Аударған: Мырзагелді Кемел. 

Шынайы өмір Шынайы өмір
Біздің өмірімізде болып жатқан жағдайлар – кездейсоқтық емес, өткен өмірімізде біздің санамыздың жұмысының нәтижесі. «Бүгінгінің» тамыры өткен
Түсіну Түсіну
Адамдардың көпшілігі өз жетістіктері мен сәтті қадамдарын түсінгеннен гөрі, өз бойларындағы кемшіліктері мен сәтсіздіктерін көруге бейім. Бір
Сана Сана
Өз ойыңызды шынайылық ретінде қабылдау, оның «материалды өмірмен» қатар өмір сүруін мойындау арқылы, сіз осы екі құбылыстың бірегей байланысын
Шынайы өмірге өзге көзқарас Шынайы өмірге өзге көзқарас
Горацио достым, дүниеде біздің даналарымыздың түсіне кірмеген көптеген нәрселер бар. Шекспир Ми күшін пайдалану үшін міндетті түрде физика заңдарын
Магистрлердің педагогикалық практикасының мақсаты мен міндеті Магистрлердің педагогикалық практикасының мақсаты
Магистранттың осыған дейін алған теориялық білімін тереңдетіп, жоғары оқу орнындағы ұстаздардың кәсіби мамандық тәжірибесін меңгеріп, оқыту мен білім
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×