Жастар порталы
Шынайы өмір
1 290 0 admin

Шынайы өмір

Жан саулығы

Адам болашағы өз қолында; дәл осы уақытта ол адамның жан дүниесінде өмір сүреді.

                                      Абрахам Маслау

Біздің өмірімізде болып жатқан жағдайлар – кездейсоқтық емес, өткен өмірімізде біздің санамыздың жұмысының нәтижесі. «Бүгінгінің» тамыры өткен өмірдің астарында жатыр.

Мынадай үйлестікті қарастырайық: аспанға қарап, жұлдыздарды көргенде сіз, шын мәнінде, олардың өткен өмірлерін көресіз, себебі олардың кейбіреуі жоқ болып кеткен. Жұлдыздар бізден жүздеген және мыңдаған жарық жылдары қашықтығында орналасқан. Бұл жарық жылдамдығы секундына 186 000 миль, ал Жерге жүздеген және мыңдаған жылдардан кейін жетеді. Бұл жұлдыз жиырма бес жыл бұрын жарылған шығар немесе сөніп қалған шығар, бірақ біз жұлдызды көріп тұрамыз. Жұлдыздың өзі өмір сүрмесе де, біз оны тағы да жүз жыл бойы көріп тұрамыз.

Ми күшін пайдаланар кезінде осы үйлестікті есіңізден шығармаңыз, себебі ойларыңызды өзгерткен соң, өзіңіздің өміріңізде шынайылықтың өзгергенін бірден байқамайсыз. Бұл кезде сіз ескі шынайылықта өмір сүріп, өзіңіздің санаңызды дамытатын кезең аралығы, уақыттың бір бөлшегі болады.

Бұл кезең «болатынды күту уақыты» өте маңызды: сіз өзіңіз қалаған шынайы өмірді тудыру мақсатында сіздің іс-әрекетіңіз осы кезде баяу немесе қарқынды болуы мүмкін. Өзгерістер болып жатқанына сіз күмән тудыруыңыз да мүмкін. Уақытым зая кетіп жатыр деп сіз өкінуіңіз де мүмкін. Сіздің миыңыз сізді алдауға тырысады: бәрі мағынасыз, ештеңе болмайды деген ойлар тудырады. Мұндай ойлар қалыпты болып саналады, себебі әркімнің миында осындай ойлар пайда болады. Оларға мән бермей, сабырлылық танытып, бастаған ісіңізді жалғастырыңыз. Есіңізде ұстаңыз, шынайы өмір – бұл процесс; тұрақты, қозғалыссыз дүние емес.

Барлық дүние тұрақты түрде өзге бірдеңеге айналу процесінде. Сіздің өміріңіздегі жағдайлар да өзгеріп отырады, сондықтан да, егер де ойды қайта-қайта қайталасаңыз, оның жаңа шынайы өмірді жасамауы мүмкін емес. Бұл ойланатын жағдай.

Өзіңізді еркін ұстап, негативті ойлардан арылып, осы жаттығулардан ләззат алыңыз. Әр нәрсе өз уақытымен. Уақыт өте келе сіздің өміріңіз табиғи жолмен, еш ауыртпалықсыз өзгере бастайды. Бұл процесті тездетемін деп ойлаудың қажеті жоқ.

Мына ескертпелерді есіңізде ұстаңыз:

1. Әрдайым не ойлап жатқаныңызды түсінуге тырысыңыз. Бүгінгі таңдағы сіздің ойларыңыз сіздің болашағыңызды жасайды.

2. Өмірдің кез келген келеңсіздіктеріне қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз. Егер де сіз жұмыста жоғарыламасаңыз, жеке өміріңіз қолайлы дамымаса, ауру болсаңыз, жұмыссыз жүрсеңіз немесе барлық жағдайлар сізге қарсы болса, онда осының бәрін қалыпты дүние ретінде қабылдаңыз. Бұлай емес деп өзіңізді сендірудің қажеті жоқ. Бұл солай. Өзіңізді аяуға немесе жағдайға қарсы тұруға уақытыңызды кетірмеңіз; олармен ми күші арқылы күресіңіз.

3. Өзіңіз үшін күнделікті «жасау кезеңіңізді» белгілеңіз. Бұл бос уақытта жасалуы керек. Бұл уақытта сіз қажетті энергия қуатын толықтырып алатын кезең болып саналады.

Мен бірде бір компанияға телефон шалып, маған қажетті ақпаратты берулерін сұрадым. Менімен сөйлескен әйел жарты сағаттан соң телефон шалуымды өтінді: «Кешіріңіз, қазір қажетті ақпаратты компьютерден ала алмаймыз, себебі онда бағдарлама жасалып жатыр». Тұтқаны қойған соң, маған мынадай ой келді: «Біз ми күшін осылай пайдаланамыз. Ойша бағдарлама жасап, миымызды сыртқы әсер етушілерге жауып, бағдарламаны қайта-қайта жүргіземіз».

Өзгеріс – жинақтау процесі

Қызыл бояу толтырылған тамызғышты елестетіңіз. Күн сайын су толтырылған құмыраға бір тамшы тамызасыз. Алғашында, сіз ешқандай өзгерісті байқамайсыз: бояу тез арада сіңіп, сумен араласып кетеді. Бірақ, күніне бір тамшы тамызып отырсаңыз, уақыт өте келе, судың ақшыл қызыл, кейін алқызыл түске боялғанын, ақырында қып-қызыл түске айналғанын көресіз.

Жаңа шынайы өмір жасау барысында тамызғыштың орнын сіздің күнделікті «жасау кезеңіңіз» басады, яғни қазіргі өмірдегі күнделікті жұмыстан, қиыншылықтан, шынайы өмірден босайтын уақытыңыз. Бұл кезең бес минуттан жарты сағатқа дейін созылуы мүмкін. Оның уақытын өзіңіз анықтайсыз. Зерттелген әдістерді жиі қолдану арқылы сіз тұрақты түрде күшейе түскен әсерді көресіз. Бұл іске жартылай күшін арнайтын адамдар, тез арада құлдырауға ұшырайды. Ал бар ынтасымен жұмыс жасағандар үшін мүмкін емес ештеңе болмайды.

Сіз көрегендік қабілетіне ие екеніңізге, мықты болып, жағдайлардан жоғары тұра алатыныңызға сене аласыз ба?

Бір күн босатпай, күнделікті түрде өзіңіз қалаған шынайы өмір туралы ойларды нығайта аласыз ба?

Сыртқы көріністе өміріңізде ешнәрсе өзгермесе де сіз тұрақты түрде күнделікті жаттығу жасап, өзіңіздің табысыңызға сенесіз бе?

Егер де «ия» десеңіз, онда қалағаныңызды аласыз. Сіз бұл өмірге батыл қадам жасайсыз, ал ол өз кезегінде сіздің кез келген өтінішіңізді орындайды.


Дереккөз: Джон Кехо. Түйсігіңмен ойлай біл. Аударған: Мырзагелді Кемел. 

Зейін қою және ойлау Зейін қою және ойлау
Көптеген адамдар зейін қою сөзінің мағынасын қате түсінеді. Олар үшін бұл сөз ауыр жұмыс жайлы және мектеп жайлы ұнамсыз естеліктермен
Түйсік Түйсік
Адам миы екі бет-бейнеден тұрады. Менің бұған дейін айтқандарымның бәрі санаға байланысты. Енді, сіздерді мидың екінші жағымен – сиқырлы да тылсым
Сана Сана
Өз ойыңызды шынайылық ретінде қабылдау, оның «материалды өмірмен» қатар өмір сүруін мойындау арқылы, сіз осы екі құбылыстың бірегей байланысын
Астрология Астрология
Астрология (гректің aster – жұлдыз және logos – ілім деген сөзінен құралған) – бұл аспан денелері мен жердің арасындағы қарым-қатынас пен өзара
Өз адамыңды ізде Өз адамыңды ізде
Ықыласты, қайратты, бақытты адамдарды ізде... Олар жұлдыз секілді, басыңды көкке көтермейінше – көре алмайсың. Жұлдызды аспанға қарап тұрып түсінесің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×