Жастар порталы
Қайырымдылық – әлеуметтік институт ретінде
1 053 0 aiko

Қайырымдылық – әлеуметтік институт ретінде

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс

Қайырымдылық – универсалды жалпыадамзаттық құндылық, азаматтық қоғамның маңызды нысындарының бірі. Бұл өнегелік іс және көмек берушінің моральды касиеттері, ол адамдар арасындағы өнегелік қарым-қатынастары, класс, қоғамдық топтың әлеуметтік әділетті қызметі, жалпы қоғамның әділеттірек күйінің көрсеткіші.

Қайырымдылық грек тілінде «eleemon» – «қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті» деген мағына береді, ал шіркеу тілінде ол «Caritabilis» сөзімен айтылып, қайырымдылық мағынасын білдірген. Тертуллиан, Иероним, Августин сияқты христиандар грек тілінен «eleemosyne», яғни біреудің қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру деген сөзді алып қолданған. Ертедегі латын тілінде бұған ұқсас сөз болмаған. Ағылшын протестант діндарлары 1880 жылы ағылшын тілінде жазылған жаңа ілімнің аудармасын қайта қарап, ондағы «caritas» және «love» деген сөзбен алмастырған, яғни «достық», «махаббат» деген сөздерімен береді. Шындығында алғашқы христиан дінінің іс-әрекеті мен ойы соның дәлелі.

Қайырымдылыққа деген көзқарас барлық ғасырларда көптеген әлем мемлекеттерінде бірдей болмады. Мұнда бұл құбылысты зерттеуде әлеуметтік қадамдар ерекше орынға ие. 

Позитивті көзқарас қайырымдылық қызмет бұл – мемлекет уақытында және қажет көлемде жасай алмайтын, қажет ететін адамдарға қиын жағдайда көмек көрсету.

Негативті көзқарас қайырымдылық көмектесумен қатар, адамда кейбір теріс мінездің қалыптасуына әсер етеді. Адамды еңбектен ажыратады және ол қоғамға пайда әкелмейді.

Сонымен, қайырымдылық және меценаттық сынын үш бағытқа бөлуге болады: негативтік, этикалық, утилитаристік. П. Лафарг өзінің «Қайырымдылық» трактатында қайырымдылық пен меценаттық туралы өзінің көзқарасын келтіреді. Ол филантропияны мағынасыз және өнегеліліксіз деп анықтайды, өйткені ол кедейлер мен қамтылмаған адамдардың жағдайын дұрыстамайды, керісінше қиындатып алады. 

П. Лафарг қайырымдылықты дамыту арқылы кедейшілікті, түрғын үй проблемасын және т.б. әлеуметтік ауруларды жояды деген иллюзорлық негіздерден аулақ болуды меңзейтін негативистік бағыт өкілі. 

Утилитаристік сын пайдалылық принципіне сүйене отырып, әділетсіздік пен қайырымдылық туралы мәселелерін алға қояды. Оның мәні – кез келген аз қамтылған адамға көмекке деген құқығын қанағаттандыру және онымен қатар оған проблемаларын өз күшімен шешуге үміт беру. Бұл бағытты Д. Милль ұсынды. Оның ойынша, көмек стимул беретіндей жасалуы қажет. Сыртқы көмек өзіне өзі жасайтын көмек қажеттілігін ауыстырмауы қажет. Бұл принцип Д. Милль пікірінше, қайырымдылық пен меценаттық бағдарламаларын құруда басты критерий болу қажет. Утилитаристік сын толық қайырымдылықты сынаған жоқ, тек оны іске асырудың прагматикалық әдістерін шығаруға тырысты.

Қайырымдылық қоғамдық-әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі қызметтер (функция) атқарады: 

Байланыс қызметі (коммуникативтік). Елімізде құрылған қайырымдылық ұйымдары мен қорларының қоғамның әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына, зейнеткерлерге, мүгедектерге, жетімдірге, көп балалы отбасыларына т.б. көрсеткен көмектері арқасында олармен байланыста болуы. 

. Қайырымдылық ұйымдары мен қорлары мәдени іс-шараларды ұйымдастыруы, еліміздегі білім, ғылым, мәдени орталықтарын, дарынды балаларды қолдап, жеке өнер адамдарының көрмелерін ұйымдастырып өткізуге көмектесу арқылы қоғамда беделге ие болуы. 

Қайырымдылықтың әлеуметтік «есте сақтау» қызметі. Қазақ халқының тереңде жатқан тарихынан тағылым алып, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге шақырып, аталар дәстүрінен үйренуге үгіттеу, ұлтаралық үйлесімділік пен жарасымдылықты насихаттау, қазақ халқы мен Қазақстанды мекендейтін басқа да ұлт өкілдерінің рухани және қолданбалы мәдениетін жаңғыртуға жәрдемдесу. Адамдарды өткен тарихына, киелі мекеніне бас июге шақыру, халқымыздың рухани байлығын білуге көмектесу.

Қайырымдылық әлеуметтік саясаттың бір саласы тұрғысында Қазақстан Республикасы Конституциясында да, басқа бірнеше заңдарда да негізделді. 

Сондықтан қайырымдылық қызметпен айналысқанда заң анықтамаларын басшылыққа алу керек: «Қайырымдылық қызмет деп ерікті азаматтар мен юридикалық тұлғалардың қайтарымсыз немесе жеңілдіктер негізінде азаматтарға және юридикалық тұлғаларға мүлік, қаржы, қызмет көрсету, ақысыз жұмыстар орындау т.б. қолдау көрсетуді айтады». 

Заң қайырымдылыққа анықтама беріп қоймай, сонымен қатар қайырымдылық қызметтің мақсаттарын айқындайды. 

Қайырымдылық қызмет келесі мақсаттар негізінде жасалады: 

-аз қамтылғандардың материалдық жағдайын жақсартуды, жұмыссыздарды әлеуметтік оңалту, мүгедектерді және т.б. қосатын белгілі бір физикалық немесе интеллектуалды ерекшеліктерге т.б. себептерге байланысты өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін өздері іске асыра алмайтын азаматттарды әлеуметтік қолдау мен қорғау;

-халықты экологиялық, табиғи, өндірістік апаттар немесе басқа апат салдарын жеңу үшін дайындау, бақытсыз жағдайлардың алдын алу; 

-апаттар нәтижесінде жарақаттанғандарға немесе әлеуметтік, ұлттық, діни қайшылықтар мен репрессия құрбандарына көмек көрсету; 

-халықтар арасында бейбітшілік, достық және өзара келісімді қатайтуға әсер ету, әлеуметтік, ұлттық, діни конфликтілердің алдын алу, болдырмау;

-ана мен бала, әкелікті қорғауға көмектеседі;

-білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, ағартушылық, тұлғаның рухани дамуына көмек;

-азаматтардың алдын алу және денсаулық саласындағы қызметке көмектесу, сонымен қатар салауатты өмір салтын тарату, азаматтардың моральды-психологиялық күйін жақсарту;

-денешынықтыру мәдениеті салаларындағы және спорттың бұқаралығына көмектесу;

-қоршаған ортаны және жануарларды қорғау; 

-тарихи, мәдени немесе табиғат қорғаушылық маңызы бар объектілер мен территорияларды қорғау және дұрыс ұстау.


Қайырымдылық институтын жетілдіру үшін оған кедергі болатын проблемаларды шешу маңызды. Осыған байланысты келесі қайырымдылық институтын жетілдіру бағыттарын бөліп айтуға болады. 

Құқықтық қадам. Әрине ол қажетті қайырымдылықты ынталандыруға бағытталған заңдар қабылдау қажеттілігі. Ол қайырымдылықты жүзеге асыру үшін бар жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін жетілдіру, жақсарту қажет. 

Әлеуметтік қадам. Бұл жерде әлеуметтену мәселесін айтуға болады, яғни қайырымдылықтың негізі болатын әлеуметтік жауапкершілікті жастайынан тәрбиелеу.

Саяси қадам. Биліктің қоғамдағы қайырымдылық рөлін түсінуімен байланысты. Билік қоғамдағы мүмкін шиеленістерді, жанжалдардың орын алмауына, тұрақты дамуына мүдделі. Бұл шиеленістер, көбінесе, әлеуметттік мәселелердің шешілмеуінен, халықтың әлеуметтік қамтылмауынан, ол үшін мемлекеттің жағдай жасамауынан туындайды. Ал қайырымдылық бұл ретте үлкен көмек беруі мүмкін. 

Моральды-этикалық қадам. Әлеуметтік жауапкершіліктің, соның ішінде қайырымдылықтың сапалы дамуы қоғамның моральды денсаулық деңгейін көрсетеді.


Мәліметтер алынған дереккөздер: Мамытқанов Д.К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және социология сериясы.№4(55). 2015

Христограмма Христограмма
Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында Рим катакомбаларында христограмма белгісі пайда болды. Христограмма – бұл Иса Мәсіхтің монограммасы, яғни грек
Ертехристиандық айқыштар Ертехристиандық айқыштар
(Зәкіртәрізді айқыштың түрлері)  Зәкіртәрізді айқыштың пайда болуы апостол Павелдің есімімен байланысты. Ол өз жолдауларында жандарына мықты, әрі
Орта ғасырдағы қауіпсіздік туралы философиялық көзқарастар Орта ғасырдағы қауіпсіздік туралы философиялық
Ортағасырлар ойшылдарының пікірлерінің қазіргі көрінісі Ежелгі дүниедегі секілді осы кезеңге дейін жеткен деректер негізінде нақтыланды. Бұл кезең
ХРИСТИАН ДІНІ: ДІНИ ІЛІМІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ТАРИХЫ ХРИСТИАН ДІНІ: ДІНИ ІЛІМІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ТАРИХЫ
Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар.  Христиандық православие, католицизм,
Бес парыздың бірі - зекет Бес парыздың бірі - зекет
    Зекет араб тілінде «көбею, өсу, тазалық» деген мағыналарды білдіреді. Зекеттің парыз болу шарты: балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, қарызы жоқ,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×