Жастар порталы
Жас жұбайлардың отбасылық өмірге бейімделу мəселесі
979 0 aiko

Жас жұбайлардың отбасылық өмірге бейімделу мəселесі

Психология

«Жас отбасы» - күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру процесі басталады яғни некенің алғашқы кезеңі отбасылық интеграциямен жəне адаптациямен сипатталады. Интеграция - бұл өз еркімен бірігу, ерлі-зайыптылар əртүрлі отбасылық өмірдің аспектісі бойынша позицияларын, көзқарастарын жəне пікірлерін сəйкестендіру. Осыған мынандай маңызды сұрақтар жатады: өзара қатынас жасау стилі; материалдық-тұрмыстық, отбасылық бюджет мəселелері; рухани өмір мен демалысты өткізу; интимды өмір, баланы күту жəне оның туылуы; ата-анамен өзара қатынасы, ерлі-зайыптылардың кəсібке жəне қоғамдық ісəрекетке, қоғамдық құндылықтарға деген қатынасы. Отбасының интеграциясының сəттілігі бейімделусіз өтпейді [1]. 

«Бейімделу» термині кең мағынада – бұл қоршаған ортаға бейімделу дегенді білдіреді. Бейімделу процесінің екі деңгейі бар, ол биологиялық жəне психологиялық. Биологиялық - бұл организмнің физикалық ортадағы өзгерістерге, ал психологиялық – бұл адамның тұлға ретінде қоғамның талаптарына бейімделуі. Психологиялық бейімделу - социумның құндылықтары мен нормаларын игеру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі көріністеріне адамның қоршаған ортамен өзара əрекеттесуі яғни қарым-қатынас жəне белсенді іс-əрекет жатады.

Отбасына бейімделу жоғарыда көрсетілген компонеттерді қосады жəне отбасылық өмірмен танысу процесінен басталады. Ал, ерлі-зайыптылардың бейімделуі деп отбасылық өмірге немесе күйеуі мен əйелінің бір-біріне бейімделуі процесін атаймыз. Осы кезең күрделі, өйткені жас ерлі-зайыптылардың тұлғасында өзгерістер болады, қажеттілік мотивациялық сфералары қайта құрылады, жаңа өзіндік сана деңгейі қалыптасады, əлеуметтік ортамен жаңа байланыстар жасауды (қарым-қатынас) қажет етеді. 

Е.С. Калымова отбасылық өмірдің алғашқы жылының мəселелері туралы айта отырып былай дейді, «бірлесіп өмір сүрудің алғашқы бір-екі жылында – қарым-қатынастың индивидуалды стереотиптері қалыптасады, құндылықтар жүйесі сəйкестендіріледі». Осы кезеңде келесі міндеттер шешіледі: 

- отбасы құрылымының қалыптасуы, 

- ерлі-зайыптылардың арасында функциялардың (рөлдердің) бөлінуі, 

- жалпы отбасылық құндылықтарды қалыптастыру. 

А.Н. Волкова мен Е.И. Трапезникованың ойынша, жас отбасына бала туылғанға дейін кезеңде өзінің отбасылық əдет-ғұрпын құру қиыншылығы, терең танудың нəтижесінен бірбірінен көңіл қалу тəн жəне отбасылық функцияларды бөлуде, туысқандарымен өзара қатынас жасау, материалдық жəне экономикалық мəселелерге байланысты конфликт пайда болады. В.П. Левкович пен О.Э. Зуськова бойынша жас отбасында конфликттің пайда болуына ерлі-зайыптылардың некеге дейінгі кезеңде қалыптасқан күтімдері əсер етеді. Жас ерлі-зайыптылар үшін бір-біріне деген жоғары күтімдер тəн, ал осы күтімдер ақиқатпен сəйкес келмеген жағдайда конфликттің пайда болуына негіз болады. 

Кеңес авторларының (Т.А. Гурко, В.В. Меньшутин, Г. Навайтис) бір қатар зерттеулері бойынша жас отбасына жұбайын идеализациялау тəн. Ал басқа мəліметтер бойынша бұл ерекшелік тек қана жас отбасына емес сонымен қатар отбасының дамуының басқа этаптарына да тəн. 

Некеге тұрған жас адамдар үшін отбасылық өмірді идеализациялау тəн. Олар отбасылық өмірден ең алдымен өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктерінің қанағаттануын күтеді. 

Бейімделу процесі өзіне келесі компонентерді қосады: 

- ерлі-зайыптылардың тұлғалық ерекшеліктерінің сəйкестілігі; 

- əртүрлі өзара əрекеттесу сфераларында күйеуі мен əйелінің қажеттіліктерінің өзара қанағаттануы; 

- өзара қатынас жасау стилінің болуы; 

- ерлі-зайыптылардың отбасылық құндылықтары мен рөлдік бағдарының сəйкестенуі [2]. 

Ерлі-зайыптылардың қатынасының сипаты олардың отбасылық құндылықтарымен ролдік көзқарастарының яғни кім белгілі бір отбасылық сфераны жүзеге асыруының сəйкес келу деңгейіне тəуелді. Отбасылық функциялар тұлғаның санасына ене отырып, отбасылық құндылықтардың бағдары ретінде көрінеді. Құндылықтар иерархиялық шкаланы қалыптастырады. Ерлі-зайыптылар отбасылық құндылықтар шкаласына сəйкес белгілі бір отбасылық функцияны бірініші орынға шығарады. Отбасылық құндылықтардың əртүрлі болуы, ерлі-зайыптылардың рөлдік сəйкес келмеуінің бір себебі болып табылады. Ерлізайыптылардың отбасылық құндылықтарының сəйкес келмеуінің себебі – бұл олардың отбасындағы тəрбие ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. 

Отбасылық құндылықтардың сəйкестігі ерлі-зайыптылардың рөлдік мінез-құлығының əр түрлі болуына кепілдік бермейді. Ерлі-зайыптылардың рөлдік мінез-құлығының адекваттылығы рөлдік күтімдердің (күйеуімен əйелінің отбасындағы белгілі бір функцияны белсенді түрде орындауға деген бағдары) рөлдік талаптануыға (ерлі-зайыптылардың отбасылық рөлді орындауға деген дайындық) сəйкес келу деңгейіне байланысты. 

Рөлдік күтім – бұл ерлі-зайыптылардың отбасылық міндеттерді орындауға деген бағдары (нұсқау), ал рөлдік талаптану бұл əйелі мен күйеуінің отбасылық рөлдерді атқаруға деген жеке дайындығы.

Негізгі отбасылық функцияларды жүзеге асыратын рөлдік бағдар адамда некеге дейінгі кезеңде қалыптасады. 13-17 жастағы оқушыларда отбасылық құндылықтар, рөлдік мінезқұлық моделі туралы көзқарастар қалыптасады. Жастарда болашақ отбасылық өмір туралы көзқарас ата-аналық отбасының əсер етуімен қалыптасады. Анасының рөлдік мінез-құлығы қызының болашақта əйел жəне ана рөлін орындауға əсер етеді, ал əкенің рөлдік бағдары баласында болашақ отбасылық өмірде жүзеге асыратын рөлдік мінез-құлығын қалыптастырады. 

М. Земсканың пікірінше ерлі-зайыптылық бейімделудің бірнеше деңгейі бар: 

- отбасындағы мінез-құлық стилін, неке туралы көзқарастарды міндетті түрде анықтау керек емес деп санайтын ерлі-зайыптылар. Осындай адамдарға жаңа мінез-құлық үлгісімен құндылықтар жүйесін шеттету тəн. Оларға мынандай тұлғалық қасйеттер тəн: басымдылық, ригидтілік, өзімшілдік, эмоционалды сезімтал еместік, авторитарлық. Тұлғаның осындай индивидуалды ерекшеліктері мен бағдары бейімделу процесіне кері əсерін тигізеді; 

- өз жұбының мінез-құлық стиліне шыдамдылықпен қарайтын ерлі-зайыптылар. Осындай бейімделу типі бірге өмір сүруге мүмкіндік береді, бірақ тұрақты ерлі-зайыптылық қатынас орнамайды; 

- көптеген ерлі-зайыптылар бірге өмір сүру барысында бір-бірінің мінез-құлық стилін қабылдайды; өз жұбайының жеке даралығын мойындай отырып, құндылықтар жүйесін бірдей түсіне бастайды. Бейімделудің осындай түрі адамның тұлғалық ерекшеліктерін мойындауға, өзара сыйластыққа алып келеді; 

- кейбір некеде ерлі-зайыптылардың бірі өзінің бұрын қалыптасқан отбасылық көзқарасынан толық бас тартып, өз жұбайының жаңа көзқарасын қабылдайды. 

Егер де ерлізайыптылардың бірі неке-отбасылық қатынасты түсіне отырып өзінің негативті бағдарынан бас тартқан кезде ғана осындай процесс нəтижелі болады. Ерлі-зайыптылардың бірігіп құндылықтарды іздеуі интеграция үшін де, бейімделу үшін де басты болып табылады. Сондықтан да олар өзара байланысты жəне бірін-бірі толықтырып отырады. Шынайы бейімделу - бұл басқа адамға сыйластықпен жəне шыдамдылықпен қарау, өзінің адамдық жетістігіне зиян тигізбей отырып ол адамға пайда алып келу. Бірақ бұл екі ерлі-зайыптыға да тəн болу қажет [3]. 

Жас ерлі-зайыптылардың тұлғааралық қатынасының қалыптасу процесі жəне олардың бір-біріне бейімделуі бірнеше факторларға байланысты. 

Жұбының тұлғалық ерекшеліктерін қабылдау жəне адекватты түсіну. Жас ерлізайыптылардың перцептивті ерекшеліктерін зерттеу барысында, олар бір-бірінің тұлғалық ерекшеліктерін объективті түрде бағалайтыны анықталды. Сонымен бірге əйелдерде ер кісіге қарағанда, жұбайларының идеалды жəне реалды бейнесінің арасында сəйкессіздік байқалады. Тұлғаның идеалды бейнесіне мынандай компоненттер кіреді: адалдылық, шынайылық, күштілік жəне төзімділік, қайырымдылық. Əйелдердің пікірінше «идеалды» жұбай бұл эмоционалдық – жігерліке, моралдық-адамдық қасиеттерге ие болуы қажет. Күйеуінің реалды жəне идеалды портреттерінің арасында айырмашылықтар болған кезде əйел күйеуін өз идеалына сəйкес тəрбиелей бастайды, осының нəтижесінде тұлғааралық конфликт пайда болуы мүмкін. 

В.А.Сысенко неке-отбасылық бейімделу концепциясын ұсынды. Оның негізін ерлізайыптылардың мінез ерекшеліктері жəне осыдын шығатын олардың бейімделулік мүмкіндіктері құрайды. Автор бейімделу деңгейі бойынша адамдарды төрт топқа бөліп көрсетті: 

- жоғары деңгейде бейімделе алатын тұлғалар; 

- бейімделу деңгейі орташа; 

- бейімделу деңгейі төмен; 

- дезадаптацияланған. 

Ол жалпы бейімделулік еркешеліктерге мыналарды жатқызды: 

- ынтымақтастыққа деген қабілеттілік; 

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- басқа адамдарды эмоционалды жəне рационалды түрде түсіну қабілеттілігі; 

- өз-өзін бақылау жəне өз-өзін тану қабілеттілігі; 

- жағдайға байланысты адекватты мінез-құлық типін таңдау шеберлігі. Автордың ойынша осы қабілеттердің дамуы неке-отбасылық бейімделудің сəттілігін анықтайды. 

В.А. Сысенко неке-отбасы қатынас сфераларындағы тұлғаның бейімделу құрылымын келесіндей анықтайды: 

- физиологиялық бейімделу яғни соның қатарында сексуалды; 

- жұбайының мінезіне, темпераментіне бейімделу; 

- отбасылық ролдерге, жаңа міндеттерге, құқықтарға, неке одағындағы еңбектің бөлінуіне бейімделу; 

- жұбайының өмір стиліне, қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, əдеттеріне бейімделу; 

- жұбайының мақсатын жəне өмірінің мағынасын түсіну, оның негізгі құндылықтарына, «өмірлік философиясына» бейімделу. 

Кейбір неке-отбасылық бейімделу сипаттамалары əлеуметтік перцепция зерттеулері бойынша карастырылады. Осы бағыттың жұмыстарында жас ерлі-зайыптылардың 1,5 - 2 жылға созылған бейімделу кезеңінде тұлғааралық қабылдау ерекшеліктерінде айтарлықтай өзгерістер болатындығы туралы айтылады. Болашақ жарды таңдау бір қатар факторлардың əрекеттесуімен анықталынады, соның ішінде əр адамда болатын болашақ жары туралы иеалды көзқарасты айтуға болады. Иеалды көзқарасты қалыптастыруға əдебиеттер, кино кейіпкерлері, əлеуметтік стереотиптер жəне референтті топтың идеалы əсер етеді. Жұбайына деген көзқарастың адекваттылығы неке одағында өз зайыбының реалды жəне күтілетін мінез-құлық арасындағы сəйкестікті қамтамасыз етеді, ал бұл отбасындағы адаптацияның жүзеге асуы үшін маңызды. 

Сонымен неке-отбасылық бейімделу ерлі-зайыптылардың бір-біріне, отбасылық өмірге бейімделу процесі ретінде қарастырылады, осының нəтижесінде тұрақты отбасылық əдетғұрып, тұрмыстық, психологиялық рөлдер бөлінеді, бір-бірімен қарым-қатынас жасау стилі т.б пайда болады. Екі əр түрлі «меннің» «біз» бірлігіне бірігуі ерлі-зайыптылардың бірін-бірі танудан жəне түсінуден басталады. Əрине бұл некеге дейінгі кезеңде басталады. Жастар некеге дейін бір-бірі туралы көп нəрсені біліп үлгерді, бірақ некеге дейінгі «көп» бұл айсбергтің жоғарғы бөлігі ғана. Бір-бірін сүйгендер əдейі немесе еріксіз түрде бір-біріне көбірек ұнау үшін жақсы жақтарын ғана көрсетеді. Ал күнделікті бірігіп өмір сүру ерлізайыптылардың тек қана жақсы қасиеттерін емес сонымен бірге негативті жақтарында көрсетеді. 

Ерлі-зайыптыларға отбасының басшысы туралы сұрақты шешуге тура келеді. Осы жерде отбасылық рөлдердің бөлінуінің үш типін бөліп көрсетуге болады: авторитарлы; автономды – күйеуімен əйелі рөлдерді бөледі жəне бір-бірінің əрекетіне араласпауға ұмтылады; демократикалық отбаслық рөлдер теңдей бөлінеді [4]. 

Американ зерттеушісі К. Крикпатрик үш негізгі отбасылық рөлдерді бөліп көрсетті: 

- дəстүрлі рөл осы жерде əйел үй шаруасымен, бала тəрбиелеумен, айналысады; күйеуіне бағынады жəне оған материалды тəуелді; оның іс-əрекет сферасы шектеледі. Ал ер кісі отбасын қорғап, экономикалық қамтамасыз етеді; отбасында билігін жүргізіп жəне қадағалап отырады; негізгі шешімдерді қабылдайды; ажырасқан жағдайда отбасын алиментпен қамтамасыз етуі қажет; 

- серіктестік рөл əйелден сыртқы сүйкімділікті сақтауды; моралдық қолдауды мен сексуалды қажеттіліктерді қамтамасыз етуді; күйеуімен қызықты рухани қарым-қатынас жасауды талап етеді. Ал ер кісіден əйеліне рыцарлық қатынас жасауды; романтикалық махаббатпен нəзіктікті; əйелін материалдық қамтамасыз етуді; бірлесіп демалысты өткізуді талап етеді; 

- партнерлық рөл ерлі-зайыптылардан отбасын бірігіп экономикалық қамтамасыз етуді; баланы тəрбиелеуді екеуі де жауапкер болуын; бірге тұрмыстық сұрақтарды шешуді талап етеді. Жас отбасының топтасуы ерлі-зайыптылардың сəйкестігіне байланысты. Көбінесе оның негізінде əлеуметтік позицияның, психологиялық жəне антропологиялық процестер мен қасиеттердің сəйкес келуі жатыр деп түсіндіреді. Сонымен бір адамның басқа адамға сəйкестігі яғни олардың өмірге деген көзқарастарының, құндылықтарының, бағдардың, қызығушылықтарының үндесуі. 

Ерлі-зайыптылық сəйкестіктің келесі негізгі түрлерін бөліп шығарады: əлеуметтік, психологиялық, сексуалды жəне отбасылық-тұрмыстық. Əлеуметтік сəйкестік – бұл дүниетанымның, негізгі құндылық бағыттылығының (идеалдар, сенімдер, қызығушылықтар) ұқсас болуы. Ол өзіне өмірдің мəнін түсінуді, еңбекке, адамға, қоғамға, өзіне деген қатынасты қосады. Əлеуметтік сəйкестікке білім деңгейі, қажеттіліктер құрылымы, тіпті адамның кəсіби іс-əрекеті де əсер етеді. Əлеуметтік сəйкестік жоғарыда көрсетілген компоненттер ұқсас болғанда жүзеге асады. Əлеуметтік сəйкессіздік яғни ерлізайыптылардың көзқарастарының, идеалдарының, өмірлік жоспарларының, құндылықтарының əр түрлі болуы отбасының құлауына алып келуі мүмкін. Психологиялық сəйкестікке жұбайлардың мінезі, темпераменті жатады. Отбасылық-тұрмыстық сəйкестік бұл отбасының өмір сүру стиліне, рөлдерді бөлуге деген көзқарастардың ұқсас болуы. Сонымен сəйкестік түрлері өзара байланысты жəне бірін – бірі толықтырып отырады [5]. 

Жас отбасының мəселелерін талдау барысында мамандар мынандай қорытындыға келеді: неке құрған жігіттер мен қыздар бірлесіп өмір сүру барысында кездесетін қиыншылықтарға толық дайын емес, ерлі-зайыптылық кемелдену жеткілікті деңгейде дамымаған. М.Земска бойынша физикалық, психикалық жəне əлеуметтік кемелдену түрлері бар. Физикалық кемелдену адамдарға ана жəне əке болуға мүмкіндік беретін, организмнің биологиялық даму деңгейі. Осы кемелдену түрлерінің маңыздысы бұл психикалық жəне əлеуметтік кемелдену болып табылады. Психикалық кемелдену бұл ақыл-ой мен эмоционалдық деңгейдің дамуы, адамның басқалар үшін жауапкершілікті алу қабілеттілігі. Психикалық кемелденудің көрсеткіші жетілген махаббат сезімі болып табылады. 

Қорытындылай келе, отбасылық өмірге бейімделу, қарым-қатынас ерекшеліктеріне тəуелді болады, яғни қарым-қатынас деңгейі төмендеген сайын жұптар арасындағы конфликтік жоғарылап, бейімделу деңгейіне теріс əсер етеді. 


Әдебиеттер

1.Шнейдер Д.Б. Психология семейных отношений. – М.: Апрель-Пресс, 2000. – 236 с.

2.Эйдемиллер Э.Г., Юстицкис В.В. Психология и психотерапия семьи. –СПб: Питер, 2000. – 112 с.

3.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. - М.: Просвещение, 1991. –158 с.

4. Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории, методологии и методики.- М.: Наука, 1989. - 111 с.

5. Андреева Т.В. Семейная психология. – СПб.: Речь, 2005. – 96 с.


Мәліметтер алынған дереккөздер: Махамбетова А.Б. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және социология  сериясы.  №1(36).

Ерлі-зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық құбылыс ретінде Ерлі-зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық
Қазіргі таңда отбасын тұрақтандырудың манызды құралы болып ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсарту, некемен қанағаттану деңгейін көтеру болып
Медиа дизайн негіздері Медиа дизайн негіздері
Медиадизайн дегеніміз жалпы айтқанда: жоба, сурет, нобай мағынасын білдіреді [1]. Біздің ойымызша, ол – əсемдік заңына, эргономика жəне бионика
Жас отбасындағы ажырасудың психологиялық негіздері Жас отбасындағы ажырасудың психологиялық негіздері
Көптеген мамандардың пікірінше, қазіргі заманғы қазақстандық отбасы шынайы дағдарысты кешіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі,
ОТБАСЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ОТБАСЫ ТИПОЛОГИЯСЫ
Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу ерекшеліктері,
ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазіргі отбасы және оның мәселелері психология, педагогика, әлеуметтану, демография, экономика сияқты бірқатар ғылымдардың зерттеу нысанына айналып
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×