Жастар порталы
Ерлі-зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық құбылыс ретінде
1 303 0 aiko

Ерлі-зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық құбылыс ретінде

Психология

Қазіргі таңда отбасын тұрақтандырудың манызды құралы болып ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсарту, некемен қанағаттану деңгейін көтеру болып табылады. 

Жұбайлардың өзара қабалдауының өзгеруі неке өткелінің өсуімен байланысты болады. Ерлізайыптылардың қатынасының сипаты олардың отбасылық құндылықтарымен рөлдік көзқарастарының, яғни кім белгілі бір отбасылық сфераны жүзеге асыруының сəйкес келу деңгейіне тəуелді. 

Отбасылық функциялар тұлғаның санасына ене отырып, отбасылық құндылықтардың бағдары ретінде көрінеді. Құндылықтар иерархиялық шкаланы қалыптастырады. Ерлі-зайыптылар отбасылық құндылықтар шкаласына сəйкес белгілі бір отбасылық функцияны бірінші орынға шығарады. Отбасылық құндылықтардың əртүрлі болуы, ерлізайыптылардың рөлдік сəйкес келмеуінің бір себебі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың отбасылық құндылықтарының сəйкес келмеуінің себебі – бұл олардың отбасындағы тəрбие ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Отбасылық құндылықтардың сəйкестігі ерлізайыптылардың рөлдік мінез-құлығының əр түрлі болуына кепілдік бермейді. Ерлі-зайыптылардың рөлдік мінез-құлығының адекваттылығы рөлдік күтімдердің (күйеуімен əйелінің отбасындағы белгілі бір функцияны белсенді түрде орындауға деген бағдары) рөлдік талаптануға (ерлізайыптылардың отбасылық рөлді орындауға деген дайындық) сəйкес келу деңгейіне байланысты [1]. 

Н.Н. Обозова, А.Н. Абакумова, Т.М. Трапезников ері мен зайыбының реалды жəне қабылданатын сəйкестіктері жеке мінездеме бойынша олардың сəйкестігін анықтайтын маңызды фактор екенін айтқан. Ерлі-зайыптылардың өзара бағалауының адекватты болмауы отбасылық қайшылықтарының себептерінің бірі болады. 

А.Г. Шмелев əйелдер үшін эмоционалды көрінулердің маңыздылығын, ал ерлер үшін рационалды көрінулердің маңыздылығы жоғары екенін айтқан. Мысалы, шиеленісті жағдайларда əйелдер өздерін эмоционалды жағынан жоғары бағалайды (бəрін ашық айту, нəзіктік, қобалжу), ал ерлер рационалды жағынан (саналылық, өзіне сынмен қарау), яғни олар бір жағдайда əртүрлі психологиялық кеңістікте болады [2].

 Некемен қанағаттану деңгейі өзгерген сайын ерлі-зайыптылар жанұядағы тұлғааралық қарымқатынастың өзгергені туралы айтады. Үйде балалардың болуы ерлі-зайыптылар арасында өзара əрекеттің сапалығына əсер етеді, ол балалармен байланысты міндеттер əсерінен қиындай түседі. В.С. Миллер, Е.М. Дувал бойынша некемен қанағаттануға бала емес, ал сол баланың қай даму кезеңінде болуы əсер етеді. Егер кішкентай сəби болса ол отбасын біріктіреді, екі ата-ана да оны белсенді түрде қараулары керек. 

В. Сатир бойынша адам некеге отыру арқылы өз өмірін жаңа мағынамен толықтырғысы келеді. Тек өте ерекше адам ерекше себептер арқылы саналы түрде неке оның өмірін одан əрі жаман қылатының біле тұра некеге отырады. Адамдар тұрмыс құрғаннан кейін олардың өмірі жақсы жəне қызықты болатынына үміттенеді. Үміттері үзілгеннен кейін некеге шынайы қауіп туады, бірақ көп адамдар өздері махаббатпен некелескенін айтады. 

Отбасын əлеуметтік институт ретінде қарауда жұбайлардың сəйкестігіне көңіл бөлу керек. Некедегі сəйкестік факторы үшін бірлескен іс-əрекеттен қылыптасқан қатынастың тұлғааралық қанағаттануы маңызды. Ерлі-зайыптылардың сəйкестігін зерттеуде ері мен зайыбының көп аспекті өзара байланыстың жиынтығын талдау керек, онда ерлі-зайыптылардың сəйкестік критерийлері көп болады, өйткені біреуі екіншісінің алдында өз тұлғасының көп қырларын ашады. Бұл сəйкестік физиологиялық, психологиялық, əлеуметтік-психологиялық, əлеуметтік болады.

Сəйкестіктің индивидуалды психологиялық сипаттамалар ішінде келесі деңгейлерін бөледі [3]: 

1. Əлеуметтік (əлеуметтік-экономикалық статус, мамандығы, білімі). 

2. Əлеуметтік-психологиялық (құндылықты бағдарлары, мақсаттары мен позицияларының ұқсастығы, тұлғааралық статус). 

3. Психологиялық (мінез, интеллект жəне тұлғаның басқа да қасиеттері). 

4. Психофизиологиялық (темперамент, эмоционалдылық, ағза реактивтілігі). 

Отбасылық қатынас психологиясының негізгі проблемаларының бірі некенің сəйкестігін жəне оған əсер ететін факторларды анықтау. Бұл параметрлерді ескермей отбасы психологиясындағы маңызды зерттеулерді жүргізу мүмкін емес. Бұл зерттеулерді жүргізбей ерлі-зайыптылардың өз некелерін қалай бағалайтынын анықтау жəне отбасылық кеңес беруде ерлі- зайыпты қатынасты тиімді диагностикалау мүмкін емес. Некенің сəттілігін анықтайтын көптеген ыңғайлар бар. Олар шартты түрде екі негізгі – əлеуметтік психологиялық жəне психологиялық деп бөлуге болады. Əлеуметтік психологиялық ыңғай бойынша ерлі-зайыптылар қатынасының сəттілігінің көрсеткіші болып некенің сақталу фактісі, яғни ажырасудың болмауы болады. Бұл мінездеме некенің тұрақтылығы деп аталып, демографиялық, əлеуметтік, заңдық зерттеулерде кеңінен қолданады. Ғылыми кітаптарда оның аналогиялары, мысалы отбасы интакттілігі қолданылады. Бұл мінездеменің көптеген ыңғайлы жағы бар, мұнда өлшеу проблемалары болмайды, тек ерлі-зайыптылардың ажырасқан немесе ажыраспағандығын білсе жеткілікті.

Психологиялық көзқарас бойынша ерлі-зайыптылар некеде қаншалықты бақытты, өзара қатынасын қалай бағалайтыны туралы некенің сақталуы ешнəрсе айтпайды. Психологиялық ыңғай бойынша адамның некеге қатынасын анықтау маңызды болады. 

Қазіргі отбасы психологиясын зерттеулер негізінде бақытты жəне бақытсыз некелерді дифференциациялайтын көптеген мінездемелер бөлінген. Жүйеленген түрде олар неке сапалығы моделінде американдық зерттеушілер Р.А. Левис жəне Дж.Б. Спаниермен көрсетілген. Сəтті жəне сəтсіз некелерді бөлу үшін бұл авторлар 200 жұмыс негізінде некенің жоғары сапалығымен байланысты 47 мінездемені бөлді. Оларды үш топқа: некеге дейінгі, əлеуметтік-экономикалық, ерлі-зайыпты аралық факторлар деп бөлді. Некенің сапалығы моделі авторлары өздері бөлген параметрлер ерлізайыптылардың тұлғааралық қатынастағы сəйкестік жəне келісім деңгейін мінездейтінін айтқан. Келісім принципі ерлі-зайыптылардың тұлғааралық қатынасының сапалығын зерттеудің құралдарының негізіне жатқызылған. Олар ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас сəттілігіне əсер ететін сегіз параметрді бөлген [4]: 

1. Қарым-қатынас барысында ерлі-зайыптылардың өзіндік ашылуы жақсы болған сайын ерлізайыпты қатынас жақсы дамиды. Бұл ері мен зайыбы сəтті тұлғааралық қарым-қатынас процесінде бір-біріне барлық ойларын, сезімдерін ашық айтып, оны сынауынан қорықпау керек. 

2. Қарым-қатынас процесі барысында ортақ күтілімдер мен ұстанымдардың көрінуі мүмкін. Қарым-қатынас арқылы ерлі-зайыптылар қоршаған орта жəне адамдар туралы көзқарастарының ұқсастығын сезінулері керек. 

3. Жұбайлар арасындағы вербалды емес коммуникация нақты болған сайын тұлғааралық қатынас сəтті болады, яғни некедегі бақытты ерлізайыптылар бір-бірінің айтқандарын дұрыс түсініп қана қоймай, позаларын, жестарын, бет қимылдарын, көзқарастарын сөзсіз түсініп отырады. 

4. Жұбайлардың тұлғааралық қатынасының сəттілігінің маңызды факторы болып ортақ символдардың болуы табылады. Олар əртүрлі формада ешкімге түсініксіз тілдің болуы, бірбірін жағымды атпен атау, жанұялық дəстүрлері жəне салттары. 

5. Тұлғааралық қарым-қатынас сəтті болған сайын, тұлғааралық қатынас жалпы жақсы дамиды. Бұл бақытты жұптар бір-бірімен жиі қарымқатынасқа түсетіндігін көрсетеді. 

6. Сəтті некелерде тұлғааралық қарым-қатынас арқылы ерлі-зайыптылар ерлі-зайыпты рөлдерді қабылдаудағы өздерінің ұқсастығын, сондай-ақ отбасындағы алатын позицияларын дəлелдейді. 

7. Ерлі-зайыптылар қатынасының тағы да бір мінездемесі ерлі-зайыптылар арасында терең өзара түсінушіліктің болуы. Бұл жұптар бір-бірінің көзқарастары мен мінез-құлықтарын сынамай қабылдауын көрсетеді. 

8. Ерлі-зайыптылардың тұлғааралық қатынасы өзара эмпатияны көрсеткен жағдайда сəтті болады. 

Жұбайлардың əрқайсысы ері мен зайыбында қандай міндеттер мен құқықтар бары туралы өз ойлары болады. Жұбайлардың бір-бірімен келісуі мен кооперациясы олардың арасындағы келісімге байланысты, ол əртүрлі өмірлік жағдайларды бірдей бағалау, ортақ қызығушылықтарын, бастан кешірулерін түсінуді есепке алуға негізделген. Неке тұрақтылығының бір факторы болып жанұядағы еңбекті келісіммен бөлу табылады. Отбасы өмірінің əр кезеңінде үй еңбегінің көлемі өзгеріп тұрады. Еңбекті бөлісуде қайшылықтар болуы мүмкін, ол ерлі-зайыптылар өмірінің сəттілігін бұзады. 

Некемен қанағаттану ерлі-зайыптылардың əртүрлі өмірлік жағдайларда өздерін қалай ұстауына байланысты. А.С. Шилова ерлі-зайыптылардың өз бос уақыттарын өткізуі мен некемен қанағаттанудың өзара байланысын көрсеткен. Жанұя ішіндегі жақсы қатынастың маңызды көрсеткіші болып ерлі-зайыптылардың ортақ достары болуы табылады, көп жағдайда ерлі-зайыптылардың некемен қанағаттанбауы достарының бөлек болуында көрінеді. Тұрақты отбасында ерлізайыптылар көп жағдайда өздерінің бір-біріне қатынасын махаббат деп, ал тұрақсыз отбасыларда əдет немесе немқұрайлық деп көрсетеді. Жас жұбайлардың өмірінің сəттілігін анықтайтын негізгі жəне маңызды факторлардың бірі ерлі-зайыптылардың өздерінің неке институтын түсінуі жатады. Бақытты неке шарттарының біріне отбасылық өмірге дайындықты жəне ата-аналарымен жақсы қатынасты ұстап тұруды да жатқызуға болады. Ата-аналары некеде бақытты болған адамдардың некелері де бақытты болу мүмкіндігі жоғары. Сонымен қатар некеге отыру жасы да үлкен əсер етеді. Жиырма бір жасқа дейінгі некелер көп жағдайда ажырасумен аяқталады [5].

Сəтті некенің маңызды факторларының бірі – өмірлік жолдасын дұрыс таңдау болып табылады. Бірдей көзқарастары мен ұстанымдары, құндылықтары бірдей адамдар арасында шиеленістер аз болады. Эмоционалды тұрақтылық жəне жоғары өзіндік бағалау сəтті жанұялық байланыстың алғышарты болады. Өзіндік бағалауы төмен адамдар, олардың «мен» концепциясын қолдайтын адамды іздейді. Неке ерлі-зайыптылардың шыдамдылығын жəне өзара түсінушілігін талап етеді, тек осы жағдайды сəтті болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы жылдары ерлі-зайыптылар бір-біріне жəне өзінің жаңа өмірлік статусына бейімделеді. Ерлі-зайыптылардың біреуі бұрынғы əдеттеріне оралуы мүмкін, бұл екінші жұпқа əсер етуі мүмкін. Некеге отырған кезде жарының сезімдерін есепке алу керек. Неке үшін тиімді коммуникация дағдысы өте маңызды. Некеге отырғаннан кейін ерлі-зайыптылардың көбісі өз жұптарын қайта тəрбиелей аламыз деп ойлайды. Ерлі-зайыптыларды өз жарларының əдеттері немесе көзқарастары кері əсер етуі мүмкін. Некедегі келісімге келу егер, ерлі-зайыптылар бір-біріне өз сезімдерін ашық айтып, өзара түсінушілікпен қараған жағдайда ғана болады. Жақсы ерлі-зайыптылар өз жұптарын тыңдап жəне оның ұсыныстары арқылы өз мінез-құлқын өзгерте алатындар бола алады. Көптеген сексуалды проблемалар ерлі-зайыптылардың жаман коммуникациясымен байланысты болады. 

Əрбір адамның тонусының басылуы, депрессия, жоғары тітіркенгіш, өз-өзімен қанағаттанбауы кезеңдері болады. Осындай эмоционалды күй некелік жұбымен жəне жалпы некелік өмірмен қанағаттануын төмендетеді. Некелік өмірмен қанағаттанбаудың одан да қиын жағы өз-өзімен толық қанағаттанбау. Бұл қанағаттанбау күйеуіне немесе зайыбына, балаларына ауысуы мүмкін. Əрбір адам өмірде белгілі бір мақсаттарға жетуге ұмтылады. Жетістіктері көп жағдайда қарапайым болып, үлкен жетістікке жету мүмкін болмай қалады. Бұл жағдайда адамдардың көңілі қалып, кейде ашуланады. Некемен қанағаттанбау адамның əлеуметтік-экономикалық орнымен, кəсіби іс-əрекетімен, еңбек жағдайларымен жəне өмір деңгейімен қанағаттанбаудан болуы мүмкін. 

Сонымен, қорыта келгенде отбасылық қатынас психологиясының негізгі мəселелерінің бірі неке сəттілігін жəне оған əсер ететін факторларды анықтау болып табылады. Қазіргі таңда отбасын тұрақтандырудың маңызды құралы болып ерлізайыптылардың қарым-қатынасын жақсарту, некемен қанағаттану деңгейін көтеру болып табылады. Некенің сəттілігін анықтайтын көптеген ыңғайлар бар, оларды шартты түрде əлеуметтік жəне психологиялық деп бөлеміз. Некемен қанағаттану немесе неке тұрақтылығы келесі ерекшеліктермен байланысты:

1. Отбасындағы функциялар мен рөлдерді бөлу. 

2. Отбасындағы қарым-қатынас. 

3. Əртүрлі өмірлік жағдайлардағы ерлізайыптылардың мінез-құлқы. 

4. Шынайы жəне қабылданатын сəйкестіктер. 

5. Қажеттіліктерінің қанағаттануы. 

6. Өзімен қанағаттану. 

7. Бірге өмір сүру мезгіліне. 

Неке өткелі əртүрлі отбасы ішіндегі жəне отбасыдан тыс процестерге үлкен əсер етеді. Ерлізайыптылардың өзара қатынасы бірлескен өмір барысында өзгеріп қана қоймай, бұл өзгерістер заңды мінезге ие болады. Бірлескен өмір барысында ерлі-зайыптылардың өзара қатынасында болатын өзгерістер олардың отбасы дамуының қай деңгейінде болуымен анықталады. Соған байланысты некемен қанағаттану деңгейі де өзгереді.


Әдебиеттер:

1. Алешина Ю.Е. Удовлетворенность браком и межичностное восприятие в супружеских парах с различным стажем семейной жизни: дис. ... канд. психол. н. – М.: Просвещение, 1985. – 250 с.

2. Лидерс А.Г. Семья как психологическая система. Очерки психологии семьи. – Москва-Обнинск: «ИГСОЦИН», 2004. – 296 с.

3. Гозман Л.Я., Алешина Ю.Е Общение и развитие взаимоотношений в супружеской паре. // Общение и оптимизация совместной деятельности, №3. 1987. – С. 140 – 152.

4. Харчев А.Г., Мацковский М.С. Современная семья и ее проблемы. – М.: Статистика, 1978. – 224с.

5. Обозов Н.Н. Психология межличностных отношений. – Киев: Лыбидь, 1990. 191с.


Мәліметтер алынған дереккөздер: Лиясова А.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және социология сериясы. №3(38). 2011

Жас жұбайлардың отбасылық өмірге бейімделу мəселесі Жас жұбайлардың отбасылық өмірге бейімделу
«Жас отбасы» - күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру
Жас отбасындағы ажырасудың психологиялық негіздері Жас отбасындағы ажырасудың психологиялық негіздері
Көптеген мамандардың пікірінше, қазіргі заманғы қазақстандық отбасы шынайы дағдарысты кешіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі,
ОТБАСЫ ПСИХОТЕРАПИЯСЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫНА КЕҢЕС БЕРУ ОТБАСЫ ПСИХОТЕРАПИЯСЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫНА КЕҢЕС БЕРУ
Ерлі-зайыпты жұптарға кеңес беру алғашқыда отбасылық өмірдің, бала тәрбиелеу мен оқытудың заң және құқықтық, медициналық, репродуктивті аспектілері
ОТБАСЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ОТБАСЫ ТИПОЛОГИЯСЫ
Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу ерекшеліктері,
ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазіргі отбасы және оның мәселелері психология, педагогика, әлеуметтану, демография, экономика сияқты бірқатар ғылымдардың зерттеу нысанына айналып
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×