Жастар порталы
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері
987 0 aiko

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

Саясаттану

Кеңестік ұжымдықта адамның еркіндігі ұжым қабылдаған міндеттермен шектелетін. Ол ұжым өкілдерін жойды, адамдардың шығармашылығына жә­не бастамаларына шектеу арқылы тұлғаның орнына индивидтерді қалыптастырды. Ұжымнан шығу мүмкін емес еді, тек одан қуылуы ғана мүмкін болатын.

Азаматтық қоғам мүдделеріне қатысты міндеттерді шешу үшін біріккен еркін адамдар керек. Америкалық философ Дэвид Боуздың пайымдауынша, «индивидтер қауымдастықтан пайда болмайды, қауымдастық индивидтерден пайда болады». Яғни, жеке мүддені емес мемлекеттің мүддесін білдіретін, мемлекеттің бақылауында қалыптасқан ұжымнан өзгеше адамдар ұжымы саналы түрде құрылады, бұны шынайы қауым деп айтуға мүмкіндік береді. 

Адам азаматтық қоғамды қоғам немесе мемлекет тарапынан қандайда бір санкциялардың болуынан күдіктенбей еркін түрде шығып кете алады. Демократиялық емес режим жағдайындағы қоғамдық бірлестіктерді азаматтық қоғамдағыдан түбегейлі айырады. Сол себептен де, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін өзінің мүддесін сезіне алатын жә­не оны іс жүзіне асыру үшін белсенді әрекеттер жасайтын еркін индивид қажет. Жә­не де аталған индивидтің еркіндігі мемлекеттік, класстық немесе корпоративтік емес, аталған қоғам қабылдаған мораль жә­не құқық нормаларымен шектеледі. Ондай индивидті қалыптастыру – қоғамның демократияландыру жағдайында аса қажет.

Біздің қоғамымыздағы ұжымдылық келесідей жолмен дамуы мүмкін: еркін адамның рөлі индивидтің билігі ұжымнан артық болған кезде өсе бастайды. Еркін адамның дамуы саяси процестің белсенді субъектісі ретіндегі азаматтың идентификациясы процесінде бірінші дә­режелі фактор болып табылады. Нә­тижесінде ұжымдық форма басқаша формаға енеді – ол айтарлықтай азаматтық қоғамның құрылымына сай келе бастайды, коллективистік норма диктатасынан босап, мемлекетке қатысты автономияны дамытады. Аталған азаматтық қоғамның автономиясы демократияның жә­не сәтті реформаларды іске асыруда маңызды қажеттілік болып табылады. 

Конституцияда анықталған жаңа институционалдық тәртіп, өзімен бірге оның структуралық элеметтерінің легитимділігін тартады, оған қоса оның тә­жірибелік бұйрығына (императив) құқықтық сипат бере отырып, адамды жә­не азаматты да тартады. Осыған қатысты, негізгі заңдағы заңи кірістірілген адам құқығы және азаматтық құқығы деген жаңа бөлімдер пайда болуы кездейсоқтық емес, тә­жірибелік қызметте индивид өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады жә­не отандастарымен жүріс-тұрыстарын келісімдер негізінде үйлестіреді.

Азаматтықты нығайту үшін, мемлекеттік патернализмді әлсірету үшін қазір өзін-өзі реттеу механизмі қалыптасуда, экономиканы демонополизациялау міндеттері шешілуде, жекешелендіру, яғни нарықтық экономикаға практикалық өту мәселелері шешілуде. 

Бұл жолда жаңа азаматтық құрылымдар мен мемлекеттік билік арасында оңай емес қатынас қалыптасуда. Мемлекеттік аппарат әрқашан азаматтық ассоциацияларды саяси переферияға ығыстыру арқылы, өз құзыреттерін кеңейтуге тырысады. 

Басқарушы элита арасында бар жә­не азаматтық институттарды демократиялық қызмет істеуін қолдайтын жақтастарының аз емес екенін жоққа шығаруға болмайды. Президенттік құрылымда азаматтық бірлестіктердің белсенді қалыптасуына жә­не олардың әлеуметтік процестерді басқаруға қатыстыру қажеттілігін түсінуде. Шын мә­нінде, тек еркін адам ғана экономикасының дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жә­не нә­тижесінде мемлекеттің гүлденуіне алып келеді. 

Сол себептен де азаматтық қоғамның қалыптасуы белсенді серпінді ақылды ойлайтын азаматсыз мүмкін емес. Жаңашыл қоғамда биліктің легитимділігі айқын келісімдер немесе қоғамдық құндылықтарды түсіну есебінен емес көбіне пассивті азаматтар есебінен қамтамасыз етіледі. 

Азамат принципті тұрғыда боданнан (подданный) ерекшеленеді, соңғысы үшін мемлекеттен қандай да бір көмекті күту тән жә­не өзінің үмітін, мүдде мен талпыныстарын өзінің еңбегі мен мүмкіндіктерімен емес, тек мемлекеттің қызметімен байланыстырады. Сол себептен де келесідей негіздеуге болады, бодандықтан азаматтыққа жол – бұл еркіндікке жол. Азамат – бұл адам, азаматтық батылдық пен азаматтық абыройға ие, ашық қоғамның құндылықтарын қорғауға жә­не қажет жағдайда ол үшін күресуге дайын адам. 

Азаматтық қоғам этноаймақтық сипатқа ие жә­не әсіресе еуразиялық полиэтникалық Қазақстанда ерекше білінеді. Азаматтық қарымқатынастардың даму шарттары бойынша жә­не әр аймақ арасындағы кемелдену жағдайындағы ажырау өте жоғары. Аталған жайт, қазіргі Қазақстанның саяси кеңістігіндегі азаматтық процестің дамуын қиындатады. Аталған контексте біздің қоғамымыздың дамуы үшін бірден-бір вариант тіректі демократиялық тәртіп курсы ұсынылады, сонымен қоса алғанда құқықтық мемлекет, әлеуметтік нарықтық экономика, азаматтық қоғам, жаңа қауіпсіздік жүйесі жә­не еуропалық даму жолы негізіндегі постиндустриалды стратегия.

ХХ ғ. аяғында кең тараған демократия поставторитарлық мемлекеттердің бұрынғы кезеңге қарағанда азаматтық қоғамға тәуелділігін айқындады. Мемлекеттердің посткоммунисттік демократизациясы көрсеткендей, азаматтық қоғам концепциясы жеңілдетілді, оның мә­ні азаматтық қоғамды демократияға теңестіру болып табылды. Кейбір зерттеушілердің (Л. Даймонд, А. Смолер, О. Энкарнасьон) қорытындасы бойынша, аталған елдердегі азаматтық қоғам қарама-қайшылық пен шиеленісті туғызды. Азаматтық қоғам деңгейінде демократиялық консенсус негізіндегі ұлттың консолидация тенденциясы дамымай ғана қоймай, керісінше, оның фрагментарлылығы күшейеді, конфронтациялық саясат пайда болады. Азаматтық қоғам құрылымында әлеуметтік қайта құрудың тереңдеуі жә­не қоғам өмірінің демократиялық атрибуттарының даму тенденциясы емес, қалыптасқан өмір формасына бейімделуі болады. Мұндай бейімдеу посткоммунисттік демократияның кемелденбегенін білдіреді жә­не қоғамның жекелеген топтары мемлекеттік биліктің әлсіздігін өз мүддесіне пайдалану жә­не оны иемдену, қылмыстық тә­сілдердің көмегі арқылы пайдаға кенелді. Ресейлік зерттеуші Н.И. Вайнштейннің пайымдауынша, «посткоммунистік мемлекеттердегі азаматтық қоғамның болашақтағы дамуы олар жөніндегі оптимистикалық ұсынысты қайта қарау қажеттілігі негізіндегі бұқараны демократиялық тәрбиелеу туралы өзіндік мектеп жә­не қоғамдық-саяси өмірдегі тә­жірибеге қосу құралы ретінде қарастыру қажеттілігін туғызады».

Бүкіл ұлтқа керекті талап ретіндегі бұқара санасындағы модернизация туралы Н.Ә. Назарбаев «Тарих ағынында» деген еңбегінде былай деді: «Бұл мә­селенің өзектілігінің күші бүгін кейбір либералды ойларды үстіртін қабылдаған ұлттық сананың социалистік жә­не дәстүрлі көзқарастардың күрделі конгломераты ретіндегі көрінісі. Бір қарапайым шындықты ұғынып алу қажет, модернизацияланған сана ұлттыққа қарама-қарсы тұрған жоқ. Керісінше, тек модернизацияланған ұлттық сана біздің ұлттық «Мендіктің» сақталып қалуының кепілі! Себебі қазіргі кә­рісті ағылшынмен немесе жапондықты французбен шатастырып алу мүмкін емес. Соңғы онжылдықта жапон ұлты да, кә­ріс ұлты да ұлттық сананың модернизациясын жоғары деңгейде өткізді. Бұл ғасырдың соңындағы қазақтардың алдында тұрған жалпы ұлттық жә­не консолидациялық міндет болып табылады». Жаңа ғасырдың басындағы тұрған мақсаттарға да жатады деп қосамыз.


Мәліметтер алынған дереккөз: Мекебаева   М.А., Саитова Н.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №4(49). 2014

Классикалық неміс философиясындағы қауіпсіздік жөніндегі тұжырымдамалар Классикалық неміс философиясындағы қауіпсіздік
Классикалық неміс философиясы әлемдік философиядағы ерекше құбылыс. Оның 100 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерін ерекшеліктері ретінде көрсете аламыз.
Қауіпсіздік жөніндегі жаңа дәуір ойшылдарының түсініктері Қауіпсіздік жөніндегі жаңа дәуір ойшылдарының
Жаңа дәуір кезінде буржуазиялық құрылыс пайда болып, адам болмысының басқаша негіздері бойынша жаңа құндылықтар бекіді. Ф.Бэкон қауіпсіздік мәселесін
Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық
«Зайырлылық» түсінігінің ауқымы кең. Қазіргі заманғы зайырлылық ең алдымен гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім
Саяси тәртіп (саяси режимдер) Саяси тәртіп (саяси режимдер)
“Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі,
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ: ҰҒЫМЫ, МӘНІ, СИПАТЫ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ: ҰҒЫМЫ, МӘНІ,
«Зайырлылық» түсінігінің ауқымы кең. Қазіргі заманғы зайырлылық ең алдымен гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×