Жастар порталы
Идея және идеология ұғымдарының мәні
2 130 0 aiko

Идея және идеология ұғымдарының мәні

Саясаттану

«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос – ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі.

Идея – ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады.

Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады.

Сонымен, идеология дегеніміз - биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал. Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды. Неміс саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.

Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша – идеология мемлекеттің, саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі.

Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы, Аристотель идеология деген түсінікті “энтелехия” деп атаған. Энтелехия – мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік деп ұлы ойшыл анықтама береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша: “идеология -- ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын құрал”.

Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының (ұсынушының) мүддесімен сәйкес келеді. Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет, билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда қоғам дамуының өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған мемлекеттер аз болған жоқ.

Негізінде, қандай идеологияны таңдау қажет екенін шешуші халық болуы тиіс. Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой пікірлерінің, яғни идеяларының жиынтығы болуы тиіс. Ал халық мүддесімен мемлекеттік идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады.


Мәліметтер алынған дереккөз: Б.Өтемісов, Қ.Қарабала. Саясаттану: оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. 

Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына,
Саяси жүйе теориясының қалыптасуы Саяси жүйе теориясының қалыптасуы
Саяси ғылымда “саясат”, “саяси өмір”, “саяси құрылыс” деген ұғымдармен қатар “қоғамның саяси жүйесі” деген түсінік те кең орын алды. Бұл саланың
Мемлекеттік басқару түрлері Мемлекеттік басқару түрлері
Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз – саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі кезеңде
Саяси тәртіп (саяси режимдер) Саяси тәртіп (саяси режимдер)
“Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі,
Астрология Астрология
Астрология (гректің aster – жұлдыз және logos – ілім деген сөзінен құралған) – бұл аспан денелері мен жердің арасындағы қарым-қатынас пен өзара
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×