Жастар порталы
Мемлекеттік басқару түрлері
6 102 0 aiko

Мемлекеттік басқару түрлері

Саясаттану


Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз – саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық монархия және республика.

Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты – республикалық мемлекет түріне өту.Сол себептен мемлекеттік басарудың осы түріне кеңінен тоқталамыз. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар. Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны демократиялық республикалар.

Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: президенттік республика, президенттік-парламенттік республика және парламенттік республика.

Президенттік республиканың белгілері:

1. Екі жүйелі сайлау. Президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.

2. Үкімет президентке тәуелді.

3. Атқарушы биліктің және мемлекеттің басшысы президент. Үкімет те президенттің қарамағында болады. Президенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б.


Президенттік-парламенттік республиканың белгілері:

1. Екі жүйелі сайлау: президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.

2. Парламент парламенттік сайлауда жеңіп шыққан саяси партиялардың уәкілдерінен қалыптасады.

3. Президент – мемлекеттің басшысы. Үкімет Президенттің алдында жауапты. Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. Президенттік парламенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б.


Парламенттік республиканың белгілері:

1. Сайлау бір жүйелі. Тек парламент сайланады.

2. Парламентте ең көп орын алған саяси партияның жетекшісіне премьер-министрлік (атқарушы билік) және мемлекет басшысы міндеті жүктеледі.

3. Үкімет парламентке тәуелді. Парламенттік республикаға, мыселы, Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль және т.б. жатады.


Мәліметтер алынған дереккөз: Б.Өтемісов, Қ.Қарабала. Саясаттану: оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. 

Қазіргі кезеңдегі мемлекет: құрылымы және қызметі Қазіргі кезеңдегі мемлекет: құрылымы және қызметі
Қазіргі кезеңде мемлекет ел басқару міндетін атққаратын қоғамның негізгі саяси ұйымы ретінде танылады. Қандай да болмасын мемлекеттің үш құрамды
Саяси тәртіп (саяси режимдер) Саяси тәртіп (саяси режимдер)
“Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі,
Саяси және мемлекеттік билік Саяси және мемлекеттік билік
Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар:
Билік және саяси билік ұғымдары Билік және саяси билік ұғымдары
Билік - саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік
Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі
Демократия мәселесі - саясаттанудағы негізгі тақырыптардың бірі. Оның себебі, біз жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың кілті
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×