Жастар порталы
Метафизикалық онтология: субстанция мәселелері
305 0 aiko

Метафизикалық онтология: субстанция мәселелері

Философия

Декарт Рене (1596-1650 жж.) «жаңа философияның» бастаушылардың бірі, рационализмді бастаушы, Голландиялық ғылым академиясының негізін қалаушы. Бэконға қарағанда, «тәжірбие мен қадағалауға қарағанда, ол ақыл мен өзін-өзін тануға көп көңіл аударған». Басты ақылдың идеиясын танымда қалыптастыруы осы жұмыстарда берілген «ақылды басқару ережелері», «алғашқы философия танымдары», «философия бастамасы», «әдіс туралы пайым».

Алғашқы маңызды мәселелердің бірі – тиянақты ғылымның қисын мәселесінің шешімін ізденуге кіріскен. Бэкон тәрізді, зат байланыстарының шынайы кейіпін алу үшін танымның әмбебап тәсілін ізденуге кіріседі, Өзінің ізбасарына қарағанда, Декарт ғылымның басты бастауы ой мен ұғым, тумыстан ақылға тән (идеяның тумыстан қағидасы ) деп ойлаған. Ол қазіргі рационализм бастаушысы, «ақиқатқа негізделген» әдісі дұрыс деп шешкен.

Тиянақты ғылымды ізденумен айналысып, ойларды басқару керек, заң тармақтарымен (дұрыс шешім қабылдауға, пайдасыз ойлардан аулақ болуға, ақырын-ақырын білімнің дәрежесін көбейтуге, шынайы ақиқат танымына қол жеткізуге көмектеседі ).

Декарттың ойлау тәсілдері төмендегідей:

- ештеңені шынайы қабылдамау (барлығына күдіктен);

- зерттеудегі мәселелердің шешімі табылмағанша бөлімдерге бөлу;

- ой шындыққа ақырындап туындау қажет, сатылай, оңайдан қиынға;

- зерттеу тармақтарын толық орындау, ештеңені ұмытып кетпеу үшін.

«Бәрінен күдіктену керек» тезисі әдіснама танымының бастапқы сатысы болып табылады. Ол үшін күмән деп, мақсат емес, ғылыми алғышарттардың тәсілдерінен құтылу және тиянақты тексерілген, беделділерге дәйектелген, бірақ ақиқатқа қолданудеп есептеген.

Осы әдіснамалық тәсілді қолдану қажет деп Декарт ойлаған, «алғашқы дәйектерді анықтау» (субстанция), шынайы зерттеу бастамасын анықтау үшін керек. Бэкон үшін мысалға мынандай алғашқы дәйектері «сезімдердің шынайлылығы» болып табылады. Декарт оны «ойлаушы мен» ақылда табады және бұл жағдайды «ойлаймын, демек, өмір сүремін» тезисінде бекітті. Бұл тезисті Гегель жоғары бағалады: «Декарт философияны жаңа бағытқа бұрды, сол арқылы филсофияның жаңа дәуірі басталады.. ол ой өз-өзінен шығу керек деген талаптан бастаған». «Мен» бұл субстанция (ақиқаттық нақтылық, күдіктенуге болмайтын), барлық жан және табиғат ойлардан құралады деп Декарт ойлаған.

Бірақ, Декарт ескерткен, зерттеуші осы ұсыныстарды бұлжытпай орындағанның өзінде, ғылыми ізденіс кезінде қателесулерден құтылу мүмкін емес, себебі (қанша ғалым болса, сонша пікір болады). Себебі нағыз ғалым өзінің білімінен күдіктенеді, ақырындап тиянақты біліміне жақындап, нақты шыншылдық (ес) бастамасын қолданады.

Декарт талдағыш геометрия негіздерін ашты, айнымалы аумақтың және атқаратын қызметінің ұғымдарын енгізді, импульсті сақтау заңын құрды, рефлекс жайында ойларды еңгізді, аспан денелердің, материялық бөлшектердің құйынды қозғалысын түсіндірді.

Декарттың сол ынтасы қазіргі физика және математематика мәселелерінде метафизикалық «өсімді» қағидаларда ізін қалдырды. «Жаңа білімді» екі әдіспен иемденуге болады деп ойлаған: дедуктивт-математикалық және тәжірбиелі-индуктивті. Шынайы білім алуда басты рөл рациональды дедукцияға жатады, зерттеуші ортақ ойлардан өзіндік пікір шығарады.

Ақырында рационалды метафизика субстанция жайлы ортақ түсінік болып табылады. Алайда механика айқындамасы- «ғылымның патшайымы», Декарт кезінде ғылымның үстемі болған, түсіндіруге мүмкін болмаған, ақылды ұсынған, ақыл мен материяның арасындағы байланысты көрсету тәрізді, сондықтан Декарт дуалист секілді екі субстанция туралы ғылымды жақтаған. Ол дүние екі бастамадан «болмыс және ойлаудан» тұрады деп бекіткен. Басқа сөзбен ол материя мен ойдың тіршілігін мойындаған (ойлаушы «Мен»). Оның түсінігінде «орындалмаған субстанция» (орындалмаған нағыз) өз-өзіне тәуелді, «Орындалған субстанция» (орындалған нағыз) Декартша, өз-өзіне себепші Құдай ғана болып табылады. Қалғанының барлығы тіршілігі үшін «Құдайдың қатысына» мұқтаж болады, – деп «философия бастамасында» жазған. Декарт Құдайды – бұл «ұлы уақытшы», атқаратын қызметі, «табиғат заңдарын қалыптастыра, өзінің ағымына таныстыру...» танымның шындығына кепіл болады.

Ақырында, Құдаймен жаратылған дүниені Декарт субстанцияның екі түріне бөлген: материялдық және рухани материалдық субстанцияның ең маңызды атрибуттарымен (сипаттармен) «материялдық субстанция» ұзақтылығы мен бөлінгіштігі шексіз болып табылады. Декарттың «материялдық субстанциясы» – бұл табиғат, онда барлығы механикалық заңдылықтарға тәуелді, нақты ғылым көмегімен анықтауға болатыны- математика мен механика. «Рухани субстанция» (ой, ойлаушы «Мен») құрамдас. Оған әуелі (тыс тәжірибенің) тумыстан болған идеялар тән. Айталық, бұл Құдай идеясы, ұғым уақыттың, аймақтың, сандардың, тұрпаттардың және т.б. Өзге сөздермен, ақылда табиғи зейіндер идеясының жасаудағы бастамасы осы. Тап «тумыстан идеялар» ғылыми білімнің ақиқаттығына кепілдік береді.

Исаак Ньютон (1642-1727 жж.) жаңа уақыт классикалық физиканы жасауды аяқтады. Оның шығармасы «Шыншыл философияның математикалық бастамасы» (1687 ж.). Ал үшінші кітабының басында Ньютон «философияны пайымдау ережесінің» төртеуін тұжырымдайды. Бұл ғылыми зерттеулерге бағынатын әдістнамалық заңдар. Ньютонның ойы бойынша, «жай табиғат және дүние-мүліктің себептерінің артықшылықтары», ол біркелкі. Демек, сезімнің негізінде дененің негізгі табиғи сипаттарын тағайындауға болады, ұзақтылық қаттылық, тұңғиықтық, қозғалыс секілді. Барлық осы сипаттарды сезімдерден шығаруға болады, индуктивті әдісті (меншіктіден – ортаққа; жайдан – күрделіге) пайдаланып айтамыз. Физик және математик секілді ойласақ, Ньютон индукция бірден-бір пәрменді рәсіммен ғылыми пікірдің құралымы болып табылады деп қарастырады. «Экспериментальды философия, ортақ индукция жолымен шығарылған, шындық немесе шындыққа өте жақын деп қарастыру керек, қарама-қайшы гипотезаға қарамастан, қиял болу мүмкішілігінен, басқа құбылыстары табылмағанша, солардың көмегімен бекітеді немесе шектеу қатарына қосу үшін» деп тұжырымдаған.

Ньютон физикасы шындықты зерттейді, ал атқаратын қызметіне ол тартылыстың мәнін қазбаламайды, ол қозғалыста өмір сүреді және түсіндіреді, аспан, жер денелері секілді.

Томас Гоббс (1588-1679 жж.) Ф. Бэконың сенсуализмін және Декарт рационализмін бөледі. Өзінің «алғашқы» философия пайымдарында материяның алғашқылығын, акциденцияларымен (сипаттармен) қозғалысын, сабырлықты, түсті т.б. мойындайды. Бірақ бірінші орында онтологиялық емес, әлеуметтік-саяси туындамалар «Азамат туралы», «Левиафан» жұмыстарында көрсетілген. Қоғамдық құрылым және мемлекетке деген назарында «адамдардың табиғи күйінен» зиян келтіруші, атаққұмар, немесе аш көз, деген кемелдіктен алыс деп Гоббс ойлаған.

«Адам туралы» шығармада капитализм заманының бастама тезисін құрды: «адам адамға – қасқыр», табиғаты сондай. Адамның осы күйін «барлығының құқығы барлығымен,» деп сипаттайды. Осы мәселенің шешімі қоғамның білімі оған шешім болып көрінген, осының салдарынан қоғамдық билік біреуден біреуге тарайды. Өздерінің құқықтарының бөлігін бере отырып, әрекеттерінің жауапкершілігін бөлуі тиіс. Сол жауапкершілік қоғамдық келісіммен бекітіледі. «Адамдардың қоғамдық келісімінің бекітілуі шынайы адамдарының арасында жалпыға бірдей соғыстан шығуға болады» деп Гоббс үміттенген. Мемлекет сияқты адамның өзара жанасушылығының жаңа пішініне көмектесуі керек. Мемлекет табиғат заңдарын орнына қоюға міндетті адамдар арасындағы қоғам заңдарына қатысты, оның табиғи құқықтарын азаматтың құқығын шектетеді. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселелерді қарастыра отырып, Т. Гоббс «Ұлы Левиафан» мәңгілік Құдай емес немесе өзара немесе бірнеше адамдар келісімінің салдарынан пайда болатын «олардың татулығы немесе ортақ қорғаны үшін» деп мәлімдейді. Гоббсша, мемлекеттік заң және мемлекеттік абызға сөзсіз бағыну қажет, осы абыздың пішіні – абсолютизм (монархия), ақсүйек немесе демократия қандай болса да болады.

Ақырында, Гоббс – біртұтас, орталықтандырылған мемлекеттің негізгі құқығының кепілін сақтаушы, «адамның басты құқығын»: өмірге деген құқығы, меншікті және еркіндікті жақтаушысы болады.

Еркіндік және ұйымшылдыққа зар, сонымен қатар, олар бір-бірін болжайды, өйткені Құдайдың еркіндігі солай деп Гоббс бекітті. Еркіндік туралы пікір айта келе, пікір тек қана табиғи еркіндікте (Құдаймен көрсетілген) деп айқындайды. Еркіндіктің астында сыртқы бөгеттің болмағандығын түсінеді, осы мәселенің шешімін философиялық тұрғыдан емес, біржақты, прагматик немесе тәжірбиелі азамат деп айқындайды.

Галилео Галилей (1564-1642 жж.) жүйелі астрономиялық зерттеулерінің эксперименталдық жолы әлемнің гелиоцентристік жүйесінің бекітілуіне ықпал етті.

Галилей әлем туралы нақты білімді алуға болатын жаңа, эксперименталды ғылыми тұжырымдар жасады. Ол әлемнің біртұтастығының философиялық идеясын басшылыққа алды. Оны ғылыми танымдағы дедуктивті – гипотетика әдісінің теоретигі деп атаса болады.

Блез Паскаль (1623-1662 жж.) – керемет физик, математик, Декарттың ізбасары, қазіргі компьютерлер кейпін қалыптастырушысы ретінде танымал, сонымен қатар, Галилео секілді демаркацияны (бөлу) ғылыми білімді және дін сенімін жүргізуді қажет деп ойлаған.

Теологиялық сұрақтарда бастысы бедел принципі Писания болды, ал табиғи ғылымда оның ойынша ақыл-ес басшылық етуі тиіс деп ойлаған. Ал ақыл-ес басшылық ететін жерде прогресс болуы тиіс. Барлық ғылымдар дамуы қажет, ертерек берілген білімге қарағанда, ұрпақтарға жетілген ғылым қалуы тиіс. Мәңгі ғажап шындықтан айырмашылығы, адамның ақыл есі тоқтаусыз дамуда. Ғылымда жаңаны қабылдамаудың әсерінен прогресте артта қалуға әкеліп соғады.

«Геометрия жаны мен өнерді айқындау» жұмысында, геометриялық тәсілді қолдану, ғылыми дәлелдің сенімді тәсілі болып табылады деп Паскаль тұжырымдаған. «Ештеңені дәлелдемейді және нақтыламайды. Ол тек қана табиғат әлеміндегі анықтылықтылықты және тұрақтылықты тұжырымдайды. Бұл ғылыми әдіс әмбебап, бірақ қолдағанда үш талап ұстану керек:

- дефиниция (анықтау) заңдарын ұстану;

- қосмағыналы терминдерді анықтаусыз қолданбау;

- дифиницияларда тек қана танымал тарминдерді қолдану.

Паскальдың христиандық көзқарасы скептицизммен біркелкі, сол себептен шексіздікті тануда сенімсіздік тудырады. Ғалымға осы мәселенің терең мағыналығы жетіспейді, сонда теолог философты шектетті. Адамның табиғаты мен ойлау қабілетін скептикалық бағалауы жоқ. Адам – бұл табиғаттаға ең әлсіз және қабілетсіз жан, өзінше «ойлаушы» деп Паскаль бекіткен.


Джон Локк (1632-1704 жж.) – Бэкон және Гоббс бастаған ағылшын философиясының эмпирикалық тұрғыдан ізбасары. Бұл ғалым саясаткер және дипломат. Өте көлемді 10 трактаттың авторы, кезінде 30 томда баяндалған. Ф.Энгельс баяндауынша, «әйгілі» (буржуазиялық) революциядан кейін теоретик компромисс кейпінде жоғарымен және төменмен, буржуазия және дворянмен танымал болды.

Локк Онтологиялық және гносеологиялық көзқарасын «адам ойы туралы тәжірбиеде» баяндаған. Адам танымының әдісін қарастыра келе, «тума ойды» декарттық теорияны сынайды, жоққа шығарады, «ой басында әр түрлі мағыналармен толықтырылған» және тиянақтайды, адам туылғанда жаны таза парақ беті сияқты (tabula rasa) болады және өмірлік тәжірбие өзінің жазбасын жазады.

Бірдеңені зерттеуден бұрын, біз танымның шектерін білуіміз қажет деп Локк тұжырымдайды. «Мен шындықты іздеймін, қашан және қайдан болмасын келгеніне қуанамын». Сыртқы әлем жайлы білім алудағы басты рөлді – эмпирикалық тәжірбие ойнайды, қоршаған ортаның адамға деген әсері, сондықтан сезім әр түрлі танымның астары болып табылады.

Сенсуалист секілді, ол сыртқы және ішкі тәжірбиені айқындайды, сезімді ойларды ажыратады (сыртқы танымнан алынған), туындаған рефлекстерді (сезім біздің жанымыздың жұмысының нәтижесі). Бұл «ойларды» ол жай деп атайды, ал «ортақ ойларды», ойластыру процесінде туындаған ой сипаты (жанның) деп айқындайды. Тәжірибе түрлерінің бастамасында Локк біркелкі немесе әр түрлі қасиеттерді айқындайды. Барлығын сыртқы тәжірибе салдарынан алынған идеяларға қосады. Олардың арасындағы айырмашылықты ол «біркелкі қасиеттердің» нақты болуынан көреді, сыртқы әлем әсері бізге көрініп жатыр, «әр түрлі қасиет» ойлары нақты емес, біздің сезу қабілетіміз сыртқы әлемге қатысты: бұл заттың иісі, түсі, дәмі жайлы түсінік. Әр түрлі қасиеттердің ойы – бұл «ойластыру» сыртқы әлемнен алынған нәтиже, олар біздің санамызда ғана болады, олар «біркелкі» сапаларға әрдайым сәйкес келеді. Ол: «тәжірбиеде біздің барлық біліміміз тұрақтанады, ақыр аяғында содан туындайды, бірақ ой біздің соңғы сот және басшы болуы тиіс». Локк ойдың рөлін танымда «қарапайым пікірлермен» шектетеді. Тарихта жазылған жарты өмірінде Вольтер сөзімен адам жаны (ойы) және біздің танымдық мүмкіндіктерін Локк бітіміне, «таным ешқашан барлық сұрақтардың және мәселелердің шешімі табылмайды... ойлардың сәйкес келуі немесе келмеуі таным болып табылады.... басқа танымдарға қарағанда сезім танымы шектеулі».

Саяси көзқараста Локк ойлары Гоббстың көзқарасынан әлдеқайда өзгеше. Бұл ойлары «Мемлекетті басқару туралы екі трактатында» баяндалған. Локк жайында қоғамның шынайы жағдайы – бұл «барлығының соғысымен барлығына» (Гоббс секілді), ал «бірдей жағдай, біреу екіншіге қарағанда көбірек алады. Бұл еркіндік жағдайы». Адамның қоғамдағы еркіндігі абсолютті бола алмайды. Оны Локк жайлы «шынайы заң» (шынайы құқық) шектетеді, жас қызығушылықтарды қозғайды және айқындайды, прогрессивті буржуазия-капиталистік тұрғының басты құрамы. Бұл заң бәріне ортақ – басшыларға да және қоластындағы жұмысшыларға да.

Осы концепцияны дамыта отырып, Локк мынаны баяндайды, әрбір заңды басшылық «басқарушылар келісіміне» ұстанады, және басшы шынайы басқару заңын қолданбаса, қоластындағы жұмысшылар келісімнен бастарта алады.

Локк Гоббсқа қарағанда «шынайы құқыққа деген» көзқарасы және қоғамдық келісімге әлдеқайда прогресивті болды. Ол басқарудың үш бұтағын үйретумен толықтырды (заңды, орындаушылық және федеративті). Сол арқылы болашақ демократиялық мемлекеттің теориялық фундаменті қалыптасты.

Ол жаңа уақыт мәліметтеушілер арасынан бірінші болып легитимді басқару мәселенің шешіміне қадам бастаған, қоғамның жағдайының еркіндігі мен біркелкілігін қарастырады. Адамның еркіндігін тек қана шынайы заң ғана шектете алады, соған байланысты біреу біреудің өмірін, денсаулығын, мүлігін шектете алмайды, «шынайы құқығына» байланысты. Бірақ бұл Локк жайлы үш тармақты орындағанда ғана мүмкін болады: басшылық бұтағын бөліскенде; басшы мен қоластындағы жұмысшыларының арасындағы келісім болған жағдайда, табиғи заңды, табиғи құқықты құрметтеу кезінде туындайды. Барлық осы қоғамдық шешімдер уақыт әсерін көрсетеді, – деп тағы да Локк жазған. Оның бәрі диалектикалық байланыста, әрқайсысы басқасынан шығады және басқа тармақтарды қолданған кезде ғана мағынасы болады.

Ол мына эпитафияда жазылғандай өз уақытының білімді және дарынды адамы болды, Локк ғалым ретінде алдына қойылған мақсатқа жетті.: «... ол ғалым ретінде тәрбиеленген, барлық күндерін және еңбектерін шындыққа жетуге арнаған. Бұл жайлы сен оның шығармаларынан біле аласың».


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм,
Жаңа уақыт (XVI-XVIII ғғ.) – бұл кезең капиталистік өндіріс әдісінің қалыптасуының, сауданың, ғылыми уақыт және буржуазялық революцияның дамуы. Саяси
Философияның туындауы және пәндік, өзіндік анықтамасы Философияның туындауы және пәндік, өзіндік
Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңнен
Ғылымның негізгі қызметі Ғылымның негізгі қызметі
Ғылымның басты қызметі ғылыми теориялық білімді өндіруін оның көпсалалы қызметін аяғынан тік тұруынан байқау қажет. Антикалық білім, бақылау, жазу,
Ғылым философиясының пәні Ғылым философиясының пәні
Ғылым философиясы философияның бір бағыты ретінде Батыс және Ресей философиясында орын алады. Ал ғылым философиясы пән ретінде логика, тарих
Дінтану пәні Дінтану пәні
Адамның ғаламды, қоғамды, өзін-озі, қоршаған ортадағы жеке құбылыстар мен процестерді тануға деген талпынысы сарқылмас және мәңгілік құбылыс.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×