Жастар порталы
Жаңа космологияның, философиялық пантеизмнің қалыптасуы
195 0 aiko

Жаңа космологияның, философиялық пантеизмнің қалыптасуы

Философия

Н. Кузанскийдің (1401-1464 жж.) ғылыми зерттеулері мен натурофилософиясын орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуірінің алтын көпірі десек те болады. Кардинал Кузанский негізінен Қайта өрлеу дәуірінің өкілі. Бірақ ол схоласт емес. Ғалым, теолог ретінде ол «ғылыми білімсіздік» деп аталатын математикаға негізделетін таным ілімін ойлап тапты. «Қарама-қайшылықтың сәйкестігі» концепциясына жүгіне отырып, әлем мен Құдай мәселесін шешеді.

Н.Кузанский неоплатонизмнің қағидаларына сүйенген. Бірақ, неоплатониктердің ойларына ортақ ұғымды тереңірек зерттеді. Бұл мінездеме ортақ нәрсені бөлуші пифагорлықтар мен элеаттарға тән еді. Осыдан ол: біртұтастыққа барлық ұғым кіреді деген қорытынды шығарады, бұл формула пантеистік және пантеистікті дамытушы Дж.Бруноның ойына ұқсас.

Н.Кузанскийдің ойынша, Құдай әлемнен тыс нәрсе емес, ол онымен бірге. Сондықтан да, «әрбірі әрбіріне» деу, Құдай барлығына, барлығы Құдай арқылы» деумен тең. Құдайды тануға ұмтылу сенімнің емес, ақыл-ойдың ілімі. Бірақ танудың мүмкіндіктері шектеулі: жоғары білімге тек математикалық деңгейдегі символикамен, жеке жетістіктермен белсенді өмір салтымен жетуге болады. Құдайға жету мүмкін емес, ол өзін бар деп білетін, мойындайын әлемнен табылады. Табиғат Құдайдың жаратылысы, шексіздік шексіздіктен, бірлік көпшіліктен ал мәңгілік уақытпен ұштасады.

Шексіз әлем туралы тезис астрономияға қайта жаңғыру әкелді. Егер геометрия мен философияда шексіздік ұғымы білімімізді соңғы қатынасқа шамаласа, астрономияда бұл жаңа өлшем шекті қатынастарды байланыстырады. Шынымен де әлемдегі өлшемдердің нақты өлшемі шексіз десек, оларда ортақ нүкте болуы мүмкін емес.

Кузанскийдің тұжырымдамалары әлемнің орталығы туралы ескі пікірлерді және философиялық категориялардың арасындағы балансты түзуге көмектеседі. Платон мен Аристотель ғана емес, Птоломей мен Архимед ұстанған ғарыштық бейнені бұл тұжырымдама жарып шықты. Антикалық ғылым және философия үшін ғарыш өте үлкен, бірақ соңғы жаратылыс болып табылады. Ал дененің шексіздігінің белгісі – оның орталығын білудің соңғы мүмкіндігі, яғни «басы» мен «соңы». Кузанскийдің ойынша ғарыштың орталығы және айналысы – Құдай, сондықтан да әлем шексіз болмаса да, оны шекті деп ойлауға болмайды.

Оның осы ойлары аристотельдік физикаға қарсы келеді. Олар антикалық және ортағасырлық ғылымдағы ғарыштық шек туралы түсінігімізді өзгертеді. Осылайша, ол бізді коперникалық астрономия революциясына, яғни аристотель мен птоломей картинасындағы әлемге дайындады.

Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінде антикалық философиядан және өзін-өзі тануға ұмтылудан жаңа философиялық әдістер пайда болды. Жаңа әлем картинасының пайда болуына натурофилософияның көрнекті өкілдері Н.Коп, Дж.Бруно, Г.Галилей, И.Кеплер өз үлестерін қосты.

Н.Коперниктің (1473-1543 жж.) «Аспан сфераларының қарым-қатынасы» еңбегінде гелиоцентрлік концепция ғылымға үлкен төңкеріс әкелді, әлемді тануда жаңа көзқарас пайда болды. Н.Кузанскийден кейін ол қатынас принципін (қағидасын) қолданып, жаңа астрономиялық жүйенің негізін салды.

Коперниктің ілімі бойынша жер біріншіден өз осінен айналатындығын, күн мен түннің ауысуын, аспан жұлдыздарын қозғалысын түсіндірсе, екіншіден Жер күнді айналады деп тұжырымдады. Осылайша, Коперник аристотельдік физика мен ғарыштанудың маңызды қағидасын бұзады, сонымен қатар ғарыштың шегін жоққа шығарады. Кузанскийдің ойларын дамыта отырып, Коперник ғарыштың өлшеусіз, шексіз екендігін көрсетеді, «осындай шексіздік» деп атап, Жердің өлшемін ғалам өлшеуінен де кіші екендігін көрсетеді.

Коперниктен Ньютонға дейінгі кезеңді әдетте поляк астрономынан бастау алған «ғылыми революция кезеңі» деп атайды.

Дж. Бруно (1548-1600) Н.Кузанскийдің ойларын тереңірек зерттеді. Бұл зерттеуінде жаратылысты жаратушымен байланыстыра түсті. Ол пантеистік ілім құрып, ортағасыр тезисіне қарсы мағынада болды. Дж.Бруно тек қана Н.Кузанскийдің іліміне ғана емес, Коперниктің гелиоцентрлік астрономиясына да сүйенді. Ол Кузанскийдің Жердің күнді айналуы туралы идеясын қолдап, зерттей түсті. Белгілі болғандай коперник жұлдыздарды жерден алыста тұрған күндер деді. Жұлдыздардың айналасында Күннің айналасындағыдай планеталар айналып жүреді, тіпті кейбіреулерінде тіршілік бар. Бруно осылайша, ғаламның шексіздігі мен әлемнің көптігі туралы идея қозғады. Осы саланы зерттей келе, Бруно жаңа космология ашты, ол әлемнің гелиоцентрлік картинасы ретінде философиялық шешімдерге сүйенді. Философиялық деңгейде ғана ғаламның шексіздігін оның физикалық бірлігі мен басқа планеталарда өмір сүру мүмкіндігін түсіндіре алады деп есептеді. Бруно адам ой-санасы арқылы ғаламшарды зерттеуі керек және зерттей алатындығына сенімді болған.

Жаратушы мен жаратылыстың шекарасын бұза отырып, форманың қарама-қайшылық заңына қарсы пікір айтты. Бруно табиғаттың өзіне ортағасырда Құдайға тән деп таныған нәрсені тиесілі етті. Осы бағытпен Аристотель мен Платон кезеңінде тек формаға тән деп оқытылған дүниелердің қасиетін материяға жатқызды. Бруноның айтуынша, «Құдай заттарда бар».

Бруно діннің философияға, ғылымға, қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ деп тапты. Осы ойы үшін Бруно флоренциялық платон Академиясының шіркеуі тарапынан көп жылдар бойы қуғынға ұшырады. 1660 жылы ол тұтқындалып, Рим қаласындағы «гүлдер алаңында» тірідей өртелген болатын.

Материя мен форманың жаңа байланыстылығы, материя туралы жаңа түсініктер XVI ғ. антикалық ілімнен де жақсы қалыптасты. Егер ортағасырлық философ үшін жоғарыдағының шегі қалыптасқан әрі олардың барлығы бірге қалыптасқанан да жақсырақ болса, Қайта өрлеу дәуірінің философы үшін мүмкіндік өзектіліктен қымбатырақ, қозғалыс пен қалыптасу өзгермейтін дүние деп есептелді. Осы кезеңде шексіздіктің мәні туралы ілім өзіне бағындыра білгені де бекер емес: шексіздіктің өзектілігі туралы ілім тек Николай Кузанский мен Джордано Бруноның ғана зерттеулерінде айтылып қоймай, XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында ұлы ғалым Галилейдің де еңбектерінде кездеседі.

Галилео Галилей (1564-1642 жж.) – теологиялық әлемтануға астрономиялық және математикалық есептеулермен тәжірибе жүргізу арқылы гелиоцентрлік теория өлшемінің дәлдігін дәлелдеп, теориялық әлемтануға үлкен өзгеріс әкелді. Ол сенім мен ғылымның арасындағы байланысты Қасиетті Писанияның автономды ғылымы арқылы түсіндірді.

Галилей әлем туралы жалпы білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми тәжірибелер ойлап тапты. Тәжірибенің бақылаудан ерекшелігін Галилей қорытынды шығаруға немесе қандай да бір гипотеза жасауға болатындығымен түсіндірді. Ол іс жүзінде орындала бермейтін тәжірибелерді ойлау жүйесі арқылы да жасаған. Оны ғылыми танымдағы гипотетикті-дедуктивті әдісті теорик деп атауға да болады.

Г.И. Кеплер (1571-1630 жж.) жиырма жыл бойы зерттеген «Жаңа астрономия» атты еңбегінде Күнді айналатын ғаламшарлардың қозғалысы туралы тәжірибиелік зерттеуін баяндаған. Ол ғылымға айналым сөзінің орнына эллиптикалық орбита ұғымын енгізе отырып, Коперниктің теориясын біраз түзеді. Математик-неоплатоник бола отырып, Кеплер Құдай әлемді математикалық гармониямен жаратқан, ал ғалымдардың міндеті сол жұмбақты шешу деп есептеген.

«Коперниктік астрономияның қысқаруы» (1618) және «Әлем гармониясы» (1619) атты еңбектерінде Кеплер ғаламшар қозғалысының осы күнге дейін сақталып келе жатқан үш заңын айтады. Осы заңдарды ашу – нағыз ғылыми ізденісті талап етеді. Өзінің көруі нашар болғандықтан, өз тәжірибиелерінде көбіне Тихо Брагтың нақты өлшемдерін қолданған. Кеплердің арқасында ғаламшарлар қозғалысында гелицентрлік жүйенің мәні арта түсті.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Құдай, әлем және адам туралы қайта өрлеу философиясы Құдай, әлем және адам туралы қайта өрлеу
Өнер, бейнелеу өнері, әдебиет, философия және саясаттың қайта өрлеуінің үш сатысында да антропоцентризм үстемдік етті, яғни бірінші орынға жеке
Христиандық догматика негізінің қалыптасуы. Патристика-апологетика дәуірінің БІРІНШІ кезеңі Христиандық догматика негізінің қалыптасуы.
Орта ғасыр дәуірінде, патристика кезеңінде (ІІ-VІ ғғ.), ең бірінші баспалдақтар апологетиктерге жатады. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа
Христиандық философияның басталуы Христиандық философияның басталуы
Еуропалық ортағасыр философиясы – Рим империясының күйреуімен байланысты (V ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (ХIV-XV
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі Философиялық бағыттар мен жүйелердің
Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы»
Қайта өрлеу дәуіріндегі қауіпсіздік туралы философиялық көзқарастар Қайта өрлеу дәуіріндегі қауіпсіздік туралы
Қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары адамды жоғары құндылық ретінде бағалап, оған қатысты барлық мәселелер назарда тұрады. Итальяндық гуманист Лоренцо
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×