Жастар порталы
Философия өнер ретінде: даралықты табу (Данте, Петрарка т.б.)
175 0 aiko

Философия өнер ретінде: даралықты табу (Данте, Петрарка т.б.)

Философия

XIV-XVI ғғ. – Еуропа елдерінің экономикасындағы, саяси және мәдени өміріндегі өзгерістер уақыты. Еуроәлем бірінші кезекте Орталық, Батыс Еуропа және Жерторта теңізі елдерінің экономикалық мүдделері арқылы саяси бірлікке ұмтылды. Ф. Бродель «XV-XVIII ғғ. материалдық өркениеті, экономикасы және капитализмі» атты кітабында «... жаңа Еуропаның бастауына мына екі ұлы кешендерді жатқызуымыз керек, олар: солтүстік және оңтүстік Нидерландия және Италия, сонымен бірге Балтық және Жерорта теңізі» деп көрсеткен. Соған қарамастан, екі кереғар бастаудан басталған Еуропаның экономикалық дамуы оның нарықтық бірігуінен ғана емес білімнің, өнердің, мәдениеттің ұштасуында жатыр. Осы процесс қаланың және қалалық мәдениеттің өсуіне себепші болды.

Шығыстың қайта өрлеуі еуропалықтардан бұрын басталды. Оған Н.И. Конрадтың айтуынша, XI-XVII ғғ. дейін созылған Аспанасты елінің гуманистік тұжырымдамалары негізделген VII ғ. басталған Қытай ренессансын жатқызуға болады. «Хань Юй және қытайлық ренессанс бастауы» еңбегінде ол итальянша «гуманизм» терминінің синонимі ретінде қытай тілінде адамды сүю мағынасына саятын «жень» сөзін алды. Хань Юй оны ертеде Қытай елінің ең ескі кітабы саналатын Конфуцийдің «И Цзин» кітабынан тауып алса керек. Ал (XI-XVI ғғ.) Солтүстік Шығыс елінің қайта өрлеуі өзбек әдебиетінің негізін салушы Әлішер Науаи есімімен байланысты. Соған қарағанда, Қиыр Шығыс елінің қайта өрлеуі антикалық мәдениет – перипатетиктердің ізбасары «екінші ұстаз» атанған әл-Фараби есімімен тығыз байланысты.

Еуропа елдері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың, тарихтың жаңа үлгісіне дайын болған кезде шығыс мәдениеті батыс мәдениетінің бастауы болды (В.К. Чалоян).

Қоғам өміріндегі осыншалықты өзгерістер өнердің, табиғи және нақты ғылымдардың, сонымен қатар ұлттық тілдегі әдебиет пен философияның көмегімен жүзеге асты. Өрлеу дәуірі философиясында: уақыт өте шешілетін сұрақтар «таза» академиялық сипатта болмады. Философиялық ойлар көптеген жарияланымдарда, ғылыми трактаттарда, өнерде, тіпті архитектуралық жаңартуларда жарияланып отырды. Басқаша айтқанда, ақылға деген сүйіспешілік өнердің әр саласынан көрініс тапты. «Қайта өрлеушілер» шіркеулік догматизмге қарамастан адамның Құдайға деген сенімін ақылдың кені ретінде пайдаланды. Теоцентризмнен антропоцентризмге және гуманизмге өту адамдардың өнерге деген қабілеттіліктерінен, ішкі бостандыққа деген ұмтылыстарынан байқалды. Адам өзі Құдаймен, таңғажайып табиғатпен арақатынасқа түскенде өзінен «жан-жақты адам» тәрбиелеп шығарады. Бұл адамның «жердегі тәңірлігінде», оның сенімінде және әмбебаптылығы мен жеке тұлғалығында байқалады.

«Гуманизм» терминінің өзі латын тілінен аударғанда «һомо» – «адам» деген мағына беретіндігі рас. Гуманизмнің қалыптасуы – қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі. Италияда «гумманист» деп түрлі саланың өкілдерін атаған: философтар мен мәмілегерлер, көпестер, шенеуніктер мен патрициялар. Солардың ішінде – ақын Дантэ Алигьери, саясаттанушы Никколо Макиавелли, философ Лоренцо Валла, граф Пико делла Мирандола, дана Леонардо да Винчи және т.б. Оларды біріктірген, өздерінің мамандықтарынан бөлек гумманистік бағытта өмір сүру мен оған атсалысу еді. «Жанның ұлылығын» бағалаған олар жақсылыққа деген құштарлықтарын оятты. Гуманистер «уақытты жоғалтпау керек» ұстанымымен отанға қызмет етіп, ол үшін еңбек етіп, оқып өз үлестерін қосты. Олар оқуды сәнге айналдырды. Л.М. Баткин өзінің «Итальяндық гуманистер: ойлау және өмір сүру стилі» атты еңбегінде: «ілімге деген құштарлық дербес емес, ұлттық гуманистік» деген екен. Бірнеше тіл білетін ғалымдар антикалық еңбектерді тек философиялық тілмен емес, қарапайым халық түсінерліктей аударды. Ф. Энгельстің анықтамасы бойынша, бұл титандарды күш жағынан да білім жағынан да қажет ететін дәуір болды. Ал А.Ф. Лосев бұл дәуірді «титанизмнің өзге қыры» деп нақтылады. Монахтардың дінін жасырын қабылдаған шіркеу ойшылы «Қайта өрлеу эстетикасы» атты еңбегінде Қайта өрлеудің адам өміріне кері әсері мен «рухани әлсіреудің» адам болмысына әсерлерін айта түсті. Ренесанстық қоғамда жеке даралық өзін жақсылыққа жаны құмар, жамандыққа қарсы тұрар адам ретінде көрсетеді. Олардың арасын бөле жаратындай шекара да жоқ. Құндылықтардың бағасы түсіп, ойлау әркімнің қолынан келетіндей халге түссе, тұлғаның жекелей дамуы «жаңа заманның қайғысының азаюына алып келеді» деді. Бұл өмірде өзін жалғыз, жан-жақты, сенімді сезінсе, бұл адамзат үшін құлдырау» деген екен У.Шекспир. Сонымен қатар, өзіне тым сенімді болу адамзатқа қауіп әкеледі. Жеке даралық және прагматизм басымдылықпен емес творчестволық күшпен өлшенеді. Бұл қауіп «өткенді жоққа шығару, келешектің әлі жоқтығын, қазіргінің жоқпен теңесуіне» әкеп соқтырады (Б.Г. Кузнецов).

Осы шарттармен философия өнермен және ғылыммен тығыз байланысқа түседі. Адамның бостандығын мойындау платонизм, аристотелизм, неоплатонизмде, антикалықтың – пантеизм мен антропантеизмінде кең мағынаға ие. Жаратылстану, математика, физика, астрономия ғылымдарының дамуы өмірге натурофилософия сияқты жаңа ғылымды енгізді.

Ақын Данте Алигьери (1265-1321 жж.) Қайта өрлеу дәуірінің атасы деп саналады. Өзінің «Құдіретті комедиясында», «Жаңа өмір», «Пир», «Монархия» атты еңбектерінде ол – адамзаттың бастауын бірліктен табады. Адам өз бойындағы жеке қасиеттерге, ақыл-ойына, өз бақытына жауапты.Ол үшін жұмаққа апаратын оның діни сауаты мен жер бетіндегінің барлығын білетін антикалық ойшыл, оратор және ақын Вергилий болып табылады. «Құдіретті комедияның» персонаждары Сигер, Брабантский, Фома Аквин-ский, Демокрит, Сократ, Платон. Ал осы өмірдің картинасын ол неоплатонизм бағытында суреттейді.

Данте неоплатонизмге сүйене отырып, қоршаған ортаны, табиғатты адамнан бөліп-жарып қарамайды. Оның пайымдауынша, адам табиғи құндылықты жерден, қоршаған ортадан алса, рухани құндылықты діннен, Құдайға сыйынудан алады. Философия – мемлекет басқаруда, ал шіркеу – Тәңірлік хандыққа жол сілтеуші. Монарх шіркеуге тәуелді болмауы керек, ал адам өмірінің мәні аскетизмде емес, өмірдің жергілікті шартын жетілдіруде.

Философияда гуманистік бағыттың негізін қалағандардың бірі Франческо Петрарка (1304-1374 жж.) болып саналады. «Әмбебап адамға» саятын ол өзін саясат, әдебиет, поэзия, ғылым, риторика, философия ғылымдарында жақсы таныта білді. Петрарка Еуропада жоғары білімді адам атану үшін оқуға міндетті болып табылатын «грек-рим адамгершілігі» мектебін алғаш ашқан. Ол Еуропалық поэзияда махаббат ұғымының жаңа мағынасын «ашқан». «Менің құпиям» атты тамаша бикешке арналған еңбегінде – «Донна Лаураның өмірі үшін», «Донна Лаураның өлімі үшін» жолдарында Франческо махаббат тек өкініштің бұлағы емес, сонымен қатар ол арқылы өмірге деген құлшынысты арттыуға болатындығын көрсетті.

Петрарка әдебиеттің, өнердің жаңашылдығын ашу үшін соқыр ойларға емес антикалық өрлеуге ой салу керектігін бекітті. Өзінің «Өзіндік білімсіздік пен басқалардың білімсіздігі туралы» еңбегінде схоластикалық ілімді адамға керексіз деп тапты. Схоластарды сынға ала отырып, Петрарка «Аристотельге, оның ізбасарларына қарсы шығып жатқан жоқ». Гуманист ретінде ол философиялық зерттеулерде адам негізгі нысан болуы керектігін айтады. Тек қана Құдайды танып қоймай, адамның Құдайға деген сенімін, көзқарасын зерттеу керек. «Менің құпиям» деген еңбегінде ол Августиннің, Францисканың және Истинаның өмір туралы әңгімелерін сипаттайды. «Гуманизм» терминін ғылымға алғаш енгізе отырып ол Христиан діні арқылы адамсүйгіштікке үйретуді көздейді. Басқа сөздермен айтқанда, алғашқы гуманист философияның негізі адам туралы ғылым болуы тиіс дейді.

1341 ж. Петрарка Отан алдындағы қызметі үшін Капитол шыңдарында ескі замандағыдай алқагүлмен марапатталып, Римге шақырту алады. Осылайша, орта ғасырда антикалық дәстүр қайта жанданған еді.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. 291 б.

Ежелгі Шығыс философиялық ілімдеріндегі қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік түсінігі Ежелгі Шығыс философиялық ілімдеріндегі
Ежелгі Шығыстағы әлеуметтік-экономикалық мәдениеттің консервативтілігіне байланысты алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі анимистикалық қатынастар
Исламның Батыс Еуропа елдеріне таралу себептері Исламның Батыс Еуропа елдеріне таралу себептері
ХХ ғасырдың соңғы он жылын саралап қарасақ, исламның қауіпсіздігі мен рөлі туралы аз сөз болмаған екен. Басқа діндермен салыстырғанда хақ дініміз
Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына,
Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет
«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани мәдениеттің даму
Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі
Рим-Католиктік шіркеуі Батыс Еуропаның феодалдық қоғамында үлкен рөл атқарды. Ол   Ортағасырлық идеологияның иесі болып табылатын қуатты
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×