Жастар порталы
Классикалық сопылықтың философиялық аспектілері
436 0 aiko

Классикалық сопылықтың философиялық аспектілері

Философия

Сопылық исламға дейінгі дуианалар қозғалысы сияқты пайда болған. Ол олардың қарсылығын білдіруіші, бұл әлемнен қашып, аскетизм мен Құдайды тану деңгейіне жету жолы болды. Ирландиялық суфизмді зерттеуші Роберт Грейвздің пайымдауынша, «суфистер, бізге белгісіз болып қалған тарихы бар ежелгі рухани ағайындылықты елестетеді». Бірақ суфистердің тарихын б.д.д. ІІ мыңжылдықтан бастау алады десек болады. Суфистердің белгілі бір құлшылық ететін шіркеулері немесе діни орындары болмаған. «Суфий» терминінің өздері әзілмен қарайтын «квакер» деген сөзбен байланысты сияқты, әзілге жылы қабақ танытады. Суфизм қалың көпшілікке «бірнеше уақыт бойы исламның ортасында ғана қолданылғандықтан, шығыстық сипатқа ие болғанда танымал болды», қазіргі нағыз суфизмді Батыста да Шығыста да кездестіруге болады, ол генерал да, шаруа иесі де, саудагер де, құқық қорғаушы да, мектеп оқытушысы да, тіпті кез келген адам да болуы мүмкін. «Әлемде бола тұрып, әлемнен болмау», табиғатынан шыншыл, қулықсыз, кінәшіл болмау, өзіңнен жоғарыларға қорқа қарау – нағыз сопылықтың идеалы. 

Сопыларды тәрбиелеу дінмен, поэзия (ақын, Шығыстың ақындары суфизмді дамытушылар болған), өнер, медицина (адам жанын психологиялық, психиатриялық жолмен емдеу), тіпті құрылыс саласымен байланысты болды. Салт бойынша 12 жылдық блім алған кез келген суфист, көмекке мұқтаж адамға ешқандай ақша алмай шынайы көңілмен жанын демалдыратын рухани, психологиялық көмек көрсетуге тиісті. Ескі салттарды және құпия білімдерді сақтаушылар еуропалық друидтер сияқты суфистер де ерекше білімдерімен, салттарымен адамдарды емдеуде омеланы қолдануы кездейсоқтық емес. Осы орайда, айта кететін жайт суфисттік бағыт діни ағаш секілді өсіп шықпайды, кез келген ағашқа бекініп, көгеріп, көкке жетеді. Алепподағы мұсылмандық жазалау мекемесі тарапынан жазаланған суфист Ибн әл-Араби өзін ақтауда оның басты мақсатым «адам Құдайшыл санатқа жетуі діни махаббат арқылы» екендігін дәлелдеу еді деген екен. 

Теологиялық тұрғыдан суфистік ілім неоплатондық идея эманация, адам жанының Құдайға сіңісуі туралы индуистік ілім мен зороастрилік ілім «жарқырау теориясына» (Құдай күн сәулесі мен от жарығында) ұқсайды. 

Суфистер исламның «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген басты ұстанымдарын «Алладан басқа жаратушы жоқ» деп өзгертіп, Құдай бар және ол барлық жерде бізді бақылаушы екендігін алға тартады. Бұл монотеизм емес, пантезим. Эмонация идеясына сәйкес, жаратушыны жалғыз деп тану діншілдердің жан тәніне сіңеді. Бірақ, азап шегу, қиыншылыққа тап болу адамды бұл өмірден бездіріп, Құдайға жақын болуға итермелейді. Бұл экстаздық қалыпта, яғни жан суфистің жанымен байланысқа түскенде байқалады.

Алғашқы сопылықтың мазмұнын ашып, баяндаған Мухиддин Ибн әл-Араби (1165-1240 жж.) деген атпен танымал Ұлы шейх Абу Бакр Мұхаммад Ибн Али болатын. Бұл арабтардың «мистикалық ойшылы» Меккеден білім алған басқарушы мен оның патшалығы туралы кітап «Футухат» трактатының авторы. Шығыстанушы ғалымдар оның бұл еңбегін «ислам ғылымының энциклопедиясы» деп бағалаған. Онда алғашқы сопылардың өмірі мен айтқан өсиеттері, эзотериялық ғылымның сопылық қағидалары, кемел адамның қалыптасуы туралы баяндалған. Араби «кемел адамды» этикалық тұрғыдан қарамай, онтологиялық гностикалық тұрғыдан сипаттайды. «Адамда – әлемнің барлық жаратылысы бар» дейді ол Әмбебап адам, немесе «логос адам» Араби бойынша «жаратылыстың бірлігі» – монада, ғарыштық аспектіде әлемнің көшірмесі. Ғарыш адам секілді дамуды қажет етеді. Адам микрокосмос сияқты, ал ғарыш үлкен адам.

Сопылықтың шебері болып қана қоймай, поэзияның шебері бола білген Араби өзін былай спаттайды:

Мен махаббат дінін ұстанамын,

Мені қазір кейде киік бағушы деп атайды.

Кейде христиандық монах дейді,

Ал кейде парсыдан шыққан ойшыл деседі.

Менің үш сүйгенім бар

Үшеуі шын мәнінде біреу ғана....

Араби, сопылық дәстүр бойынша ойды дұрыс түсінбеген жағдайда өзіне қарсы шығушылардан сақтанып, астарлап сөйлеу тілін қолданады, оның музасы негізінде (нимфа, бикеш, кемпір) үш сфераның бірігуі, яғни сопылық бағыттың қызметі – жан поэзиясы, жанды емдеу, жанды тәрбиелеу.

Кемел адам концепциясын дамыта отырып, Ұлы шейх оны гностицизм тұрғысынан қарайды. Осы аспект бойынша адам «Мұхаммедтің идеясы», «сөз» Құдайдың ісі, яғни бүкіл әлем «үлкен Құран». Араби Құранның және әлемнің образы ұғымын Мұхаммед пайғамбармен байланыстырады. Басқаша айтқанда, ол, Мұхаммед деген Құран, яғни «Құдайдың елшісіне қарау Құран кітапты оқумен тең» дейді.

Ол Құранға кемел адам концепциясын құру үшін ғана жүгінбейді, сонымен қатар барлық дін мен діншілдердің сенімін бір жерден шығаруға тырысады. Сопы ретінде Араби Құдай «хамелеон» секілді түр түсін өзгертіп, уақытқа, жерге еш байланыссыз су сияқты кесенің түсіне қарай өз түсін өзгертіп барлық кейіпке ене алады. Бірақ, суфизмнің негізін салушының діни универсализмі діншіл догматтар үшін «ұлы революциялық саяси әрекет» болды.

Араби әлемнің бірлігі «барлық жаратылыстың абсолютті бірлігі» – абсолют, феноменалды әлем деңгейінде байқалатын монизм принципін құрды. Абсолют, Ақиқат әлем жаратылысындағы жалғыз ақиқи шындық. Құдайды тану алдымен оның есімдерімен таныс болудан басталса, материалдық тұрмыстың формаларымен түсіндіріледі. Араби, басқа да сопылар секілді әлемді Құдай «өзі басқаратын, қарамағына алған әлем» деп түсінеді.

Оның ізбасарлары – ваджудисттер – әрбір көпшілік қауымның артында бірлік жатыр, ал кез келген зат өзін «біртұтастылықты қалыптастырушы бірліктен» құралған дейді. Бұл абсолютті монизмнің сопылық философиясын Гегель, Шығыс пантеистері үшін бірліктің үлгісі деп бағалаған.

Сопылықтың мистикасы ортодоксальды мұсылмандардың руханилығы мистикалық діншіл әл-Ғазали (1059-1111 жж.). тарапынан өркендеген болатын. Өзінің «Философтарды теріске шығару» кітабында ол Аристотель, әл-Фараби мен Ибн Синаның ілімдерін сынға алады. Философтар дейді Ғазали, заттардың шынайы табиғатымен келісе алмайды. Ол әл-Фарабидің және Ибн Синаның адам санасы жаратылыстың ең биік шыңы деген ойларымен келіспейді. Ирандық ойшыл ой-сананы бастауды басқаратын зат деп қана қарайды. Ғазали ой-сана адамды тек мақсатқа жетелеуші, бірақ жаратылыстың жұмбағын, сырын аша алмайды дейді. «Тек сананың көмегімен барлық сұраққа жауап табуға болмайды.. сана барлық мәселенің шешімін тауып берме алмайды» деп жазған, сонымен қатар, сана оның ойынша, тек біраз сұрақтардың жауабын таба алады, сондықтан оны да жоққа шығаруға болмайды.

Перипатетиктерге өзінің «еретикалық» сыни көзқарасымен Ғазали ашариттер (мутакаллимдер) ілімін құптап, алайда олардың ілімдерін берік ұстанудан бас тартқан.

Түркілік сопылықтың негізін өз заманында шейх ұстаз мәтребесіне дейін жеткен Қожа Ахмет Йассауи салған. Ол 1103 жылы Түркістан қаласында туылып, исламдағы суфизмнің өркендеген кезеңінде өмір сүрген. Бірнеше мың жылдар бойы қалыптасқан суфизм, еуропалық гностицизмнің шығыс зороастризмнің, грек неоплатонизмінің, христиандық мистицизмнің және т.б. ілімдердің бойына ең жақсы жақтарын жинаған ілім еді. Онда жеке тұлға ұғымы жақсы дәріптеліп, өз әлеміңде, жаныңда Құдай дәрежесіне көтерілу қарастырылады.

Суфизм мен тәңірлік теориялық әлемнен практикалық ілімге жақынырақ. Құдайды табиғатқа сіңдіре отырып оны үш деңгейде бөліп қарастырады. Қай қайсысын да болмасын, адам «Құдайдың жанында» активті рөл ойнайды. Көбінесе бұл ілімде ұқсастықтардан гөрі ерекшеліктер басымырақ. Тәңірлік – әлемді танудың бір ілім түрі, оны көбінесе көшпенді халық ұстанған. Сопылық Құдайды тануға бағытталған. Тәңірге табынушы ғұмыр бойы өмірде табиғи заңдылықты сақтап, күн көрісті осылайша Құдайды тануға бағыттайды. Сопылық көзқарасы бойынша, әлемдік бірлікке қол жеткізу және адам мен Құдай арасындағы бірлікке жету тек адамның қолынан келеді. Суфистердің ілімі бойынша өзін-өзі тану және Құдайды тану бес сатыдан тұрады: сезімдік әлем, идеялар әлемі, жан әлемі, Құдайдың абсолютті болмысы, кемел адам. Осы бесінші сатыда сопылықтың жүрегі экстазға кенеледі, яғни Құдаймен бірлікке түстім деген сенім. Сопы үшін білім жүректе, ал тәңіршіл үшін ол салт-дәстүр мен күнделікті өмір сүру салтында жасырынған. Бірақ мұнда білім берудің тағы да бір құралы – тіл, яғни символдар тілі мен белгілер тілі, салт-дәстүр, киім кию үлгісі бейнеленген метафора пайда болады. Сөз бен әуен қазақ пен сопылық үшін ұлы ақылдылықтың, ойшыл бола білудің шифры жасырынған сыр.

Йассауи өзінің «Диуани хикмет» кітабында өз заманының дүниетанымын сипаттайды. Оны тіпті ортағасырлық мемлекеттердің өмір салты бейнеленген кітап десек те болады. Бізге белгілі болғандай, бұл ілімде «жолға түсу» суфизмге түсу мағынасын білдіреді және адамның рухани жаратылысы баяндалады. Адамның жетілуінің басты мақсаты бұл өмірдегі өткінші заттардан бас тартып, «өлім келмей тұрып, өлуге» деген құштарлық. «Жанды тәрбиелеу» сопылық үшін Құдайды тану абсолютті ақиқатты танумен тең, осылайша адам өзін-өзі таниды. Өзін-өзі танудан Құдайды тануға дейінгі жол оны жақсы көруден, ақиқатқа өз күшімен жетуге дейін жалғасады, яғни жүрек, сенім, ақыл. Ол әйел адамдарды құрметтеп, дәріптеуі керек, сөзшіл болмау керек. Осындай адам үшін символ, өлең шумақтары және притчи – жұмбақ ілімнің сырын ашудың шынайы әдісі. Сопылық үшін өмірдің мәні Құдайды жақсы көру және адамдарға рухани білім беріп, тұлға қалыптастыру.

Барлық сопылар тариқат Құдайдың сүйіспеншілігінің мәнін түсіну арқылы экстазға әкелетіндігін біледі. Сонымен қатар олар, экстаз өз алдына Құдаймен бірігу емес екендігін біледі, себебі Құдаймен бірігуге егер экстазға жеткен сопы күш жинап бәрін қайтадан бастауға дайын болса ғана жетеді. Бұл қысқаша айтқанда «Сөз беру және оны орындау!». Ахмет Йассауи әлемдегі барлық жаратылыстың өз бағыты барын білген. Осыдан болар Қожа Ахмет Йассауи Мұхаммед пайғамбардың жасына жеткенде өмір сүруден бас тартып, жертөлеге түсіп, рухани және моральдық тұрғыдан өзінің қаншалықты діни міндетін атқарғанын көрсетті. Йассауи толық мағынада Құдайдың және адамзаттың алдында барлық парызын толық орындағандығын көрсетті.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. 291 б.

Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин) Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин
Патристиканың екінші кезеңі ІV ғасырдың басымен V ғасырдың жартысы, христиандық шіркеулер грек-рим қоғамында елеулі тұлға болған кезеңге тап келеді.
Чарвака (локаята) Чарвака (локаята)
Чарвака мектебі (локаята) өзінің материалистік көзқарастарында анағұрлым өз жолын ұстаушы. Бұл оқу өз бастауын көне дана Локидің ұлы, Құдайлар
Сопылықтың ислам шеңберіндегі заңдылығы мәселесі Сопылықтың ислам шеңберіндегі заңдылығы мәселесі
Бірнеше ғасырға созылған отарлық дәуірде халқымыз өзінің тілі, ұлттық салт-санасы сияқты діни дәстүрін де ұмытып кете жаздағаны ешкімге жасырын емес.
Исламның Батыс Еуропа елдеріне таралу себептері Исламның Батыс Еуропа елдеріне таралу себептері
ХХ ғасырдың соңғы он жылын саралап қарасақ, исламның қауіпсіздігі мен рөлі туралы аз сөз болмаған екен. Басқа діндермен салыстырғанда хақ дініміз
Қасиетті сан, қасиетті кеңістік және уақыт Қасиетті сан, қасиетті кеңістік және уақыт
ҚҰПИЯ (көне грекше — құпия, лат.  sacramentum -ант, міндеттеме) - діни әрекет, онда, тарихи шіркеулердің іліміне сәйкес, көптеген христиандықтар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×