Жастар порталы
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
1 893 0 aiko

Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы

Философия

«Араб-мұсылман» философиясы терминінің астарында тек араб тілінде оқып, жазған Араб халифатының құрамына кіретін елдер ғана емес, сонымен қатар парсы тілінде де жазған түрлі халықтың философиясы жатыр. Философия діндік бағытта ғана емес, ислам басым болған мәдениет салаларында дамыды. Оның басты ерекшелігі ортағасырлық философия сияқты бірден дамуында. Араб-мұсылман философиясы зороастризм, гностицизм, манихейст, христиан және буддизм діндерінің ықпалымен ортаға шықты. Ислам теологиясының дамуына антикалық философиялық ойлар үлкен септегін тигізді. Араб-мұсылман философиясы ислами мәдениеттің бір бөлшегі болғандықтан «шығу тарихының өткенісіз» болып қала береді. 

Араб-мұсылман философиясының (VIII-XV ғғ.) дамуы үш сатыға бөлінеді: 

1) мұсылмандық дін ілімі – мутакаллим мен мутазилиттер мектебінің қалыптасуы, суфистік бағыттың пайда болуы. 

2) перипатетиктер әл-Кинди, Ибн Сина, әл-Фараби, Ибн Рушдтың (Аверроэс) шығармашылығы; 

3) түркі философиясы: орта ғасырдағы шығыстық ілім өкілдері: Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йассауи және т.б. ғалым-энциклопедистердің шығармашылығы. 

Мұсылмандық діншілдік бірнеше ғасырда қалыптасты. Мұсылмандардың Қасиетті кітабы Құран тіпті ХІ-ХІІ ғғ. мұсылмандық мәдениеттің ең өркендеген кезеңінде діни, этикалық және құқықтық тәрбиелеу Сунна (соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) қалдырған ақыл, өсиеті) бағытымен толықтырылды. Құран және Суннамен қатар олардың жалғасы ретінде мұсылмандық діни ілім құрылды. Діни ілімнің алдында: Құранның мағынасын ашу, оны жаңа догматтармен толықтырып, мемлекетті басқаруда, шаруашылықта, құқықтық басқаруда және теологиялық пікір таластарда туатын мәселелерді шешу қойылды.

Ислам негізгі екі басты бағытта дамыды – Суннаны ұстанатын (ортодоксальды классикалық ислам) және Құран мазмұнын түсінікті оқу және шиизм, ақиқат деп танылатын бағытынан тұрды. Исламның таралуының басты қағидасы мистицизм және теологиялық негіз тұрғысынан көп талқыға түскен бір Құдайға табыну (таухид) еді. Ислам дінінің таралуының алдыңғы кезеңінде жалпы Құдай туралы ойлар қалыптасты. Бұл бір жағынан, қабілеттілікті айқындау туралы теологияның негізінде болды.

Олар схоластикада исламаның – калам (сөз), дейтін бөлігін қарастырды, яғни догматты қолдамады. Алла тағаланы көре алмасақ та, бір тылсым дүние бар, осы тіршілікті жаратқан Алла бар. Олардың болжауынша, адамдардың тәуелді болып және мүмкіндіксіз қиналуында заңдылық бар, ол Алланың әділеттілігі. Тіршілік те солай. Мутазалиттер де Құран Құдайдың жаратқаны емес, оны жаратушы Мұхаммед деп болжады. Себебі, олардың ойынша, шындықты білетін жалғыз нәрсе сол. Бұл ойларды талқылауға шешуде белсенділік танытқан мұсылмандық діни ілімді дәріптеуші мутазилиттер – теоретик Уасыл Ибн-Атаның (699-748 жж.) арқасында «ерекшеленген» (араб тілінен «ерекшелену») болатын. Олар исламның – Құдай мәңгілік болғандықтан оның көпжақтылығын мойындамаған догматтар ілімі қалам (сөз, баяндама) схоластикасын ойлап тапты. Құдай жаратушы әрі жаратылысқа жан бітіруші, бірақ оның пішіні мен жүйесін айқындамайтын басты заңдылық сияқты. Олар Алланың мейірімділігінің шексіздігінен кінәлі адамдар өмір бойы азап шекпейді деп ойлаған, сонымен қатар мутазалиттер Құранды Құдай жіберді, ал Мұхаммед пайғамбар оны бізге жеткізуші ғана, олар барлық діни сенімнің басты негізі ақиқатқа көз жеткізу деп оқытты.

Мутазилиттің (бір Құдайға сенушілік) негізгі ұстанымдары Абу Худайл аль-Аллаф есімімен байланысты. Ол Құдайды ойлау жүйесі арқылы да тануға болады оған ақиқаттың қажеті шамалы деген. Өзінің сөзін растау үшін келесі тұжырымдамаларды ұсынған. Сол заматтарда Салих есімді бір маг-зороастриец болыпты-мыс, оның Жарық пен Қара түнектен тұратын екі жағы болған екен, оның ойынша, олар бір-біріне қарама-қарсы келеді, ал олардың қоспасы әлемді құрайды. Бұл келіспеушілік тудырды. Аллаф Жарық пен Түнектің қоспасы бір-бірімен ылғи үйлесімді болды ма деген сұрақ қойған. Салих ол екеуі бір зат болатын деп жауап береді. Аллаф қайтадан: «Егер екі зат бір-біріне қарама-қарсы болса, қалайша үйлесіп кете алады? Оларды араластырушы бір күш болу керек, оларды тек қана – таңғажайып күш немесе Құдай ғана араластыра алады» депті. Тағы бір сөзінде Аллаф: «Сенің көздегенің не?» Салих: «Мен Құдайдан екі Құдай бар деген сенімді растайтын ризашылығын сұрадым» дегенде Аллаф: Сен Құдайдың қайсысынан ризашылық сұрадың? Сен сұраған Құдай бұл үшін тағы да басқа Құдайды нұсқауы мүмкін» деген екен.

Ол алғаш болып адамға керек білімі туралы өте жоғары білімге көтеру үшін екі бағытты ұсынған: қажет дүниені тануға бағытталу (Алланың бар екендігін мойындау және ақиқатқа көз жеткізу), басқа да қалған сезім мен ой-сана арқылы жетілетін білім салалары.

Аллаф еркіндікті сезіну тек біздің әлемімізде ғана мүмкін деген. Қабірде адамның еркіндігі шектеледі, яғни еркіндік жоқ. Тозақта мәңгілікке қалып, азап шегу мүмкін емес, себебі Құдай аса мейірімді. Адамның еркіндік құқығын қорғай отырып, Аллаф догматтарға ғана емес, тіпті фатализмге шыққан.

Мутазилиттер мұсылмандық ортодокстар (мутакаллимдер) тарапынан қудаланып, ІХ ғ. олардың іліміне тыйым салынды.

Мутакаллимдер өкілі, мутазилиттердің саяси өмір мен табиғи өмір салттары ілімін сынға алған Маймонид әл-Ашари (873-935 жж.) еді. Құдайдың есімінің көптігін адам санасына сыймайтындай құдіреттілігін баяндай отырып, олар исламда креационизм (әлемді Құдай жаратушы) бағытын және фатализмді (алдын ала болжау идеясы) қалыптастырды.

Мутакаллимдер ілімі жасырын құрылған, Құранды сөзбе-сөз түсінбей, астарлы мағынасын ашып түсіндіруді қолдаған «таза ағайындылар» тарапынан талай рет сынға алынды. Олар «әлемді» Құдай жаратты және оған бәрі қайтарылады» деген неоплатондық идеяны ұстанушылар болатын. «Ағайындылар» «адам қайтыс болған күні, оның жанының туылатын күні» деген. Ойшылдың терең білім алудағы басты мақсаты – жанын тазартып, оны нұрландырып, жақсылыққа бейім болу. Дін адамзат өнегелігін арттыруға бағытталмаса, өз мәнін жоғалтқаны дейді олар. Олардың басты мақсаты элинизм ақиқатын исламмен біріктіре отырып адамзатты өнегелікке шақыру.

Жасырын құрылған «Таза ағайындылар» қоғамының мүшелері тәңір жіберген – Төре, Құранды, Библияны дәріптеп, ғылым мен ой-санаға сүйене отырып, діни қаскөздік адамгершілік арқылы жеңетіндей қоғам құруға болады деді. Олардың ілімдері екі жүзжылдыққа дейін қызмет етіп, ислам әлемінің дүниетанымына ықпалын тигізсе, гуманисттік идеялары суфиялар мен араб-мұсылман перипатетиктері тарапынан алға дамыды.

«Таза ағайындылар» танымы исмаилиттер көзқарасына жақын болды. Исламиттер философиясы (Х ғ. аяғы-ХІ ғ. басы) Хамид ад-Дин әл-Кирмани ан-Насафи, Хибатуллах аш-Ширази, Ибн-рахим әл-Хамиди еңбектерінде жарияланды. Олардың «барлығын құраушы» өмір туралы, ғарыштың орын тәртібі және белсенді өмір салты туралы ілімдерінің бастауы стоисттік болар. Өздері тәжірибие жүргізген сандардың сыры және өздері ұсынған әлем құрылыуының макроструктуралық «баланс» ұғымы пифагорлық мектептен бастау алған. Неоплатонизм тұрғысынан олар Бір Құдайға табыну (Алла) концепциясын қалыптастырды. Әлемнің исмаилиттері имамның жанына айналды. Исмаилиттер бойынша, имамның жаны кәдімгі діншілден ерекшеленеді. Ол өз кезегінде жеті пайғамбардың (Адам, Авраам, Ной, Моисей, Исус, Мухаммед, Али) тәнінен өтіп қоныс «жердегі имам» жанында қоныс тауып, ұштасып жатыр. Олардың айтуынша, пайғамбарлар белгілі бір мақсатпен – әлемдік тарихтағы тәңірлік құпияларды адамзатқа түсіндіру үшін келеді. Олар қарапайым адамдарға Құдайдың біздер үшін түсініксіз еркіндік құпиясын адам тілімен жеткізген. Жеті имамның әрқайсысында (соңғы Исмаилды қосқанда) өз міндетті істері, өзіндік мақсаттары болған.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Плотин және неоплатонизм Плотин және неоплатонизм
Эллинизмнің соңғы ірі мектебі неоплатонизм болды. Оның негізін қалаушы Аммоний Саккас болып табылады, ал оның белгілі тұлғасы – Плотин (б.д.д.
Ислам құқығы негіздері ғалымының араб тілін меңгеру деңгейі Ислам құқығы негіздері ғалымының араб тілін
Барлық усул ғалымдары, діни мəтіндерден шариғи үкімдер шығаруға құқылы ғалымның (мужтахидтің) араб тілі білімін, грамматика заңдылықтарын білуі
Араб мұсылман философиясының өзіндік ерекшеліктері Араб мұсылман философиясының өзіндік ерекшеліктері
Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман елдерінен
Бес парыздың бірі - зекет Бес парыздың бірі - зекет
    Зекет араб тілінде «көбею, өсу, тазалық» деген мағыналарды білдіреді. Зекеттің парыз болу шарты: балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, қарызы жоқ,
Ислам ілімі Ислам ілімі
         Ислам сенімінің негізі – бір Алла тағалаға ғана құлшылық ету және бір Алладан ған көмек сұрау (таухид).          Ислам – монотеистік таухид
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×