Жастар порталы
Схоластиканың қалыптасуының негізгі кезеңдері
375 0 aiko

Схоластиканың қалыптасуының негізгі кезеңдері

Философия

Патристика мен схоластика арасында бір ортақ мақсат болды, Құдай сөзін көпшілікке жеткізу, христиандық идеологияны құру, патристика діни догмаларды жүйеледі, схоластика оны жай адамдарға қол жеткізе алатындай қылды. 

Схоластика аясында VІІІ-ХV ғасырларда ортағасырлық философияда логикалық теологияның негізі өз дамуын бастайды. Бұл кезең үш сатыға бөлінеді: ХІІ ғасырға дейін – ерте схоластика, ХІІІ ғасыр – схоластиканың гүлденуі, кейінгі схоластика – ХIV-XV ғғ. Христиандық философия аристотелизмнің негізгі ойлары мен логикасын кең көлемде қолданады. Бұл кезеңде Еуропада Аристотельдің негізгі еңбектері мен оған қатысты шығыс философтарының грек және араб тілінен аударылған түсініктемелері белгілі болатын. 

Схоластика – рационалды негіздеу және антикалық философия элементтері қолданылған христиандық наным-сенімді үйренудің жүйеленуі. Схоластика шеңберінде философия «дін ілімі қызметшісінің» рөлін атқарады және жеке ғылым болып есептелмейді. Схоластика кездейсоқ құбылыс емес, Еуропаның мәдени өміріндегі заңды құбылыс. 

Дін мен философияның синтезінде қоғамдық астар бар. ІХ ғасырдан бастап феодолизмнің қалыптасу шыңында «ортақ қарым-қатынас тіл (латын), көкте жалғыз Құдай (христиан діні), жерде ортақ билік (саяси және мемлекеттік биліктің орталықтандырылуы» деген ұстаныммен біртіндеп европалық ұлттардың бірігуі басталды. Еуропалық ұлттардың бірігуіне олардың арабтарды еуропалық жерлерден ығыстыруы мен Араб халифатына қарсылығы себеп болды. Олардың діні мен философиясының бірлігі саяси және қоғамдық бірігуіне себеп болды. Осы кезеңде ғылымның бұрынғы «ханшасында» таңдау болмады: оның әлеуметтік мәртебесі өзгеріп кетті. Интеллектуалды ағартуға монополия шіркеу қолына өтті. Философия басқа да гуманитарлық тәртіптер сияқты тек қана шіркеулердегі мектептерде болашақ шіркеу қызметкерлеріне оқытылатын. Осы жағдайларда схоластика гүлденеді («школа» – мектеп деген сөзден) және «теология қызметшісінің» міндеті анықталады: ақиқатты іздеу емес, формалды дәлел және дайын ақиқат сынынан қорғану, Библияда «ашылу» түрінде кездеседі. 

Схоластика шеңберінде екі негізгі мәселе зерттеледі: 1) Құдайдың бар екендігі жан-жақты дәлелденеді; 2) универсалия – ортақ түсініктердің болу-болмауы, егер бар болса онда оған нақты заттар сәйкес келу-келмеуі анықталады. 

Христиандық философия логикадан және Аристотельдің ойларынан тұрады. Бұл уақытта Еуропада Аристотельдің еңбектері және шығыс философтарының комментарийлері грек және араб тілдерінен латын тіліне аударылған жұмыстары әйгілі болды. 

Схоластика – христиандық сенімнің антикалық философияда қолданатын жүйесі. Схоластика философияның діни қызметшісі міндетін атқарады. Ол Еуропаның мәдени өмірі болып табылады. 

Схоластика жайында ең бірінші Северин Боэцийдің (480-524 жж.) еңбектерінде кездеседі, оны орта ғасыр «Сумма» деп атаған. Ол латын тіліне Платон, Аристотель, Порфирий, стоиктер мен неоплатониктер еңбектерін аудармақшы болады (бірақ 48 жасында император саясатына қарсы келгені үшін өлім жазасына кесіледі). Әйтсе де оның Аристотель еңбектерінен аудармалары «Категориялар», «Аналитиктер», «Топиктер»», «Софистикалық жоққа шығарулар туралы», «Пайымдаулар туралы» ХІІІ ғасырға дейін аристотельдік ілімнің жалғыз діңгегі болды. 

Боэцийдің «Философиямен жан тыныштығы» түрмеде жазылған 5 кітаптан тұратын еңбегі әйгілі болды. Қараңғы қапаста жатқан ол әділдікке сенбейді, сондықтан өмірде әділетсіздік билейді. 

Оның қараңғы қапаста пайда болған ханшасы – оны жұбатушы философия болды. Оның әлемді Құдай билейді деген сенімі пайда болды. Философия Боэцийге адамның мәңгілік табиғатын және оның көктегі орнын еске салады. Осы ойларды түйіндей отырып, ол өлімді қорықпай қарсы алады. 

Боэцийдің түйіндеуі бойынша, тек философия ғана оны мазалаған сұрақтарға жауап бере алады. Айқын ақиқат – қарапайым және керемет: жақсылық мақтанда емес, атақта емес, байлықта емес, рахаттануда емес, биліктің күшінде де емес. Жақсылық – Құдайға сенуде, өйткені бұл қай жерде мүмкін болатын болса, сол жерде ақыл мен сенімді қосу керек. 

Берілген трактатта схоластиканың маңызды мәселелері қарастырылады, уақыттың мәңгілікке қатынасы. Осы бір мәселені шешу қатынас пен заттың байланысын іздеді. Бұл мәселенің классикалық анықтамасы: «саналы табиғаттың индивид субстанциясы». Құдай жайында баяндаулардың дәлдігін (бар екендігі, қайырымдылығы) талқылай отырып «бар екендігі» (id quid est) мен болмыс (esse) арасындағы айырмашылықтарды түсіндіреді: болмыс (тіршілік ету) және мағына бір түсінік емес: тек қана қарапайым түп негізі бар Құдайда ғана болмыс пен мағына сәйкес келеді. Ал жаратылған заттарға келетін болсақ олар қарапайым емес күрделі, оны біз болмысы мен мағыналарының ұқсамайтындығына қарап білсек болады. Сол немесе басқа зат тіршілік ету үшін болмысқа қатысы болу керек немесе басқаша айтқанда құдіретті күшпен жаратылуы тиіс. Заттар болмыстың анықтамасында көрсетіледі. Яғни жаратылған заттарға қатысты айтатыны, олар оңай емес, тым күрделірек болады. Заттың мәні оның қызмет ету анықтамасында. Бұл байланысқа Боэций «универсалия» деген термин енгізеді, яғни жалпы заттардың атауы. Заттың құрылу уақытын тәжірибеден алуға болады. 

Бұл ойларды Боэцийге дамытқан Иоанн Скот Эриуген, ол христиандық әлемді неоплатоникалық оқумен қосуға тырысты. Адам жаннан, тәннен тұрады деп есептеді. Адамның жаны өзіне тәуелді емес, ол Құдаймен сыйланған, қашанда жақсылық пен әділдікке ұмтылады. Жан жақсылық пен жамандықтың арасын таңдайды. Табиғат бойынша, тән жанға, жан тәнге тәуелді. 

Боэцияның бұл ойларын Иоанн Скотт Эриуген (810-877 жж.) дамытып, христиандық ілімді неоплатондық іліммен байланыстырғысы келген. Ол адамды жаннан, рухтан және денеден тұрады деп есептеді. Рух адамдарға тек Құдайдың көмегімен келеді, рухы бар адам жақсылыққа құмар болады. Жан жақсы мен жаманды таңдаушы. Табиғи заңдылық бойынша жан рухқа бағынса, дене – жанға бағынуы керек. Эриугеннің пайымдауынша, екіжақтылық күшті жан қызығушылықтан алады. Жамандық табиғаттан, Құдайдан немесе денеден шықпайды, оны адам өз еркімен жасайды. 

«Табиғаттың бөлінгіштігі» трактатында Эриуген табиғат аясында барлық жаратылыс пен Құдайды зерттеген. Ол табиғатты: «жаратушы және жаратылмайтын» (Жаратушы Құдай); «жаратпайтын және жаратылған табиғат» (жаратылыс әлемі); «жаратпайтын және жаратылмағандардың табиғаты» (Құдай барлық жаратылыстың себебі) деп бөлді. Эругеннің теологиясы өз еңбектерінде жаратылыстың және Құдайдың барлығы туралы ілімін паш етеді. «Құдайды барлық жаратылыстың жаны» деген пантеистік пікірі үшін шіркеу қызметкерлері тарапынан бірнеше рет сотталды. 

Схоластиканың екінші фазасы «Жетілдіру үшін сенемін» принципін ойлап тапқан Ансельм Кентерберийскийден (1033-1109 жж.) бастау алады. Ол Құдайға сену мен оған құлшылық ету және шайтанның азғыруына түсіп күнәһар атанудың себептерін рационализдік бағытта түсіндіргісі келді. Ансельм әр адамда Құдайдың барына деген сенім бар деп ойлады. 

Оның теологиясынада ерік маңызды орын алады: жақсылық жасау адамға Құдайдан берілген. Августин секілді ол да ой-сана сенімнің ақиқаттылығын түсіне алмады, оның басты мақсаты Құдайды дәлелдеу еді. 

Ансельм Құдайдың болмысын төрт тармаққа бөліп дәлелдеуін ұсынды. Оның үш тармағында Ансельм Құдайды оның әрбір жаратылысы бір-біріне ұқсамайтындығымен түсіндірді. Мәселен, әрбір істің қайыры бар. Біз затты тілегенде, оның қайырын тілейміз. Бірақ заттардың барлығы бірдей қайырлы емес, оның әрқайсысы жарамды емес. Олардың қайыры үлкенді-кішілі жарамдылығында, оның қайыры – Құдай. 

Ансельмнің төртінші дәлелдемесінде қайырдың астарында «Құдай» ұғымы бар екендігін байқаймыз. Құдай – өзге заттарға қарағанда тереңірек зерттелетін тақырып. Кейін Ансельмнің осы дәлелдемесін Кант «Құдайдың онтологиялық дәлелдемесі» деп атаса, Николай Кузанский «абсолютті максимум» деген екен. 

Схоластикалық тәсілдің негізін қалауда маңызды рөлді Пьер Абельярдың (1079-1142 жж.). «Sic et Non» («Бар және жоқ») еңбегі алады. Христиандық туралы кітаптан көшірмеде Абеляр меншікті жауаптарды бермеді, ол, ақырғы жауаптар барлық теологиялық сұрақтарда болды, сондықтан бұны ары қарай зерттеу керектігінде. 

Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болады. Сөздер мен заттар арасындағы арақатынас орнаған кезде ғана талдау нақты болады деп Абельяр тұжырымдаған. Осыған орай, ол реалистер мен номиналистерді сынға алып, өзінің үшінші көзқарасын ұсынған. Абеьлярдың пікірінше, универсалия дегеніміз заттардағы әмбапты білдіреді. Әмбебап жалқылар шынайы өмір сүреді, себебі ол Құдайдың ақыл-ойында бар. Адамға ең керегі Құдайға сенуі болып табылады. 

Схоластиканың үшінші фазасы аристотелизм арқасында дамыған «алтын ғасыр» деп аталады. Бұл ғасырдың ең көрнекті өкілі – Фома Аквинский (1226-1274 жж.). Оның «Пұтқа табынушыларға қарсы сумма», (Боэцияның шығармасына пікір), «Жарытылыс туралы», «Табиғат», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерін айтуға болады. 

Фоманың пікірінше, «Құдайдан басқа ешнәрсе жоқ. Болмыстың өзі –Құдай. Бұл жоғары ақиқат. Қалғанының бәрі оның ой-өрісінің жемісі.». Бұл тезис кез келген ақиқат Құдайдың ақиқатына тәуелді. Бәрі Құдайға байланысты. Дін Құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім. Ол аристотельдік ілімге сүйене отырып, өзінің пікірін нақтылау үшін бұған қатысты 5 дәлел келтіреді. 

1) Қозғалысқа қатысты дәлел. Ол қазір кинетикалық дәлел делінеді. Яғни, барлық заттар қозғала алады, ал қозғалып тұрған заттар басқа заттарды қозғалысқа әкеледі. Сондықтан бұны Құдайдан басқа ешкім қозғамайды. 

2) Дәлел. Материалдық әлемде өзінің түбінің бірінші себептен алушы себептес тәртіп өмір сүреді, яғни, салуға қажет біреудің алғашқы қандай барлық нәрсе Құдайдан. 

3) Кездейсоқтық дәлелі. Бұл тұжырым табиғатта және қоғамда тек бір данадан ғана заттар бар дегенді білдіреді. Бұлар пайда болады және жойылады немесе өмір сүре аладын, өмір сүрмейді. Бұл кез келген заттар өздігінен пайда болмайды дегенді білдіреді. 

Қоғамдағы және табиғаттағы «қажеттілік пен кездейсоқтықта» дәлелдер өмір сүретін бірліктер айғақ заттардан, кездейсоқтықтан құртылады немесе жоғалады дегенді атап айтады. Мұнда кез келген құбылыс жоқ болады, олар табиғатта өмір сүрмеген. Олар өздігінен пайда болмаған. «Сондықтан әлдебір қажетті жанды жаратушы Құдай бар». 

4) Дәлелдеу кемелділіктің дәрежелерін нұсқайды. Заттарда түрлі дәрежелер кемелділік болмыстың және абзалдықтың, көріктің көрсетілуі. Бұл біреудің барлық түйірлер үшін игіліктің және көрінген кемелділіктің 

себебімен болып табылған – жаннның болатынына қарамастан, оны біз Құдайдан деп атаймыз., 

5) Дәлелдеу әлемде ақыл – ойға қатысты құбылыстар, іс-әрекеттер мен мінез-құлық болады. Мұны біз Құдайдан деп білеміз 

Аквинат жалпылық турасында шынайылықтың жоғалу ұстанымын осы дәлелдеуге ұқсатады. 

– Жаратылыс жеке нәрсеге байланысты құрылады.

– Адами интеллект арқылы жалпы универсалия үндеседі. Осы дәлелдемелерге сүйене отырып, Аквинат универсалия мәселесін шешуде қалыпты релизм позициясын ұстанады. Ол болмыстың жалпы 3 аспектісін бөліп қарастырады.

- универсалия заттарға дейін пайда болған және құдіретті ақылда бар идеялар, бастапқы формалар ретінде.

- жалпы дүние бірліктен тұрады. Бұл «тікелей» адам санасымен шешіледі. Сондықтан да заттардан кейін пайда болады.

Аквинаттың айтуынша, «Ақыл-ой мен философия сенімнің алғышарттар болып табылады». Теология мен философия бір-бірімен тығыз байланысты: сенім ақылды пайдаланады, сенім шындықтан алыстамайды. «…сенім ақыл арқылы жетіледі, ал теология – философияны жетілдіреді». Философия мен теология арасындағы айырмашылық зерттеудің мәнінде емес, Құдай, адам, әлемде жатыр дейді басқалар Ал философия болса, ол да діни догманың дұрыстығын, ақиқаттылығын өзіне тиесілі беделімен дәлелдеуі керек. Фоманың болжауынша, ақыл мен сенім Құдайдың шынайылығын көрсетеді. Фома Аквинский шынайылықты үшке бөледі:

- «жалпы шынайылық» – Құдайдың құдіреті арқылы болады;

- «ерекше шынайылық» – Құдайдың құдіретімен болады, адамдармен қарым-қатынас, ерекше тарихи жағдайлар, т.б.

Аквинаттың ойы бойынша, адам өмірі Құдайға қатысты. Ол бұрын Құдайға жақын болған. Бірақ күнә жасағаннан кейін ол Құдайдан алыстады, оған қарсы шықты. Ізгі ойы тұманданды. Адам Құдаймен байланысты жоғалтты. Ол байланысты тек қасиетті кітап арқылы жөндей алады. Ол адамның табиғаты рационалды, ойы жақсылық пен жамандықты біледі дейді. Тек оның еркін ойы ғана жан-жақпен байланыста болады немесе күнә жасайды. Жамандық туралы ойын ол грек философтарының айтқанын мәнге алады, жамандық дұрыс ойдың болмауында емес, Құдаймен байланысты үзуде Фоманың ойынша, жамандық соңы жан мен еркіндіктің құртылуында (Августин Блаженный).

Ол адам табиғаты рационалды, оның ақыл-ойы жамандық жасауды, адамдықты біледі.

Иоанн Дунс Скотт (1266-1308 жж.) – жаңа уақыт философиясын әкелуші. Ол теология ғылымы бойынша жұрт алдында сөйлеуде «еретиктік» екі шындықты ашқан: сенудің шындығы, білімнің шындығы. Ол «Аристотельдің метафизикаға қатысты сұрақтары» және Петр Ломбардскийдің сол уақыттағы теологиядан негізгі «Сентенции» түсініктемесінің авторы. Скотт осы жұмыстарында ойға келмейтін ақиқат бар екенін айқындайды. Мысалы: әлемнің басы уақытта, жанның мәңгілігінде. Бұл ақиқатқа адам дәлелдеумен емес, өзінің ізгілік сенімімен келеді, оны түсіну үшін білім керексіз.

Дунс Скотт теология мен философияны ерекше бөлгенде адам өз бетімен Құдайдың бар екенін,жанның мәңгіліктігін дәлелдей алмайды. Ол теология мен философияның бөлек екенін көрсетеді. Теология (Құдай туралы оқу), шынайылықтағы ақиқаттан шыққан. Ал философия (метафизика) тұрмыс туралы оқу. Болмыс барлық тіршілікке тән құбылыс. Құдайға да, ол жаратқан барлық заттарға да тән құбылыс. Болмыстың шынайылығы оны тудыратын себеп-салдарын біз салыстыру, ой елегінен өткізу арқылы білеміз. Бірақ бұл бәріне қатысты, бірақ ерекше. Болмыстың бірінші белгісі жай емес, шексіз болмыс. Осы мәңгіліктерде – Жақсылық, ақылдылық және т.б сәйкес келеді. Шексіздік біреу, көп емес. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі заттарды жаратқан.

Схоластиканың төртінші кезеңін Уильям Оккам (1285-1349 жж.), Аквинат пен Скотт бастаған сана мен сенімнің, сондай-ақ, философия және діннің аражігін көрсетеді. Оккам философия Құдайға сенетін кәнизак емес, ал теология ғылым емес, тек сенім күшін әсірелеу деп көрсетті. Ол ақиқаттың комплекісі, сенім күші бекітілгені дейді. Оған білімнің сенімге байланысы қосалқы мінез айқын. Ибн Рушдта: «Екі жақты шындық оқуды бөліп, адам ақылы мен сенім байланыспайды, мәңгі бөлініп тұрады». Оккамның айтуынша, логикалық және рациональдық негізді табу мүмкін емес, бұл ой ашық айтылған.

Оккамның ойынша, адам мен Құдайдың байланысы таза күйінде Құдайдан болады, басқа байланыс жоқ. Сондықтан, Құдай мен адам арасындағы адамдар олар тәкаппар болады. Бұнда ол метафизиканы жақтайды. Құдайдың еркіндігі бар.

Уильям Оккам ерекше назар аударған тағы бір нәрсе Құдай еркін сенімді күшті жақтайды, бірақ басқа заңдарды құруда мән жоқ. Сол жағдайды қорғай, отырып, Оккам жалпылама ұғымда сынға реализмді (ілім туралы нақтылығының – ортақ ұғымдардың) ұшыратты. Идеяның нақтылығының мерейі, бір көзқарас Оккамда, тәңірлік еркіндікті шектейді, ал-, бұл Құдай жасайды, идеялармен келіседі. Шындыққа қарсы номинализм бағытын ұстайды. Оккамның ойынша, Құдай дара және кездейсоқ нәрсе жасайды. Жалпы қажеттілік ұғымы назардан тыс қалады. Ғылыми таным тірегі лингвистикалық талдау немесе сын емес- эксперимент болу керек. Оккам өзінің «Оккамның ұстарасы» деген еңбегінде адам не адам табиғаты дара құбылыс деп айтады. Адамның ақыл-ойы кез келген құбылысты тани алады. Оккам адам санасының универсалдылылығын, себеп пен жорамалдың байланысын, уақыт, т.б. маңызды қатынастарды жоққа шығарады. Дәлелдеудің өзі қарпайымдылыққа негізделуі тиіс.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин) Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин
Патристиканың екінші кезеңі ІV ғасырдың басымен V ғасырдың жартысы, христиандық шіркеулер грек-рим қоғамында елеулі тұлға болған кезеңге тап келеді.
Христиандық догматика негізінің қалыптасуы. Патристика-апологетика дәуірінің БІРІНШІ кезеңі Христиандық догматика негізінің қалыптасуы.
Орта ғасыр дәуірінде, патристика кезеңінде (ІІ-VІ ғғ.), ең бірінші баспалдақтар апологетиктерге жатады. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа
Христиандық философияның басталуы Христиандық философияның басталуы
Еуропалық ортағасыр философиясы – Рим империясының күйреуімен байланысты (V ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (ХIV-XV
Плотин және неоплатонизм Плотин және неоплатонизм
Эллинизмнің соңғы ірі мектебі неоплатонизм болды. Оның негізін қалаушы Аммоний Саккас болып табылады, ал оның белгілі тұлғасы – Плотин (б.д.д.
ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×