Жастар порталы
Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин)
2 034 0 aiko

Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит,

Философия

Патристиканың екінші кезеңі ІV ғасырдың басымен V ғасырдың жартысы, христиандық шіркеулер грек-рим қоғамында елеулі тұлға болған кезеңге тап келеді. Бұл кезең классикалық патристика деп аталады. Шіркеу әкейлері жаңа теологиялық және христиандық идеологияны құрайды. Ортағасырлық Еуропада діни идеология еуропалық халықтардың консолидациясында ең басты факторлар болды, экономиканың дағдарысқа ұшырауы кезеңінде шіркеу басшылары христиандық мораль және оған сену жолын көтерген. Бұл кезеңде христиандық философияның догматикаға негізделген жұмыстары қызу жүре бастады. 

Батыс және Солтүстік Еуропада соңғы VІІІ ғасырдан бастап феодализм қарқынды тарала бастады. Бұл жер мәдениет орталығы мен философиялық ойлардың шоғырланған ортасы болды. Батыс еуропа халықтарында ортақ мәдени және тіл (латын) кеңістігі пайда болады. Шіркеу ірі феодал болды және иерархиялық феодалдық ұстанымдардың негізінде басқарылды. Шіркеу мектептері және монастырлар мәдени орталықтарға айналды. Білім тек діни мағынада болды. Философия тек қана монастырь мектептерінде оқытылды, оны болашақ шіркеу қызметкерлері оқыды. ХІІІ ғасырдан бастап университеттер пайда бола бастағаннан-ақ өнер факультеттерінде философия (платонизм, неоплатонизм және аристотелизм араб тілінен аударма ретінде) оқытыла бастады. Философияның мақсаты ғылыми жұмыстар емес, шіркеу догмаларын қарастыру болды. 

Христиандық догматиканың құрылуына үлкен үлес қосқан Августин Аврелий, лақап аты Блаженный (354-430 ж.). Оның ықпалы ортағасырлық батыста мәдениет құруымен әйгілі. Августин Аврелий патристика кезеңінің ірі философы және христиан шіркеуінің ірі теологы болды. Ол көптеген шығармаларды жазды, оның ішіндегі атақ алғаны «Академиктерге қарсы», «Жан мәңгілігі», «Құдай қаласы туралы», «Тәубеге келу», «Ғажайып және жарамды зат туралы» және т.б. Августин философиялық сенімді адамның ішкі жан дүниесімен ашады. «Тәубеге келу» еңбегінде, ең басты маңызды мәселе ғарыш емес, адам деп жазады. Әлем жұмбақ емес, біз өзіміз жұмбақпыз». «Өзіңді-өзің сырттан іздеме, өзіңе қайта орал, ақиқат адам жанының ішінде . . . ». Жан мәңгілік. Ол – Құдайдың кейпі. 

Августин бойынша Сократтың «Өзіңді таны» еңбегінде Құдайдың образы мен оған ұқсастықты іздейді. Адамзат Құдаймен әлемнің соңғы бөлшегі қып жаратқан. Мұндағы ең бағалысы – оның жаны – Үштік Құдай образы. Адам мен Құдайдың байланысы туралы мұндай мәселені шешу ортағасырлық еуропалық философияға тән. 

Барлық болмыстың себепкері болғандықтан Құдай философиялық пікірлердің орталығы болып табылады. «Құдай дегеніміз – бұл ақиқат». Августин және оның ізбасарлары үшін Құдайдың бар болуы ақиқаттың бар болуымен дәлме-дәл келеді дейді. 

Философия ретінде христиандық догматтарды сипаттай келе Блаженный Сократ пен оның ізбасарларына еріп олар «жақсылық», «ақиқат», «махаббат», «жамандық», «адамгершілік» танудың сұрақтарын іздейді. Оның белгілерін айқындау мәселесіне келгенде ол платонизм мен неоплатонизмге арқа сүйейді. Августиннің ойы бойынша діни философияның ең маңызды мақсаттарының бірі ол Құдайды тану және дінге деген махаббат. Құдайды ол шексіз, мәңгілік, абсолютті бастамасы деп білген, ал шынайы өмір ол жаратылыстың жемісі. Құдай әлемді жоқтан жаратып, оны ары қарай жаратуын жалғастыра беретіндіктен ол ары қарай дами береді. Осылайша табиғат және Құдай дуализімі дәлелденеді, бірақ неоплатонизмге қарағанда Августин Құдайды – адамды және әлемді өзінің еркіне сәйкес жаратқан жеке тұлға ретінде таниды. Әлем де, адам да құдіретті күшке тәуелді. Осылайша христиандық философия жазмыш идеясын және фатализмді негіздейді. 

Жазмыш идеясына сүйене отырып, Августин Блаженный дамудың теологиялық концепциясын құрастырады. Ортағасырлық кезеңді «қазіргі заман» түрінде анықтау шіркеу әкелері христиандық әлемді «пұтқа табынушылар» ортасына қатал қарсы қойғаннан кейін пайда болды. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-әрекеттері, қылықтары Құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да,) немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі Құдай) мен Құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар Құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен Құдай патшалығы арасындағы күрес. Августин Құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі – Рим шіркеуін айтады. Шіркеу Құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек. 

«Тәубеге келу» еңбегінде уақыт Құдайдың еншісінде деп жазады. Ол өткен күндерді, бүгінгі күнді, болашақты қосады. Әйтсе де «өткен күндер – енді жоқ, ал болашақ – әлі келген жоқ». Осы шақ болмыстың үздіксіз болуы. Ол уақыт адамның рухани әлемінде ғана өмір сүреді, өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып бөлінуі. Өткен шақтың болғаны – бұл естелік, осы шақ – ол интуиция, келер шақ – үміт күту. Осылайша жан уақытқа табынады, себебі ол естелікпен, интуиция және үміт күтумен байланысты». Басқаша айтқанда, табиғат субъективті. 

Августиннің оқуында еркіндік ең басты рөлде ойнайды. Ол еркіндік сананы билейді «сана ойланып, еркіндікті қалайды». Адам еркіндігі туылғаннан берілген құқығы. Адам Христостың заветтерімен еркін бола алады. «Христосқа қызмет ету шын еркіндікті әкеледі», – деп жазды Августин. 

Сенімге қызмет ету Августин бойынша діни және сендіру болып екіге бөлінеді. Августин бойынша, тек саналы жандар ғана сенімге ие болады. Үміт сенімнен жоғары болады. Бірақ соқыр сенім жақсылыққа әкеп соқпайды. Сана сенімге деген қызметті қалыптастырады, ал ғылым – дінді қалыптастырады. 

Сонымен сенім концепциясын қарастырғанда, ол тек діни феноменге ғана емес, адамдық көзқарасқа әкеп соғады. Ол сенім санаға қарама-қайшы келмейтінін нұсқайды. Сенім ол Құдайды танудың құралы. Сенім мен сана тығыз байланыста, санасыз үміт болмайтыны сияқты, үмітсіз сана да болмайды. 

Августиннің сана теориясында, платонизм мен креационизм ойымен негізделеді. Ол бірнеше қатарды қосады: сезіну, қабылдау, өзгерістер. Бұл дене деңгейі білімнің толық көлемін бере алмайды. жан автономды, санамен ақиқатқа жетеді. Бұл процесс ақиқат интеллектісін ашады. Жан – автономды және спонтанды қарқынды, ақыл-оймен бірге шындыққа жетеді (барлық заттардың шынайы өлшемімен), яғни өсетін және өлетін ой жеткен шындықты, орнықты форманы, заттырдың жасалуын, барлық үлгілерді. Бұл жол Құдайды сену ашылатын жол болып табылады. Бұл жол өзін-өзі тану жолы – Құдай жолы, оның жақсылық, ақиқат, махаббат және тұрмыс сияқты маңызды атрибуттары.

Августин үйреткен: адам жаны – жақсылық пен жамандықтың күресі. Жақсылық Құдайдан болады, ал жамандық кемшіліктен немесе жақсылықтың жоқтығынан болады. Неоплатонизмде жамандық концепциясын негіздей келе, ол Құдайды тек абсолютті жақсылыққа қатыстырады. Бірақ әлемді жамандық билейді. Теодицея жайында өзінің ілімінде Августин: «Егер әлемді Құдай билесе, неге жамандық бар?» дейді. Ол жамандықты үш кезеңге бөледі: метафизика-онтологиялық, моральдық, физикалық. Онтологиялық көзқарас жағынан қарағанда жамандық жоқ, ол тек «дефект», яғни тұрмыстың жоқтығы. Әлдебір жамандықты жариялай отырып, адамдар өз пайдасы мен өзіне тиімді көзқарас бойынша қате пікірде болады. Моральдық жамандықтың бары рас. Бұл біздің еркімізден тыс күнә болып табылады. Жамандық физикалық (ауру, жан азаптары, өлім) күнә болады.

Ол мынадай қорытындыға келеді: адам жамандықты тек махаббат арқылы ғана жеңе алады. Осындай тезисті алға қоя отырып, адамның мәнісі – махаббатта деп біледі. Августин бойынша, махаббат екі түрлі болады, өзіне деген махаббат, Құдайға деген махаббат. Жеке тұлғаның бағасы оның махаббатқа деген өлшемімен беріледі. Адам тағдыры жерде, бұйырған махаббатта болады. Яғни, жамандық – ол өзіне деген махаббат, ал жақсылық – Құдайға деген махаббат.

Патристиканың соңғы кезеңінде Августин Блаженныймен қатар грек патристикасының соңғы могикандары деп аталатын Дионисий, Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин болды. Олар христиандық теологияны құрады, энциклопедиялық сипаттағы еңбектерін жазды, схоластикалық философияның негізін салды.

Дионисийді (V-VІ ғғ.) апостол Павел Ареопагтағы уағыздарымен дінге кергізген. Дионисийдің атақты еңбектері: «Көктегі иерархия», «Шіркеу иерархиясы», «Құдайлардың атауы», «Мистикалық теология». Бұл жұмыстарында ол «апофатикалық» теологияны жете зерттейді. Оның мәні, Құдайды түрлі атауға ие болуы мүмкін, тек оның атрибуттарын бөлуге болады. «Кім бәрінен жоғары болса» сол көрінбейді, сезілмейді, бірақ өзін иерархистік әлемде ашылатын ғаламдық сапта, үндестікте көрсетеді.

Максим Исповедник (580-662 жж.) «Құдай мен Христосты тану туралы ойлар», «Теологиялық жазбалар», «Әкейіміздің пайымдаулары» деген еңбектерінде табиғатты құдіретті образға жатқызады. Оның ұраны: «Үмітсіз жасалған істер – өлім». Сондықтан ол әлем тарихы шіркеу тарихындағы мистикалық әлемнің бір бөлігі деп есептеген. Христостың үлесінде бір ғана энерия (монофизиттар) және бір ғана күш (монофелиттар) бар екеніне сын көзбен қарайды. Оларға қарағанда «Христостың екі табиғаты және екі еркіндігі бар: құдіретті және адамдық қасиет» деп санайды.

Осы кезеңнің ең маңызды шығармасы Иоанн Дамаскиннің (675-753 жж.) «Православиялық сенімнің нақты мазмұны», мұнда Шіркеу әкейі ілімінің негізінде теологиялық оқу құрылады, ол патристика ойын жүйелеп құрады, аяқтайды. Х ғасырдың басында оның шығармалары славян тіліне аударылып, Русь жеріне әйгілі болады. Осыдан бастап орыс философиясы басталады, яғни Құдайға деген махаббат нағыз философия болып есептеледі.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Схоластиканың қалыптасуының негізгі кезеңдері Схоластиканың қалыптасуының негізгі кезеңдері
Патристика мен схоластика арасында бір ортақ мақсат болды, Құдай сөзін көпшілікке жеткізу, христиандық идеологияны құру, патристика діни догмаларды
Христиандық философияның басталуы Христиандық философияның басталуы
Еуропалық ортағасыр философиясы – Рим империясының күйреуімен байланысты (V ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (ХIV-XV
Плотин және неоплатонизм Плотин және неоплатонизм
Эллинизмнің соңғы ірі мектебі неоплатонизм болды. Оның негізін қалаушы Аммоний Саккас болып табылады, ал оның белгілі тұлғасы – Плотин (б.д.д.
Христиан діні тарихының қалыптасу кезеңдері Христиан діні тарихының қалыптасу кезеңдері
Христиан дінінің тарихын шартты түрде 3 дәуірге бөлуге болады.
Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі
Рим-Католиктік шіркеуі Батыс Еуропаның феодалдық қоғамында үлкен рөл атқарды. Ол   Ортағасырлық идеологияның иесі болып табылатын қуатты
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×