Жастар порталы
Христиандық философияның басталуы
352 0 aiko

Христиандық философияның басталуы

Философия

Еуропалық ортағасыр философиясы – Рим империясының күйреуімен байланысты (V ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (ХIV-XV ғғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны діннің қызметшісіне айналдырып жібірді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады. 

Еуропалық ортағасыр – бұл тарихтың мыңжылдық ортасы, Рим империясының таралуы мен қайта өрлеу дәуіріне дейін. Бұл уақыт христиандықтың таралу кезеңіне келеді. 

Христиандықта қасиетті кітап болып Библия саналады, оның канондық мазмұны Жоғары және Жаңа Заветтен алынады. Христиандықтың негізгі қайнары иудеизмнің Яхва Құдайынан алынады. Христиандықтар толықтай еврейлік Ескі Заветті қабылдады. Олардың төртеуі оншақты Жоғары Заветті дін культінің негізгі қағидасы болып табылады (өзіңе тұлға жасама, ұрлама, ата-анаңды сыйла, артық нәрсені тілеме). Осы қағидаларды қабылдап, христиандық ілім жақындарына деген мабаббат, яғни Исус Христостың айтуы бойынша жасалды. Оның мәні «Өзін басқалармен қалай аралассаң, олар сенімен де солай араласады». 

Христиандықтың негізі Исус Христостың миссиясына жатады, ол барлық адамзаттың күнәсі үшін, өзі кресте қиналып өледі, оның екінші өмірге қайтып оралуы әлемге қиын сот болады. Библия бойынша, адамзат Құдайдың жасаған образымен құрылған, ол Құдайға табынуы, оның құдіретін сезінуі қажет. Құдайдың еркін орындау өз еркімен орындау секілді. Адамның өзін жетілдірудегі ең негізгі құрал болып ақыл да, интеллект те емес индивид еркіндігі, демек жаратушыға ұқсап бағу, оның жоғары мадағына лайық болу, Құдайдың еркін оңай қабылдау қабілетімен тұжырылымдалады. 

Жай адамдарға христиандық Рим мемлекетінің қағидаларына кереғар келеді, мұнда адам өмірінің құны жоқ етін, ал моральдық және этикалық нормалар әрбір қадамда кездесетін. Сондықтан христиандық, «қорлық, зәбір көргендердің» діні, барлығы Құдай алдында тең, ол адамдардың жүрегінен орын алды. Ол үміт сыйлады, жерде мемлекет емес, адам маңызды болатын қоғам пайда болады деп. 

Басында христиандықтың ізбасарлары аскетизм мен қорлыққа тап болды. Оның таралуы «Құдай көкте, жалғыз тағала жерде» деген ұранмен таралды. Мемлекет те, діни билік те бір-бірінен тірек іздеді. Сондықтан христиандық ортағасырлық Еуропада бір ресми идеология болды. Христиандық мемлекеттік дінге айналғаннан кейін, байлар мен күші барлардың дініне айналды. Мемлекеттік көзқараспен қарағанда христиан болсаң, құрметті әрі мақтаулы боласың. Шіркеулер сол заманның феодалдары үшін мықты институтқа айналды. 

Мемлекеттік дін болған христиандық мыңжылдық уақыт аралығында нешеме рет тарқап, түрлі топтарға, секта, мектеп, бағыттарға бөлінді. Ірі бағыттары (католицизм, православие, протестантизм) ғасырлар бойы өзара шайқасып, қан төгісті. Діни соғыстардың айуандығы, крест шайқасы, еуропалық инквизиция тек күші барлардың көзқарасын қорғау үшін ғана негізделді, Исус Христостың оқуына түк қатысы болмады.

ХІІ-ХІІІ ғғ. басында рим-католик шіркеуі орталықтандырылған идеологиялық және саяси ірі ұйымға айналады. Өздерінің ықпалын жүргізу үшін Иннокентий ІІІ папаны Исус Христостың орынбасары деп тағайындайды, инквиция енгізіледі, ол мектептер мен университеттердің оқуларында «еретиктермен» қатаң есеп айырысады. Батыс еуропалық университеттер ішкі автономиясынан айырылды, философияда тек болашақ шіркеу қызметшілері ғана оқыды, ал ең жоғары факультет теология болып саналды.

Теология діни ақиқаттардың жүйесімен айналысты. Бұндай идеология теориялық түсініктемені қажет етеді. Бұның дәлелі аясында ұсынылған топ догматтар негізі болған, лон теологиясында басым дамыған еуропалық ортағасырлық философия болды.

Жаратылыстың діни қағидалары (догматтары): 

- Құдай әлемді құрды, жоқтан бар жасады;

- әлемнің құрылуы ол Құдайдың әмірімен пайда болды;

- әлем Құдайдың құдіреттілігінен пайда болды;

- табиғат өзін-өзі құра алмайды;

- айналадағы қоршаған бүтіндей әлемді Құдай жаратқан;

- Құдай мәңгілік, тұрақты;

- әлем Құдайдың әмірімен пайда болды;

- тек қана Құдай шынайы болмыс болып саналады;

- Құдай жаратқан әлем шынайы болмыс емес, ол Құдайға қатысты екінші орында;

- әлем өзін жетілдіре алатын күшке ие емес сондықтан басқаның (Құдайдың) ерік-жігерімен пайда болды, сондықтан ол тұрақсыз, өзгермелі;

- Құдай мен оның жаратқан заттарының арасында нақты шекара жоқ.


Жарату идеясы жамандық пен жақсылықтың шешімін табады: 

- Қоршаған ортаны тұтастай Құдай жаратты; 

- жақсылық пен әділдіктің түйіні мен тасымалдаушысы – Құдай; 

- Қоршаған әлем о бастан-ақ жақсылыққа толы;

- жақсылықты шайтан (сатана) – Құдайға қарсы тұрған азғын періште әкеледі;

- әлемде алғашында жамандық болмаған, сондықтан жиі сондықтан ол жақсылық атын жамылып өзінің зұлым мақсаттарына қол жеткізеді; 

- әлемде жақсылық пен жамандықтың арасында үздіксіз күрес жүріп жатады, бірақ әлемді Құдай жаратқандықтан және Құдай мейірімді болғандықтан жақсылық жамандықты жеңіп отырады. 


Ашылудың діни қағидалары (догматтары): 

- әлемді Құдайды танып қана тануға болады; 

- Құдай санаға тәуелді емес; 

- Құдайды көру мүмкін болмағандықтан, ол адамдарға Библия арқылы санамен танылуды ұйғарды; 

- Құдайды және бүкіл тіршілікті танудың жалғыз әдісі – Библия түсініктемесі; 

- Құдайды тану тек құдіретті жолмен, адам сенімімен танылады. 

Бұл догматтардың (монотеизм) мен ашылуды діни идеологиядан құрайды, ол теоцентристикалық философия типімен біріктірілген.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин) Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин
Патристиканың екінші кезеңі ІV ғасырдың басымен V ғасырдың жартысы, христиандық шіркеулер грек-рим қоғамында елеулі тұлға болған кезеңге тап келеді.
Плотин және неоплатонизм Плотин және неоплатонизм
Эллинизмнің соңғы ірі мектебі неоплатонизм болды. Оның негізін қалаушы Аммоний Саккас болып табылады, ал оның белгілі тұлғасы – Плотин (б.д.д.
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі Философиялық бағыттар мен жүйелердің
Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы»
Христограмма Христограмма
Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында Рим катакомбаларында христограмма белгісі пайда болды. Христограмма – бұл Иса Мәсіхтің монограммасы, яғни грек
ӘЛЕМДІК ДІНДЕРГЕ ТӘН ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӘЛЕМДІК ДІНДЕРГЕ ТӘН ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Әлемдік діндер ішкі мазмұны арқылы бір арнада тоғысады. Оларға ортақ алтын көпір мынау: «Жалғыз Жоғарғы Тәңірі бар. Ол адамды және ғаламды жаратқан,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×