Жастар порталы
Плотин және неоплатонизм
284 0 aiko

Плотин және неоплатонизм

Философия

Эллинизмнің соңғы ірі мектебі неоплатонизм болды. Оның негізін қалаушы Аммоний Саккас болып табылады, ал оның белгілі тұлғасы – Плотин (б.д.д. 204/205-270 жж.). Оның творчествосына ықпалын тигізген Платон ғана емес, көптеген грек және рим философтары, сондай-ақ Сенека да қосылды. Платон идеяларына қайта оралу антикалық түрі іске аспайды, оны жаңа философиялық негіздер алмастырды, иррационализм, мистицизм және христиандық көзқарастар. Ертедегі Рим империясына стоицизм тән болса, соңғы Рим империясына (235-284 жж.) неоплатонизм тән болды. 

Плотин – антикалық идеализмнің соңғы көрнекті тұлғасы және бірінші діни мистик, теософ, мыңжылдық христиандық философияның алғашқы жаршысы. Ол алдына мақсат қойды – әлемнің негізін біртұтас жоғары бастау алады (алғашқы ой). Оның мақсаты философиялық түйін болмады, діни-теософтық түрде бет алды. Бұл мәселені шешу үшін Плотин ең алдымен жан табиғатын идеалды және материалды өмірді қарастырудан бастады. Плотинның айтуы бойынша, адам жаны – әлемнің бір бөлшегі, сондықтан ол тәнді басқаратын өзінше бір болмыс, бірақ табиғатына тән материядан тыс болады. Әлемде тамаша жанмен қатар келеңсіз нәрселер де бар. Сондықтан әлемдік жан өзіне сай тірек іздейді, оны – ақыл деп атаймыз. Ақыл өзіне көп ойларды жинақтаған (мысалы, идеяны). Ол біртұтас бола алмайды. Табиғатында біртұтас болуы үшін «мағынасыз, жай», екіжүзді бола алмайды. Плотинді біртұтастылық қайдан шықты деген сұрақ мазалайды. Ол мынадай қорытындыға келеді: жарық пен сәуле көрінісі секілді біртұтас ақыл адам санасына ғарыштан келеді. 

Логос пен ақыл – біртұтастылықтың екі көрінісі. Біріншісі ақыл, мұнда өмір мен жарық адамды дүниеге келтіреді. Адам өмір сүре отырып, ойлау арқылы дүниедегі заттардың санасын түсіне алады. Әлемдегі барлық тіршілік иелері сияқты ол табиғитта екі түрлі болады: өлі және тірі жанды. Ақыл жанды атқарады, сондықтан ол барлық материалдық әлемді өзіне сыйғызады. 

Плотин өзінің ілімін адамдардың түрлі тип мінездеріне негіздеген. Үстемді адамға ойдан гөрі зат маңызды. Ал өзін сүйетін адамға тәні жанынан артық, ол жанын ойламайды да. Мұндай адамның жаны тек тәнге ғана тәуелді. 

Плотин өзінің ізбасары Порфирийге (233-304 жж.) табыстап кеткен, оның шығармаларын ретке келтіріп, жарыққа шығаруға, сондықтан ол тарихқа Аристотель мен Плотиннің комментаторы болып қалды. Оның «Аристотельдің категорияларына кіріспе» деген еңбегі әйгілі. Бірақ ол Плотиннен гөрі, практикалық философиямен көп айналысты. 

Плотин мен Порфирийдің ойларын антикалық дәуірдің белгілі философы Проколмен ( б.д.д. 410-485 жж.) дамыды. Оны «Диадох» деп атады, яғни ізбасары, ол жоғары сана тек көктен бір ғажайып түскенде ғана болады деп есептеді. Махаббат Проклға ғажайып сұлулықпен байланысты орналастыруға көмектеседі, ақиқат ғажайып сананы ашады, ал сенім адамды Құдайдың мейіріміне қосады. 

Порфирийдің ізбасары Сириялық Ямвлих (б.д.д. 280-330 жж.) көне мифологияның диалектісін бір жүйеге келтірген. Ол философияның практикалық жағына көңіл бөлген, сыртқы өмірдің экстатикалық жаңдануын бақылаған. 

Неоплатонизм философиясы көбінесе эклектикалық, антикалық мифологияның реконструкциясы болып табылады. Бұл ілімнің бірқатар элементтері христиандық философияда дамып, қабылданған. Олар дәстүрлі емес мазмұнға негізделді.

Осы бір акценттер сменасы соңғы антикалық дәуірде философиялық ілімнің өзгерістеріне әкеп соғады. Рационализммен шаршаған «Саналы адам» сана-сезімін түсіну үшін жаңа жолдарды іздейді. Философияға барлығы қол жеткізе алады. Эллинистік ойлау стилі философияны өзінің ортасына әкеледі. Эллинистік философияның ең басты белгісі философиялық ізденістердің ең басына оралады, грек философиясын аяқтап, жаңа горизонттарды қарастырады: әлемнің пайда болуын жеке индивидтің универсалды проекциясы ретінде қарастырады, философия мен өмірдің арасында, теория мен практика арасында қашықтықты алыстатады.

Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз тұтастық пен оның алуантүрлілікпен байланысын іздеу, тұтастықты абсолюттендіру және тұтастық пен материалдық ғарыш, Құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға өзінің едәуір ықпалын тигізді. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады.

Әйтсе де, христиандық барлық мәдениетте және батыс елдерінде басты рөл ойнаған, ол сол елден қуылған Платон мен Аристотельден көрінеді. 529 жылы император Юстинианнның бұйрығы бойынша барлық философиялық мектептер мен академиялар, тіпті Аристотельдің ликейі де жабылады. Елден қуылған философтар мен ғалымдар Таяу Шығыстан, Сирия мен Ираннан қоныс табады, мұнда қалалық өмір жанданған жерлерде ғылыми орталықтар, философиялық мектептер, кітапхана, аударма орталықтары, соңынан академиялар ашылды. «Даналық үйі» деп аталатын діни-мәдени орталықтарында, философиялық және теологиялық ілімнен басқа медицина, математика, астрономия, география оқытылды. Мұнда грек тілінен сирия тіліне орта ғасырлық парсы тіліне, араб тілдеріне антикалық ғұмырдың жұмыстарына аударма жасалды. Шығыс елі Батыс үшін антикалық философия мен ғылыми таңба қалдырды. Философиялық ойлар араб елдері үшін антикалық философиямен байланыстырушысы болды, арабтар оны басқаша мазмұнмен жаңартты. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы мен схоластика қатар дамыды. Барлық халифаттың арасында аударма жұмыстары белсене іске асты. ІХ ғасырда оның орталығы болып Бағдадтағы «Даналық үйі», оны халиф Харун-Ар-Рашид құрады. Араб ғалымдары әйгілі болды, олардың ғылыми және философиялық шығармалары грек-рим әлемінен болды, Птоломейдің астрономиясы, Эвклид пен Архимедтің, Гиппократ, Гален, Платон, Аристотель, Плотин, Порфирийдің жұмыстары. Ал еуропалықтар бұдан ХІІІ ғасырға дейін тыс болды.

Неоплатонизм ойлары араб-мұсылман философиясына ғана әсерін тигізіп қойған жоқ (әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина), иудаизм мен христиандыққа да. Христиандық неоплатонизм Ареопагитиктерде айқын байқалады, ол Проклдың философиясына тәуелді. Византиялық философия ойлары неоплатонизммен ерте патристика дәуірінде кеңінен таралды. Кападокийлер мектебінің көрнекті өкілдері Ұлы Василий, Григорий Назианзин, Григорий Нисскийдің арқасында. Неоплатонизм пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Августин, Ансельм Кентерберийский, Иоанн Скот Эриуген және т.б. неоплатонизм идеясының терең ықпалында болды.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин) Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин
Патристиканың екінші кезеңі ІV ғасырдың басымен V ғасырдың жартысы, христиандық шіркеулер грек-рим қоғамында елеулі тұлға болған кезеңге тап келеді.
Эллинистік дәуірінің философиясы (киниктер, эпикурейлер, стоиктер, скептиктер) Эллинистік дәуірінің философиясы (киниктер,
Александр Македонский жаулап алғаннан кейінгі б.д.д. IV ғасырда эллинизм дәуірі басталады. Бұл кезең көне Грекияда көптеген әлеуметтік өзгерістерге
Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық академия Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық
Платон  (б.д.д. 427-347 жж.) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Оның шын есімі – Аристокл. Оның Платон деп аталуы денесінің екі бөлігі –
Антикалық философия кезеңдері Антикалық философия кезеңдері
Антикалық философия кезеңдері:  - архаика немесе алғы философия – б.д.д. VIII-VII ғғ. (Гомер, Гесиод, Орфей және басқалар); - натурфилософия, немесе
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі Философиялық бағыттар мен жүйелердің
Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы»
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×