Жастар порталы
Аристотель және перипатетика
557 0 aiko

Аристотель және перипатетика

Философия

Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) – Платонның шәкірті, олай болса Сократ өзінің ұстаздары сияқты кез келген анық пікірдің әлсіз жері кімде-кім дефинитивті философияның түсіну жолымен жүрсе, соны әдейі шектейтіндікте екенін жақсы түсінді. Ол өзінің алдына ғылыми құралдарды – заңдар мен категорияларды және логиканы қолдана отырып алға қойған зерттеу мақсатына жететін әдіс түрін, білім қаруын табу мақсатын қойды. 

Аристототель Платонның және Сократтың жолына және ақиқатты іздеуде ештеңе кедергі бола алмайтынына сенімді болған. Оның «Платон маған дос, бірақ ақиқат маңыздырақ» дейтін сөзі бар. Жан-жақты болғандықтан Аристотель өмірін тек философияға арнамады. Біз белгілі болғандай, Сократ адам өміріндегі философия өмір сүру мәдениетіне жету екенін анықтады. Өз кезегінде Платон осы ойды алға тартады, санаға деген сүйіспеншілікті де өлтіріп алуға болады «Философия керемет, онымен адам жас кезінде тек шектеулі уақытта айналысуы керек, себебі мұнда ұзақ тұрақтансаң адам өміріне қауіп ... Сен немен айналыссаң да, өз ісіңмен немесе мемлекет ісімен, сен ел-жұртқа күлкілі боласың, мемлекетке ісіне араласқан мемлекеттік күйеу философиялық әңгімелер мен көзқарастарға араласқаны секілді» дегені бар. Философиямен күрделі араласу зиянды, ол адамның жасаған істері мен ой-санасын түсіне алмағандарға зиянды. 

Аристотельдің өмірі мен шығармашылығы осылардың айналасында болды. Философиядан басқа ол көптеген әлеуметтік-ғылыми және тарихи зерттеулермен айналысқан. Өзінің мектебін құрды (Ликей), ол Аполлон Ликей храмының маңында орналасты. Мұнда оқушыларына риторикадан, метафизикадан, логикадан сабақ берді, олармен саябақта қыдырып жүріп, әңгіме құратын, сондықтан оларды «перипатетиктер» (қыдырымпаздар) деп атаған. Бай ғылыми кітапхана жинап, жас Александр Македонскийдің тәрбиесімен айналысты. Көне Грецияның тарихында орын алған басқару формалары жайында мәлімет жинап, оны бір жүйеге келтірді. Өзінің «иделды мемлекет» жүйесін құрастырды. Сократтың қатесін жасай жаздап, құтылып кетті: саяси арпалыстар кезеңінде айыпталды, өлім жазасынан құтылу үшін, Афиныдан қашуға мәжбүр болды. 

Аристотельді (Стагирита) Еуропа мен Шығыста «Бірінші Ұстаз» деп атады. Ол ең бірінші болып органикалық синтездерге және феномендердің жүйесіне негізделген үлкен ғылыми антикалық жүйені құрды. Сол кезеңде болған барлық ғылымдарға классификациясы мен бағасын берді. Онда 150-ден астам философия мәселелеріне және жаратылыстанудың кейбір бөлімдеріне арналған еңбектері бар. 

Аристотельдің шығармалары екі топқа бөлінеді: «экзотерикалық» – диалог формасында құрылған және бәріне арналған және «эзотерикалық» – Ликей мектебінің оқушыларына – «перипатетиктерге» арналып жазылған. 

Аристотельдің еңбегін жинастырып, жарыққа шығарған Андроник Родосский, ол оны мынандай тақырыптық топтарға бөлді: 1) Онтология сұрақтары (протофилософия, метафизика және т.б.); 2) Жаратылыстану ғылымдары, философия табиғаты («Аспан туралы», «Жануарлардың пайда болуы туралы», «Метеорология» және т.б.); 3) Этикалық, эстетикалық және саяси еңбектері қоғамтанудың кейбір бөлігін қамтыған; 4) Логика мен методология ғылымы. 

Аристотельдің өзі ғылымды үш бөлікке бөлген: 1) Теориялық ғылымдар, сананы іздеуге арналған, 2) Практикалық ғылымдар, моральдық білімді іздеуге арналған, 3) Продуктивті ғылымдар (қолданбалы) – олардың мақсаты бір нәрсені өндіру. 

Бәрінен бұрын Аристотель метафизиканы – болмыс туралы ғылымды, сана мен болмыстың бар-жоғын зерттейтін ғылымды бағалаған. Ол ғылымдардың арасында эмпирикалық немесе практикалық мақсаттарды зерттемейді, сондықтан қашанда еркін. Аристотель: «Барлық ғылым адамзатқа қажет, бірақ бірде-біреуі бұдан аса алмайды», – деп айтатын. 

Өзінің ғылыми жұмыстарында «болмыс» категориясын қолданады, Аристотельдің есептеуінше өзіндік өмір сүре білу «Өзіндік тұрақты өмір сүре білу, осы болмыстың ең басты айырмашылығы». Бұл туралы «Органон» еңбегінде жазған (Категория бөлімінде). 

Аристотель болмыстың төрт бірінші себептері бар деп санайды: 1) формальды (немқұрайлы) себеп; 2) материалдық себеп; 3) болатын себеп; 4) қорытындылайтын себеп. Алдыңғы екеуі, форма мен материя, олар мәңгілік өмірді құрайды. Аристотель осы екі себептің өзі жетеді ақиқатқа деп есептеген. Осылай дей тұра ол Платонның болмыс туралы түсінігін теріске шығарады, болмысты материядан бөлекке шығарады. Материя элеаттардың артынан, Платонмен оны формасы жоқ, пассивті, сана жететін праматерия деп түсінеді. Потенциалды болмыстан нақты болмыс пайда болды – шын өмір, форманың құрылуы және алғашқы материя қажет болды. Форма – активті, потенциалды болмыс пен төрт алғашқы элементтерден тұрады – от, ауа, су және жер (шын сезіммен қабылданатын өмір).

Нақты өмір ауыспалы, ол қашанда қозғалыста. Оны динамикадан қарастырғанда, Аристотель бұл түсініктерді нақты (қозғалмалы) және қорытындылаушы (мақсатты) себептер деп қолданады. Болмысты түсіну үшін осы себептерді ұға білу керек. Оны мына мысалмен келтірейік. Осылайша адамзат осы екі мақсатты қарастыра отырып, материяның бірлігімен (дене) және форма (жан) бар екенін білді. Оны динамикалық жағынан қарағанда, «Ол қалай дүниеге келді?» деген сұрақтарға жауап береміз (қозғалыс себебі – ата-анасы, бұрынғы өмірі); «Неге өмір сүреді?» (мақсатты, қорытынды себеп). Органикалық жағынан қарастыру осы төрт негізді қарастырудан адам болмысын ашады.

Аристотельдің болмыс концепциясының басқалардан айырмашылығы өте зор, әсіресе платондық. Мұнда идеялар әлемі мен заттар әлемінің арасында үлкен айырма бар. Нақты болмыс форма мен материяның синтезі түрінде көрініс табады. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Олар бір-

бірімен тығыз байланыста. Осы концепция аясында, жалқы мен жалпының қатынасы қарастырылады, Платон мен элеаттар үшін, Стагиритпен қарастырғанда, болмыстың екіжақты қатынасы қарастырылады.

Аристотельдің «болмысы» жан-жақты. Оның сферасына сезім мен сана қатар кіреді. Болмыстың барлық түрі құрылымды түрде субстанциямен байланысты. Субстанцияның өзі материядағы форма, яғни болмыс. Оның қатысты қасиеттері, кеңістік, уақыт, қозғалыс. Материя және оның атрибуттары мәңгілік. Бірақ мәңгілігін не тоқтатады? Аристотель бойынша – бұл бастапқы бастауышы, бірінші қозғалысы, қозғалыссыз абсолютті себеп, қозғалыс себебі – Құдай, яғни тұрақты субстанция, таза сана. Сондықтан өмірдің басы да, соңы да жоқ.

Аристотельде байланыс және пішіннің байланысы, материялар шекарадан тоқтайды, әлем шарын қозғалтқыштан немесе Құдайдан алыстатады, ол үшін – бұл жоғары «таза» пішін – пішіні бұл қозғалмайтын қозғалтқыш әлемдегі белсенділік пен мәңгі қозғалыстың қайнар көзі болып табылады. Жалғыз ғана белсенділіктің болуы («таза пішінді») материяның ұмтылысы мен қалыптасу керектігіне бастама береді. Ал бұл потенциалдылықтың актуалдылыққа көшуге аса қажетті шарт. Осымен, Құдай – пішінінің пішіні әлемнің мақсаты мен әлемдік процесі. Бұл үнемі ойландыратын шындық. Ой теориясының ойының бастамасы (ой жайындағы ой). Осындай заттың ойлауы өзіндік ойлау болып табылады.

Аристотельдің оқуында үлкен рөл логикаға берліген. Бұл «аналитика» және «силлогистика» деп аталады. Қазіргі замандық логика мен байырғы замандық логика сөзінің мағынасы бір-бірімен үйлесім таппайды. Аристотель аналитиканы ұғынудың құралы («органы») деп атаған. Басқаша айтқанда, Аритотельдің көзқарасымен логика (аналитика)түсінуцдің әдісі. Ол өзімен ойлау операциясының тобы, әр зерттеуге керекті. Ол «дұрыс ойлауды» үйретеді. Ойлау процесіндегі керағарлықтарды болдырмауға үйретеді.

Аристотельдің логикасын категориялық құрылымға негізделген – тұрмыс шындығы он ортақ категория арқылы талданады. Тұрмыспен байланысы бар «тұрмыс» түсінігіне ең жақын «болмыс» категориясы. Оны тұрмыспен байланыстырады. Бұл – «сапа», «сан», «қарым-қатынас», «орын», «уақыт», «іс-әрекет», «қиналу», «жағдай», «иелену». «Болмыс» категориясы «зат деген не?» сұрағына жауап береді. Басқа тоғыз категория – «заттың құрылымы қандай?» сұрағына жауап береді. Шындық – бұл ішкі, заттың бөлінбейтін құрылымы, ол оны басқалардан ерекшеленеді. Шындық өзгермейді, бөлінбейді, сезімге бағынбайды.

Логиканың жұмысы – білім алудың ережесін бекіту, ол силлогизмнің ой қорытындылары мен дәлелдерінен алынады. Аристотельдің силлогистикасы – бұл ой қорытындылары мен дәлеледерінің зерттеуі, жеке және ортақ индукция мен дедукция арақатынастарына негізделген. Бұл – формальды логика. Логикада Аристотель тек категориялық аппаратын ғана құрып қоймай, оның заңын да тапты. Олар төртеу:

1. Теңдік заңы: зат өзіне-өзі тең (А=А);

2. Қарама-қарсылық заңы: Біз бір зат жайында ғана айта алмаймыз, ол бір уақытта өзіне тең және тең емес, ол бар немес басқа (А=А және А емес А); 

3. Ерекшелік заңы: Біз бір зат бар екенін айта алмаймыз «А» немес «А емес». Үшінші ерекшілік: екі қарама-қарсы шындықтан 1 ғана дұрыс.

4. Жеткіліктілік заңы: «А» «А» болғаны үшін, оған керекті, жеткілікті дәлел керек.


Дәлелділік теориясында басты рөлде логика, Аристотель ғылыми зерттеудің мақсаты қажетті және баршаға ортақ деген. Баршаға ортақтылығы жеткіліктілік арқылы танылады, бірлікті, индивидуалды тұрмыс заттары сезім арқылы қабылданады. Платонға қарағанда, ол әлемдегі материалды шындықты және субъективті ойлаудың қатысы барын мойындаған.

Түсінік – қарама-қайшылықты кешіп жатқан процесс, бұл жеңілдің қиынға, эмпирикалық фактордан теориялыққа, сезім сатысынан шектеуші абстракцияға айналуы. Басқа сөзбен, түсінік жолы – сезуден, елестетуден, тәжірибеден, еске сақтаудан, өнерден ғылымға дейін.

Аристотель мәңгі әлемдік тұрмыс шындығын идея әлеміне қарсы қоймайды. Керісінше, қарсылығын ескертеді, диалектикалық бірлік. Стагирит бұлардың байланысын зерттеп шындық концепциясын қалыптастырды. «Метафизикада» ол: «екінші орынды шындық деп, бірінші шындықтағы түрлерді айтамыз деген». «Категорияларда» материя – бұл заттың болуы (индивидуалды тұрмыс). Мысал: ағаш – субстраты пішінді үй, ал саз (глина) – амфора субстраты. Тек материялды және формалды бастау субстракциялық шындықты жасайды. «Бірінші субстанция», шындық – ол индивид, ал форма «екінші субстанция» болып табылады. Сол уақытта «метафизикада» Аристотель: «Мен тұрмыс шындығын, әр затты бірінші шындықты бірінші субстанцияға жатқызамын» деген. Эмпирикалық тәжірибе көзқарасынан сезімді түсіну сатысы «бірінші шындық» – бұл индивид, индивидуальды тұрмыс заты. Бірақ әрі жеке тұрмыс затының формасы (екінші шындық) ол теориялық ойлау сатысында біріншісубстанцияны анықтайды. Басқа сөзбен тұрмсы материялының формасы жерде бірінші саты – ортақ тұрмыс формасы, ол тек жеке ғана түсінік береді, потенциалды тұрмысты материяларды жасайды. Бұдан бірінші және екінші шындықты жеке қарағаннан еш пайда жоқ. Біріншілік – екіншілік шындық жатқызуы. Бәрі қай көзқарастан классификацияланады – эмпирикалық немесе теориялық, соған байланысты.

Аристотельдің «Саясат», «Никомахов этикасы», «Үлкен этика» трактаттарында мемлекет туралы ілімі баяндалады. Ол оның этикалық және ортақ саяси көзқарасы мен жан оқуымен тығыз байланысты. «Қоғам» және мемлекет түсінігі Аристотель үшін бір мағыналы. Бұда таңғаларлық ешнәрсе жоқ. Мемлекет үшін индивид, индивид үшін мемлекет емес – осы заңмен ежелгі гректер өмір сүрген. Жеке адамның қайырымдалығы мемлекет қайырымдалығымен тең. «Никомахов этикасында» Аристотель «мемлекет тек отбасылар мен адамдардың өмірлік арақатынасының пайда болатынын»

жазған. Адам табиғатынан – мемлекет пен саясаттың тіршілік иесі: «Кімде-кім бір қоғамға сіңе алмаса, ештеңені, ешкімді қажет етпесе... ол хайуан немес Құдай».

Мемлекеттің тұрақтылығын Аристотель ортақ мүддеге жету үшін біріккен саяси ортаның адамдары деп түсінді. Мемлекет билігінің формаларын осы тұрғыдан сараптай келе, ол оның «дұрыс» және «бұрыс» деген бөлімдерге бөлді. Біріншісіне қатыстылар монархия, аристократия және полития (демократиялық пен олигархиялықтың «орта» жолы, биліктің мынандай түрі, қолданыс қызығушылығымен көпшіліктің билеуі, саясатта жоғары билікті қолданатын тұлғалар қаруды қолдану құқы бар, себебі барлығының ортасында жақсылықты жасаудың деңгейі дәл соларға тән) бұрыс – тирания (монархияның деформациялануы), олигархия (аристокртиялық деформациялану), демократия (саясаттың деформациялануы яғни халықтың тиісті қамтамасыз етуінен бөлек билігі). Биліктің бұрыс формалары мемлекеттегі күш пен жақсылық жасаушылардың теңдігін бұзады. Олар азаматтардың шынайы, керемет мүддесін қамтамасыз ете алмайды. Бұл түйінді Аристотель өз кезінде өмір сүрген мемлекеттік биліктің түрлерін қарама-қарсы қойып, нақты зерттеулерден кейін жасады. Аристотельдің мектебінде грек қалаларының конституциясы жүйелі түрде зерттелді және олардың саны небәрі 158 болғаны туралы ақпарат бар. Біздің кезеңімізге келсек «Афиналық полития» (Ф.А. Асмус «Антикалық философия». 1976, 383 бет).

Аритотельдің пікірі бойынша, ол үшін Грекияның «мемлекет құрылымының басты түрлері, соған қарағанда, демократия мен олигархия болып табылады, сол сияқты, екі желдің басты образы – солтүстік пен оңтүстік, ал қалғанына осы екеуінен болған оқытушылық ретінде қарайды деп айтады. Аристократияны қайсібір олигархия деп, ал былай аталмыш политияны – демократия...» деп ойлайды. Ол биліктің ең күшті формасы полития болуы мүмкін, өйткені соған орай билік «ортақ элементтің» өте бай да емес, өте кедей де емес азаматтардың қолында болып табылады дегенге сүйенеді.

Мемлекет азаматтардан басқарушылықтан, оларсыз қоғамның жағдайы мәз болмасын ұғынып, белсенді түрде орналасуын талап етеді. Оның мақсаты – адамдар арасындағы қарым-қатынастың ақырынан алшақтау – себебі шектен тыс байлық немес кедейлік, шектен тыс саяси билік немесе көпшілік билігінен қатынаста болу. Саясатта Аритотель мемлекеттің тұрақты құрылымын жалғыз осындай теңдік сонымен қатар әрбір адам өзіне қажеттісін лайықты қолданылатынын белгілейді.

Аритотельдің пікірінше мінсіз мемлекет барлық жағынан белгілі бір талапқа сай болуы тиіс, яғни халық көп немесе аз болмауы тиіс, негізгі бөлігі орта буын халқы болуы және тым бай немесе тым кедей халық болмауы керек. Белгілі бір нәрсе өндіру, жер мен құлға жеке меншік болуы тиіс. Саясатта осындай мінсіз мемлекет концепциясын жүргізу арқылы Аристотель Платонның еңбектеріне сынмен қарап, оның негізгі қажеттілігі мүлікті ортақ, яғни қоғамдық болжауы деп тұжырымдайды, яғни жауынгерлер үшін әйелдер мен балалары ортақ деуін «егер мүліктер ортақ болса, онда тіршілік жасау мүмкін емес, яғни жанұя мен мемлекеттен бағыныштылық бірлікті талап ету мемлекеттің түбіне жету» деп тұжырымдады.

Мінсіз мемлекет концепциясын Аристотель қарапайым антикалық полис тұрғыны сияқты уағыздады. Ол мемлекет табиғатын жанұя табиғатынан жоғары қойды және ұраны: «бүтін нәрсе бір бөліктен бастау алады». Тек қана бүтін нәрсе пәк, таза болса ғана, оның бөліктері де пәк, таза болады. Аристотель бойынша керемет мемлекеттің басты мақсаты – азат туылғандары үшін (басқарушы буынға) мүмкіндіктерін пайдалану құқығын беру. Тек өз мүмкіндігін пайдаланғандар ғана шынайы қайырымдылық және қайырымсыздылыққа жақын нәрсе жасауға мүмкіндік алады.

«Никомахов этикасында» Аристотель әркімнің өз мүмкіндігін пайдалануды әдептілік идеясымен теңестіреді. Бұл тақырыптан біз автордың әркімнің өз мүмкіндігін пайдалануды ақылмен шығармашылық танымдық мүмкіндігін пайдалану деп түсіндіреді (Никомахов этикасы X, 7, 118 а.7). Ол өз шығармаларында адамның өз өміріндегі негізгі көздегені ләззатқа бату емес, рахатқа бөлену деп жазады. Рахатқа адам әртүрлі ойын-сауықпен емес, шығармашылық еңбегі қанағаттандыру арқылы жетеді деп түсіндірді. Сондықтан рахатқа бөлену – қайырымдылық жасаумен тең. Яғни адам рахатқа тек қана өз мүмкіндіктерін пайдаланумен жетеді, ал ол арқылы қайырымдылық істерге бел буады. Осындай өмір адам үшін басқа өмірден әлдеқайда мәнді деп ой түйеді Аристотель. Бірақ ақыл-оймен өмір сүру «адамға тән, өйткені адамды адам қылған ақыл» (сонда X, 7, 118 а.7).

Аристотель «антикалық адам этикасына идеясының жоғары шыңын шындықты теориялық түрде дәлелдеуі» деп ой түйеді және мүмкінділіктерін пайдалану ғана философиямен айналысуға алғышарттар жасайды деп жазады.

Аристотельдің оқуы – бұл антика философиясының шыңы, себебі оның философия оқуы одан кейінгі көптеген философияларға негіз қалаған әмбебап философия. Оның шығармашылығы тек қана теориялық жағынан ғана емес, тарихи жағынан да құнды. Өзінің барлық зерттеулерінде теориямен қоса ол грек қоғамының қарапайым жағдайын суреттейді. Оның еңбектерімен таныса отырып біз өте ақылды пікірлес адаммен ежелгі заманға саяхат жасаймыз.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық академия Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық
Платон  (б.д.д. 427-347 жж.) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Оның шын есімі – Аристокл. Оның Платон деп аталуы денесінің екі бөлігі –
Орта классика: адамның «ашылуы» (софистер, Сократ және оның дәстүрі) Орта классика: адамның «ашылуы» (софистер, Сократ
Антикалық философияның дамуы (б.д.д. V-ІV ғ. ) экономикалық даму мен адамдар заң алдында тең деген ұғыммен сәйкес келеді. Шынында, афиндық демократия
Антикалық философия кезеңдері Антикалық философия кезеңдері
Антикалық философия кезеңдері:  - архаика немесе алғы философия – б.д.д. VIII-VII ғғ. (Гомер, Гесиод, Орфей және басқалар); - натурфилософия, немесе
Философияның туындауы және пәндік, өзіндік анықтамасы Философияның туындауы және пәндік, өзіндік
Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңнен
Антикалық философиядағы тұлға қауіпсіздігі түсінігі Антикалық философиядағы тұлға қауіпсіздігі
Жаратылыс үдерістерін бақылау арқылы адамзат табиғи қауіптердің көзі ретінде от, су, ауа, жер деп біліп, табиғат өз күш-жігерін танытанындығын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×